Валюта саясаты


Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу.
Кіріспе.
- Валюта нарығы және валюта бағамы . . .
1. 1. Валюта нарығы және валюта жүйесі . . .
1. 2. Валюта бағамы . . .
2. Валюта саясаты . . .
2. 1. Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі . . .
2. 2. Валюта саясатының . . .
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі . . .
Қосымша . . .
Қортынды . . .
Пайдаланған әдебиет: . . .
Кіріспе
Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым - қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден - бір шама болып табылады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату - сатып алу жөніндегі әлеуметтік - экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1. Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2. Валюта саясатының болашақта дамуы.
3. ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Жұмыстың зертеу пәні болып мемлекет пен Ұлттық банк арасындағы валюта қатынас жүйесі болып табылады.
Ақпараттық базасына ҚР Ұлтық Банк Агентігі. Қаржы министерлігінің инструкциялары және Қазақстандық және шетелдік эканомист ғалымдарының монографялық әдебиеттері мен ғылымей мақалалары қолданылды.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы.
- Валюта нарығы және валюта жүйесі.
Валюта (италян сөзі, сөзбен-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем - есеп айырысу айналымын каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы .
Шаруашылық жағдайларының интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсифтендіру ( күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерін дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңейуіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауылшаруашылығы, тамақ өнер кәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғайуына байланысты болады.
Халықаралық экономикалық қатынастарды өндіріс пен капиталды интернациоландыру
ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда - саттықты босандатуды талап етті. Өз тауарларын сартқы нарықты кедергісіз қозғалыста жүруіне транс корпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарлардың нақты түсуін жеңілдетуі, сондайақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішеі корпорациялық тауар айналымын ұлғайуы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануы қол жеткізгендіктен айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын терендеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық капиталдардың-өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқыны әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы болып саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел волютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылығына интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керсінше айналуын туындатады. Ол халақаралық валюта есеп айырылысу және несие қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, ол ұлтық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өдіріске байлансты болғанымен оған, өзкезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керсінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен ерекшеленеді.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүиесі пайда болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көз қарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатың валюта - экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық - заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық - экономикалық формация шегінде мемлекеттік -құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүние жүзілік және мемлекет аралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарының пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылыды. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолмағол формада ( банкнотта, монета) және қолмағол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болды. Оның имиттентері ұлттық орталық банк және комирциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
⚫ ұлттық валюта;
⚫ ұлттық валютаның шетел валютпсына айырбасталуы жағдайлары, яғни айырбастаудың екі түрі болады: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халақаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген. Оған америкалық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздың франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
⚫ валюталық паритетің бірдейлік ережесі-валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО - да 1991 жылдан ) . ХВҚ - ның Жарғысы бойынша валюта паритеттер валюта қоржының (карзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерін сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатың бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатың валюталардан құралады, қазір ондағы американдық долларының үлесі шамамен 39 %, неміс маркасы - 21, жапон иені - 18, франзуздық франк және фунт стерлингтін әрқайсысының үлесі 11%- тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) 12 елдің валютасынан тұратың валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта - еуро мен біртіндеп ауыстырмақшы;
⚫ валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгерілмелі) . Мысалы, еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында 12 валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15 шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300 - 4900 руб. аралығында, ал 1997 жылы 5750 - 6350 руб. болды. 1998 жылы валюта коридорының жоғары шегі 9500 руб. дейін көтерілді. Валюта - қаржы дағдарысы кезінде 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, диноминацияланған 15 - 25 руб. дейін көтерілді [22; 254. ] . Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
⚫ валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел эканомикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лемит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
⚫төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ - дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретің халықаралық валюта өнімділігін реттеу;
⚫халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
⚫валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
⚫валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі) .
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байлансты әр елдің ұлтықвалюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен занды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие - қаражат инеституттарымен халықаралық - шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже - шарттардың негізгі міндетті - халықаралық сауда-саттық процессерінің жетілдіру, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекеттермен үкіметтер жағынан болып тұратын әртүрлі валюталық шектердің және тамыр - таныстық (проктеционизм) әрекеттерді түптамырмен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбас көлеміне, баға саясаты мен әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша - есептесу қатынастарың, сондай - ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымы қамтиды “Дүниежүзілік валюта жүйесі” деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретің түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден - бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтың есептелді. Алтың монетаны халықаралық есептесуде қолдау үшін алдыменқұйма жасау, содан бақа елдін монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығыдарын азайту мақсатында халықаралық есеп айрысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
1. 2. Валюта бағамы
Экономикалық мүмкіндіктер деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі - сыртқыэкономикалық қызмет. Сыртқыэкономикалық қызмет мәліметтері сыртқы сауданың осы уақыт мезетіндегі даму деңгейі мен түрлі өзгешеліктерін нақтылайды. Сол себептен сыртқыэкономикалық қызметті реттеу мемлекет алдындағы басты мәселелердің бірі.
Сыртқыэкономикалық қызметке мемлекеттің ықпал етуі дегеніміз - оның тек сальдоны ғана реттеуі емес, сонымен бірге сыртқыэкономикалық қызмет көрсеткіштерінің жекелеген бөліктеріне әсер етіп, оны қажетті бағытқа қарай бұру мақсатында түзетулер енгізу. Бұл жерде реттеудің көптеген әдістері бар: тікелей реттеуден бастап жанама реттеу әдістеріне дейін.
Сыртқыэкономикалық қызмет нәтижесіне әсер ететін әдістердің бірі - валюталық реттеу. Мемлекет валюталық реттеу әдісі арқылы сыртқыэкономикалық қызметті реттеп, сыртқы тұрақтылыққа жетуге жол ашады.
Валюталық реттеуде валюта бағамын реттеуді қарастыру жөн. Валюта бағамын ретеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті: экономикалық, саяси, психологиялық. Экономикалық факторларды өз алдына бағам құрушы және реттеуші деп бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы, инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме. Реттеуші факторларға валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды, квоталарды, төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті, валюталық-қаржылық құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.
Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы байланысты ерекше көрсетеміз.
Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Глобализация кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да әсер етеді.
Валюта бағамы өзгерісінің экономикалық мағынасы тұрақты және еркін валюта бағамдары кезінде әртүрлі. Егер мемлекет еркін валюта бағамы режимін қолданса, онда өзгеріс сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық күш әсерінен болады. Нәтижесінде, ұлттық валютаның құнсыздануы шетел валютасының қымбаттануына әкеледі немесе керісінше, шетел валютасының құнсыздануы ұлттық валютаның қымбаттауына әкеледі.
Тұрақты валюта бағамы кезінде валютаға сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне байланысты валюта бағамының ауытқуы өзгеше жүреді. Режимнің осындай түрінде Ұлттық банк валюта бағамын белгілі бір дәрежеде ұстап тұруға тырысады. Егер елде импорт өсетін болса, онда Ұлттық банк өз қорларынан шетел валютасын сатып сұранысты қанағаттандырады және керісінше.
Валюта бағамын реттеу экономиканың даму деңгейіне тікелей әсер етеді. 1999 жылға дейін Қазақстанда валюта бағамының тұрақты режимі орын алды. Осы кезеңде Қазақстанның экономикалық даму деңгейі теріс сипатта еді. Ал 1999 жылдан бастап еркін валюта бағымы енгізілгенннен кейін Қазақстанның экономикалық дамуы жеделдеді. Әрине, бұл тікелей валюта бағымы режимін реттеумен байланысты. Сол себептен Қазақстанның валюталық реттеу қағидаларына тоқталып кетейік:
- территориалдық - валюталық реттеу мемлекеттің барлық территориясын қамтуы тиіс;
- экономикалық реттілігі - резиденттер мен резиденттер еместердің арасында негізгі айырмашылықтың анықтылығы.
- валюталық операциялар жүргізгендегі банктердің монополиясы - валюталық операцияларды жүргізген кезде заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық келісімдер бойынша есептесу құзыреті бар банктер арқылы жүргізілуі тиіс;
- валюталық операциялардың негізділігі - спекуляцияларды болдырмас үшін валюталық операцияларды коммерциялық немесе қаржылық келісімдер негізінде жүргізу;
- резиденттерге шетелдерде авуарлары болу құқығын шектеу - бұл капиталдың кетуін болдырмауға негізделген;
- валюталық нарыққа қысымды азайту мақсатымен резиденттерге валюталарды тез арада сатып алуға шек қою арқылы қысқа мерзімді операцияларды бақылау;
- банктердің валюталық позициясын реттеу;
- валюталық операцияларды еркін жүргізілетін операциялар, рұқсат етуді қажет ететін операциялар, тіркелуді қажет ететін операциялар категорияларына бөлу;
Сурет 1 - Валюталық реттеу құралдары
Валюталық реттеу дисконттық, девиздік, валюталық қор диверсификациясы, валютаның айналымдылығын реттеу, девальвация, ревальвация, валюта бағамын реттеу саясаттары арқылы іске асырылады.
Дисконттық (есептік) саясат - Ұлттық банктің есептік мөлшерлемені өзгертуі. Бұл әрекеттер валюта бағамы мен төлем балансын халықаралық капиталдың қозғалысы, ішкі несиелендірудегі өзгерістер, ақша массасы, баға, жинақ сұраныс арқылы реттеуге негізделген.
Оның нәтижесі шетелдерден келген капиталдар көлеміне байланысты, бірақ тұрақсыз жағдайда пайыздық мөлшерлемелер капиталдың жылжуына байланысты болмайды.
Девиздік саясат - мемлекеттік ұйымдармен шетел валютасын сатып алу мен сату арқылы валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта бағамын көтеру мақсатымен Ұлттық банк валюталарды сатып алады, ал төмендету мақсатымен валютаны ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатады.
Валюталық интервенция, девальвация, ревальвация валюталық реттеудің экономикалық әдістері болып табылса, валюталық шектеу және валютаның айналым қабілеттілігінің дәрежесін қадағалау валюталық реттеудің әкімшілік әдісі болып табылады.
Валюталық бағамның режимін анықтау мемлекеттің валюталық саясаты мен мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерімен анықталады. Айналым бағамына байланысты стратегияны таңдаған кезде мынадай аргументтерді қарастыруымыз керек: бағаларды тұрақтандырудың шығындары, инфляцияны төмендету мүмкіншілігі.
Мемлекет валюталық реттеу, яғни валюта бағамын реттеуі арқылы өзге мемлекеттермен импорттық және экспорттық операцияларын реттеуге мүмкіндік алады. Егер А мемлекеті өзінің экспорт көлемін жоғарлатқысы келсе, онда валюта бағамын басқа елдерден салыстырмалы түрде төмендетуге тырысады. Сонда А елінің валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болады, сәйкесінше, А мемлекетінің валютасындағы өнім бағасы да төмен. Ал бұл А мемлекетінің экспорттық өнімдерінің бағасын түсіреді, яғни экспорт көлемі көтеріледі. Импорттық операцияларды реттеу де осы механизммен жүреді.
Кесте-1
Қазақстан Республикасындағы 1АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге бағамы
Қайнар көзі: «Ежегодный статистический журнал», Агентство Статистики Республики Казахстан, 2006г.
Кесте-2
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
млн. АҚШ доллар
Қайнар көзі: «Ежегодный статистический журнал», Агентство Статистики Республики Казахстан, 2006г.
Көрсеткіштердегі өзгерістердің себептері мен нәтижелерін салыстырып көрейік.
2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге бағамы 16, 7 төмендеген. Ал тауар айналым осы уақыт аралығында 23865, 8 млн. АҚШ долларына өскен. Пайыздық тұрғыдан алсақ, валюта бағамының 2003 жылмен салыстырғанда 11, 16% төмендеуі тауар айналымын 111, 86 % жоғарлатқан. Ал бұл, өз орнында, осындай аз шамадағы өзгерістің тауар айналымды 100 есе көбейткені валюта бағамының сыртқыэкономикалық қызметтегі ролі зор екенін көрсетеді. Келтірілген есептеулер валюта бағамы мен тауар айналымының арасындағы кері пропорционалды байланыстың барлығын көрсетеді.
Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым - қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден - бір шама болып табылады.
2. Валюта саясаты.
Валютаның айырбас бағамы саясаты - валюталарды сатып алу қабілетін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып - сатушылық (саудагерлік) операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шаларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты - барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz