Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде.

Жоспары:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1) Қарым – қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері
2.2)Қарым – қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті,
перцептивті; олардың бірлескен іс - әрекет сипаты мен қарым – қатынастағы
серіктеспен қатынас сипаты мен байланысы (Г.М.Андреева, Е.С.Кузьмин).
2.3) Қарым – қатынас қиындықтары мен кедергілері.
2.4)Деструктивті қарым – қатынас түсінігі.
2.5)Табысты қарым – қатынас факторлары.
2.6)Тұлғаалық қарым – қатынасты зерттеулердің жаңа бағыты (В.Н.Куницына).

3.Қосымша
3.1)Бақылау сұрақтары
3.2)Тапсырма
3.3)Тест сұрақтары
3.4)Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер

Қарым-қатынас психологиясы - жантану ғылымдарының бір саласы. Қарым -
қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып
табылады. Сондықтан, қарым - қатынас психологиясы адамдардың өзара
қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар:
- Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
- Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске
ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда
болады?
Қарым - қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
1. "Мен" - "Басқа" жүйесіндсгі арақатынас. Қарым - қатынас барысында
пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі
тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру
тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің
жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
2."Топ"-"Мен"жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың
адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу.
Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам
адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және
өзгертеді? Әлеуметтену-даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды
әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
3. "Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға
жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметгік
байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен
орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар
арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс. Б.Д.
Парыгин мұны адамдардың танымдық ақпарат алмасуы, өзара түсінісуі, бірін –
бірі қабылдау процесі деп атап өтті.
Л.П. Буева әдебиеттерді талдай келе қарым-қатынасты зерттеудің келесі
аспектілерін ашып көрсетті:
• ақпараттық-коммуникативтік (қарым-қатынас, барысында ақпарат алмасу
жүзеге асатын жеке тұлғалық коммуникацияның бір түрі ретінде
қарастырылады );
• интеракциялық (қарым-қатынас кооперация процесі барысында
индивидтердің өзара әрекеті ретінде қарастырылады );
• гносеологиялық (адам әлеуметтік танымның объектісі және субъектісі
ретінде қарастырылады);
• аксиологиялық (қарым-қатынас құндылықтарды алмасу ретінде
қарастырылады);
• нормативті (индивидтің мінез-құлқын нормативті реттейтін процестегі
қарым- қатынастың орны мен ролі анықталады);
• семиотикалық (қарым–қатынас, бір жағынан, белгілер жүйесі ретінде,
екінші жағынан, әр түрлі белгілер жүйесі қызметіндегі делдал ретінде
сипатталады);
• әлеуметтік - практикалық (праксиологиялық) (қарым–қатынас әрекет,
қабілет, іскерлік пен дағды алмасу ретінде қарастырылады).
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама,
тікелей, біреуі арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас,
соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас –жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды
пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптің, басқа әртүрлі
техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін
күрделендіреді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік
қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас –топтарда,
жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну,
бірігіп іс-әрекет ету негіздеріндегі қалыптасатын қарым-қатынас түрі.
Көпшілік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және
көпшілік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасауы, осындай
қатынастардың түріне өнер, эстетикалық-қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін
психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста қалыптасады да. Адамдардан қарым-қатынаста адамның адамзаттық
тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет
түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске
асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды
факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның
бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлықын
қалыптастыратын жан-жақты шындық.
Сонымен, қарым - қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым
- қатынасдың тұлғааралык және топаралық формаларын танып-білу, қарым -
қатынасдың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым - қатынас
барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-
құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатымас психологиясы -
мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен
технологияларының жиынтығы.
Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым -
қатынассыз, арақатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз елестетудің
өзі қиын.
Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
Қарым - қатынас және оның қызметтері
Қарым-қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым -
қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын
түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша,
адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Қарым - қатынас моделі
Субъект -1
Субъект - 2

Қарым-қатынас формалары:
Тікелей - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар
көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір
мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы
бірінші формасы.
Жанама - қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не
кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз
психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами
қарым - қатынасды күрделендіріп жіберді.
Тұлғааралық екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың
тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым - қатынасдың белгілері:
қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі,
бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру -
бұқаралық тікелей қарым - қатынас, телемарафон, радиохабар - жанама қарым -
қатынас, вагонда - бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде - тұлғааралық.
Персонааралық - ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын
белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, гарышкерлер,
президенттер).
Рөлдік - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық
контакттары, мысалы, оқушы - оқытушы, әке - бала, сатушы -
алушы, дәрігер - ауру.
Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты
қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері
назарға алынбайды тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып
саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін
анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол
рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде
қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.
Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік
психологиялык ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның
психологиялық қасиеттері қарым - қатынас нәтижесінде пайда болады, дамиды,
өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді,
нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз
бойына сіңіреді. Қарым - қатынас нәтижесінде адам жеке тұлға болып
қалыптасады.
Қарым-қатынас адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты,
негізі.
Сонымен, қарым - қатынас - адамның психологиялық дамуының факторы:
- қарым - қатынас үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам
тек қана қарым - қатынас арқылы адам болады (джунглида өсіп адам болған
Маугли - қияли оқига, ертегі);
- қарым - қатынас үрдісінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық
қасиеттері ашылады (ғашық болган адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);
- қарым - қатынас үрдісінде жеке адам жалпы адамдық
тәжірибені меңгереді (орыс философы Чаадаев айтуынша, қарым -
қатынассыз шөпті шайнап жүре беретін едік).

Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
1- байланыстыру, прагматикалық қызметі. Қарым - қатынас бұл жерде кез-
келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің
шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі
түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін
емес.
2. қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның
психикалық бейнесінің қальштасуы мен өзгеруінің алғышарты болып
танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-
құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен
жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас
нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік
сыртқы қимыддарына айналады. Мысалы, "Зита-Гита" үнді кинофильмінде егіз
қыздар әртүрлі ортада өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды.
Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-өрісі өспейді. Балалар
үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-аналарының
бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-
туысқандарымен, жақсы көрген адамдарымен қарым - қатынасда өтсе,
психологиялық қасиеттері адами сапаға жақындырақ болары анық. Бірақ осыған
байланысты еске алатын бір жайт: бала - үлкендердің барлық насихаттарын,
ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Бала мен
ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік,
дағдылар емес, бұл - неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-
бірі байыту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді
түрде тезден өткізіп қабылдайды.
3. растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым - қатынас барысында адам
өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дөлелдеуге
мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа
адамдар арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі - жападан жалғыз қалу,
ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. "Сен
жамансың", "Сенікі дұрыс емес" деп адамды жаман бағалаудың
өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал
қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері "Сен бұл жерде жоқсың",
"Сен өмір сүрмейсің", Осы әдісті А. Макаренко өз коммунасында жиі
қолданатын еді - кінәлі балаға басқалар бойкот жариялайтын. Растамау - көп
психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-
шешесінен "сен жақсы", "сен біз үшін барсың" деген дәлелдерді естімесе,
оның санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті
тіршілік адами арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен
сәлемдесу рәсімдері, құттықтау мен ізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр
адамның бар екендігін растайтын дәлел екені сөзсіз.
4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу
қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар тұлғалықтан
іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен
бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антапатия,
ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік
байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық
қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
5. тұлға ішіндіқ қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап
сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік қарым - қатынасды
адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады. Л. С. Выготский
жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым - қатынасдың қызметін
сақтап қалады.
Сонымен, біз қарым - қатынасдың түрлерін, қызметтерін қарастырдық.
Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе -
тұлғааралык тікелей қарым - қатынас.
4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық үш түрін
ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қосун, қоссөз,
қостіл).
Императивтік немесе әміршіл - өз қарым - қатынас серігінің тәртібі мен
іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық,
директивтік формасы. Қарым - қатынас партнері тек әсер етудің нысанасы,
пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру
жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер
етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау
пайдаланылады (Отыр! Тұр! Әкел!).
Сонымен, әміршілдік -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен
бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым - қатынасдың өз орны
бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер
қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай
салаларда императивтік қарым - қатынасды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.
Сонымен қатар мұндай қарым - қатынасды мүлде қолдануға болмайтын
салалар да баршылық. Ең алдымен қарым - қатынасдың бұл түрін достар және
жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика
саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар
мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек
сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына
құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез
жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың
ішкі құндылылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап-арбау - жиі кездесетін тұлғааралық қарым - қатынас
түрі, қарым - қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген
іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым - қатынас партнерін
нысана ретінде қарастырады.
Манипуляциялық - басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-
әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде:
яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы:
манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не
ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес, сауда-
саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым -
қатынасдың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының
назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде
осыған дағдыланған мұғалімдер басқаларға түсіндіру, дәлелдеу, үйрету үшін
осыны өзінің тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған
бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз болып
қалады да,
ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян келтіреді. Жұмысында
манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты отбасына да әкелуге
мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген қарым -
қатынасды манипуляция жолы тиімсіз де нәтижесіз.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек
манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы,
манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында
пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін
өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде
қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды
сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін
қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан
ғалым Э. Шостром "Анти-Карнеги" кітабын шығарды.
Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де
монологтық (бірсөз, бірүн), субъект - объект қатынасына жатқызуға болады.
Адам басқаны өз нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын
ескермегенде қарым - қатынас серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып, тек
өзімен өзі, өз мақсаттары және міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол
басқаларды емес, тек өзінің "көшірмелерін" ғана көреді.
Диалог . Бұл тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, қарым - қатынас
мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған
арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан
альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл қарым -
қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір есітіледі, бұл субъект -субъект
қатынасы.
Диалог қарым - қатынасынын ережлері:
1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, "осы жерде -
осы сәтте" қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі
сезімдерін, тілектерін, психологиялык халдерін назарға алу.
2. Қарым - қатынас серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның
ниеттеріне сену, біріне - бірі сенімділік білдіру.
3. Серікті өзінс тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар қарым - қатынас мазмұны болуы
керек (қарым - қатынас мазмұнын мәселелендіру).
5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне
сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру).
Диалог қарым - қатынасы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп,
бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай
жасайды. Осы типтегі қарым - қатынасды іске асыру үшін қажетті өмірлік
шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым -
қатынасда бұндай типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген
адамдардың психикалық дснсаулығы, міиездерінің біртұтастығы, салмақтылығы
көзге түсердей.
Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жиі қолданатын қарым
- қатынас түрі - монолог. Неге? Ол - мектептің басты мақсаты мен
міндеттеріне байланысты құбылыс. Педагогтардың түсінігі бойынша, білім беру
мен тәрбие құралдарының негізгілері -қатаң тәртіп пен шәкірттерді
біркелкілеу (усреднение). Есіңізде болса, оқытушылар тыныштықты бұзған
оқушыға қолданатын әдіс-тәсілдер: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата-
анасын шақыру, сыньштан не мектептен қуып жіберу, баланы оқшау қалдыру,
директорға жіберу, кекету, сынау.
Манипулятор не диктатор мұғалімнің пікірі бойынша, барлық шәкірттердің
оқуға
ынтасы бірдей - жақсы маман болу, мақтауға лайықты болу, көп ақша табу.
Мұғалім берген білімге құштарлық жоқ болса, бала жаман болып саналады,
баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Ал бала өзінің қызығушылығын
мұғалімнің талабына, сабақтың тақырыбына сай болмаса да жоғары, құндылы
санағандықтан, бара-бара жеке пәнге де, бүкіл мектепке де қызығушылығы мен
ынтасын жоғалтады.
Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап
қайтару қажет?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе,
адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі.
Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап
алған жөн болар ("Кешір, мен онша түсінбей тұрмын", "Мен дұрыс
түсінсем..."). Кейінгіге қалдырмай ("бұл келесі сабақтың тақырыбы")
міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғүрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа
қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу
үшін асығыс жауап беруге де болмайды.
Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана
қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де
қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай
жасау қажет.
Осындай теориялардың бірі Шостром – Маслоу теориясы болып табылады. Ол
қазіргі адамның екі базалық психологиялық нұсқасын қарастырады.
Манипуляторлар - бұл негізгі мақсаты (саналы және санасыз) жағдайды
бақылау болып табылатын адамдар: манипулятор үшін өзінің айналысып отырған
қызметі екінші деңгейлі рөл атқарады, бастысы – бұл қызметте атқаратын рөлі
манипулятор өзін тұлға ретінде қабылдамайды, өзін бағаламайды және тек қана
өзінің айналасындағы заттарды яғни манипуляция обьектілерін ғана көреді:
Актуализаторлар – бұл өз–өзіне қайталанбас тұлға ретінде қарайтын
индивидтер, сондықтан басқа адамдарды да қайталанбас тұлға ретінде
сезінеді: олар үшін қызмет бірінші болып табылады, ал олардың осы қазметте
атқаратын рөлі екінші болып табылады.
Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының кейбір белгілері
төмендегі кестеде келтірілген.
Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
Шостром – Маслоу теориясы бойынша, манипуляторлар да, актуализаторлар
да бірнеше психологиялық типтерді құрайды. Іс жүзінде әрбір типтің өз
антагонисі бар, ол қарама-қарсы позицияда келтірілген. Сондықтан оларды жұп
– жұбымен суреттейтін боламыз. Алдымен, манипуляторлардың түрлерін
қарастырамыз:
1.Диктатор. Ол қағида бойынша, өзінің күші мен билігін асыра көрсетеді. Ол
үстем болады, бұйырады, беделін көрсетуді ұнатады және өз құрбандарын
басқару үшін барлығын жасайды. Диктатордың әр түрлі типтері болады – Шіркеу
Бастығы, Бастық әйел, Бастық, Босс, Кіші Босс.
2.Жігерсіз адам (әлсіз).Бұл – Диктаторға тікелей қарама – қарсы және әдетте
оның құрбаны. Жігерсіз Диктатормен өзара қарым – қатынаста үлкен шеберлігін
дамытады. Ол өзінің сезімталдығын асыра көрсетеді, ол ұмытып кетеді,
естімейді, үндемейді. Жігерсіздің әр түрлі типтері болады: күмәншіл,
ақымақ, хамелеон, конформист, ұялшақ, жол бергіш.
3.Есептегіш. Бұл – өзгелердің күшті және әлсіз жақтарын есептеп, Диктаторға
қарағанда, ашық қарсылыққа түспей, оларды бақылай алу ептілігін мақтан
тұтатын адам. Ол алдайды, алда – шарғымен құтылады (жалтарады), өтірік
сөйлейді, алдап кетуге және басқа адамдарды тексеруге тырысады.
Есептегіштің түрлері – епшіл, алаяқ, ойыншы, жарнамашы, бопсашыл, шахматшы.
4.Жабысқақ. Есептегіштің антагонисі болып табылады. Ол өзінің
бақыланатындығын көрсетеді. Бұл – өзінің есер болуын, айналасындағылардың
қамқорлық обьектісі болғысы келетіндігін көрсететін тұлға. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛҒЫЗДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Жеке тұлға психологиясы
Кикілжің психологиясы
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Шиеленістің қатысушылары
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Психология ғылым ретінде
Пәндер