Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы
Қаржы ұғымы.Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және
мемлекеттерімен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық
теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және
мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар
ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың
бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға сондай-ақ
экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша
қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы
мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады.
Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән
міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып
есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса ал
мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу
кездерінде оларды бөлу процесінде қатысыды. Қандай да болмасын заңды және
тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің
мақша жүйесінде қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері
болып табылады. Қаржы термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға
болады: 1. материалдық мағынада; 2. экономикалық категория ретінде.
Материалдық мағынада қаржы деп, мемлекеттің өз қарамағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта
кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар
өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және
ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті
өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-ақшалар болып табылады.
Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.
Экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлары түрде қалыптастыратын және бөлетін сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен
маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:
1) бөлу және қайта бөлу функциясы
2) бақылау функциясы
Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық
қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.
Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық
өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына
жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан
кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының
басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.
Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиылыстырылу және
бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына сондай-ақ
мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына
есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз
етіледі.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу
және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның
уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып
табылады.
Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын
қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы
қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы
экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты
қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың
пәнінің яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айырықша белгілері
болады. Олар мына келесідей болып келеді:
1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып
табылады:
2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады:
3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып
табылады.
4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын
білдіреді:
5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына
жатады.
6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде
кездеседі.
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық
қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен ал қаржылық-
құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп
шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығын атаймыз.
Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз-мемлекеттің қаржылық
қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі
қолданылды.
1) Мемлекеттік-өктем, императивтік әдіс: 2) Қаржылық-шартты,
диспозитивтік әдіс.
Мемлекет тарапынан қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген
қаржылық қатынастар қаржылық құқықтықтық қатынастарға айналады. Осы
қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола
отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады.
1) Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің
аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып
табылады:
2) Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге
асырудың нысаны болып саналады:
3) Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта
болады:
4) Қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субьектілеріне мемлекет пен
оның уәкілетті органдары жатады:
5) Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың обьектісі деп, осы қатынастардың
материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субьектілерінің қызметтерінің
нәтижиесін айтамыз.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілері нақты қаржылық құқықтық
қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болған
тұлғалар болып табылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай
түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және
қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта
болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен
реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және
оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында туындайтын
қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді,
сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы
тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу
және пайдалануын ұйымдаствру процестерінің заңды негізде және мақсатқа
сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық
органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық
бақылаудың ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп,
мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz