Қарым-қатынас функциялары
ЖОСПАР
І. Кіріспе
1 Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас
2.2 Қарым-қатынас функциялары
2.3 Қарым-қатынас стратегиясы
2.4 Қарым – қатынас барысында тілдесу
2.5 Қарым-қатынастың түрлерi
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім
беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту
сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап
етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір
бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін
білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа
түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік
қасиеттері осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап
қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің
жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде
белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
А.А. Леонтьев Қарым-қатынас ұғымын әмбебап коммуникативті іс-
әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік
құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И.Н. Ланге зейінді
объективтілік актісімен байланыстырды, Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен
қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің
рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатынас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап,
реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке
бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір
факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі
және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық
нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі
студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың
қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті
мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып,байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақ паратпен,
тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі
қабылдауы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың интерактивті, комм уникативті, перцептивті деген үш
жағы және мезо, макро, микро, рухани, іс кер, т.б. деңгейлері болады.
Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпа рат алмасу және адамдардың бірін-бірі
тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамда рдың іс-әрекетін реттеу және біріккен
әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адам ның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы Қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке
қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне
білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау -
жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамға
сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып
табылады.
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың
бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық
немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы
психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi
қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму
деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз
өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы
жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы
игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз
әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни
макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық
өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн
шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет
дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды.
Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола
бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс
iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде
адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адаммен
қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың
топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір
мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады.
Бұл топтары шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық
жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі.
Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық
өмірдің көрінісі болып табылады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына
дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеліп
алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологиялық объектіге
жатады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік-психологиялық топтың екі
түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мәселен, жас
ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына, т.б. сәйкес
бөлінуі мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне қарай осы топтық
қатынаста тұрады. Байланысты топ - белгілі кеңістік пен мерзім арасында
мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір
сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар
бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы - мұның бәрі байланысты топтар
деп аталады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым, ұжымның
міндеті - адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымның түпкі мақсаты - адамдардың
игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына ез
үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда әрбір жеке адам өз қауымдастығында
ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп қоғамға өз
пайдасын тигізеді.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі
өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде
қалыптасып отыратындығына мән береді:
а) диффузиялық топты аралас топ деп те атайды, мұндай топтағы
адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне
байланыссыз-ақ жүзеге асады;
ә) ассоциация - күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне
сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана
бермек;
б) корпорация, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық
негізде дами бермек;
в) ұжым - топтыц ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ
ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып,
әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері
Американдық психолог Дж.Морено шағын топтағы адамдардың қарым-
қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс
бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік,
кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-
қатынасын анықтай біледі. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі әр қилы. Басты
мақсаты - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы
адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесімді болуы немесе бірін-бірі
ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік, эмоциялық күйлеріне байланысты. Топ
ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін
матрицалық кесте - А, Ә кестелерінде берілген.
Мәселен, ұзақ сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік
кеңістікте ұзақ мезгіл бойы бірге болып, өзара тіл табысуын алайық. Адамдар
арасындағы үйлесімділік қатынастарды гомеостат аспаптары арқылы зерттейді.
Бұл тәсілде адам ағзасы мен жүйке жүйесі қоршаған ортаның қиын жағдайына
жасалған үлгі бойынша қарастырылады.
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің мақсат-
мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асыру
көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт - жеке адамның, топтың атқаратын іс-
әрекеттеріне илануы. Бұл – психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның
көнгіштігімен анықталады.
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы диф-ференциалдық
диагностика тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт-бағдарынан, іс-әрекет
түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген негізгі мәселе
алға қойылады.
Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы әр қилы іс-әрекеттер
мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып
білу деген түсінікке саяды.
Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және
олардың өздеріне серік іздеп, өрістерді тандауы адам психологиясындағы
өзіндік маңызы бар мәселе. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдык,
әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті
тіршілік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері.
Әлеуметтік ортада азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа қоршаған
орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-
қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі
әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі,
бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі - олардың нағыз топтық
тіршілігінің заңды түрде калыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың
арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға
жөне әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы
өзекті мәселе - адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік
мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып,
қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы
заттарды өзара алмасуы мен істерін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай
қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі - адамдардың
ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің
көңіл күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда
өзекті жайт ретінде дербес қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық
мүдде деп саналады.
Сабақта оқушылармен қатынас жасау ерекшеліктері, мұғалімнің қарым-қатынас
стильдері
Сабақта сынып оқушыларын үйіріп әкету үшін мұғалім әсерлі сөзімен
өзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде
оқушыларға түгел ие болу, негізінде, баяндалатын оқу материалын нендей
тілмен жеткізуге және жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасауына
байланысты. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тыныш отырмаса, мұғалім
онымен айналысып кетсе, онда ол өз жоспарын орындап, мақсатына жете
алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап,
сыныптағылармен қатынас жасай алу - шеберліктің белгісі.
Күнделікті тәжірибеге қарағанда мұғалімнің сыныпқа жасайтын
ескертулерінің бәрі де бірдей нәтиже бере алмайды. Сондықтан осы жағдайды
еске алып, тәжірибесі мол мұғалімдер өзінің сыныпқа арнаған сөзін орнымен
қолдануға тырысады. Бұл мәселені біз сабақтың әр кезеңіне байланысты қамтып
көрейік. Мысалы, үлкен үзілісте оқушының көбі ойнап келіп, сыныптағылардың
біраз уақыт тынышталмағанын көрген мұғалім: Тынышталыңыздар! - дейді.
Осыны кейбір бала ескермеген жағдайда мұғалім оларға көзін тіке қадап,
даусын көтеріңкіреп, Тыныш отырмаған оқушының атын атап: Серік! - десе,
соңғы сөз бір оқушыға арнап айтылса да, басқалар осының өздеріне қатысы бар
екенін сезіп, тыныштала бастайды.
Сабақта мұғалім өзінің ескертейін дегенін тікелей сөз мағынасында
айтпай, көңілімен жеткізе алуы - оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің
ең жақсы түрі. " Мұндай тәсіл, бір жағынан сыпайылықты сақтауға мүмкіндік
берсе, екінші жағынан әсерлі әрі оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені
оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай, көпшіліктің көзінше ұялтқысы
келмей тұрғанын бірден түсініп, аландауын тоқтата қояды. Сабақта
оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі.
Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдің бірі - мұғалім сөзінің
нақты және оқушыларды сендіретіндей болуы. Мұғалім сөзінің сенімділігі -
айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Сонымен
қатар, шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезінде сөзінің көпшілігін
баяндау ретінде өткізбей, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі екі кісі
арасындағы әңгіме сияқты болып келеді. Мысалы, кейбір мұғалім сабақта өзіне
біреудің сұрақ қойғаны сияқты өз-өзіне сұрақ қойып, кейін соған жауап
береді. Оқу мазмұнын сыныптағыларға түсінікті етіп жеткізу үшін бала
ұғымына сай сөйлеп, әңгіменің арасында қызықты мысалдар, өткір сөздер
келтіріп отырады. Сол сияқты мұғалімнің сабақ айтуы көңілсіз, сылбыр
баяндалмай, оқиғаларды өзі басынан кешіргендегідей беріле түсіндіруі де
шеберлікке жатады. Сыныппен байланыс жасаудың тағы бір жолы - мұғалім оқу
мазмұнын оқушының көкейіне қонғанын не қонбағанын оның бет құбылысынан
біліп, баяндайтын сөзін соған айта алуы. Мұның солай болып келуінің қажет
екені мынадан: баяндалатын оқу мазмұнына педагогтің өзі жақсы түсінсе де,
осыларды оқушылар тап сондай дәрежеде, түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан,
шеберлік дегеніміз оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықшамдап, егер олар
түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жолын іздестіру болып табылады.
Мұғалім әр кез оқушылармен қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің мынадай қарым-
қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль,
либералды стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің
объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды
және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді
ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды,
оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды.Олар қорқақ, селсоқ рөл
атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды.
Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде
түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім
шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін
ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, окушылардың жеке тұлғалық
сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз
мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын
оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады.
Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда
оқушылардың пікір бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы
барғанша жүреді.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі
проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар,
педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар,
политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін
мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-
қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол
мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар
педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына
және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі
мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды
тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай
жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп
жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай
және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы
мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Сондай негізгі себептердің бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі
акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш,
бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай
топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, тыныш
отыр, немене, бәрін білесің бе?, сен қашаннан бері білетін болдың?,
әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер
айтылады. 2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді
ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі
сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен
санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының
негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал
болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды
жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық
ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату.
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана
білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның
себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен,
біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-
қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу
себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік
психология ғылымында Мұғалім-оқушы, Оқушы-мұғалім және Балалардың
өзара қарым-қатынасы және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар
біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі
кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін
аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.
-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен
тіл табысу;
-қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Мысалы, класс жетекші және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А класс
ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш
кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген
ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез
келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда
да сол класты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар – лидерлер –
бар. Атап айтсақ, Карибаев Ерғазы, Құрмаш Бексұлтан, Айтбекова Жансая,
Нұрлаби Талшын. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты
ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек
көрсетеді.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар
арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны
қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана
емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына
ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар
арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас
кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас
жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ
елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: Мен еш
адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып
жүремін. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние.
Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау
да оңайға соқпайды.
Қарым-қатынас функциялары
Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5
негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады.
Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде
өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға ретiнде
дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-
қатынас жасамай болмайды.
Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана
өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды
мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде
осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi
қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология
тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен
жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар
жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.
Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-
келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр
жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi
адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.
Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-
өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz