Қасым Аманжолов (1911 – 1955 ж.)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қасым Аманжолов

(1911 - 1955 ж. )

Қасым Аманжолов қазіргi Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1911 жылы туды. Ата-анадан жастай жетiм қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келiп, «Лениншiл жас» газетiнде қызмет iстейдi. Бiраз уақыт Ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқыды. Бiрақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдаған.

Ақынның бiр сыпыра өлеңдерi Оралдың облыстық «Екпiндi құрылыс» газетiнде жарияланған. 1938 жылы Қ. Аманжоловтың «Өмiр сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады. Бұған оның ақындық сапарының алғашқы жылдарындағы жырлары еңедi. Бұлардың кейбiреулерi жалынды, жатық жазылғанымен, жалпы алғанда, жинақтағы өлеңдер сол тұстағы өзге көп өлеңдерден ерекшелене қоймайтын. 1938 жылы майда Жамбыл творчествосының 75 жылдығында Қасым өзiнiң «Жамбыл тойында» деген поэмасын оқып бердi. 1939 жылы Қасым Көкшетауды, Баян-ауыл жақты аралайды, Бурабайда болады, Биржанды, Балуан Шолақты көрген Ысқақ, Смайыл деген қарттармен әңгiмелесiп, өлең мен әннiң думаны Бiржан салдың, халық балуаны және өнерпазы Балуан Шолақтың өмiрбаяндарын сұрап қанады.

1939 - 1941 жылдары Қасым творчествосында елеулi өзгерiс басталады. Бұл жылдары ол «Ленин және дүние», «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Турксиб», «Султанмахмұт туралы баллада», «Жолдас маршал», «Сонет» өлеңдерiн жазды. Осы кез - акынның Маяковскийден батыл үйренген кезi. 1941 жылы ақын бiр топ өлеңiн «Бар дауыспен» деген атпен кiтап қылып шығарады. Кiтаптың аты - автордың Маяковскийге бас иетiнiне, оны өзiне ұстаз тұтатынына жанды айғак. Бұл кезде ақында тұр, өлеңiн ырғағы, үндiлiгi жағынан iздену көп. Ақын қаламынан лирикалық өлеңдермен жарыса, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашқы аты «Азғыбаев») поэмалары туады.

Ақын әскери қызметтi 1941 - 1943 жылдары Қиыр Шығыста атқарған едi. 1943 - 1945 жылдары ол қанды майданда жауынгер болады.

Жауынгерлiк үлкен мiндетiн жан аямай-ақ атқарған Қасым майданда абыройлы болады, партия мүшелiгiне өтедi. Ақын таланты майданда қанаттанып, творчестволық жағынан күрт көтерiле өседi.

Ақын көп өлеңiн майдан өмiрiн және майдангерлердi суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанқұйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстiмде сұр шинелiм», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Мартбек», «Жеңiс дауысы», «Сен фашиссың, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секiлдi жақсы өлеңдер бар.

«Байкал», «Орал», «Ертiс», «Сарыарка», «Сiбiр» секiлдi өлең Отан жерiнiң тұлғалы орындарына арнайды. Майданда, арпалысты күресте жүрiп ақын дағдылы от басын, көңiлдес достарын ынтыға сағынады. Ол бейбiт омiрдi, тыныштықты, көңiлдес жандарымен кеңесiп, кейде өлең жайлы толғанғандары бар. Сондай Жан толқындарының жемiсi болып ақынның «Достар, қайда журсiңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбитке», «Есмагамбетке», «Қапанға», «Еркiн iнiме», «Абайға» секiлдi өлеңдерi туады.

1944 жылы ақынның «Абдолла» деген (кейiн «Ақын өлiмi туралы аңыз» деп аталды) атақты поэмасы жарияланады. Бул поэма әдебиетiмiзде жаңа белес болды. Майданнан Қасым үш жүйе үлкен жеңiспен қайтты. Бiрiншi, ол советтiк ұлы армия құрамында қанқұйлы фашистерди талқандау күресiнiң жуан ортасында болып, жеңiске жеттi; екiншi, бұрын бейбiт жагдайда көп уақытын әдеби әдемiлiк iздеуге сарап етiп жүрген ақын майданның алғашқы күнiнен бастап жорықтын жүгiрiнде, окоптың түбiнде аялдаған жерде қағазды тiзесiне қойып отырып жазды. Кейде сөйлемдi бастап үлгiрiп, аяқтамай алмай жүгiрiп кетiп, соңын бiраз ұақыттан немесе бiраз күннен кейiн тамамдаған күндерi болды. Қасым оған мойыған жоқ.

Ұрыс майданының қатал өмiрi әр майдангердi, солардың қатарында Қасым да көп қиындыққа ұшыратты, творчестволық қолайсыз жағдайда қойды.

Алайда өмiрдiң бетiмен қалқымай, кени-қазынасы терең қабаттарына шүйгүдi арман еткен ақынды өлiм мен өмiр жағаласқан, көзқарасы, тарихи ұстаған бағыттары қарама-қарсы екi әлем, жекпе-жекке түскен үлкен майдан творчестволық үлкен ұмтылысқа жетеледi. Үшiншi женiсi, Қасым ғажайыбы - майданда жұрттың бәрi ақын болып кеттi. Майданнан қайтқан талайлардың өлеңге толы қалын-қалын дәптерлерiн көрдiк. Оның себебi: өлiм мен өмiрдiң арпалысы адамның сезiмiн, ой-санасын, қиялын ұштады. Сондай жағдайға отты ақын Касым Аманжолов та ұшырады. Творчестволық толғанысты Жаны жақтыратын ақын сол қаhарлы күндерде өлеңiн талайын - асыл қазыналарын - тудырды.

Сал ғана саябырда тауып рақат,

От үрлеп сүр окопта отыр солдат…

Кiм бiлер сол солдат мен екенiмдi,

Алтын от алдымдағы - ДОС жазған хат.

Осындай сeзiмдер кеудесiн көрген жауынгер ақынның халыққа айтары көп болған, ол көп айтқан, келiстiрiп айтқан, тау бұзғандай кесек пiкiрлердi терең шыңыраулардан копара шығарып айтқан! . . .

Ақын өлеңдерi шыншыл да сыршыл. Қасым «Ғалиге жауабында»:

Ажалдың мен бе көнер дегенiне!

Келермiн, күтшi достар, мен елiме.

Бiреулер жанарымнан жанымды ұғып,

Бiреулер қарар ескi шинелiме, -

дейдi.

Майданнан қайтқан бетiнде Қасым журнал редакциясында iстедi, Жана шығармалар жариялады. Мәселен, 1946 жылы ол 26 өлең жазады. «Бикеш», «Қытай қызы» поэмаларын жөндейдi, «Боран» поэмасын (боран мен техника адамдары туралы) жазуға кiрiседi.

1947 жылдан бастап Қасым ауруға шалдығады. Ауру айықпай, ақынның денсаулығы бiртiндеп кеми бередi.

1947 жылы ақын он шақты өлең жазады, «Бiздiң дастан» поэмасын бастайды, Лермонтовтың «Маскарадын», Твардовскийдiң «Василий Тёркинин» аударады.

1948 жылы Қасым қаламы құнарлы болып 31 өлең жазады, «Дауыл» жинағын шығарады. Оқушы және әдеби жұртшылық жинақты жоғары бағалап, жылы қарсы алады. «Социалистик Қазақстан» газетiнде Ә. Тәжiбаевтiң жинақты жоғары бағалайтын «Дауылды жырлар» деген мақаласы жарияланады.

Ақынның өлеңдерi 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кiтап болып орысша басылды.

Осы жылдарда ақын Пушкиннiң «Чаадаевқа», «Еркiндiк» өлеңдерiн, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректiң сыйы», «Желкен» өлеңдерiн аударған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов
Қасым Аманжолов - қазақтың ұлттық ақыны
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов туралы
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Сол Қасым, сол тағдырды қанымен түсінген Қасым
Қасым Аманжолов
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Қасымның қаламы нұрлы ақын
Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары
Халқымыздың дарынды ақындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz