Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

3. Қарлұқ мемлекеті

VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы - Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулеті тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұктар өздерінің басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлак /було/ деп аталған. Қарлұк тайпалары VІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көлдің арасын, Ыстыккелдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды. Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері - Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула -бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы - Баласағұн каласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы-Қойлық қаласы.

Қарлұктардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі. IX ғасырдың бас қарлүқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорықка шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне кашып кетуге мәжбүр болған.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, онын халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардын мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге мәжбүр болады.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінін аты болмаса, заты жоқ-тұғын.

Қарлұк феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа кауымның ешбір кұқы жок тобы - құлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкел, Талғар, Тонг, Пенчуль т. б. Қарлұктардың астанасы және олардың көптеген қалалары ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болды. Дегенмен Қарлұк қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалык байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай киын жағдайда шын меніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқтар мемлекеті кұлайды. Қарлұқ кағанатыньң солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта жөне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан түркі дәуірінде туралы ақпарат
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Қарлүқтар батыста
Қытай тарихнамасы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
Қарақытай мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz