Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру

1. ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫ: ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ

ОРТАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҰСТАУ

1. 1. Қаржылық механизим және оның негізгі элементтері.

1. 2 Қаржы ресурстары. Қаржылық өзара қатынастар жүйесі.

1. 3 Ақша айналымы. Ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыру.

1. 4 Қаржыларды ұйымдастыру принциптері

2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АЙНАЛЫМЫН БАСҚАРУ.

2. 1. Коммерциялық ұйымдардың ақша айналымы қаражатын

басқару мақсаты және міндеті

2. 3 Корпорациялардың ақша ағымын басқару

2. 2 Айналым қаражаттарының айналымдылығы көрсеткішінің бағасы және есептеу

3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ БАНК

ЖҮЙЕСІ ҚАТЫНАСТАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН

ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық

қатынастарын тұрақтандыруды жетілдіру жолдары.

3. 2. Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың

мотивациялық механизмін жетілдіру жолдары.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Экономиканы қайта құру жинақталған тәжірбиелерді түсінуді, эволюциялық процесстерді және нарықтық формаларды игерудегі бірқалыпты емес қадамдарды және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру принциптерін анықтауды талап етеді. Өзгерістердің микро деңгейдегі бағытталуы және олардың шаруашылық жүргізудің жаңа орталығына бейімделуі «Кәсіпорындардың қаржылары» курсының пәні болып саналады.

Қаржылық ғылымының мақсаты мамандарды нарықтық жағдайда жұмыс істеуге дайындау. Теориялық заңдылықтарды, шетелдік және отандық тәжірбиелерді, сонымен қатар қолданыстағы заң және нормативтік базаны білу кәсіпорындардың және коммерциялық ұйымдардың, барлық меншік түріндегі, қаржылық қызметкерлеріне жүктелетін қызметтік міндеттерді тиімді түрде орындауға мүмкіндік береді.

Қаржылар, несие, ақша айналымы проблемаларының кең ауқымын қамтиды, бұл саланы зерттеумен көптеген мамандар шұғылдануда. Дегенменде тұжырымдамалық және талдаулық зерттеулер өте жеткіліксіз.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста кәсіпорындар қаржыларының қызмет атқару тұжырымдамасы қарастырылады, олар өзіне қаржылық санаттарды (категорияларды) дамудың заңдылықтарын және бағыттарын, кәсіпкерлік қызметті қажетті қаржылық және несиелік ресурстармен қамтамасыз етуді біріктіреді; кәсіпорындардың қаржыларының даму кезеңдері қарастырылған, олар тарихи тұрғыда қаржылық-несиелік саладағы өзгерістердің обьективтік және заңдылық өзгерістерін бағалауға және ұғынуға мүмкіндік береді және бірінші кезекте қоғамның экономикалық базистік-меншік қатынастарын өзгертумен байланысты болады.

Қаржылық қатынастардың даму үрдісін анықтау және негіздеу тек қана қаржының жаңа тұжырымдамалық және әдістемелік қызмет атқару тұрғысын түзу арқылы мүмкін болады.

Кәсіпорын қаржылары өндірістік экономикалық және әлеуметтік дамудың кешенді мақсатты әрекетін іске асыруға бағытталған ақша ағымдарын басқаруға және тиімді түрдегі қаржылық шешімдер қабылдауға, жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға және кәсіпкерлік ынталандыруға және кәсіпкерлік белсенділікті көтермелеуге мүмкіндік береді .

Қаржылар кәсіпорындардың нарықтық жағдайда жұмыс істеуге тез арада бейімделуіне әсер етіп, заңдардың тұрақты түрде өзгеріп отыруында қаржылық жағдайды тұрақты түрде сақтауға, банкроттықты болдырмауға, кәсіпорын жұмысын өзгертіп отыруға көмектеседі .

Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық бөлімі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нарықтық механизмді құрудың қажетті шарты болып табылады. Экономикалық қайта қалыптасу процесі банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл сала бүгінгі күні де қарқынды дамуда.

Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік органдар болып табылды және экономиканы әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің негізгі бағыттарының немесе құрылымдарының бірі болды. Соның нәтижесінде елімізде банк ісін ұйымдастыруда Қазақстандық банктердің дәстүрі және тәжірибесі болмады. Бүгінгі күні нарықтық экономикамызды қүра отырып, біз қысқа мерзім ішінде банк ісін үйымдастырудың қазіргі әлемдік деңгейіне еріксіз жетуіміз қажет.

Отандық банк жүйесінің коммерцияландырылуы, қаржы институттары арасында бәсекелестіктің шиеленісуі немесе өткірленуі дамыған елдердің банктерімен жинақталған жағымды тәжірибелерді танып білуге және оларды тәжірибеде қолдануға әкеледі.

Соңғы уақыттарда Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында үлкен ілгерілеушіліктер болды. Үздік-банктер анықталды, банктік маманданулардың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында клиенттік базаны бөлісу аяқталды. Мұндай жағдай банктер үшін банктік менеджменттің маңызын арттырды, ендігі кезде клиенттер бірдей қызметтер ұсынатын банктер арасынан өзіне деген ең жақсы қатынасты және жоғарғы деңгейлі қызмет көрсететін банктерді таңдауда. Бұл банктік менеджменттің марапаттау, мадақтау сияқты түрлі әдістер арқылы қызметкерлерді ынталандыруды, еңбекке мотивациялауды, адам ресурстарының сапасын арттыруды қамтитын банк персоналын басқару саласының маңызына жатады.

I Тарау ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫ: ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ

ОРТАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҰСТАУ

1. 1 Қаржылық механизм және оның негізгі элементтері

Қаржылық кәсіпорындар немесе корпорация қаржылық бірегей жүйенің құрамдас бөлігі.

Шаруашылық жүргізетін субъектілердің басым бөлігі материалдық өндіріс саласында қызметпен айналыса отырып, қоғам өмірін қамтамасыз ететін материалдың қоғамдық өнімін шығарады, осы қаржылық тізбек қаржының негізгі бөлігі және қайнар көзі болып табылады.

Жалпы мемлекеттік қаржы секілді шаруашылық субъектінің өз қаржысының болуы, ең алдымен, тауарлы-ақшалай қарым-қатынастың, және экономикалық заңдардың жұмыс істеуімен байланысты.

Тауарлы-ақшалай қарым-қатынас, бірінші кезекте, еңбектің қоғамдық бөлінуімен және меншіктің түрлі формаларымен анықталады. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет жасаушылар арасындағы еңбекті бөлісу деңгейі түрлі тәуелсіз кәсіпорындардың, олардың құрылымдық бөлімшелерін тіпті жекелеген жұмыс орындарын белгілейді. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет жасаушылар тауар құнын көрсететін баға бойынша сатып алу-сату жолымен өзара қызмет алмасып, еңбек нәтижелерімен, өнімдерімен де алыс-беріс жасайды. Міне осындай қарым-қатынас жиынтығы тауар-ақша қарым-қатынасы болып табылады.

Шаруашылық субъектілерінің қаржылары ақшалай формада кеңейтілген ұдайы өндіру процесінің негізгі тұсын айқындап, оны экономикалық заңдар талаптарына сәйкес жүзеге асыруға жағдай жасайды. Олар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен жинақтарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай дамуды шаруашылық субьектілерінің мықты және жақсы реттелген қаржынсыз көз алдыға елестету мүмкін емес. Бұлар ұлттың шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тұтқасы және экономиканы жаңғыртудың аса қуатты құралы болып табылады.

Шаруашылық субьектілерінің (кәсіпорындарының) қаржыларына кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктердің, тағы басқа шаруашылық органдарының, шаруашылық аралық, салааралық кооперативті ұйымдар мен мекемелердің қаржылары кіреді. Бұл аталғандар өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылық, транспорттың, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық) дайындау, хологиялық барлау, жобалау қызметі, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй - коммуналдық қызметтер жасап, түрлі қаржылық, несиелік, сақтандыру, білім еру, медициналық, ақпараттық, маркетингтік, қоғамдық-пайдалы қызмет саласындағы көптеген өзге де қызметтер көрсетіледі.

Меншік формаларының дамуы мынадай жаңа кәсіпорындардың пайда болуына әкеліп соқтырады: жеке, кооперативті (тауарлар, өнімдер шығару және қызмет көрсету жөнінен), акционерлік, аралас және шетелдердің кәсіпорындарымен, фирмаларымен біріккен т. б.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласының қаржылары осы саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын өзіндік айтарлықтай айырмашылықтары болады. Алайда, бір мезгілде барлық салалардың шаруашылық субьектілері қаржыларының маңызы мен негізгі принциптерімен және бірдей экономикалық заңдылықтармен айқындалады. Осының бәрі олардың ірі негізгі тізбектің-шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржыларын біріктіру мүмкіндігі мен қажеттілігін айқындайды.

Шаруашылық субьектілері қаржыларының маңызы және көрініс формасы болады. Оның маңызы деп қаржының ішкі мағынасын түсіну керек. Бұл оларды ерекше құндылық категориясы-қаржылық деп анықтайды. Қаржылардың маңызы мен көрініс формалары өзара байланысты. Алайда олардың беріктілік дәрежесі әртүрлі. Қаржылардың көрініс формалары олардың маңыздылығына қарағанда жиірек және тезірек өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы: кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен өзара қатынас формалары пайдаға табыс салуда, соңыра табысқа салық салуда неше мәрте өзгеріп, жетілдіріліп отырды; шаруашылық қажеттерін бюджеттен қаржыландыру қара жайттарының кері қозғалысы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісіне ауыстырылды, кәсіпорының өз ішіндегі, оның бөлімшелері арасындағы, әкімшілік пен қызметкерлер арасында ақша айналымы формалары өзгеріп, бұл қатынастар эквивалентті сипатқа ие болып, коммерциялық негізге өткізіледі.

Корпорация шаруашылық қызметіндегі қаржының ролі, біріншіден, қорлардың жеке айналымдарына қызмет етуді жүзеге асыруда көрініс табады. Осындай айналымның нәтижесінде құнның ақшалық формасы тосарлыққа айналып, осындай процестен кейін товарлық құны қайтадан дайын өнімді өткізуден түскен табыс формасында көрініс табатын таза табысқа жұмсалатын материалдық шығындарды өтеу қорына өткізілген тауардан түскен табысты өлуге қатысады. Үшіншіден, бюджет төлемдеріне таза табыс. Сондай-ақ корпорация иелігінде қалдырылатын табыс қайта өліске түсіп, өндірістік және әлеуметтік қажеттерге босатылады. Бұдан басқа, төртіншіден, корпорация иелігінде қалдырылатын таза табыс тұтыну, жинақ және резервті қорлар мен бизнес жоспарда көзделген өзге де мақсаттарға босатылады. Ең соңында қордың айналымы процесінде материалдық және ақшалай ресурстардың қозғалысы арасындағы сәйкестілікке, яғни, өтімділік жағдайына, корпорацияның төлем қабілеттілігі мен қаржылық ахуалына бақылау орнатылады.

Корпорацияның қаржысы, әдетте, тауарлы-ақшалай қатынастың болуымен және мемлекет тарапынан реттеліп отырумен байланысты. Бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде былай көрініс тапқан: жарғылық және резервті капиталдың көлемімен жасақталу тәртібі; акцияларды орналастыру және сатып алу тәртібі; өткізу; банкроттық (дәрменсіздік) ; есеп шотынан қаражатты есептеп шығару кезегі тәртібі; өнімнің өзіндік құынан жататын шығындар құрамы, есепке алу саясатының нұсқалары, салық салу нысандарымен ставкалары.

Корпорация қаржылық материалдың негізі ретінде капитал айналымы қызмет атқарады, ол тауарлы-ақшалай қатынас жағдайында ақша айналымы формасына айналады.

Қаржы функциясы. Қаржылық қатынас - бұл ең алдымен, байіс қатынасы. Қоғамдық өнім мен ұяттың табысты бөлудің, қорпорацияның мемлекеттік бюджет пен нарықтың өндірістік дамуындағы несиелік жүйемен қатынасындағы, шаруашылық механизмінің жетілуі мен қатынасы формалары мен әдістерінің өзгеруі ғылыми - техникалық прогресті жеделдетудегі, дамудың көзделген бағдарламарын жүзеге асырудағы өндіріс қарқынын ұлғайтудағы, қоғамның еңбек өнімділігін арттырудағы бөлу қатынастарының және қаржының ынталандыру ролін күшейтуді мақсат тұтады.

Шаруашылық субъектілері қаржыларының бөлу функцияларының ерекшілігі сол, қаражаттың және айналымы процесінде өндірілетін өнімнің құны бекітілген экономикалық нормативтер (салық ставкалары, аммортизациялық босатылымдар нормасы, несие кредиттері) негізінде бөліске түседі. Дәл осы қаржылардың ұдайы өндіріс процесіндегі бөлісін және қайта үлестіруге қатысуын анықтайды. Ақшалай қорлар мен жинақтарды бөлу экономикалық жағынан негізделген болса, онда ол қаржыларды жұмсау мен ұдайы өндіру жөніндегі қосалқы функциясының басты шарты болып табылады. Бөлу немесе үлестіру-өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс тізбегі. Бұл процесс кәсіпорынның өнім өткізу есебінен табыс алу және өндіріске жұмсалған шығындардың орнын толтырып, таза кірістің пайда болуы жолымен жүзеге асады. Табыстың бір бөлігі қайта болу түрінде орталықтандырылған қорларға түссе, екінші бөлігі еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік қажеттер үшін, өндірісті кенесіп дамыту үшін кететін шығындардың орнын толтыру мақсатында шаруашылық қарамығында қалады.

Шаруашылық субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады: шаруаны есепсіз және бақылаусыз жүргізуге болмайды, өзге де экономикалық тұтқалар сияқты қаржы экономикасында басқару процесінде, өндіріс өсімін ынталандыруда және еңбек, материалдың, табиғи және ақшалай ресурстарды тиімді пайдалануда қажетті бақылауды қамтамасыз етуде маңызлыра атқарады. Ақшалай бақылау тек субъектінің өз ішінде ғана емес, сондай - ақ өзге шаруашылық субъектілермен, жоғарыда аталып кеткен ұйымдармен, қаржы несиелік мекемелермен қатынас жасағанда жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның өзінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналымдар және ынталандыру қорларын жасап, пайдаланылуы да бақыланады. Шаруа жүргізуші субъектілер арасындағы қатынасты жеткізілген тауарларға жасалынған қызмет пен атқарған ақы төленуде, келісім - шарт міндеттемелерін орындауға бақылау жүзеге асырады. Қаржылық және несиелік органдармен қатынастар бюджет пен несиелерге бақылау жүргізіледі.

Корпорация қаржылары ақшалай табыстарды жасау, бөлу және пайдалану, өнімдерді өндіріп, өткізуде, жұмыстар атқарып, қызмет көрсеткен деп жинақтар мен қорларға байланысты экономикалық қатынастар түрінде көрініс табады.

Осылай, корпорация қаржылары функциялары микроэкономика дәрежесінде жүзеге асырылып, олар ақшалай қаражаттарды алумен және ақшалай шығындарды жұмсаумен байланысты экономикалық жекелену және игіліктер жасау жағдайында корпорацияның копиталы мен ақшалай қорын жасап, пайдаланушымен тікелей байланысты. Ақшалай қаражаталумен ақшалай шығындар жұмсау төмендегідей ақшалай ағымдарда жүзеге асырылда:

  • корпорацияның ақшалай ағымдарын реттеу;
  • қаржы ресурстарын жасау;
  • қаржы ресурстарын пайдалану.

Ресей ғалымы М. В. Романовский осыған байланысты корпорация қаржылары функцияларының төменгідей схемасын ұсынып, бұл корпорацияның ақшалай ағындарын реттеудің осы заменға үлгісіне сәйкес келеді. Қаржы ресурстарын жасау мен пайдалану схемасы мынадай:

Сонымен «корпорацияның ақшалай ағынын реттейтін» функциясы корпорация қаржыларының қоғамдық мақсаттағы спецификасын айқындап, бұл тек осы категорияға тән және қаржылық ресурстарды құру және пайдалану процесімен байланысты, ал ол, өз кезегінде тиісті ақшалай ағынмен жанамаланған.

Қаржылық ресурстарды құру және пайдалану ақшалай ағындардың шарттарын реттеумен анықталады, бұл тек корпорация қаржысына тән осы функцияда көрініс тауып, дәл осы жайт бұл процесті жүзеге асыруға қоғамдық жағдай туғызады. Корпорацияның қаржыларын басқару процесінде осы функцияларды жүзеге асырғанда бір мезгілде бақылау да жүзеге асырылады. Бақылаудың осы функциясы ішкі және сыртұы бақылаудың көмегімен жүзеге асырылады.

Сыртқы қаржылық бақылауды ҚР Қаржы министірлігіне қарайтын мемлекеттік органдар, қаржы полициясы, ҚР есептеу комитеті т. б органдар жүзеге асырады. Қаржылық бақылаудың жекелеген түрлері ҚР ұлттық банкі, коммерциялық банктер, аудиторлар, меншік иелері т. б. жасай алады.

Ішкі бақылауды корпорацияның бақылау - таңдау қызметтері, бухгалтерия, өз аудиторлары, тексеру комиссиялары жүзеге асырады. Бұл әрине жұмыс тиімділігін артыруға көздейді.

Қаржылық механизим және оның негізгі элементтері. Корпорацияның ұйымдастыру - құқықтық формаларын олардың қаржылық ерекшеліктері анықтайды. Корпорация қаржыларының осы заменғы ұйымдастыру - құқықтық формасының жалпы сипаттық ерекшеліктерін бөліп алудың және негізгі айырмашылықтарының белгілеудің маңызы зор. Тәжірібиеде егер кәсіпорының (корпорация) белгілі бір қаржылық ерекшеліктерді ескермесе, бұл меншік иелері және басқарушылар мен қызметкерлер арасында дау - дамай туындайтынын көрсетіп берді. Сондықтан құрылтай құжаттарында бекітілген кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы ақша актілерінің талаптарына толық жауап беру керек.

Кәсіпорынды, корпорацияны классификациялау да меншіктің қай формасына жататындағы маңызды нышан болып табылады. ҚР - ның заңдылығына сәйкес елде жеке және мемлекеттік меншік иеліктері бектілген. Жеке меншік азаматтардың немесе мелекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі болып табылады. Жеке меншіктің ерекше түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі үлкен роль атқарады.

Мемлекеттік меншікке республикалық және коммуналдық меншік жатады.

Меншіктің аталған формалары ішінде түрлі шаруашылық құрылымда жасанталып, бұл шаруашылықта жүргізілген ұйыдастыру құқықтың формаларының көптеген мөлшерде мұрындым болады.

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік меншікке негізделген соның ішінде

● республикалық - Қазақстаннның экономикалық және әлеуметтік дамуынның жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін :

● коммуналдық меншік кәсіпорындары - тиісті аумақтағы халдықтың әлеуметтік - экономикалық қажеттерінің өтеу үшін (жергілікті билікке қарайды) .

2. Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген: түрлі типтегі шаруашылық жолдастықтар, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативті кәсіпорындар мен ұйымдар .

3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.

4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шет елдің заңды тұлғаларымен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі біріккен кәсіпорындар.

5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар.

6. Жоғарыда аталған түрлі меншік реформаларының қатысуымен құрылған аралас кәсіпорындар. Кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің түрлі классификациясының сипатамаларымен көп қырлылығы, олардың мүмкін үйлесулері қаржылық жүйесінің осы тізбегінің қаржылық механизмін күрделендіріп ұдайы жетілдіру қызметі дәлме - дәл, тура заңдастыруды, жақсы реттелген басқару мен қаржы процестеріне бақылауды қажет етеді.

Кәсіпорының қаржыларының ұйымдастыру төмендегі схемалар бойынша істейді.

Бірінші - кәсіпорынды заңды тұлға ретінде тану.

Мүліктің оңашалануы, бухгалтерлік баланстың болуы.: Мүліктің оңашалануы, бухгалтерлік баланстың болуы.
Мүліктің оңашалануы, бухгалтерлік баланстың болуы.: Корпорацияның заңды тұлға екендігін көрсететін белгілер
Осы мүліктер жөніндегі міндеттілік жауапкершілігі.: Осы мүліктер жөніндегі міндеттілік жауапкершілігі.
Банкте есеп шоттың болуы.: Банкте есеп шоттың болуы.
Өз атынан сөйлеу.: Өз атынан сөйлеу.

Екінші - кәсіпорынның қаржыларын ұйымдастыру прициптері

Корпорация қаржыларының ұйымдастырудың принциптері.: Корпорация қаржыларының ұйымдастырудың принциптері.
Тәуелсіздік.: Тәуелсіздік.
Өзін өзі қаржыландыру: Өзін өзі қаржыландыру
Қаржылық қорытындыларға мүдделік.: Қаржылық қорытындыларға мүдделік.
Қаржы қызметі нәтижелеріне жауапкершілік.: Қаржы қызметі нәтижелеріне жауапкершілік.
Қаржы қызметіне бақылау.: Қаржы қызметіне бақылау.

Үшінші - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрайтын көздері.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрудың көздері.: Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрудың көздері.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрудың көздері.: Амортизациялық босатылымдар.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құрудың көздері.:

Шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық

түрінен түскен кіріс

Серіктестікке кіргендердің қосымша үлесттік салымдары.: Серіктестікке кіргендердің қосымша үлесттік салымдары.
Облигацияларды шығарудан түсетін қаражаттар: Облигацияларды шығарудан түсетін қаражаттар
Ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдарда акцияларды шығару және орналастыру жолымен жұмылдырылатын қаражаттар: Ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдарда акцияларды шығару және орналастыру жолымен жұмылдырылатын қаражаттар
Облигациялық заемдардан басқа банктермен өзгедекредиторлардің мерзімінен бұрынғы несиелері.:

Облигациялық заемдардан басқа банктермен өзгеде

кредиторлардің мерзімінен бұрынғы несиелері.

Өзге де заңды көздер (заңды және жеке талғаларды өз еркімен босатқан салымдары. ): Өзге де заңды көздер (заңды және жеке талғаларды өз еркімен босатқан салымдары. )

Сурет 1. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру

Шаруашылықты жүргізудің ең кем тараған формасы ретінде мысалығпа акционерлік қоғамдардың қаржыларын қарастырайық.

Акционерлік қоғамдар заңды және жеке тұлғалардын - акционерлердің үлкен тобын біріктіреді. Акционерлердің құқықтарын сақтау акционерлік қоғамдардың қаржылық қызметінің шарттарының бірі. Акционерлік қоғамның мүлкі акцияларды ашық немесе жабық түрде сату және өзгеде көздер есебінен алынатын кіріс есебінен құралып, төмендегідей схемада жүзеге асады.

Ашық немесе жабық жазылу формасындағы акцияларды сату.: Ашық немесе жабық жазылу формасындағы акцияларды сату.
Табыс алу.: Табыс алу.
Өзге де көздер.: Өзге де көздер.

Сурет 2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру

АҚ - коммерциялық ұйым. Акционерлердің АҚ қатысты міндетті құқықтарын растайтын жарғылық қор акциялар санына бөлінген.

Акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Сондықтан өздеріне тиесілі акциялардың құны мөлшерінде оның қызметіне байланысты зиян тарту қаупі болады. Акцияға толық ақы төлемеген акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша оларға тиесілі акциялардың төленбеген бөлігі құны мөлшерінде жауапкершілікті тартады. Акционерлік қоғамдардың өз фирмалық атаулары болады, ол оның ұйымдастыру құнықтық формасы мен типін көрсетеді.

Акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері қоғам орналасқан жерден тыс аумақта болса, онда олар заңды тұлға бола алмайды және акционерлік қоғам бекіткен ереже бойынша жұмыс істейді. Тәуелді және тектес (бөлініп шыққан) қоғамдар заңды тұлғалар бола алады. Қоғам ашық екені туралы ақпарат тек қана жарғы да емес, сондай -ақ акционерлік қоғамның атауында да болады.

Ашық акционерлік қоғамдардың акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды өзге акционерлердің келісімінсіз өзгелерге өткізе алады. Мұндай қоғам өздері шығаратын акцияға ашық жазылуда өткізіп оларды еркін сата алады. Егер жазық жабылу мүмкіндігі қоғам жарғысында немесе заңда шектеулі болса, онда АҚ өздерін шығаратын акцияларға жазылуды жабық өткізе алады. АҚ үшін акционерлер саны шектеулі емес.

Акционерлік қоғам өздігінен құру немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны қайта құру жолы емес құрылады және ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы
Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының баға жүйесі
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz