Қарым қатынас психологиясы туралы түсінік



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қарым қатынас психологиясы туралы түсінік
2. Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
3. Қарым-қатынастың даму жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім
беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту
сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап
етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір
бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін
білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа
түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік
қасиеттері осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап
қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің
жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде
белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
А.А. Леонтьев Қарым-қатынас ұғымын әмбебап коммуникативті іс-
әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік
құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И.Н. Ланге зейінді
объективтілік актісімен байланыстырды, Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен
қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің
рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатынас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап,
реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке
бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір
факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі
және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық
нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі
студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың
қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті
мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып,байланыс орнататын күрделі  процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады

Қарым қатынас психологиясы туралы түсінік

Тірі тіршілік иелерінің бір-бірімен ақпарат алмасып, өзара
әрекеттесуі қарым-қатыныс деп аталады. Адамның жеке тұлға болып
қалыптасуына, психикалық дамуына қарым—қатнас бірнеше түрлерге
ерекшеліктері бар. Адамның коммуникациялық қаблеттілігі қарым-
қатынастық техникасына, әдіс-тәсілдеріне байланысты және қарым-
қатынастың даму жолдары да кеңінен қарастырылады.
1. Адам және әртүрлі жоғарыда сатыдағы жануарлардың өмір
сүру жағдайларын қарастырсақ, онда олардың екі жақты байланысты
жүзеге асыратынан байқаймыз. Біріншісі – табиғатпен байланысы, ал екішісі
байланыстың өзгешеліктері тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара
әрекеттеліп, ақпарат алмасуында және бұл байланыс түрі қарым-қатынас
деп аталады.
Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, бірақ,
адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. Жалпы қарым-қатынас 3
аспектіден тұрады: қарым-қатынас мазмұны, мақсаты және құрамы.
Қарым-қатынас дегеніміз – байланыс жасау барысында өзара алмасатын
мәліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай қарым-қатынас материалдық,
когнетивтік, кондициялық, мотивациялық және іс-әрекеттік болып бірнеше
түрге бөлінеді.
Материалдық – адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекет құралдары.

Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын
мәліметтер: білім, ептілік т.б.
Кондициялық – адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің
алмасуы.
Мотивациялық – адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен
қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.
Іс-әрекеттік – адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек
дағдылары арасындағы байланыс.
Қарым-қатынасқа түсудің мақсаты анықтайтын аспектінің бірі бұл –
қарым-қатынас мақсаты. Адамдар арасында қарым-қатынасқа түсу
мақсатының сандық көрсеткіші күннен-күнге артуда.
Атап айтқанда: объективті түрде жан-жақты білім алу немесе білім
беру, оқу және тәрбие алу, жеке және іскерлік қатынас орнату т.б.
Мақсатына қарай, олардың қажеттіліктеріне сәйкес биологиялық және
әлеуметтік болып бөлінеді.
Биологиялық - организмді сақтау, жетілдіру, дамытуға арналған
барлық қажеттіліктер қарым-қатынасы. Әлеуметтік - жеке индивидтің
дамуындағы интерперсоналдық қатынасты орнату және дамыту, жеке
аралық қатынасты кеңейту және нығайту мақсатында қолданылтын қарым-
қатынас.
Адамдарда табиғаттан берілетін қарым-қатынас құралдарынан басқа
да, өздерінің ойлап тапқан жасанды ақпаратты жеткізу құралдары аз
емес. Бұл –тіл және басқа да таңбалық әдістер, жазудың әртүрлі
түрлері мен формалары (мәтін, кесте, сызба т.б.), техникалық таспаға жазу
және мәліметтерді (радио және видеотехника; механикалық, магниттік,
лазерлік және т.б. баспаға шығару түрлері). Қарым-қатынас құралы жанама
және тікелей болуы мүмкін.
Аспектілермен басқа да қарым-қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді:
іскерлік, жекелік, инструментальды, мақсатты.
Іскерлік - іскерлік қарымс-қатынасқа түсу үшін қолданылатын қарым-
қатынас түрі.
Жекелік - жеке проблемаларын шешу үшін, ішкі психологиялық жай-
күйін бөлісу үшін қолданылатын қарым-қатынас түрі.
Инструментальды - адам өзінің қажеттілігін іске асыру үшін емес,
өзінің белгілі бір мақсаты үшін емес, басқа бір мақсатқа
байланысты қарым-қатынсқа түсу түрі.
Мақсатты-өзінің белгілі мақсаты үшін қарым-қатынасқа түсу түрі.

2. Адамның психикасының дамуына және білімді, мәдениетті болып
қалыптасуына қарым-қатынастың орны ерекше.
Бүкіл танымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке тұлға ретінде
қалыптасқан, психологиялық жағынан дамыған тұлғамен байланыс жасай
отырып, адам өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Егер адамның қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі болмаған жағдайда,
адамдық қасиеттері жоқ, тек қана физиологиялық тұлғасы ғана адамға
ұқсас жануар іспеттес болып қалыптасуы мүмкін еді.
Балының психикалық дамуы қарым-қатынсас арқылы басталады. Бұл
әлеуметтік белсенділіктің алғашқы белгілері болып табылады. Баланың
қарым-қатынасы арқылы алғашқыда еліктеушілік немесе викарлық, содан
соң ауызша немесе вербальдық түрдегі қарым-қатынастың өмірлік
тәжірибелері жинақталады.
Әрбір қарым-қатынаста түрлерінің бала психикасының дамуында
өзіндік олар орындары бар. Мысалы, жекелік қарым-қатынас баланың
жеке тұлға болып қалыптасуына, мінезін, қызығушылығын, жағымды
әрекеттерді қалыптастыруға, өмірлік мақсатын анықтап, оны жүзеге
асыруға мүмкіндік туғызады.
3. Адамның дұрыс қарым-қатынасқа түсе білуі оның мәдениеттілігіне,
тәрбиесіне, біліміне, даму деңгейіне және өмірлік тәжирибесіне
байланысты. Қарым-қатынасқа түсудің тәжірибесін, даму деңгейін
айтқанымызда, ең алдымен, техникасы мен әдіс-тәсілдері жайлы айтамыз.
Қарым-қатынас техникасы дегеніміз адамның басқа адамдармен қарым-
қатынасы кезіндегі жай-күйі және сол адамдарға икемделе алу қабілеті,
ал әдіс-тәсілдері дегеніміз – қарым-қатынас кезінде керекті әдісті
таңдай білу қабілеттілігі (вербальды немесе вербальды емес).
Басқа адаммен қарым-қатынасқа түсер алдында ең алдымен ол адамға
жеке тұлға ретінде қарап, дұрыс қарым-қатынас техникасын, әдіс
тәсілдерін таңдап, адам өз қызығушылығы мен байланысқа түсетін
адамның қызығушылығының ара қатынасын анықтап алуы керек. Содан соң
ол адамның қадам жасауын және әңгіменің нәтижесін қадағалап, өзіне
деген көзқарасын анықтап алуы керек, яғни келесіде қарым-қатынасқа
түсуге ықыластылығын анықтау.
Қарым-қатынас техникасының ең негізгі элементтері: дұрыс бет-әлпет
бейнесін қалыптастыру, алғашқы сөз бен айтылу тонын таңдау, қарым-
қатынасқа түсетін адамның қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін дұрыс
дене қимылдарын таңдау. Жалпы бұл элементтерден басқа да әр түрлі
қарым-қатынас техникасының түрлері бар. Мысалы, кері байланыс.
Әңгімелесушінің қарым-қатынас техникасын, әдіс-тәсілдерін бақылап,
әңгімелесуші жайлы мәліметтер ала білу қабілеттілігі.
Адамның коммуникациялық қаблеттілігі оның осы кері байланысты
дұрыс пайдалана білуіне байланысты.
4. Тірі тіршілік иелерінің қарым-қатынасқа түсу қабілеті орило-
және онтогенезде дамиды. Дамудың бұл жолы қарым-қатынастың ең негізгі
аспектілерін қамтиды мазмұнын, мақсатын және құралын.
Қарым-қатынастың орилогенетикалық дамуы оның мазмұнының өзгеруімен
байланысты және мына аспектілерде көрінеді.
1) Қарым-қатынас мағынасының тірі тіршілік иелерінің бір-бірімен
мәліметтер алмасуы арқылы байытылуы, ең алдымен биологиялық жағдайға,
яғни ішкі организмнің жағдайын, сондан соң өмірлік мәнге ие болған
сыртқы орта жағдайын мәлімдейді. Бұның сонынан мәлімет қарым-
қатынастың когнитивті түрінде беріледі. Жалпы когнитивті түрі адамға
тән мәліметтердің берілу түрі, алғашқы екеуі жануарларда да
байқалады.
2) Мақсатының дамуы қарым-қатынасқа түскен адамның
қажеттіліктерінің өзгеріуі және дамуымен байланысты. Қаншалықты адам
қажеттілігі әртүрлі және жоғары дәрежеде болса, соғұрлым қарым-қатынас
мақсаты дифференцияланған және жоғары дәрежеде болады.
3) Қарым-қатынас құралының орило-және онтогенезде дамуы бірнеше
жолдардан тұрады:
1. Коммуникация құрамы болып саналатын арнайы мүшелердің дамуы
(мысалы, қол).
2. Қимыл, іс-әрекеттің экспрессивті түрде дамуы (мимика, бет-әлпет
қимылдары т.б.)
3. Мәліметтерді жеткізу үшін әртүрлі белгілерді ойлап тауып және
сол белгілердің қолданылуының дамуы.
4. Адамдармен қарым-қатынас кезінде мәліметтердің нақтылығын
сақтауға арналған техникалық құралдар дамуы (радио, телефон т.б.)

Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

Қазақстан Республикасының орта білім даму тұжырымдамасында
көзделгендей қазіргі мектептер көп қырлы міндеттерді шешу үшін мектеп
ұжымдарында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен
өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасау керек. Ол- ақылды
адамға ғана тән табиғи қасиет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Балалар психикасының даму сатылары
Инженер психологиясының принциптері
Басқару психологиясының пәні мен объектісі
Психология тарихы туралы
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер