Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Адами қарым - қатынасқа жалпы сипаттама

Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Ортақтасу моделі

Субъект -1<^. Субъект - 2

Қарым қатынас формалары

Тікелей ортақтасу - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

Жанама ортақтасу -қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. адами ортақтасуды күрделендіріп жіберді.

Тұлғааралық ортақтасу - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Бұқаралық ортақтасу - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру - бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар - жанама ортақтасу, вагонда - бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде - тұлғааралық.

Персонааралық ортақтасу - ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер) .

Рольдік ортақтасу - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың "психологиялық контакттары, мысалы, оқушы - оқытушы, әке - бала, сатушы - алушы, көрші- көрші, дәрігер - ауру, бастық -бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады.

Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

Қарым қатынастың қызметтері (функциялары)

1. байланыстыру, прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.

2. қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады.

3. растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі - жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құттықтау мен ізет көрсету, т. б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел екені сөзсіз.

4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

5. тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуды адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады. Л. С. Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақтасудың қызметін сақтап қалады.

Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе - тұлғааралық тікелей ортақтасу.

Тұлғааралық қарым қатынас түрлері

Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қосүн, қоссөз, қостіл) .

Императивтік немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатыньң жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланады (Отыр! Тұр! Әкел!) . Сонымен, әміршіл ортақтасу -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.

Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым қатынастың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.

Сонымен қатар мұндай ортақтасуды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен ортақтасудың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз.

Манипуляция, алдап-арбау ортақтасуы - жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу түрі, ортақтасу партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнерін нысана ретінде қарастырады.

Манипуляциялық ортақтасу - басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.

Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады.

Диалог ортақтасуы. Бұл - тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект - субъект қатынасы.

Диалог ортақтасуының ережелері:

1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, "осы жерде - осы сәтте" қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.

2. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне -бірі сенімділік білдіру.

3. Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.

4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтасу мазмұнын мәселелендіру) .

5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру) .

Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру ушін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек.

Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.

Ортақтасудың іші құрылымы өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт тіршілікке арақатынас - біркелкі, бұзылмайтын процесс.

Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Перцепция - адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.

Қарым қатынастың коммуникативті жағы

Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл- күйімен, сезімдерімен, бөліседі. Мұның бәрін әр түрлі мәлімет түрінде қарастыруға болады.

Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативті әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербалды сөз жүзіндегі, вербалды сөз емес жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек -бөлек талдап көрейік:

1. Жеке адам аралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәлімет беруші - коммуникатор, оны қабылдаушы - реципиент деп аталады.

Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беу ғана емес, қарым- қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір ортақ мәнге келу маңызды.

Бұл мәліметті орындауда ерекше механизм - кері байланыс іске қосылады, ол реципиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен кері байланыс дегеніміз- коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың біреуі әртүрлі жолдармен ісек асырылады. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», және де әртүрлі қимыл-қозғалыс, ренжу, қуану, бұл түрде тиімді болады.

Жанама кері байланыс - психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінің өзі түсінуі кажет. Әрине бұл түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады.

Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну проблемасы туындайды. Біріншіден, мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым- қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты.

Екіншіден, оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәліметті әр түрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Соның ішінде маңыздысы- коммуникативтілік барьердің болуы, ол- коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі.

Түсініспеушілік барьері, әлеуметтік- мәдени барьер, қарым- қатынас барьерлері болуы мүмкін.

Түсініспеушілік барьердің бірнеше түрлері болады:

1. Фонетикалық барьер жатады. Әр түрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілге кемістік, тілдің граматикалық құрамының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады.

2. Семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән «мини - тіл» болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.

3. Стилистикалық - каммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл -күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.

4. Логикалық барьер, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «балалар логикасы», т. б. логикалар туралы айтуға болады.

Қарым-қатынастағы әлеуметтік - мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым - қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес.

Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі) - тіл пайдаланады. Сонымен қатар вербалды емес жүйелер де пайдаланады: оларға - кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық - кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі және әсерлі қимыл- қозғалыстары, ым-шаралары, мимикасы, отырыс-тұрысы, жүрісі жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік кантакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз.

Акустикалық жүйеге сонымен бірге коммуникатордың дауысының сапасын интонация, сөйлеу типі, дауыс екпіні және әртүрлі сөз арасындағы үзілістер жатқызады.

Тиімді тындаудың екі түрі бар: зейін қойып үндемей тындау - басын изеу, мимикалық реакциялар, көз кантактісі, зейіннің әртүрлі фазалары.

Қарым қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы

Қарым қатынастың интеракциялық жағы - бұл адамдардьң қарым-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.

Қарым қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана, озара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды.

Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттамасы.

Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат тұтады. Мақсатына қарай тиімді және тиімсіз ортақтасуды ажыратуға болады. Адамдардың мақсаттары сәйкес келген жағдайда қарым қатынас нәтижелі болмақ (кооперация) . Ең ұтымсыз мотивтер - индивидуализм және агрессия, ортақтасу серігінің қызығушылығы мүлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары қоздырылады.

Қарым қатынасқа қатысушылардың бастапқы әлеуметтік мотивтеріне қарай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын белгілеуге болады.

Қарсыласу стратегиясы, өз ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. "Саған емес, маған".

Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес. Шынайы өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу. "Саған да емес, маған да емес".

Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Ортақтасу серігі мақсатына жетуі үшін өз мақсатын құрбандыққа салу. "Саған, маған емес".

Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту мотивін жүзеге асырады. Шартта теңдік үшін ортақтасу серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді. "Саған қанша болса, маған да сонша".

Ынтымақтастық стратегиясы, кооперация мен бәсекелестік мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. "Барлығы саған да, маған да".

Дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық, сипаттамасы психологиялық, тұрғыдан алғанда дау-дамай (конфликт) - адамдардың санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен байланысты қарама-қарсы бағыттардың тоғысуы.

Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттердің негізінде бір-бірімен сәйкес емес, бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құндылықтар жатады. Дау-дамайдың түрлері: тұлғаішіндік адам (өзімен-өзі келіспейді), тұлғааралық (екі адам арасында), топаралық (екі топ арасында), тік (бастық пен қызметкер арасында), көлденең (әріптестер арасында) . Субъективті себептерді былай қойып, объективті қайшылық болған кезде де дау-дамайға қатысушылардың психологиялық хал-ахуалы төмендейді, жағымсыз сезімдері туады.

Дау-дамайдың себептерін, құрылымын, дамуын жөне қызметін қарастырайық. Дау-дамайдың психологиялық құрылымын екі ұғым: "дау-дамай жағдаяты" және "инцидент" арқылы түсінуге болады.

Инцидентгі өшірудің бірнеше әдістері бар.

- Бір жақтың ұтысын қамтамасыз ету. Екінші жақ, келіссе, бұл даудың аяқталғаны. Бірақ тіршілікте керісінше болуы әбден мүмкін, сондықтан мұндай шара - уақытша болып, келесі инцидент те өрши түседі. Алдау арқылы, өтіріктің көмегімен дауды басу, сөйтіп, мәселені шешу үшін уақыт ұту. Дискотекадан қайтқан студент шешесінің "неге үйге кеш келдің?" сұрағына сөгіс алмау үшін "кітапханада болым" деп айта салады екен.

Топтағы қарым- қатынас

Қарастырылған екі проблема - әлеуметтену мен әлеуметтік бағдар жеке тұлғаның әлеуметтік тұлға ретіндегі өмір сүруінің екі жағын: әлеуметтік тәжірбиені менгеруімен іске асыруын ашып көрсетеді. Енді осы екі жағын біріктіріп жеке тұлғаның басқа адамдармен байланыс жүйесіндегі өзін ұсынуын нақты түрде талдау қажет. Онсыз жеке тұлғаны зерттеудегі әлеуметтік - психологиялық тұрғы толық болмайды, себебі, жеке тұлға осындай жағдайда бірлескен іс -әрекетпен қарым -қатынаста қарастырылады. Осылайша зерттеу - жалпы психологияда да қолға алынып отыр, социологияда да бұл мәселе қарастырылуда.

Әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны өзара әсерлесетін және қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Бала психологиясы
Балалар психикасының даму сатылары
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Бала психологиясы туралы
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Психология жайлы түсінік
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz