Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы
Ф.4.7-006-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты
Психология және дефектология кафедрасы
Психология тарихы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы
Орындаған: Сатимова А.
Тобы: ЗФК 04-3к1
Қабылдаған: Ахметова А.К.
Шымкент 2009
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Адамдар арасындағы қарым –қатынас. Топтар.
3
2. Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері.
5
3. Психологияның жаратылыстык – ғылыми негізі
9
4. Иррадиация, концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің
заңдылықтары.
17
ІІІ.Қорытынды
Әдебиеттер
1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның
қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың
топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір
мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады.
Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық
жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі.
Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді.
Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке
адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-
тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып
табылады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі
түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдар, мысалы, жас
ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес
бөлінуі мүмкін. Оған негізделген адамдардың бір-біріне және осы топқа
тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір
ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы,
мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше
бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның
объектісіне жатады.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасындағы мақсат-
мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы
оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы,
әскери бөлімдер, отбасының құрамы – мұның бәрі байланысты топтар деп
аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы –
адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп
еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрады. Ал кооперациялар
адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ
құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама
уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып
әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып,
қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы өз арасындағы
біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі
топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.
Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери
бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі
толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп арасындағы өндіріс бригадасының ұйымдасып
еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік
ретінде құралған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым. Оның шығу тегі -
отбасы. Отбасы – белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың
әлеуметтік өмірінің тірегі де – осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің
бандысы да – топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдастыруының ішкі және
сыртқы мақсаттары – жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген
зиянкестік әрекеттер.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік ортада
тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта
мен сыртқы дүниеге қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының
сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын
байқалады. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып,
қолдану нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы
заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде
қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі
өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде
қалыптасып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ – бұл аралас топ
деп аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым –қатынасы топтың негізгі
іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә) ассоциация – бұл күрделі топ,
топтың іс- әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар
ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке
мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек; в) ұжым –
топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-
қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның
қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы
мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі,
сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт
ретінде дара түрде қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп
саналады.
2. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘН - ЖАЙЫН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.
Американдық психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың
қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл
әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері,
өндірістік кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың
өзара қарам-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий)
әр қилы. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін
анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесімді болуы
немесе бір-бірін ұнату, ұнатпауы олардың сезімдік-эмоциялық күйлеріне
байланысты.Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын
көрсететін матрицалық кесте –А, Ә суреттерінде берілген.
Матрица кестесінде I, II, III деп көсетілген рим цифрлары таңдалған
серіктер ретін білдіреді, ал - белгісі партада бірге отырғысы келмейтін
құрбыларды көрсетеді. I цифр бойынша таңдалғандарды Ә-суретіндегідей етіп
социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сыныптағы экспериментке
қатыстырылған оқушыларды таңдау алған санына сәйкес 5 топқа бөлу керек. 1-
топқа таңдауды көп алғандар жатады. Олар – топ ішіндегі ұйытқы. 2-
топтағылар құрбылары арасында беделді. Олар 25-75 % таңдау алған. 3 -
топтағылар – ішінара, 25 % таңдалғандар. 4-топ – бірде-бір таңдау алмай,
елеусіз қалғандар. 5-топтағылар – құрбылары жаратпай не менсінбей, бір
партада отырғысы келмейтіндер.
Социограмма құрастыру үшін ұлдар ,қыздар белгісімен таңбаланады,
социограммада ұлдарды шеңбердиаметрінің оң жағына, қыздарды сол жағына
орналастыру керек.
Кіші топтағы оқушылардың өзара қарым-қатынасының тұрақтылығы оқу –тәрбие
істерін тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып жүргізгенде жемісті болмақ.
Социометриялық зерттеу әдісін 4-6 айда бір қайталап, шәкірттердің өзара
қатынасын анықтап отыру белгілі бір нәтиже береді. Бұл социограммада
оқушылардың топ ішіндегі өзара қарым-қатынас түрлері көрсетілген. Қойылған
сұрақтар таңдау критерийлері делінеді. Топтағы адамдардың жағдайын және
оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін сыналушыға, мысалы, Сен туған
күніңе кімдерді шақырар едің? деп сұрақ қойып, 1-кімді, ол келе алмаса,
2- кімді, оның жағдайы болмай қалса, 3-кімді қалар едің? деп анықтау
керек. Сыналушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрақтар да қойылуы
мүмкін. Мысалы, Сен кіммен бір партада отырғың келмейді? деген сұрақ
қойылады. Таңдаудың дұрыс және теріс түрлерін белгілеу 5-Ә суреттегі
сызбалар арқылы бейнеленеді.
Жоғарыда айтылған диффузиялық топтың тағы бір ерекшелігі – бұл топтағы
адамдардың өзара үйлесім тауып, бір – бірімен сыйысымды болатындығы.
Мәселен, ұзақ сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік
кеңістікте ұзақ мезгіл бойы бірге болып, өзара тіл табысуы. Адамдар
арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі.
Бұл тәсілде адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның қиын
жағдайына икемделу мүмкіншіліктері арнайы жасалған үлгі бойынша
қарастырылады.
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің мақсат-
мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып
отыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт – жеке адамның топтың атқаратын
іс-әрекеттеріне илануы. Бұл – психалогиядағы ерік сипаты. Илану адамның
көнгіштігімен анықталады.
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы дифференциалдық диагностика
тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт-бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен
келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп
қойылады. Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы әр қилы іс-
әрекеттер мен құбылыстардан нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып
білу деген түсінікке саяды.
Рет Фамилиясы мен аты Таңдалғандар және тыс қалғандар
саны
Әлия А. II I III -
Сая Ж. I III II -
Гүлім Ә. I II - III
Дәмелі С. III I II -
Ерік А. III - II
Әнуар Ғ. I - III
Тимур Д. III I II -
Бақыт Б. III I II
Таңдалғандардың жиынтығы
I 0 1 3 0 3 1 0 0
II 0 1 1 1 0 4 0 1
III 0 2 2 2 0 0 0 2
Таңдаудан тыс қалғандар 0 0 0 0 1 0 6 1
Екі жақты таңдаулар 0 2 2 2 2 2 0 2
А-сурет. Топтағы адамдардың өзара таңдауын көрсететін матрица-кесте
қыздар ұлдар
5 –Ә сурет. Топ ішіндегі өзара қарым-қатынас социограммасы.
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас
болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі
жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта
жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір
түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне
ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті,
мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6
млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы
деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік
қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент.
Темперамент сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, красис деген грек
сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не
заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең
алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-
қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы
ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік
қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның
мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ
айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл
аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ
(б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм
өзгешіліктері денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады. Яғни,
олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын
өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір
пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде
екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады. Қанның
пропорциялық мөлшері көп болса – сангвиник (латынша – сангуис); сөл көп
болса – флегматик (грекше – флегма), өт көп болса – холерик ( грекше –
холе) және күшті пропорция қара өтте болса – меланхолик – грекше –
мелайнехоле – қара өт) деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда
темперамент атауы тұрақты орын алды
3.ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ –ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-
жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын
біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажеттті мәліметтерді
білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары –
психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар
мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның
бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми
тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып,
айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ , ол
түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан
айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне беймделіп отырады. Жүйке жүйесі
нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты
аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың
тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Бұлар орталық, шеткі ( перифериялық) және ішкі (вегативтік) жүйке
жүйелерінің өн – бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми
мен жұлын нервтерінен тарайтын әртүрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке
жүйесінің бөліктері көп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне
бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысының қызметі төменгілеріне
қарағанда барынша күрделі болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі
бөлімі – жұлын жуандығы 1 см – дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның
ұзындығы ересек адамдарда 45 см –ге дейін жетеді. Жұлыннан жан - жаққа 31
жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы
шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп
–созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстарымыздың орталығы болып саналады.
Миға сырттан келген әсерледі жеткіткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын
іске асыратын бөлім – шеткі (перифериалық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі
қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі –
сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық
жүйке жүйесінің бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары.
Екіншісі- ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім
мүшелеріне жеткізуші эфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.
Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі
мүшелерін әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі
секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесін симпатикалық және
парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады.
Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын боса,
ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы,
симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал
парасимпатикалық талшықтар оны әлсіре бастайды. Вегативтивтік жүйке
жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда
антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның сезім
мүшелеріне де үнемі әсер етеді.
Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының
қалыңдығы – 2 -5 мм-дей. Ми қабығында 200- дей орталықтар орналасқан және
оның атқаратын қызметі де әр алуан.
Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға
қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының рефлекторлық
механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің
әрекеті мен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм
қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын
қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап,
реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның
көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адамның миының
қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы
метрге тең болар еді. Адам миының салмақ құрылысының аса күрделі және
кемелденіп жетілегн материа екендігін мынадай салыстырмалы мысалдан да
айқын аңғаруға болады.
Кит Піл Жылқы Ит Маймыл Адам
1 20 000 1 5000 1 400 1 250 1 100 1 46
Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағы мен
салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір
бөлігіндей, маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал
адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір
бөлігіндей. Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік
ететін жан-жануарлардың бәрінікінен де артық екендігін көрсетеді.
Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды
пікір айтқан – француз ғалымы Р. Декарт (1596-1654). Ол өз еңбектерінде
жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір
айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстінң биологиялық сипатын ашып
көрсеткен – чех ғалымы Иржи Прохаски (1749-1820). Ол ғалымға рефлекс
ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. Рефлекс - латын сөзі,
қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты
мағынасы – сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмның жауап
қайтару реакциясы. Рефлекстер-жануарлар мен адамдардың тумысынан пайда
болатын қасиеттері. Мысалы, электр тогы мен иттің аяғына әсер еткенде, ол
аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала
еми бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі – сан алуан рефлекс түрлері,
Организнің рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген әйгілі
физиолог ғалымдар И.М. Сеченев пен И.П. Павлов өз еңбектерінде жоғары
жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотипп,
бірінші және екінші сигнал жүйелері) ашып көрсетті. Организнің сыртқы
әсерлерге тұтастай не жеке мүшелерімен жауап беруі (рефлекстер) жүйке
клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына
байланысты екендігі анықталды.
Қозу мен тежелу - шартты рефлекстердің жасалуына психикалық әрекеттердің
пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан
екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін жері
синапс арқылы таралады. Қозу мен тежелу – организмді сыртқы ортамен
теңдестіруге қатынасып отыратын негізгі физиологиялық процестер. Ми –
психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге
байланысты оның қабығында пайда болатын қозу мен тежелу – психиканың
физиологиялық негізі.
Қозу мен тежелу – жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізі табиғи
қалпы және жоғары жүйкелік әрекет физиологиясының күрделі проблемасы.
Нейрондардың қозуы – осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің
нәтижесі, ал тежелу – осы әрекеттің бәсеңдеп не мүлдем тоқырауның сипаты.
Осы процестің өзара байланысынсыз организм реакциясының іске асуы мүкін
емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: организм рецепторына (сезгіштік жүйке
аппараты : көзде, құлақта, теріде, т.б.), сыртқы әсерлердің немесе ішкі
мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке
процесіне айналып, қозу пайда болады.
Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысын
электроэнцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат
арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба
жазуды электроэнцефалограмма деп атайды.
Электроэнцефалограмма арқылы мидың биолотенциасының түрлі ритмдерін
бақылауға болады. Ритмдер әртүрлі:
1 – бір секундта 8-12 жиілікпен өтетін альфа – ритм
2 – бір секундта 14-16 жиілікпен өтетін бета – ритм
3 – бір секундта 3,5 - 7 жиілікпен өтетін бета –ритм
4 – бір секундта 3,5 және одан да аз жиіліпен өтетін дельта – ритм т.б.
Ми қабығының функциялық қалпы өзгерсе, жазу да өзгереді. Мысалы, адам
ұйықтағанда оның миындағы альфа және бета толқындар бәсеңдеп, олардың орнын
солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты шарлары
қабығында туатын қозу эфференттік жолдар мен белгілі бір жұмыс мүшесіне
келеді де, белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде
қарама-қарсы болғанымен, онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиляқ
тежелу процесінің де организмге тигізер пайдасы зор.
Тежелі процесі – жүйке клеткаларының пассивті қалпы емес екендігі ғылымда
анықталған мәселе. Керісінше, тежелу – нейронның энергетикалық қуатын
жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон
клеткаларында потенциалдық энергия беруден тежелу белсенді роль атқарады.
Тежелудің бірнеше түрі бар.
1. Сыртқы тежелу – көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап
қалады. Мәселен, шам жанғанда, шартты рефлекс салдарынан иттің сілекейі аға
бастағаны мен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекеій тоқтап қалады, өйткені,
жүйелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда
болмайды, организм бойындағы жүйкеліек әрекеттің тума механизмі. Сондықтан
тежелудің бұл түрі шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды.
2. Шартсыз тежелудің бір түрі – шектен тыс тежелу. Мұндай тежелуде жүйке
клеткаларының қызметі солғындайды. өйткені, қозудың күшеюінің шегі бар.
Сол шекке жеткенде ми қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да, оның орнын
шектен тыс тежелу басады. Тежелудің бұл түрін физиологияда кейде қорғаныс
шектелуі деп те атайды.
3. Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре-бара пайда
болады. Ол белгілі жағдайға байланысты. Мұны ғылымда шартты тежелу деп
атайды. Оның түрі – сөнетін тежелу. Әлсін-әлсін шартсыз тітіркендіргішпен
бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал
мен реакция арасында уақытша жүйкелік байланыс мүлдем жойылып кетпейді.
Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады.
Тежелудің тағы бір тобы – дифференциалдық тежелу. Бұл – ішкі тежелудің
өте нәзік түрі. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп,
ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орнатудың бастапқы кезеңінде оның бір
ғана емес, бірнеше ұқсас сигналдардың көпшілігіне жауап ретінде туа
берілетіндігі арнайы зерттеулермен дәлелденген. Мәселен, тамақтың сигналы
ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып, итке шартты рефлекс жасатсақ,
алғашқыда ол сол дыбыстардың ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты
психологияда генерализация деп атайды. Дегенмен, итке әртүрлі музыкалық
дыбыстармен қатар әсер еткенде, өзге дыбыстарға әсерленбей, тек ми
сигналына ғана сілекей ағызатын болған. Міне, осындай белгілі бір әсерге
ғана реакция жасап, ал соған ұқсас дыбыстарға келгенде жауабын тоқтатуды
дифференциалдық тежелу деп атайды.
Шартты рефлекстің кешігуі – тежелудің бір тармағы. Мұндай тежелу итке
тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішке тежелуге
байланысты шартты рефлекстің кешігуі.
Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру – организмнің
үнемі өзеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті
жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінің мінез-құлқын
тіршілік ортасымен сәкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен
біріктіру қызметі – организм өмірі үшін негізгі шарт.
Талдау дегеніміз – ортаның ішінен организмге әсер ететін күрделі
нәрселерді талдау ажырату әрекеті. Ал біріктіру – керісінше, сол талданған
жеке нәрселер мен элементтердің басын құрап біріктіру, тұтастырып комплекс
жасау әрекеті. Мәселен, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әртүрлі көлеңке,
болмашы иіс, ауадағы нәзік дірілдер т.б. сондай әсерлер – тамақтың не қауіп-
қатердің алыс-жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол
сигналдар арқылы өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында
хабар алып отыру нәтижесінде ғана, басқаша айтқанда, мидың талдау және
біріктіру әрекетіне сүйене отырып, тіршілік етеді.
Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалықты маңызды
болса, ал осы жүйелік әрекеттердің адам өмірінде атқаратын қызметі мен
алатын орны одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерін меңгеріп,
олардың мән-жайын түсіну, күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып
отыру – адам психологиясын жетілдіре түсудегі қажеттің шарттың бірі.
Шартты және шартсыз рефлекстер. Рефлекс деген ұғымды ғылыми тұрғыдан
қарастырып, оның табиғатын ашып көрсеткен – И.М. Сеченов пен
И.П. Павлов. Өзінің Бас миының рефлекстері деген еңбегіндегі И.М.
Сеченов: Өмірдің саналы және санасыз әрекеттерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz