Қаржы жүйесі және оны үйымдастырудың қағидалары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі

2. Қаржы жүйесі және оны үйымдастырудың қағидалары.

3. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

5. -/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/--/--/

6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

7. Мемлекеттік бюджет

8. -/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/--/--/

9. -/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/-/--/--/

10. Сақтандыру

11. Экономиканы мемлекет тарапынан ќаржылыќ реттеу

12. Қаржы рыногы

13. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы

14. Қаржы және инфляция

1-БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Тақырып-1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі

  1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
  2. Қаржының функциялары және ролі
  3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
  4. Қаржы қатынастарынның обьектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1. 1 Қаржы ( "қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француз-дың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін µлшеудің қажырлы еңбектің және жүмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баѓа, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол өрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бµлу және қайта бµлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалықжүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің өр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі.

Ақша қаржының іс-өрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орывдай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) өкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша түжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық, жургізуші субъектілерде және мвмлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды удайы үлгаймалы өндіріске, қоғамның олеуметтік және басқа қажеттіліктерін ќанагаттандыруга пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің ќунын және ұлттық байлықтың бір бәлігін бәлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ащша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық, заңдардық іс-орекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, µзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорганыс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

1. 2. Қаржының функциялары және ролі

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын кµрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мєннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тєн категориялары кескінтің айрықшалықты өдістерін бідціреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тєрізді екі түжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тужырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық µндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық µнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл түжы-рымдамаға сөйкес қаржы екі функция орындайды: бµлу және бақылау .

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы кµрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір болігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, көсіпорындар, бірлестіктер, меке-мелер, азаматтар) қаржылық болуде субъектілер болып келеді.

Қаржының көмегімен болгіштік процесс қоғамдық µмірдің барлық сфераларында - материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында µтеді. Бөлудің каржылық әдістері экономиқаны басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске болінудің әр түрлі түрлерін - ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бµліністі тудыратын көп сатылықќа тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бµлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір болігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекетак мүлікті сату операцияларын шығарып тастағаңда) бµлу және қайта бµлу процесінде пайдаланған кезде кµрінеді.

Қаржының бµлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық µнімді, ұлттық табысты және таза табысты болумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді болу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.

Алгашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық µнімнің жалпы кµлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нєтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне үшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық түрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жагдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, єлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорлары-нан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, өлеуметтік сфераның мекемелерін үстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорганысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:

қаржшық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жүмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;

қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бµлу;

қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол көсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жүмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырып отырады.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен - кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық, қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады,

Ішкісалалық, және ішкі шаруашылықтық, қайта бөлу сферасы экономиқаны қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен озін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Ұдайыөндірістік тужырымдамасының жақтаушылары қаржы - бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше: қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;

қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына - материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет корсетеді;

қаржы қоғамдық өндіріс козғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.

Қаржының табигатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік түжырымдамасынан айырмашылығы ұдайы өндірістік түжырымдамасы бұл табиғатты ақша нысанындағы қ±н қозгалысында анықтайды. Мұндай үстанымда қаржының іс-өрекет сферасы айтарлықтай кеңиеді.

Ұдайы өндірістік түжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мєнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

  1. ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
  2. ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
  3. бақылау функциясы.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бак, ылау функциясын барлық ғылыми түжырымдамалардың µкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән Қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржылық, бақылауда - жалпы ішкі µнімді тиісті қорларға бµлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жүмсауға бақылау жасауда кµрінеді.

Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық кµрсеткіштерді біддіретін қаржы аппараты болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын жинақталған түрде қамтып керсететін түсім-ақша, табыс (пайда), рентабелділік, өтінімділік, айналымдылық, тµлем қабілеттілігі, қор қайтарымы және басқалары сияқты талдап керсетілген қаржылық керсеткіштер арқылы белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де, микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін бақылауға болады.

Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс белігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:

қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын белу жолымен жүргізеді.

қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол көсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сон-дай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рµлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

  1. үлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржыкөздерімен қамтамасыз ету түрғысынан;
  2. қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеуүшін пайдалану түрғысынан;
  3. қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталан-дырмасы ретінде пайдалану түрғысынан.

1. 3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мүның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

Бага - жүртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.

Ќаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық белудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы телеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.

Ецбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен ќызметтерге ақы тµлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жүмылдырылады.

Жалақы көмегімен v толық және т ішінара белінеді. Ќаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы - салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды.

Қоғамдық өнім құнын белуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасына жатады. Қаржы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті үзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашьшығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында кµптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі бµлгі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады.

1. 4. Қаржы катынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен корлары

Қаржы ресурстары ұдайы ендірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім қ±нының бір бөлігін, aman айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жургізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар улеаймалы удайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады .

Қаржы ресурстарында негізгі орывды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) -қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның оргаңдары арқылы) және шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері . Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының кездерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланылған" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.

"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1. Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезендегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады.

2. Егер жиынтық онімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның белінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.

Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергіліктібюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалықтәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкесжүмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жүмылдырудың негізгієдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздердентүсетін түсімдер;
  2. бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық қарамағында болады. Олардың пайда болуымемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тысресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді.

Қаржы ресурстарының коздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: "с", "v", "m ", болып табылады. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, "С" элементін көбейту ұшін қосымша ресурстар тарту керек. "V" элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін) ; сақтық төлемдері (сыйақылар) ; басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т. б сияқты) . "М"элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі кµзі болып табылады.

Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-өрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродецгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

жалпы ішкі өнім;

ұлттық байлық;

тартылған (қарыз) ресурстары;

Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты жайлы
Корпорация қаржысы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны
«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
Есептілік кезең қағидасы
Ипотекалық несие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz