ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ



Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды
тәрбиелеу мен окыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып
табылады. Онда әскери кызметшілердің міндеттері мен кұкықтары және өзара
қарым-қатынастары аныкталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, түрмысының барлық
жақтарын қатаң және накты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген
тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап түру мәселелеріне
анық нұсқаулар береді.
Қазіргі кездегі жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік
Қарулы Күштерін калыптастырудағы көп жылдық тәжірибелер есепке алынған.
Олар әскери-техникалық прогресс нәтижесінде кол жеткізілген әскери істің
казіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді
камтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдык.
кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.
Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондык
және Қарауылдық кызметтер жарғысы мен Саптық жарғы жатады. Жарғыларда
әскери кызмет пен әскери төртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері
баяндалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156
Жарлығымен бекітілді.
Әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен
бөлімшелер, кеме, сондай-ак Қазакстан Республикасының басқа да әскерлері
мен әскери құрылымдарының орындауы міндетті.

Казақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
жарғылары — әскери қызметшілер
мінез-құлқының құқықтық негізі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен кызметі әскери
жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде
белгіленеді.
Қазақстан Республикасының "Әскери кызметшілер мен олардың отбасы
мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау" туралы заңында былай деп
көрсетілген: "Қазакстан Республикасының мемлекеттік егемендігін корғау,
оның ішкі және сырткы қауіпсіздігін камтамасыз ету, қарулы шабуылды тойтару
мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ак Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін корғау және оның халықдралық міндеттемелерге
сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери кызметшілердің әскери анткд адал
болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери
борыштың мәнін құрайды".
Заң түрғысынан алғанда, әскери жарғылар — дареі басшылық негізінде
әскери кызметшілер карым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен
заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқыктық актілердің
жиынтығы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді:
әскери кызметшілерді окыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен
әдістерін, әскердің күнделікті өмірін ұйымдастыру тәртібін; ішкі,
гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы
қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдық-тұрмыстык. және
медициналық камтамасыз етуді; әскери қызметшілердін. құқығын, міндеттері
мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс
уақыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлкын; катаң жарғылық тәртіпті,
жоғары ұйымдастырушылықты, әскери төртіптілік пен ұрыска дайындықты
сактаудың құқықтык, жағы мен
әдістерін реттейді
Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери кызметшілердің жалпы
және лауазымдық кызмет міндеттерін олардың, бастықтар мен бағыныштылар
арасындағы карым-кдтынасты, бұйрықтар беру мен орындалу төртібін, әскери
сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез-кұлкын анықтайды. Осы жарғы
ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді,
әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, бөлімнен олардың сейілге
шығуы, дабыл бойынша шакыру ұйымдастырылады. Жарғыда, сондай-ак, тәуліктік
күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мөні, армиядағы белгіленген оның
негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері,
бастыктар мен командирлердің төртіптік кұкыктары баяндалады. Сондай-ак, ол
әскери қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдарды, ұсыныстарды караудың
реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің (бастықтардың)
міндеттерін де карастырады.
Гарнизондың және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондык және
карауылдық кызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді.
Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және карауылдык кызмет атқарушы
әскери кызметшілердің міндеттері мен құқыктары, әскердің катысуымен
гарнизондык және басқа да шараларды өткізу тәртібі айкындалады.
Саптық жарғы әскери кызметшілердің және бөлімшелердің саптык
тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байкау өткізу ретін, сап
алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс аланында жылжи
білу жолдарын баяндайды.
Қарулы Күштерінде сонымен катар ұрыстык жарғылар да болады. Ол
жарғыларда сарбаздардың ұрыстағы іс-әрекет тәсілдері мен міндеттері, оны
жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді баскару тәсілдері мазмүндалады.
Ұрыстык жарғылар казіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету
ғылымын ұсынады. Олар казіргі заманғы ұрыстың ерекшелігі мен сипатын жан-
жакты ескерген, әскери техника мен карудың барлық түрін колданған кездегі
әскерлердің әрекет ету жолдарын анықтайды. Сарбаздардың ұрыстык іс-әрекеті
мен кызметі, окуы, өмірінің кай жағынан болмасын алып карасақ, олардың бәрі
жарғылармен, командирлер және бастықтардың бұйрықтарымен белгіленеді.
Жарғылар олардың өмірі мең кызметіне айрықша нактылық пен үйлесімділік
енгізеді, әскери кызметшілер бойында кажетті дағдылар мен әдеттерді
калыптаетыруға ьщпал етеді, олардың ерік-жігері мен мінезін шыныктырады,
ішкі тәртіптілікті кальштастырады, онсыз Қарулы Күштердің барлық
буындарында тиісті әскери тәртіпке, ұйымдасу мен тәртіптіліктің жоғары
деңгейіне, флот күшімен әскердің түракты ұрыска дайындығьша кол жеткізу
мүмкін емес. Жарғы талаптарын барлық сарбаздар олар сәл сөтте кай жерде
болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлімше, бөлім аумағынынан тыс
жерлерде болмасын — орындауга міндетті.
Әскери жарғыларда армия дамуының көп кырлы тәжірибесі берген барлық
жаңалықтар жинакталады. Оларда корғаушыларға койылатын талаптар қысқаша,
анық түрде мазмүндалады. Қарулы Күштер үшін жарғылардың мәні орасан зор
екендігі — оларды Президенттің бекітуімен жасалатындығында. Жарғыларда
жауынгерлерге қойылатын талаптар, кызмет ету ретін анықтайтын ережелер
заңды түрде бекітілген. Ондағы ережелердің, талаптардың жеке құрамда жоғары
моральдык-ұрыстық және жауынгерлік сапалардың калыптастыруға байланысты
жүргізілетін жүмыстар үшін маңызы зор. Қатаң жарғылық тәртіп, кызмет пен
түрмыстағы жоғары ұйымдастырушылық окуда жетістіктерге қол жеткізуге,
жауынгерлердің төртіптілігіне ықпал етеді.
Тәртіпті жауынгер деп, әскери анттың, жарғылардың, заңдардың
талаптарын жақсы білетін, оның талаптарын жүрегімен, акылмен орындай
білетін, күнделікті іс-әрекетінде оларды катаң басшылықда алатын, жарғы
талаптарын орындауда командирге кемектесетін, жолдастарының лайыксыз
қылықтарын тоқтататын, бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары дәрежеде ұрысқа
дайындығын ұстап тұруға қатысты міндеттерді сапалы да тиімді шешетін,
әскери ұжымдарда жарғылық қарым-катынастардың, достык, әскери жолдастықтың
нығаюы үшін күрес жүргізетін, өз әрекетін баскара алатын, шыдамдылықпен
өзін ұстай алатынын көрсеткен жауынгерді айтуға болады. Біздің
жарғыларымыздың басты талабы — әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке
басының жауапкершілігіне, өз халкына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Бастапқы әскери даярлық
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жастарды бастапқы әскери даярлау
Қарауыл қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары.
Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери рәміздері
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
Әскери құқық
Пәндер