Тіс қатары ақауының жіктелуі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс № 1.

1. Тақырыбы: Тіс қатары ақауының жіктелуі. Тіс қатары ақауын толықтыратын
жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездер. Дайындаудың зертханалық
кезеңдері.

2. Мақсаты: Студенттерді тіс қатары ақауының жіктелуімен және алмалы
салмалы пластиналы протездің дайындалу технологиясымен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Ақаулықтың пайда болуы тіс қатарының морфологиялық бірлігінің бұзылуына,
сонымен қатар басында ақаулықтың жанында пайда болатын күрделі қайта
құрылуларға әкеліп соқтырады, кейіннен бұл өзгерістер барлық тіс қатарына
таралады. Сыртқы жағынан бұл қайта құрылулар тістердің ақау қапталына
қарай иілуімен, антагонистерінен айырылған тістердің вертикальды
ығысуымен, олардың тіл қапталына қарай иілуімен, өз өсінің айналасында
бұрылу сияқты өзгерістермен білінеді.Тістердің екіншілік ығысуы ақыр
соңында тіс қатары окклюзиялық бетінің анағурлым көп немесе аз
бұзылуларына әкеліп соқтырады. Окклюзиялық беттің екіншілік майысуы
тістерден жартылай айырылудың клиникасын асқындырады. Осы аталған майысулар
өте ертеден белгілі. Аристотель тістердің көруге болатындай ұзаруын және
ығысуын байқаған болатын. Оның ақаулықты немесе екіншілік ығысуды
бақылағандығын айту қиындау. Кейінірек ол жөнінде анағурлым дәл
көрсетпелер пайда болды.
1771 жылы Гунтердің “Адам тістің табиги тарихы” деген еңбегінде кіші түбір
тістердің жоғалуынан кейін молярлардың қисаюы жөніндегі мәліметтер берілген
болатын. Мұны Шиф және Трубе екіншілік ақаулықтар деп атады. Сонымен
қатар А.И.абрикосов антагонистерінен айырылған тістердің ығысуын екіншілік
құбылыстарға жатқызды.
Тістердің екіншілік ығысуы бұрыннан белгілі болуына байланысты,
бұл белгіні 1880 жылы теңіз шошқасы жағының күрек тістердің жұлынуынан
кейінгі майысуын жазған О.В.Поповтың өсімімен байланыстыру дұрыс болар
ма екен. Сонымен қатар бұл белгіні тістердің екіншілік ығысуының механизмін
түсіндіруге талпынған артикуляциялық тепе-тендік деген тауға ие болған
теорияны ашқан Годон феномені деп атауға да болмас.
Тістердің екіншілік ығысуына тек қана тістер қатарының
ақаулығындағы тістердің орналасу қалпының өзгеруің сонымен қатар
пародонтоз, одонтогенді ісіктер және қызметтік аса тым жүктеме
жағдайларындағы өзгерістерді де жатқызу керек.
Тістер қимылының мүмкін боларлық төмендегідей типтік бағыттары
бар:
1. Жоғарғы және төменгі тістердің вертикальды ығысуы (бір жақты,екі
жақты)
2. Жоғарғы және төменгі тістердің өзара вертикальды ығысуы
3. Жоғарғы және төменгі тістердің дистальды немесе мезиальды ығысуы
4. Тістердің тіл-тандай немесе ұрт бағытындағы қисаюы
5. Тістің өз осі төнірегінде бұрылуы
6. Біріккен ығысулар
Біріккен ығысулардың мысалы ретінде пародонтоз жағдайындағы тістердің
желпуіш тәрізді ажырауы болып табылады.
Тістердің екіншілік ығысуының клиникалық суреттемесі ығысу түрлеріне
байланысты болады. Жоғарғы бүйір тістердің жұлынуында пайда болған
ақаулықта төменгі тістердің вертикальды ығысуы байқалады.Егер
ақаулықтың төменгі жақта пайда болуында кері құбылыс орын алады. Негізгі
және қосымша антагонистерінен айырылған тістердің үлкен ақаулықтарында
тістердің вертикальды дерлік бағытта ығысуы байқалады. Қосымша
антагонистерін сақтаған тістер ақау қапталына қарай өзінің алдыңғы ұрт
төмпешігімен қисаяды. Антагонистерінен айырылған тістердің екіншілік
вертикальды ығысуының 2 клиникалық түрлерін ажыратады. Бірінші түрінде
тістің ығысуы куыс өсіндісінің (альвеолярлық тістің ұзаруы) үлкеюімен
өтеді. Бұл кезде тістің альвеолярдан тыс және альвеоляр ішілік бөліктері
өзгермейді. Бұл жағдайды әдетте альвеолярлық тістің ұзаруы деп атайды.
Екінші түрінде тістің жылжуы альвеолярлық өсіндінің үлкеюімен, бірақ тіс
түбірі бөлігінің жалаңаштануымен өтеді. Осы 2 түрдің арасында негіздік
айырмашылық жоқ, екі жағдайда да альвеолярлық тістің ұзаруы орын алады,
дегенмен екінші түрі альвеолярлық өсіндінің қайта құрылуының ең кіші
сатыларына сәйкес келеді.
Тістердің мезиальды ығысуын 2-ші моляр мысалында зерттеу ең
ыңғайлысы болып табылады. Алға қарай табиғи түрде қисаюмен қатар, оның
саңылауын азайтып, ақау қапталына қарай ығысуын жалғастырады. Бірінші моляр
балалық шақта жұлынса, 2-ші моляр ығысып, саңылауды жоятындай етіп, 2-ші
премолярға тығыз келіп жанасады. Кейде ол сауытымен жұлынған тіс қапталына
қарай қисаяды, ал қимыл қапталында сүйекті қалта пайда болады. Молярдың
мезиальды қимылы оның ұртты беті мезиальды немесе дистальды орнында
болатындай ұзын тіс осі төңірегінде қисаюымен өтеді. Басқаша айтқанда,
біріккен ығысу орын алады. Тістің қисаюы молярдың
жоғарғы антагонистермен қалыпты төмпешікті қатыстылығын бұзады. Көп
жағдайда оның алдыңғы төмпешігі окклюзиядан тыс қалады, жақын байланыс тек
қана артқы төмпешігінде сақталынады. Сонымен мезиальды қисаю тіс қатары
бүйір бөлігінің окклюзиялық бетін сагитальды бағытта, ал тіл қапталына
қисаю-трансверзальды бағытта байқалады. Сонымен қатар тістің дистальды
ығысуы орын алады, ол мезиальды бағытқа қарағанда аз жетілген болады.
Тіс қарама-қарсы жақтың альвеолярлық өсіндісінің шырышты қабатымен
кездескеніне дейін альвеолярлық тістің ұзаруы өтеді, онда ол ойықтың, ал
кейде ойықты жараның пайда болуын туғызады.
Альвеолярлық тістің ұзаруы нәтижесінде пайда болатын тістер
қатарының окклюзиялық бетінің майысуын екіншілік деп атау қажет. Тістемнің
бұл майысуы тістің жартылай айырылуының клиникасын асқындырады, өйткені
төменгі жақ қимылының бұзылуы және тістің қызметтік аса тым жүктемесі қат-
қабат келеді. Төменгі жақ қимылының бұзылуы өзара ығысқан тістер
аралығында блоктардың пайда болуына байланысты дамиды. Бұл кезде буында 1-
ші орында шарнирлік қимыл орын алады. Блоктайтын, яғни тежейтін қимылдар
өзімен бірге көптеген тістер байланысын жоғалтады және блоктағы тістердің
қызметтік шамадан тыс жүктемесін туғызады.
Тістемнің екіншілік майысуы ересектерге қарағанда балаларда
тезірек дмиды. Тістердің ығысуы уақытқа байланысты болады, тісті жұлғаннан
кейінгі уақыт анағұрлым көп болса, соғұрлым ығысу жетілген болады.
Альве,олярлық тістің ұзаруы төменгі жаққа қарағанда, жоғарғы жақта тым
жетілген болады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтың құрылымдық
ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Балаларда тістерді жоғалтқаннан кейінгі тістемнің қайта құрылуы
ересектерге қарағанда тым аз уақыт ішінде өтеді. Балаларда бірінші тұрақты
молярды ерте жоғалтудың алыстағы нәтижесін зерттеу барлық жағдайларда тіс
доғасының қысқаруы және орта күрек тістер сызығының жұлынған моляр
қапталына ығысуы байқалады. Бұл кезде 1-ші премоляр дистальды тым көп
ығысса, қысқарту тым аз болады және керісінше 2-ші молярдың алға қарай
ығысуының үлкеюі тіс доғасының көп қысқаруымен өтеді.
Екіншілік ығысудың механизмі оны туғызған себептерге байланысты
анықталынады. Одонтогенді ісіктерде, тыртықтарда тістердің ығысуы ісіктің
қысымы нәтижесінде байқалады. Макроглассия жағдайындағы тістердің желпуіш
тәрізді ажырауы үлкейген тілдің әсер етуімен түсіндіріледі. Тістерден
жартылай айырылғандағы тіс альвеолярлы ұзаруының патогенезін түсіндіру аса
тым қиыншылық түғызады. Оны А.И. Абрикосов вакантты гипертрофияға, яғни
жалпы биологиялық құбылысқа жатқызады. Дегенмен, бұл альвеолярлық өсіндінің
баяндалған қайта құрылуының нақты механизмін
әлі де түсіндіре алмайды. Осыған қарағанда, мұндай күрделі құбылсқа
алғашқылардың бірі болып түсіндірме жасаған Годон болып табылады. Оның осы
жөніндегі көзқарастары әдебиетте артикуляциялық тепе-теңдік теориясы деген
атауға ие болды. Артикуляциялық тепе-теңдікті ол тіс доғасының сақталуы
және бір тістің екінші тіске аралықсыз тығыз жанасуы деп түсінді. Оның ойы
бойынша мұндай тіс қатарлары шайнау кезінде дамитын күштің зиянды әсерінен
жеткілікті шамада қауіпсіздендіреді. Тістер доғасының үздіксіздік
жағдайында оның әрбір элементі оны ұстап қана қоймайтын, сонымен қатар
барлық тіс қатарын сақтайтын күштің тұйықталған тізбегінде болады. Осы
аталған күш тізбегін Годон параллелограмма түрінде көрсетті. Бұл схема
бойынша әрбір тіс тең әсерлі нольге тең болатын 4 күштің әсерінде болады.
Тістер қатарының бүтіндігі бұзылған жағдайда тұйықталған күш тізбегі
жұлынады, осыған байланысты тепе-теңдік бұзылады. Пайда болған ақаулықтар
шайнау кезінде пайда болатын жеке күштердің жойылуының алдын алады. Бұл
жағдайдағы шайнау қысымы физиологиялық, сонымен қатар өзінен кейін
біртіндеп дамитын және күшейе түсетін тістер аппаратының бұзылуын туғызатын
жарақатты фактор ретінде әсер етеді. Тістер қатарының окклюзиялық бетінің
майысуы осы бұзылудың белгісі болып табылады.
Годон теориясын стоматологтар бірнеше рет сынға алған болатын.
Н.А. Астахов, Е.М. Гофунг және А.Я.Катцтер Годон теориясының тіс қатарының
ауытқуындағы екіншілік ығысудың барлық түрлерін түсіндіре алмайтындығын
көрсетті, өйткені бұл теория тіл бағытындағы тістер қимылын теріске
шығарып, тек қана алдыңғы-артқы және вертикальды ығысуды есепке алады.
Сонымен қатар бұл теорияда ағзаның бейімділік реакциясы ( пародонттағы,
альвеолдағы өзгерістер және т.б.) есепке алынбайды.
Антагонистерінен айырылған, сонымен қатар шайнау жүктемесін
жоғалтқан тістердің тіс альвеолярының ұзару механизмінің түп нұсқалық
түсіндіруін берген Д.А. Калвелис болатын. Ол тістердің тепе-теңдігі бір
жағынан сіңір аппаратының көмегімен, ал екінші жағынан шайнау қысымымен
қамтамассыз етілетіндігі жөнінде пікір білдіреді. Осы кезде тіс өзара
теңесетін күштер механикасының заңына сәйкес тепе-теңдік немесе тыныштық
жағдайында болады. Өзара тең болатын және қарама қарсы бағытталған осы 2
күштер бір денеде орналасқан. Егер осы күштің біреуі жойылса, онда тек қана
2-ші күш әсер етеді, осыған байланысты тіс денесі орналасу қалпын
өзгертеді.
Шайнау қызметінің бұзылуын бағалау ісін шайнау аппаратының тамақты
майдалау қабілетінің төмендеуі тұрғысынан қарастырумен қатар, төменгі
жақтың әдеттегі қимылының өзгеруі, тістердің аралас қызметінің пайда болуы,
тамақты майдалау процесіне альвеолярлық өсінді мен тілдің
қатысуы тұрғысынан да қарастыру керек. Бұрын айтып өткендей, бүйір тістерді
жоғалтқанда шайнау процесі алдыңғы тістерге ауысады, осыған байланысты оның
қызметі аралас болады, бұл кезде тамақты майдалау процесі төменгі жақтың
алға қарай шығу қалпында өтетіндігін, яғни буын басы буын төмпешігінің
құламасына қарсы бекінетіндігін мастикациограмм талдауы көрсетті. Алдыңғы
тістердің жоқтығында тамақтытістеу және майдалау процесі премолярлар мен
молярларға ауысады, бірақ бұл жағдайдағы шайнау қимылдары қалыпты жағдайға
жақын болады. Жеке тістердің барлығында, оның біреуі жоғарғы, ал екіншісі
төменгі жақта орналасқан жағдайда науқас тамақты төменгі жағын сақталған
тістермен байланысқанға дейін қимылдатып майдалайды. Бұл жағдайдағы қимыл
табиғи емес қимыл болып табылады. Тістердің тек қана бір жақта сақталуында
науқас жұмсақ тамақты альвеолярлық өсінді мен тілдің көмегімен майдалайды.
Тағамның майдалануын жеңілдету үшін, оны алдын ала кулинарлық дайындаудан
өткізіп, табиғи жағдайдағы мұқият шайнау процесін болдырмайды.
Шайнау процесінің ағзаның көптеген жүйесіне, оның ішінде асқазан-
ішек жолдарының қызметтеріне рефлекторлық жолмен әсер ететіндігі отандық
және шет елдер физиологтарының жұмыстарында зерттелген болатын. Қарынды
асқорытуды И.П.Павлов 2 сатыға бөлді: біріншісі- күрделі рефлекторлы және
екіншісі- гуморальды-химиялық. Шайнау процесінде қарын және қарынасты
бездерімен бөлінгетін сөлдің белгілі бір маңызы бар екендігі зерттелді.
Шайнау қызметі анағұрлым жақсы болса, күрделі рефлекторлық кезеңде қарын
және қарын асты бездерінің бөлетін сөлі де соғұрлым сапалы және көптеу
болады.
Ауыз қуысында және қарында өтетін қимыл реакциялары арасындағы
тәуелділіктің бар екендігі И.С. Рубинмен анықталынған болатын. Қарқынды
шайнау кезінде қарынның тегіс бұлшық еттерінің рефлекторлық-тоникалық
жиырылуы, ал жұту кезінде – тегіс бұлшық еттердің рефлекторлық тежелуі және
тонусының босаңсуы байқалады.
Сонымен әртүрлі зерттеушілердің қысқа мәліметтері негізінде шайнау
процесі асқорыту жолының, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелерінің қалыпты
қызметінде үлкен орын алатындығы мәлім болды. Тістерден жартылай немесе
толық айырылғанда шайнау қызметінің бұзылуы белгілі бір жағдайларда басқа
мүшелер қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратындығы да белгілі болды. Өз
уақытында пилорустың жүйке-бұлшық ет аппаратының әлсіреуі нәтижесінде
дамитындығын түсіндірген “қарынның жалған стенозы” деп аталатын бұзылыстың
негізінде көп жағдайда науқас тісінің жоқтығы жататындығын, уақыт өткен
сайын ол қарынның кеңеюіне әкеліп соқтыратындығын Н.А.Альбов клиникалық
бақылаулар нәтижесіне сүйене отырып, дәлелдеген болатын. Ол тісінен толық
айырылған және қарын
жарасына байланысты операция жасалынған 15 науқасқа бақылау жүргізген
болатын. Осы науқастарда операция жасалынғаннан кейін біршама уақыт өткен
соң, науқастың кеңейтілген диетаға көшуіне байланысты ауыру белгісінің
қайтадан пайда болуы байқалды. Бұл операциядан кейінгі асқынулармен
түсіндірілген болатын. Ал шын мәнінде ауыру белгісінің науқас тістерінің
толық болмауына байланысты пайда болғандығы және протездеуден біршама уақыт
өткеннен кейін ауырудың жойылып кеткендігі анықталынған болатын. Сонымен
қатар өт қабының қызметтік аурулары (рефлекторлық дискинезия) және
тістердің жетіспеушілігі немесе толық болмауы арасындағы өзара байланыстың
барлығы анықталынды.
Самай-жақ буынының анкилозы бар науқастарда шайнау процесінің күрт
бұзылуы немесе ұзақ уақытқа жоқ болуы қарын секрециясының күрделі
рефлекторлық сатысының бұзылуына әкеліп соқтыратынын П.М.Медведев анықтады.
Қарынға нашар кулинарлық дайындаудан өткен және жағымсыз тамақтың түсуінде
қарын секрециясының 2-ші гуморальды-химиялық сатысының бұзылуы да
байқалады. Егер шайнау қызметі тіпті біршама аз дәрежеде сақталынған
жағдайда қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты жағдайда немесе көтеріңкі болады.
Шайнау қызметінің толық жоқтығында қышқылдық күрт жоғары болады немесе
толығынан болмайды. Шайнау қызметінің ұзаққа созылған және тұрақты бұзылуы
қарын секрециясының бұзылуымен қатар, қарын қабырғасының морфологиялық
өзгерістеріне әкеліп соқтырады.
Жасанды жолмен жалған буынды жасағаннан кейін науқастар тағамды
шайнау мүмкінділігіне ие болды және қарын сөлінің қышқылдылығы қалыпты
жағдайға жақындады.
Тістер шайнау мүшесі болумен қатар, дыбыстың пайда болу қызметіне
де біруақытта қатысады. Сондықтан тістерді жоғалту сөйлеу қызметінің
бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл бұзылулар, әсіресе алдыңғы тістердің
жоқтығында анық байқалады. Ол дыбыстар айтылуының нақты бұзылуымен және
тілін шайнап сөйлеумен білінеді. Дыбыстарды айтудың бұзылуы бүйір
тістердің жоқтығында да байқалады, өйткені бүйір тістер ауаның өту
кеңістігін шектеп, дыбыстың пайда болуына да қатысады. Мамандығы сөйлеу
қызметімен байланысты адамдар сөйлеген кезде кенеттен байқалатын
ысқырықтың шығуына шағымданады, ол сөздің ырғағын және әуенің бұзады.
Шындығында, аталған өзгерістер бүйір тістерінен айырылған адамдардың
барлығында бірдей кездесе бермейді.
Тістерден айырылу, әсіресе алдыңғы тістердің жоқтығы адам бетінің
сыртқы келбетін бұзып, көркемдік жағынан біраз өзгерістер туғызады. Сонымен
қатар бүйір тістердің жоқтығы бет пішініне із қалдырады. Қарт адамдарда
ұрт бұлшық еттері тонусының өзгеруіне байланысты? Жақ сүйегі төмен түсіп
кетеді. Тістем биіктігінің төмендеуі және беттің төменгі үштен
бір бөлігінің азаюында мұрын-ерін және иек қыртыстарының анағурлым
білінуі жақсы сезіледі. Бұл кезде ауыз бұрыштары төмен түседі және адам өз
жасынан үлкен көрінеді. Науқастың сыртқы келбетінің бұзылуы тістерден толық
айырылганда аса тым білінеді. Тістерден айырылғанда бет әлпетінің
көркемдік жағынан бұзылуы наукас психикасына әсер етеді. Бұл әсердің
дәрежесі науқастың жасына, жынысына және жүйке қызметінің типіне
байланысты болады.

5. Әдебиеттер:
1. Дойников А.И., Синицин В.Д. Зуботехническое материаловедение-М;
Медицина 208 бет.
2. В.Н.копейкин., Демнер Л.М. Зубопротезная техника –М; 416 бет
3. Трезубов В.Н.., Штейнгард М.З. Мишнев Л.М. Ортопедическая
стопматология . Прикладное материаловедение. М.Медицина 324 бет
4. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш. Жаубасова А.Ж. Материаловедение в
ортопедической стоматологии. Алматы , 200 бет
5. Маженова А.М., Сейтмамбетова Н.Қ., Стоматологиялық ортопедия. Астана
2003ж
6. Е.А. Бердімбетов . Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану.
Карағанды –1993 ж.

6. Бақылау сұрақтары :
1. Тіс қатары акауының пайда болу себебі.
2. Тіс катары акауының жіктелуі Кеннеди бойынша .
3. Тіс катары акауынын жіктелуі Гаврилов бойынша
4. Алмалы-салмалы пластиналық протездің конструкциясы
5. Алмалы салмалы пластиналы протездің жасалуының зертханалық кезеңдері.

Дәріс № 2

1. Тақырыбы: Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрам
элементтері. Кламмерлі жүйе. Доғалы протездің толыққұйылған қаңқасын
әзірлеу тәсілдері. Параллелометр. Параллелометрия тәсілдері. Металл
базисті алмалы протез әзірлеу технологиясы.
2. Мақсаты: Доғалы протез туралы түсінік. Доғалы протездердің құрам
элементтерімен таныстыру, олардың қызметтері. Параллелометр құралы.
Онымен жұмыс істеу ерекшелігі, тәсілдері. Металл базисті протез
әзірлеу ерекшелігімен және көрсеткішімен таныстыру.

3. Дәріс тезисі.

Пластиналы протезден басқа алмалы салмалы протездерге
доғалы протездер жатады. Бұл конструкция тістеу және шайнау қызметін
толығымен қалыптастырып, сонымен қатар қысым сақталған тістер арасы мен
тіссіз аймақтағы альвеолярлы өсінді сүйегінің шырышты қабатына тарататын
емдік аппарат болып саналады. Доғалы протез конструкциясының түрлері өте
көп, олар тіс қатары ақауының топографиясына байланысты. Бұл протез түрінің
негізгі ерекшелігіне металл қаңқа мен пластмассаға толған жасанды тістер
бар базис болып табылады. Металл қаңқа доғадан, базис бекітілетін бөліктен
және тіреп-ұстайтын кламмерден тұрады. Доғалы протездің технологиялық
дайындалу реттілігін айтпас бұрын, олардың элементтерінің функциональді
маңыздылығын, оларға қойылатын талаптар мен протез орны тіндерінде жату
ерекшелігіне тоқтала кетейік.

Кламмерлер. Кламмерлі жүйе.
Доғалы протезге тек тіреп-ұстайтын кламмерлер ғана қолданылады, олар тістің
вестибулярлы және оральді бетінде орналасатын иықтан; тірек тістердің бүйір
бетінде орналасатын денеден; тістің окклюзиялық бетінде жататын окклюзиялық
бастырмадан және металл каркасты пластмассалы базиспен байланыстыратын
якорлы бөлімнен немесе ер тәрізді бөлімнен тұрады.
Тіреп-ұстайтын кламмерлерді 5 негізгі түрге бөледі:
1. Аккер кламмері
2. Окклюзиялық бастырма мен екі Т-тәріздес иықтан тұратын Роуч кламмері.
3. Аралас кламмер, Бір иығы Аккер кламмерінен, ал екіншісі Роуч
кламмерінен тұрады.
4. Кері әсерлі кламмер. Онда байланыстырушы бөлім бір иықтан шығады.
5. Айналмалы кламмер. Бір немесе бірнеше окклюзиялық бастырмадан және
қаттылығын арттыру үшін кламмердің кез келген бір иығына бекітілетін
қосымша арнайы элементі болады.

Осы әртүрлі кламмерлердің функциональді маңыздылығын ашу үшін олардың
элементтеріне жекелей тоқталып, мысал ретінде қарапайым тіреп-ұстайтын
кламмер Аккердің әсерін айтып өтейік. Бұл кламмер екі иықтан, окклюзиялық
бастырма мен денеден тұрады. Кламмер иығын қосымша тұрақтандырушы және
ретенционды бөліктерге бөледі. Тұрақтандырушы тірек бөлімі иық ұзындығының
23 бөлігін құрайды және көлденең қиығы үлкен болғандықтан қатты болып
келеді, яғни шайнау қысымының үлкен күшіне қарамастан деформацияға
ұшырамайды және серпілмейді. Бұндай қасиетке окклюзиялық бастырмада ие
болуы тиіс. Кламмер иығының ретенционды ( ұстап тұратын) бөлімі серпімді
қасиет сипатында болуы керек. Кламмер бөліктерінің орналасуы суретте
көрсетілген. Егер кламмер протездің ершік бөлімімен қатты байланысып жатса,
окклюзиялық бастырма мен иықтың тұрақтандырушы бөлімі тісті вертикальді
және горизонтальді бағытта қамтып жатады. Бұл элементтер жүйесі тірек
тістер арасында вертикальді және горизонтальді жүктемені таратуға мүмкіндік
береді. Ретенционды бөлім протездің қозғалмауы үшін оны ұстап тұрып және
горизонтальді күшті жартылай біркелкі таратуға қызмет етеді. Ол тістің
экваторынан ары қарай орналасып тіске түсетін вертикальді компонентті
жартылай ауыстырады.
Окклюзиялық бастырма. Кламмердің бұл элементі бұдыр аралық сайдың бойымен
орналасады. Бұдырлары жақсы айқындалған кезде, тіске қиғашынан күш тісуінде
бастырма оның бүйір жаққа қарай ығысуын болдырмай ұстап тұрады. Окклюзиялық
бастырманың орналасуы мен санын өзгерте отырып протездің ершік бөлімінен
тірек тіске таралатын жүктеме бағытын реттеуге болады. Егер окклюзиялық
бастырма тіс қатары ақауы жағынан болса, протездің ершік бөлімінен келетін
жүктеме тірек тіске қиғаш әсер тигізеді. Бұл жүктеме айқын болған сайын,
протез базисі астындағы шырышты қабаттың басымдылығы арта түседі.
Окклюзиялық бастырманы ақауға қарама қарсы жағынан орналастыру (
кері әсерлі кламмерде) ақау жаққа қарай протездің шығып кетуін болдырмайды.
Пародонттың резерв күші әлсіреген кезде, тіреп-ұстайтын кламмерді ершік
бөліммен қатты байланыстырмай, кері әсерлі кламмерді қоса отырып серіппелі
байланысты қолданады. Серіппелі байланысу жерін ақаумен шектелетін тістің
күйін ескере отырып дәрігер таңдайды.
Шектелген ақау болған кезде әртүрлі нұсқадағы тіреп-ұстайтын
кламмерлер түрінде ершік бөлімде екі жақты тірек болуы керек. Бір ғана
окклюзиялық бастырма жасау, әсіресе шеткі тіске, немесе тіреп-ұстайтын
кламмерлердің біреуін орнықсыз байланыста жасауға болмайды. Протезге
қаншалық окклюзиялық бастырма көп енгізілсе, соншалықты ершік бөлімнен
қысым бірқалыпты таралады.
Иықтың тұрақтандырушы бөлімі. Бұл элементті тістің вестибулярлы және
оральді жағына жалпы экватор сызығынан жоғары орналастырады. Кламмердің бұл
бөлігі серіппелі емес, яғни ол қиғаш немесе көлденең бағытталған күш
әсерінен тістің ығысып кетпеуіне тағайындалады. Тұрақтандырушы бөлімді
көрші тіске ұзарту немесе аспалы кламмер жасау арқылы екі тісті тұтастырып
біріктіруге болады. Егер кламмер иығының тұрақтандырушы бөлімін сақталған
барлық тістердің вестибулярлы және оральді жағынан ұзартып жүргізсе, онда
қиғаш әсер ететін күштен максимальді жүкті жеңілдетеді. Бұндай кламмер
түрін үздіксіз немесе көпзвенолы деп атайды. Ол алдыңғы сагитальді,
парасагитальді тұрақтандыру және доға бойынша тұрақтандыруды қамтамассыз
етеді.
Иықтың ретенционды бөлімі. Бұл бөлім төменгі жақ тістердің экваторынан
төмен, ал жоғарғы жақ тістердің экваторынан жоғары орналасады. Клмаммер
иығының ұзын бойымен салыстырғанда біркелкі емес серіппелі қасиетке ие:
Ретенционды бөлім көлденең жазықтықта жеңіл серпіледі, ал вертикальдіде-
нашар. Кламмердің бұл бөлімдері тіске бекігенде, экватор арқылы өтіп барып,
ашылады да, серпіліп барып тісті тығыз қамтып жатады. Осы қасиетімен бұл
кламмер бөлігі функциональді жағынан тағайындалады- вертикальді жазықтықта
протездің қозғалуын болдырмайды және оған түскен вертикальді жүктеменің
әсерінен тістің ығыспауын ұстап тұрады. Вертикальді жазықтықта ығыспауға
протезді ұстату үшін оның конструкциясына ретенциялық бөлімі бар 2-3
кламмерді енгізуге болады.
Ретенциялық бөлім протезді кигізіп және шешу кезінде тіске күш
түсіреді. Иықтың бұндай қарсы әсерін азайту үшін бір немесе екі Т-тәріздес
иықты Роуч кламмерін қолданады. Иықтың ұзындығын реттей отырып тіс қатарына
протезді отырғызуда жүктемені азайтады, бұл кезде кламмердің тұрақтандыру
әсері төмендейді. Т-тәріздес иық шайнау күшінің вертикальді және
горизонтальді компоненттерінен тіске түсетін жүктемені босатуға жартылай
қабілетін тигізеді, өйткені ол экватордың артынан вестибулярлы жағында
орналасады.

Параллелометрия.
Қазіргі кезде параллелометрлердің көптеген конструкциялары бар,
олардың барлығы бір бағытта негізгі мәселені шешеді, ол доғалы протездер
мен шендеуіш аппараттардың конструкцияларын есептеп негіздеу.
Параллелометрлердің типтік бір жіктелуі жоқ. Кейбір авторлар
параллелометрлерді екі топқа бөледі: горизонтальді кронштейннің
конструктивті ерекшелігіне және алынбалы немесе алынбайтын үстелшеге
негіздей отырып.
Барлық параллелометрлерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: 1.
Жалпы клиникалық және лабораториялық жұмыстарды орындауға тағайындалған
стандартты параллелометрлер. 2. Қатаң түрде белгілі-бір операцияны
орындауға тағайындалатын арнайы құрылғы.3. Универсальді параллелометрлер,
оның құрылғысына көпфункциональді арнайы блоктар қоса отырып тағайындалады,
Мысалы, фрезерлі құрылғы немесе бормашина ұштығын орнықтыратын цангалар,
координатты немесе бұрыш өлшейтін қондырғылар орнатылады.
Қағида бойынша параллелометр тіреу бекітілетін негізден тұрады,
тіреу осьін айналатын қозғалмалы звенолы кронштейнге тірек тістердің
контурының параллельдігін анықтайтын және балауызды қиятын ауыстырылып
салынатын инструменттер бекиді. Бір конструкцияларда модельді бекітетін
шарнирлі үстелше табанымен қозғалмайтын етіп жасалған, басқасында, яғни
екінші түрінде- кронштейн тіреумен бірге қозғалмайтындай етіп жалғасқан, ал
қозғалатыны вертикальді бағыттағы фиксатор болып табылады. Бұл
конструкцияларда модельдер шарнирлі қозғалмалы үстелшеге бекітіледі. Ал
үшінші түрде үстелше мүлдем болмайды. Қазіргі кезде протез детальдарын
бірден фрезерлейтін реттелген ( встроенные) микроматорлары бар
параллелофрезалар ойлап шығарылған.
Параллелометрияның әртүрлі әдістерін талдамас бұрын Тіс экваторы,
меже сызығы деген ұғымдарды, тістердің тіреу және ретенционды беттері
дегенді айта кетейік. Оларды былай түсіндіруге болады. Параллелометр
үстелшесіне жұмыртқаны бекітіп, бойлық ось пен параллелометрдің вертикальді
стержені бір-біріне параллель болғанда, графитті стержень бұл заттың ең
үлкен периметрін- экваторын анықтайды.
Жұмыртқа тәріздес затпен бірге параллелометр үстелшесін қисайтса,
онда оның вертикальді осьі параллелометр стержені параллельді болмайды да,
графитті стержень экватормен сай келмейтін жаңа сызық сызады. Бұл сызық осы
заттың берілген қиғаштығында ең үлкен периметріне сәйкес болады және меже
сызығы деп аталады. Осыған қарап тіс бетін екі зонаға бөледі. ( сызықтан
жоғары- тірек, төмені- ұстағыш немесе ретенционды). Осындай көрініс
тістерде де болады. Бір жағдайда, яғни қисаймаған тістерде экватор сызығы
тістің меже сызығымен сәйкес келіп, ал басқа жағдайда (тістер қисайса)
экватор сызығы мен тістің ең үлкен периметрі әртүрлі сызбада болып келеді.
Меже сызығы параллелометр көмегімен гипсті диагностикалық модельде
анықталынады және тістердің орналасуы параллельді болмағандықтан ешқашан
тіс экваторымен сәйкес келмейді.
Меже сызығы тісті екі бөлікке бөледі: тіреу және ұсталыну. Кламмер
иығының қатты жоғарғы бөлігі окклюзиялық бастырмамен бірге меже сызығынан
жоғары жатуы тиіс, ал тым жұмсақ төменгі бөлігі оның астынан қызыл иек
қырына қарай өтеді. Меже сызығы мен қызыл иек қырының арасында орналасатын
ұсталыну аймағы протезді бекітуге ең маңыздысы болып саналады. Оның ең бір
негіздісі меже сызығы параллелометрдің анализдеуші стерженімен шектелген
жерде орналасқан ойығының болуымен түсіндіріледі, яғни қызыл иек қыры мен
тіс бетінің арасындағы бөлік. Осы ойықтың тереңдігіне байланысты кламмердің
серіппелі бөлігінің орналасуы үшін орын таңдалынады. Нақ осы ақыры иықтың
ұсталыну бөлігі деп аталынатын аймақтың нәтижесінде алмалы протездің
бекітілуі болады. Кламмер түрі мен ұстағыш ұштарының орналасу орнын
тағайындау үшін осы қуыстың тереңдігін арнайы инструменттермен-
калибрлермен анықтайды.
Параллелометрмен бірге инструменттер жиынтығында бір-бірінен диск
диаметрімен ажыратылатын калибрлардың үш түрі болады. ( № 1- 0,25, №2- 0,5
мм, №3- 0,75 мм)
Доғалы протездің конструкциясын жоспарлауға мыналар кіреді: барлық
тірек тістердің меже сызығын анықтау; әрбір тірек тіске ретенциолнды
аймақтардың көлемін анықтау және кламмерді таңдау, жоғарғы және төменгі
жақтарға доғалы протездің доғасының орналасуын анықтау, базис мөлшерін,
пішінін анықтау және ең маңыздысы, протезді енгізу жолын анықтау.
Протездің енгізілу жолы деп оның кламмер элементтерінің тірек
тістермен ең алғашқы түйісуінен бастап протез орнының тіндеріне дейінгі
қозғалысты айтамыз, осы кезде окклюзиялық бастырма өз орнына орнығып, ал
базис протез орнының бетіне дәл, нақтылы жатады.
Протездің шығарылу жолы оның кері бағытта қозғалуымен анықталынады,
яғни базистің протез орны тіндерінің шырышты қабатынан ажыратылуынан
басталып, тірек және ұстағыш элементтерінің тірек тістермен жанасуының
толық болмауына дейінгі моментті атайды. Протезді енгізудің бірнеше жолдары
бар, бірақ ең қолайлысын таңдау керек.
Протезді енгізу және шығарылудың ең жақсы жолына протез оңай салынып-
алынатын, әрбір тіске біркелкі бірдей ретенция беретін, кедергі аз
тудыратын жағдайларды жатқызуға болады. Енгізу жолы кламмерлердің
орналасуына байланысты, ал ақырғысы, әрине эстетикаға әсер етеді. Сондықтан
кламмерлер білінбейтіндей және алдыңғы тістердің пішіні сақталынатындай
шешімге келу керек.

Параллелометрияның негізгі ережелері.
1. Параллелометр доғалы протездің конструкциясын толыққанды анықтауға
мүмкіндік береді.
2. Жалпы кламмерлі сызық, оның иілгеніне қарамастан окклюзиялық
жазықтықта толығымен параллельді болуы тиіс.
3. Протез ауыз қуысында бекітілуінде шайнау қысымын тіс осьі бойынша
таратуы тиіс.
4. Протез шайнау қысымын сақталған тістер мен альвеолярлы өсінділер
арасында рациональды тарататындай құрылуы тиіс.

Осы шарттардың барлығын орындауға әрқашан мүмкіндік бола бермейді.
Кейде бағытты жазықтықтарға параллельдік беру үшін, яғни шектелген
ақау кезінде премолярлардың дистальді беті мен молярлардың мезиальді
беттері, тістерге сәйкес форма бере отырып сауыттармен қаптайды.
Модельдерді параллелометрде зерттеу үшін оның бүйір беттеріне
өлшеулер жасап және сызықтар сыза алатындай етіп цокольді дайындайды.
Модель негізінің биіктігі 1,5-2 см, ал бүйір беті бір-біріне
параллель, негізіне перпендикуляр етіп жасалады.
Диагностикалық модельдер протез орнының барлық тіндерінің және
әсіресе тірек тістердің ( окклюзиялық бетіндегі бұдырлар мен
фиссуралардың жақсы рельефін, бүйір беттері мен тіс мойнын) айқын
рельефін көрсетуі тиіс.
Дайындалған модельді параллелометр үстелшесіне орнықтырып,
таңдаған тәсілмен зерттейді. Параллелометрдің еркін тәсілі, тірек
тістердің түзу осьінің орташа қисаюын анықтау тәсілі және таңдау
тәсілі кең тараған.
Еркін тәсіл. Тірек тістерінің аз болуында, олардың вертикальді
осьінің параллельдігінде және доғалы протездің күрделі емес
коснтрукциясында параллелометрияның еркін тәсілін қолдануға болады.
Бұлш тәсілдің мәні- параллелометрдің шарнирлі үстелшесіне модельді тіс
қатарының окклюзиялық жазықтығы анализдеуші (графитті) стерженьге
перпендикулярлы орнықтыру болып табылады. Стерженьді әрбір тірек тіске
апарып ең үлкен периметрін сызады, осыған қарап кламмер элементтерін
орнықтырады. Бұл кезде ең үлкен периметрден жоғары орналасқан тіс
сауытының бөлігін кламмердің тірек элементін орнықтыру үшін,
периметрден төмен бөлігін кламмер иығының ретенциялық бөлігін
орнықтыру үшін қолданады.
Тіс қатарының ақауымен шектелетін тістердің жартылай болмауы
кезінде, қағида бойынша, әртүрлі жазықтықта ығысқан және олардың қисаю
дәрежесі көптеген факторларға байланысты. Бұл доғалы протез
кламмерлерін құрастыруды қиындатады, протезді еркін енгізіп немесе
шығаруға кедергі тудырады және оның жеткіліксіз бекітілуіне әкеп
соғады, сондықтан әртүрлі жағдайда қисайған барлық тірек тістердің
зерттеу нәтижесін ескеретін параллелометрияның басқа тәсілдері қажет
болады.
Новак бойынша тірек тістердің түзу осьінің орташа қисаюын анықтау
тәсілі. Супергипстен құйылған, талдауға түсетін жұмысшы модель барлық
клиникалық талаптарға сай болуы керек, ал цокольдің бүйірлі және артқы
қабырғалары оның негізіне перпендикулярлы болуы тиіс те, бір-біріне
перпендикулярлы дайындалады: цокольдің артқы қабырғасы- фронтальді
жазықтықта, бүйірлі- сагитальді жазықтықта.
Тәсілді мысал ретінде 38,34,45 тірек тістерге доғалы протезді
енгізу жолын іздей отырып толық мазмұндауға болады. Бұл тәсіл екі
кезеңге бөлінеді, біріншісі параллелометрсіз жүргізіледі. Жақсы бағдар
үшін модельдің бүйір бетін І цифрімен, артқы бетін ІІ цифрімен
белгілеп аламыз. Әрбір тістің бойлық осьінің бағытын ұзындығы 20 мм
сым қиқымын ( сіріңке шырпысымен) тістердің шайнау және кесу
қырларының тура ортасына қойып жабысқақ балауызбен бекітеміз. Сым
қиқымының орналасуы тістің бойлық осьінің бағытымен барлық жағынан
қарағанда сәйкес болуы тиіс. Бұл осьтердің проекциясын кейін
карандашпен модельдің дайындалған жазықтығына түсіреміз. ( бүйірлі
және артқы) Ең бірінші 38, 34 тірек тістердің осьтерінің проекциясын
модельдің бүйірлі бетіне сызық түсіреміз де А1 және В1 деп
белгілейміз. Көбінде алынатын проекциялар бір-бірімен параллельді
болмайды және модельден асып барып, бір-бірімен қиылысып бұрыш түзеді.
Новак осы екі сызықты бір-бірімен екі параллельді сызық арқылы қосуды
ұсынады, бұл кезде А1-мен қиылысқөан бұрыш В1-мен қиылысқан бұрышқа
тең болуы керек. Ол бұрышты і деп белгілейміз. Осы жүргізілген
көлденең параллель сызықтардың жеке-жеке әрбіреуінің ортасы табылады
да О және О1 белгіленеді. Осы екі нүктені сызықпен қосып С1 кесіндісін
аламыз. Бұл А1 мен В1 осьтерініңі проекциясының ортасы болып табылады.
Одан кейін осы бетке 45 тістің проекциясы Д1-ді түсіреді. С1
мен Д1 бір бірімен екі параллельді сызықпен қосып үш тістің орталық
осьі белгіленеді. Оны Е1 деп белгілейміз. Дәл осыған ұқсас тәсілмен
модельдің артқы жазықтығына осы үш тістің ортақ осьін тауып
белгілейміз. Ол ось Е2 деп белгіленеді. Осы алынған сызық жалпы
экваторлық сызықты табуға және сызуға бағдар болып табылады.
Жақтың модельін қозғалмалы алаңмен бірге вертикальді штифтің
жалпы сызықпен сәйкес келгенінше жылжытады да, паралелометр
үстелшесіне винтпен қатайтып бекітеді. Вертикальді штифті графитті
белгілегіш стерженьге ауыстырап, жалпы экваторлы сызықты салады.
Аталған тәсіл тіске протез кламмерінің киілуінің вертикальді жолын
анықтайды.
Жалпы экватор сызығын тіс осьінің орталық қисаю бұрышы бойынша
анықтау тәсілі қиынырақ. Оны 2-3 тіреп-ұстайтын кламмері бар қарапайым
доғалы протезді жасауда қолданған жөн.
Төрт және одан да көп кламмері бар доғалы протезді немесе
пародонтоз кезінде алмалы шендеуішті дайындауда модельдерді қисайту
тәсілін қолдану қажет немесе оны басқадай логикалық тәсіл деп атайды.
Ол модельдің қисаю бұрышының өзгеруінде тістің клиникалық экватор
сызығы топографиясының өзгеретініне негізделеді, демек тіс сауыты да
өзгереді. Модельді қисайта отырып тіс сауытының ең үлкен периметр
күйін, сонымен қатар топографиясы мен окклюзиялық және қызыл иектік
бөлімдер алаңын, яғни кламмерлердің тұрақтандыру және ретенциялы
бөлімдерінің орналасу аймағын өзгертуге болады. Осылай әрбір жекелей
жағдайлар бойынша ең қолайла кламмер типін табуға болады, әсіресе
шайнау қысымының вертикальді және горизонтальді компоненттер күшінен
босатуға қажет тістер үшін.
Модельді параллелометр үстелшесіне бекітіп, оның қисаюын
өзгертеді де, вертикальді стерженьмен барлық істер үшін ең
қолайлыкүйін табады: тістің сауыт бөлімін салыстырмалы тең окклюзиялық
және қызылиектікаймақтарға бөледі. Модельдер орнығуының келесі күйлері
болады:
1) горизонтальді; 2) алдыға қисаю ( модельдің артқы қыры алдыңғыға
қарағанда жоғары орналасады); 3) артқа қисаю; 4) оңға қисаю (
модельдің сол жақ қыры оң жаққа қарағанда жоғары); 5) солға қисаю.
Модельді артқа қисайту эстетикалық жағынан кламмердің вестибулярлы
өсіндісін алдыңғы тіс топтарында қызыл иекке жақын орнату қажет болған
жағдайда таңдалады. Модельдің мұндай қисаюында жалпы экваторлы сызық
вестибулярлы жағынан алдыңғы тістердің қызыл иек қырына жақын
орналасады, ал тіл жағынан тіс бұдырының үстінен жүреді. Қажет қисаюды
алу үшін параллелометр үстелшесін қыспақтан босатады, модельді
қисайтып, вертикальді штифт-анализатормен әрбір тістің вестибулярлы
және оральді жағынан экватор сызығының орналасу деңгейін анықтайды.
Қисайған модельді оқығанда вертикальді штифт-анализатор шетін қызыл
иек қыры деңгейі бойынша жылжытады. Штифтің тіс бетіне жанасу нүктесі
клиникалық экватордың орналасу сызығын құрады. Шайнау тістер аймағында
бұндай модельдің қисаюында жалпы экваторлы сызық қызыл иек аймағынан
дистальді-апроксимальді жағынан окклюзиялық бетіне қарай көтеріледі,
ал тістің медиальді-апроксимальді жағында- қызыл иек қырына түседі.
Модельдің оң жақ қисаюы кезінде жалпы экваторлы сызық жақтың оң
жақ жартысындағы тістердің вестибулярлы жағынан окклюзиялық бетке
қарай көтеріледі және сол жақ жартысындағы тістердің оральді жағынан
көтеріледі. Жақтың сол жақ жартысындағы тістердің вестибулярлы жағынан
және оң жақ тістердің оральді жағынан ол қызыл иек қырына қарай
түседі.
Параллелометр үстелшесіне модельді қисайту пародонтоз кезінде
тіс қатарына шендеуішті кигізу жолын да анықтайды: 1) егер модель
артқа қарай қисайса, онда шендеуішті кигізу жолы алдыдан артқа қарай;
2) егер модель солға қарай қисайса, онда шендеуішті тіс қатарына оңнан
солға қарай енгізеді, яғни модельдің қисаюына қарама-қарсы жағынан.
Бұл ережеге модельге шендеуішті өлшеп-тексеру кезінде тіс техниктері
де сүйенуі керек.
Үстелшені және оған қажетті таңдалған жағдайдағы модельді
бекітіп, грифелі бар вертикальді штифтпен жалпы экваторлы сызықты
салады. Грифельді әрбір тіске апарып, оның төменгі қыры қызыл иек қыры
деңгейі бойынша орналасып, жылжуы керек, ең бірінші барлық тістердің
вестибулярлы бетіне, одан кейін оральді бетіне сызық жүргізіледі.
Параллелометр төсенішінен үстелшемен бірге моделдьді шешіпжіңішке
фламастермен немесе жұмсақ карандашпен алынған жалпы экваторлы
сызықтың үстінен басып шығады да, кламмерлер конструкциясын
жоспарлауға және шендеуіш қаңқасының суретін салуға кіріседі. Алынған
сызық кламмер бөлімдерін орнықтыру үшін бағдар болып табылады. Бұл
кезде ереже қатаң түрде сақталынуы тиіс: кламмердің барлық серіппелі
емес бөлімдерін ( окклюзиялық бастырма, тіреп-ұстайтын кламмердің
тұрақтандырушы бөлімі, көпзвенолы кламмердің әрбір звеносы және
вестибулярлы өсінді) жалпы экваторлы сызықтың артына орналастырады.
Бұл ережені сақтамаған жағдайда қаңқаны тіс қатарына отырығызуға
мүмкіндік болмайды, өйткені серіппелмейтін барлық бөлімдер тістің
шығыңқы бөлімінен өте алмайды.
Жалпы экваторлы сызықты кламмердің ретенционды бөлігі ғана
қиып өтеді. Ретенционды бөлімнің орналасуын анықтау үшін
параллелометрде сатысы бар арнайы стержень болады- ретенция дәрежесін
өлшейтін №1, 2, және 3. Стерженьді параллелометр иығына орнатып, ол
экватор сызығына тиетіндей етіп бекітеді. Бұл кезде стерженнің сатысы
экватор сызығынан төмен нүктеде тиеді. Тіс бойынша стерженьді
жүргізіп, ретенциялық бөлімнің орналасу сызығын көрсететін тісшелерді
аламыз: ретенцияның І дәрежесі- жалпы экватор сызығынан 0,25 мм төмен,
ІІ дәрежеде- 0,5 мм, ІІІ дәрежеде – 0,75 мм-ге төмен.
Параллелометрияны жүргізген соң сауытта экваторлы
сызықтың орналасуы, сауыттың окклюзиялық және гингивальді бөлімдердің
қатынасы бойынша әрбір тіске жоғарыда аталған тіреп-ұстайтын
кламмерлердің түрін таңдау қажеттігін анықтайды. Кламмер түрін таңдау
экваторлы сызықтың топографиясына және окклюзиялық және гингивальді
бөлімдердің алаңшасына байланысты.
Егер экватор тістің сауыт бөлімін тең окклюзиялық және
гингивальді екі бөлікке бөлетін болса, Аккер кламмерін қолдануға
болады. Егер дәрігер кламмердің вестибулярлы иығының көрінбеуін мақсат
етсе, онда жартылай бөлінген кламмерді қолдануға болады.
Жартылай бөлінген кламмерді егер ақаумен шекаралас тістің
қисаю нәтижесінде ақау жағынан вестибулярлы немесе оральді бетінде
окклюзиялық (тірек) бөлім қысқарған жағдайда қолдануға болады. Бұл
жағдайда иықтың тұрақтандырушы бөліміне орын аз немесе мүлдем болмай
қалуы мүмкін де, оның қалыңдығы азайып және кейін сынып кетуіне әкеп
соғады. Жартылай бөлінген кламмерді пайдаланғанда, оның ретенциялық
(гингивальді) бетін протезді бекіту үшін қолданады.
Егер тістің қисаю ақау жағынан тірек бөлімі тістің
вестибулярлы және оральді бетінен бірдей азайса, онда кламмердің
бөлінген түрі қолданылады.
Кері әсерлі кламмер дистальді тірегі болмайтын шайнау тістер
тобының ақауын толықтыруда доғалы протезге қолданады. Окклюзиялық
бастырма тістің медиальді жағынан орналасуы мүмкін.Кламмердің бұл түрі
селкінуді болдырмау ( амортизирующий) қасиетіне ие және тірек тістен
шығып кетуін азайтады. Бірақ мынаны есте ұстау қажет, қаңқаның
кламмермен байланысу бөлімі қажетті жалпақтық пен қалыңдықта болуы
керек, өйткені ол үлкен жүктемені қабылдайды. Бұл бөліммен байланысқан
иық серпілмейді, сондықтан ол анықталған экваторға дейін сауыттың
окклюзиялық бетінде орналасады.
Кламмердің бесінші типін ақауға жақын тұрған тістің
вестибулярлы немесе оральді бетінде бір ғана ретенционды аймақ болған
кезде қолданылады. Кламмерлердің басқа түрлері материалды талдау
процессі кезінде қарастырылады.

Доғаның орналасу заңдылықтары.
Жоғарғы және төменгі жақ протез доғасы әртүрлі
конфигурацияда, қалыңдықта, жалпақтықта болады; оның орналасуы
жақтардың анатомиялық ерекшеліктеріне және тіс қатары ақауының
топографиясына байланысты.Доға бүкіл бойымен таңдайдың шырышты
қабатына және альвеолярлы бөлімге тимей жатуы тиіс. Төменгі жаққа
доғаны тіл жағынан ауыз қуысы түбі мен қызыл иек қыры деңгейінің
ортасына, альвеолярлы бөлімнің шырышты қабатына параллельді
орналастырады. Дистальді тірегі жоқ шайнау тістер тобын толықтыратын
доғалы протезді жасауда доға шырышты қабаттан біркелкі алшақ жатпайды,
төменгі бөлімде көбірек болады. Бұл шартты міндетті түрде сақтау
қажет, өйткені протездің ертәрізді бөліміне қысым түскенде ол тағы
отыратынын ескерген жөн, бұнда доға біраз айналу қозғалысы жүзеге асып
және шырышты қабатқа одан сайын жақындай түседі. Доғаның ұзындығы
ақаудың көлемі мен топографиясына байланысты. Шайнау тістер тобының
ақауында доға ақаудың ортасына дейін созылып жатады, металл қаңқаның
ер тәрізді бөлімімен тік бұрышқа жақын бұрыш түзе отырып байланысады.
Алдыңғы тістер тобында қосымша ақау болғанда жасанды тістерді бекіту
үшін одан бұтақшалар таралады. Төменгі жақта протез доғасының пішіні
жарты овалды болып келеді.
Жоғарғы жақта протез доғасының топографиясы мен пішіні көп түрлі
болып келеді. Ең қарапайым түрі- доға бірінші моляр деңгейінде
көлденең өтеді, төменгі жақ протезіндей доға пішіні қиық тәріздес,
бірақ ені жалпақ болып келеді. Соңғы жылдары шекарасы ұлғайған жалпақ
доға жиі жасалады. Оның аздап қалыңдатылған ортасы сол жақ және оң жақ
бірінші және екінші молярлар арасына орналастырылады. Доғаның жолы
түзу сызықты емес, аздап З әріпіне ұқсас майысып жасалады.
Доғалы протездің ұстағыш қаңқасы жасанды тістері бар
пластмассалы базисті бекіту үшін қызмет атқарады. Тіс қатарының
ақауына байланысты бұндай бөліктер бірнеше болуы мүмкін.
Пластмассаны ұстап тұру үшін қаңқа ілмек тәрізді немесе тор
тәрізді пішінде болуы мүмкін. Қаңқаның ең маңызды конструктивті
ерекшелігі оның доғамен байланысу аймағы болып табылады. Қаңқа
қалыңдығы доға қалыңдығымен салыстырғанда жұқа болатындығынан бұл
аймақта доғада түзілетін саты болады. (фальц). Саты базистің ертәрізді
бөлімінің қырында құрылады және металл қаңқасынан пластмассаға баяу
ауысуын жүзеге асырады, онда жарықтар мен ажыратылу болмауын алдын
алады.
Доғалы протезді жасаудың технологиялық процессі пластиналы
протез жасаудан ерекшелігі ондағы металл қаңқа жасаумен ажыратылады.
Оларды толыққұйылған және аралас жасау жолдары болады. Қаңқаның
детальі бір-бірімен дәнекерленетін құйылған және иілген бөлімдерден
тұрады.

Доғалы протездің металл қаңқасын дайындау технологиясы.
Бюгельді протездің металл каркасын құю және дәнекерлеу жолымен
дайындауға болады. Құю жолы өз ішінде 2- ге бөлінеді: Модельде құю және
модельді құю.
1-ші жолында модельді арнайы отқа төзімді массадан дайындайды. Осы
массада протез каркасын құяды.
2- ші жолында балауызды базисті модельден шешіп алып, құю жолын
ерітілетін модель арқылы құяды. 1-ші жолында протез каркасын құю тиімді
болып келеді. Себебі бұл кезде балауыз базесі деформациясын, отыруын,
металдың сууы болмайды. 2-ші жолмен қарапайым конструкциялы бюгельді протез
конструкциясын дайындайды: 2-3 Аккер кламмері және қасымша тесіктерінсіз
доға.
Бюгельді протездің дайындалу кезектілігі.
1. Жұмысшы модельді қатты гипстан және көмекші модельді жай гипстан алу.
2. Тірек тістерді қарау және паралилиметрде ортақ экватор сызығын сызу.
3. Тірек тістерге кламерлердің суретін белгілеу.
4. Доға суретін, каркастың ұстап тұратын бөлігін, базисін, ер тәрізді
бөлімін, шекарасын сызу.
5. Доға және ұстап тұратын бөлікке айырғыш қабатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматологиядан дәрістер
Бет-жақ протездерін жасау техникасы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Доғалы протездердің құрылымдық элементтері
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Бақылау кезеңдері
Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтырған нәрестелердiң санын азайтып көрсетiп отыр
Иммунды тапшылықтар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ
Материалдардың механикалық қасиеттері
Пәндер