Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

2. Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас

3. Қарым-қатынас функциялары

4. Қарым-қатынас стратегиясы

5. Қарым - қатынас барысында тілдесу

6. Қарым-қатынастың түрлерi

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.

Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.

Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас

Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

Сондай негізгі себептердің бірі: 1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т. б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады. 2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес. 3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату.

Оның себептері:

-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:

- авторитарлық стильді пайдалануында;

-балаларға салқындық танытуы;

-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;

-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.

-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;

-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;

-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;

-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;

-қарым-қатынаста мұғалімнің - оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;

-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.

Мысалы, класс жетекші және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда да сол класты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар - лидерлер - бар. Атап айтсақ, Карибаев Ерғазы, Құрмаш Бексұлтан, Айтбекова Жансая, Нұрлаби Талшын. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.

Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2. Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады. Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды.

Қарым-қатынас функциялары

Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады.

Прогматикалық функция - адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.

Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға ретiнде дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-қатынас жасамай болмайды.

Растау функциясы - бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.

Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.

Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. - бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап маңызды әрекеттерге барамыз. Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады.

Қарым-қатынас стратегиясы

Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.

1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.

3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi) .
Қарым-қатынастың түрлерi:

Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас

Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1. Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2. Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.

3. Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.

4. Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:

-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.

-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т. б.

Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.

хабар берушi

мәлiмет

арнайы ақпарат беру құралы

ақпарат алушы

Қарым - қатынас барысында тілдесу

Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс жағдайларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең және бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, дос-жараңдармен сөйлессек те - осының бәрі - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не болмаса жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.

Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адам және топтық ұйымдардың тіршілігінен байқалады.

Қарым-қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туады. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зертеліне бастады. Түрлі жансыз және жанды жүйелер арасында информация араласу жайлы да едәуір білімжинақталды. адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке-дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.

Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.

Сонымен қарым-қатынас - ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл шығармашылық үрдісі.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып тіршілік мұқтаждығы.

В. В. Богословский бойынша, қарым-қатынас дегеніміз - бұл тіл арқылы пікір алысу.

М. И. Лисина пікірінше, қарым-қатынас - бұл екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атап көрсетті.
Сонымен қарым-қатынас - бұл белгілі мәні ьар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйді, эмоцияны басқа адамға беру тәсілі болып табылады.
Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларға ғана емес, сондай-ақ өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды.
Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдылық және эмоция жағынан байыта түседі және қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді.

Қарым-қатынастың түрлерi

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас
Шиеленістің қатысушылары
Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz