Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы


Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардың өзіндік айналымын түзеді(қаржы нарығын) . Нарық қатынастары жағдайда қаржы нарығы елдің тұтас нарықтық қатынастар жүйесінің құрам бөлімі болып табылады. «Қаржы нарығы» түсінігі әр мемлекеттің экономикалық даму өзгешелігі мен әлемдік тәжірибеге байланысты түрліше түсіндіріледі.
Қаржы нарығы - ақша, депозит, несиелік валюталық, сақтандыру зейнет нарығының қаржы инструменттерінің ұйымдасқан сауда жүйесін құрайды. Мұнда қаржы институттары негізгі рөлге ие(ақша құралдарының ағынын меншік иесінен заемщиктерге қарыз алушыларға бағыттайтын), мұнда төлем инструменттері мен бағалы қағаздар тауар ретінде жүреді. Кез келген нарық сияқты қаржы нарығы қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы байланысты орнатуға арналған.
Сөйтіп, қаржы нарығы - бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы делдалдардың көмегімен капиталға деген ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру аясында капиталды қайтабөлу механизм жүйесі. Тәжірибе жүзінде ол меншік иелері мен қарыз алушылардың арасындағы ақша құралдарының ағынын бағыттайтын қаржы - несиелік институттардың жиынтығын көрсетеді.
Қаржы нарығының негізгі қызметі мыналар:
- реттеу -мемлекет органдары тарапынан және өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан нарықты регулярлы реттеу,
-ақпараттық - қаржы нарығының барлық қатысушыларын толық және теңдей ақпаратпен қамтамасыз ету;
-бөлу - қаржы нарығы интсрументтерінің айналымы ақша құралдарын бір экономика саласынан екінші экономика саласына құйылуын қамтамасыз етеді, бір нарық қатысушыларының екіншісіне, бір анйалым саласынан екіншісіне, сол арқылы қаржы ресурстарының бөлінуіне ықпал етеді.
-коммерциялық - қаржы нарығында іске асатын операциялар арқылы мәмілеге қатысушыларға табыс әкеледі.
-бағалау - қаржы нарығының бағасы нарықта сұраныс пен ұсыныс есебінен, бәсеке бостандығы жағдайында қалыптасады.
Егер аккумуляция үрдісіндегі және қаржы ресурстарын орналастырудағы қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелері мен қарыз алушыларға қаражатты тиімді ауыстыру болып табылады, қаржы нарығының міндетіне қаржы ресурстарын сатып алушы мен сатушылар арасындағы қаржы активтері мен міндеттемелерінің саудасын ұйымдастыру жатады. Қаржы нарығында сатушы мен сатып алушылар ретінде үш экономикалық субъекті топтары болады:
- үй шаруашылығы (жеке тұлға) ;
- меншік нысанына тәуелсіз шаруашылық субъектілері;
- мемлекеттік басқару органдары.
Нақты уақыт кезеңінде кез келген көрсетілген субъектілер өз бюджетінің тепе-теңдік жағдайында немесе тапшылық немесе артықшылық жағдайында бола алады. Фирманың немесе мемлекеттің қаржы құралдарын қарызға алуға немесе өщзіне пайдалы жағдайда бос қаражаттарды уақытша орналастыру мүмкіндігі туады. Қаржы анрығы өз мәні бойынша потенциалды сатып алушылар мен сатушылардың, сондай-ақ - институттың делдалдық мүдделері ескеріледі және іске асуының тиімділігіне арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті ұйымдастырудың тиімді нысаны болып табылады. Бұл әлем елдерінің көпшілігінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан республикасы үшін жаңа шаруашылық әдіс әдістеріне көшу дербес нарыққа көшуді білдірді, оларды іске қосу әдістері қаржы нарығының потенциалды мүмкіндіктерін қолдануды талап етеді, ең алдымен елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ету үшін.
Бұл мағынада, елдің қаржылық рыногы қоғамдық барлық әл-ауқаттылықтың қажетті деңгейіне жету және экономикалық өсуге арналған экономиканың барлық саласын ресурстармен қамтамасыз етуге жағдайлы, жеке бастама және бәсекелестік үшін қоғамдық өндіріс және олардың кеңістігімен ұйымдастырудың прогрессивтік формасы, ғылыми-техникалық базада өтетін даму.
Біздің көзқарасымызша, қаржы рыногы елдің барлық ақшалай ресурстарының, оның ішінде тұрақты айналыста болатын ресурстар, яғни экономиканың әртүрлі субъектілер тарапынан сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін ресурстар жиынтығы. Алайда, ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілер - бұл әлі қаржы рыногы емес. Рыноктың өзі тікелей ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілері арасында қатынас пайда болған жағдайда туындайды. Сөйтіп, қаржы рыногы - бұл ең әуелі әртүрлі экономикалық субъектілердің арасында мәмілелер жасасу жолдарымен қосалқы ақша қаражаттарын ауыстыру және қайта бөлу мүмкіндіктері бойынша ақшалай қатынас.
Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, қаржы рыногының шарттастырылған қызметі төмендегідей факторлар болып табылады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекет рөлінің ең жоғары деңгейде қысқартылуы;
- монополизмді шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатымен меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық субъектілерінің толық дербестігі;
- облигация және басқа да міндеттемелер айналымымен мемлекеттік займдар шығарылымы арқылы шешілетін мәселелерді, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтату;
- бағалы қағаздарды инвестициялауға болатын, тұрғындар мен шаруашылық субъектілерінде ақша табыстарын тұрақты өсіру.
Әр елде қаржы рыногының мазмұнын мен өзгешелігі неғұрлым толығырақ көрсетілген өзіндік құрылымы сипатталған. Қаржы рыногының құрылымына қатысты экономист-ғалымдардың пікірлері тоғыспай жатады. Сондықтан ғалымдар ұсынған қаржы рыногы құрылымының бірнеше түрін қарастырайық және сосын ҚР арналып сипатталынған қаржы рыногы құрылымын анықтаймыз.
ҚР ҰҒА академигі, э. ғ. д., профессор Г. С. Сейткасимованың трактовкасына сәйкес өз құрылымы бойынша бір-бірін толықтырушы және өзара байланысты, бірақ жеке дара қызметтенетін рыноктардан тұратын қаржы рыногы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz