Қартаймас өнерге – қалтқысыз қызмет


Қартаймас өнерге - қалтқысыз қызмет
Біріне бірі себепші болып жататын тіршілік қой. Бала кезімде біздің үйде түймешік бас қоңыр домбыра болушы еді. Әкем дәулескер күйші екен. Соғыс кезінде анам және апалы-сіңлілі үш қыздың арасында ерке өскен маған ол өнер қонбады. Қоңыр домбыра да ағайын-тумалардың өнер қуатын біреулеріне қолды болып кетсе керек. Ал мен айда-жылда бір соғатын жыршы-термешілерге ауызымды ашумен болдым. Ауыл-үйде әңгіме соғатындар да аз емес-ті. «Баяғыда . . . » деп басталатын ұзын-сонар кептердің ешқайсысын құр жібермейтінмін. Сол әуейілігім мені әуелі кітапқұмар етті. Кейін қолыма қалам алдырды. Алматы кітапханалары мен мұрағаттарынан өзім өскен өлке жайындағы арғы-бергі жазылғандарды ақтардым. Сөйтіп жүріп, «Ұйқыдағы арудың оянуы» дейтін кітап жаздым.
Ол алдымен «Жұлдыз» журналында басылды. Бір күні ол кезде Орталық партия комитетінің шетелдермен байланыс бөлімін басқаратын Өзбекәлі Жәнібеков ағайға кірсем, үстелдің үстінде әлгі журнал жатыр екен. Көзіме оттай басылғанмен, ол кісі тап менің жазғандарымды оқып жатыр деп еш ойлаған жоқпын. Кірген-шыққандармен елпілдесе қоймайтын суық қабақ, сырбаз кісі апарған қағазыма ләм-мим деместен қол қойып берді де, үн-түнсіз тынып қалды. «Ал, енді не бітіріп отырсың?» - дегендей бетіме тесірейе қарады.
Арада он шақты жыл өтті. Жаңылмасам, 1984 жыл. Жазғытұрым көркем әдебиет секторын басқаратын маған Өз-ағаң кіріп келді. Қол алысты да, үстел басына отыра кетті. Таңырқап қалған менің бетіме жымия көз салды. Үйреншікті томсарған қалпын жадыратып, мырс етіп күлді. «Ақылдасқалы келдім», - деді. Сөйтсем, жоғарғы қабаттағы «дәу кабинеттерден» келеді екен. «Сені сыртыңнан құдаластырып қойдым. Біреу-міреу әңгімелесуге шақырса, көктен түскендей болмай, іштей дайындалып жүр. Баяғы «Ұйқыдан оянған аруыңды» қайтадан тағы бір оқып шық. Жиған-тергендеріңді тағы бір қарап қой», - деді. Қолын созып қоштасып шығып кетті. Аң-таң болып қала бердім. Баяғыда үстелінде «Жұлдыз» тегін жатпаған болды. Оқыған екен ғой. Бірақ, құдаластырып қойғаны қалай?!
Көп ұзамай, оның да сыры белгілі болды. Телефон зың етті: «Кәкімжан Қазыбаевич келіп кетсін дейді» . . . Хатшы жадырай қарсы алып, жанына отырғызды. Әңгімені алыстан бастады. Орталық тарих мұражайы салынып жатыр. Түркістанда, Таразда көлемді қалпына келтіру жұмысы басталмақ. Семей мен Жидебайда Абайдың, Сырымбет пен Қоянкөзде Шоқанның, Ақмолада Сәкеннің, Ордада Жәңгірдің мемориалдық кешендері, Отырар мен Маңғыстау - Үстірттің архитектуралық-археологиялық қорықтары қолға алынбақ. Құлаққа майдай жағатын хабарлар. Басымды үсті-үстіне изеумен болдым. Кәкімжан аға одан сайын жайбарақаттанып, күмбірлеген қоңыр дауысын соза түседі. Кенет әңгіме маған қарай ойысты. Құлағым тікірейе қалды. «Өзбекәлі көп шаруа жүргізіп жатыр еді. Бірақ, басқа қызметке жұмсалып отыр. «Орныңа кім қолайлы?» - дегенде, сені атапты».
Төбеме жай түскендей болды. “Кәкімжан Қазыбайұлы, біздің үйде шегені келініңіз қағады. Мұражай түгілі тауық күрке салуға жүрегім дауаламайды”, - деп ағымнан ақтарыла бастадым. Бұным хатшының күткен әңгімесі екен. “Шеге қағатындар да, тауық күрке салатындар да табылады. Ал мұражай мен тарихи қорықтарға келсек, оған тас пен балшықты емес, тарихты білетін кісілер керек”, - деп шорт кесіп, әрі қарай ауыз аштырмай қойды. Іле-шала республика басшысы мен үкімет басшысының да баталарын алуға тура келді. Бұл - министрлерге болмаса, орынбасарларына көрсетіле қоймайтын ілтипат. Шамасы, ұлттық тарихқа, расында да, үлкен назар аударыла бастаған болды.
Сол күні түскі демалыс біте сала мені жаңа жұмыс орыныма алып келді. Мәдениет министрлігі ғимаратының өзі сәулет ескерткіші еді. Қабырғалары қалпына келтірілген, қос-қабат үйден жаңа сүргіленген қарағай иісі аңқиды. Абажадай кең кабинеттің түскей жақтағы қос терезесінің арасындағы ағаштан ойып, шебер қиюластырған Айша бибі күмбезінің сұлбасы тұр. Ұзыншұбақ мәжіліс үстелінде ежелгі Тараздың кіндік махаллаларын қалпына келтірудің Бас жоспары сызылған қатырмалар мен альбомдар тізіліпті . . .
Мен сөйтіп ол жылдары қызу қолға алынып жатқан тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, жаңа мұражайлар мен мәдениет ғимараттарын тұрғызу майданының бас қолбасшысы Өзбекәлі Жәнібековтің шексіз ойлары мен мігірсіз қызметінің ізі сайрап жатқан кабинеттен келіп бір-ақ шықтым.
Араға көп уақыт салмай, басқа қызметке кіріскен Өзбекәлі ағаны іздеп барып әңгімелесіп, бастаған істер мен оны атқарып жатқан адамдар жайына қанықтым. Қолға алынған шаруалар көл-көсір екен. Кейбіреуі бітіпті. Кейбіреуі бітуге жақын. Кейбіреуі енді басталып жатыр. Кейбіреуі ықтимал шешімін әлі таба алмай аңтарылып тұр. Ең бастысы - «біттіметтен-жеттімет» дейтіндей «істелді ме істелді» мезірет жоқ. Бәрінен де тыңғылықтылық пен тиянақтылық аңғарылады.
Тарихи жәдігерліктер тап-тұйнақтай есепке алынып, әрқайсысы бойынша ғылыми дәйектемелер әзірлене бастапты. Оны жүзеге асыру үшін мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау институты құрылып, өз ісінің патриоты Баян Тұяқбаева басқаратын шығармашылық ұжым іске жұмылыпты. Оның Түркістан, Шымкент, Тараз, Орал, Алматы қалаларының тарихи кіндік орталықтарын қайтадан қалпына келтірудің бас жоспарлары мен әдістемелік негіздері қалай жасақталғанына өзіміз куә болдық.
Ежелгі ескерткіштерге қайта сән беруге тек тарихи-сәулеткерлік зердемелік қиындықтармен қоса, әзелгі құрылыс материалдарына сапасы жағынан дес бермейтіндей технологиялық жабдықтаудың қиямет-қайымдары да қосылатын. Оған да үлкен еңбекпен қоса үлкен білік керек еді. Бұл үшін бізде де «үлкен ғылым» іске қосылды. Ол жұмыстарды техника ғылымының докторы, профессор Т. Жүнісов, геология-минерология ғылымдарының кандидаты С. Тәкібаева басқарды. Олардың бас-көздігімен Түркістанда Қазақстанның тарихи сәулеткерліктерін қалпына келтіруге қажетті құрылыс материалдарын шығару орталығы ұйымдастырылып, кейбір облыстарда шеберханалар ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz