Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы

Робер сөздігіне сүйенсек, қауіпсіздік термині 1190 жылдан бастап
қолданысқа енді және өзін кез-келген қауіп-қатерден қорғалғанмын деп
санайтын адамның рухының сабырлы қалпын білдірді. Әйтсе де дәл осы
мағынасында Батыс Еуропа халықтарының сөздік қорына кеңінен ене қойған жоқ
және XVII ғасырға дейін сирек қолданылды.
XVII-XVIIІ ғасырларда барлық елдерде мемлекеттің басты мақсаты жалпыға
ортақ молшылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген көзқарас қалыптасты.
Сондықтан да қауіпсіздік термині осы кезеңде жаңа анықтамаға ие болды:
нақты қауіптің жоқтығы нәтижесінде пайда болатын тыныштық жағдайы және осы
жайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін экономикалық және саяси жағдайлар,
тиісті органдар мен ұйымдар.
Қауіпсіздік тұжырымдамасының қазіргі заманғы ұғымдық-категориялық
аппаратын қолдана отырып қауіпсіздікке мынадай анықтама беруге болады:
Қауіпсіздік - қоғам мен оның құрылымдарының өмірлік маңызы бар
мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалған
күйі және оның даму тенденциясы. Закон Республики Казахстан О национальной
безопасности Республики Казахстан. – Национальная безопасность: итоги
десятилетия. – Астана: Елорда, 2000. – С.134-157.
Өмірлік маңызы бар мүдделер дегеніміз – қажеттіліктердің жиынтығы. Бұл
қажеттіліктерді қанағаттандыру азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің
тіршілігі мен прогрессивті даму мүмкіндігін сенімді түрде қамтамасыз ете
алады.
Ұлттық құндылықтар деп мемлекет иелігіндегі, оның тіршілігі мен
дамуының негізі болып табылатын материалды, интеллектуалды және рухани
меншікті айтамыз.
Қауіпсіздік – тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі бірлескен әрекеттің нәтижесі. Жеке тұлға, қоғам мен
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әрекет – нақты қауіп-
қатер мен саналы тіршілік иесінің, әлеуметтік тұлғаның, әлеуметтік топтар
мен қауымдастықтың оның алдын алуға, оқшаулауға, салдарын жоюға деген
қажеттілігі сияқты объективті нақтылықтар арасындағы қайшылықтарды шешу
процесінде әлеуметтік-саяси феномен ретінде пайда болады. Қауіп-қатерлер –
қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы іс-әрекеттің объектісі. Әрекеттің
негізгі нысанасы – қатерлердің нақты өзі (әскери, саяси, экономикалық,
т.б.) және осы қатерлерді нақты материалдық тасымалдаушылар (табиғи,
әлеуметтік-қоғамдық құбылыстар және т.б.) болып табылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрекетінің объектісін сараптау бұл
әрекеттерді өзара байланысты және өзара шарттасқан:
- жеке тұлға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тәрізді үш вертикалды деңгейден тұратын күрделі жүйе ретінде елестетуге
мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әрекетінің нысанасын
түсіну жүйенің көлбеу деңгейлерін анықтауға, яғни қауіпсіздіктің
деңгейлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Оларға, мысалы, саяси, әскери,
ақпараттық, ғылыми-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жатқызуға
болады.
Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі іс-әрекеттің нәтижесі ретіндегі қауіпсіздіктің нысанасы көп. Бір
жағынан, қауіпсіздік дегеніміз – жүйенің жеке адам, қоғам мен мемлекеттің
өмірлік маңызды негіздеріне тиетін зиянның алдын алу қабілеті болса, екінші
жағынан – олардың қорғалу жағдайы, үшіншіден – дамыған қауіпсіздік шаралары
жүйесінің ерекшеліктері болып табылады. Бұл мемлекет өмірінің нақты тарихи
даму кезеңіне, оның биліктік, атқарушы және сот құрылымдарының әлеуеті мен
әлсіз тұстарына, қоғамдық қатынастар мен өндіруші күштердің сипатына
байланысты.
Осыдан келіп ұлттық сөзі жалпы мемлекетке туып отырған қауіппен
байланыс таба бастады. Мәселен, американдықтар қауіпсіздік терминін
олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына әсерін тигізбейтін
қарапайым заңдар мен ережелер жиынтығы ретінде түсінеді. Ұлттық және
қауіпсіздік ұғымдарын жекелей алғанда оңай түсіндіруге болғанымен,
сараптамашылардың пікірінше, олардан туындайтын ұлттық қауіпсіздік
терминіне түбегейлі анықтама беру қиын. Өйткені, мемлекеттік тұрғыдан
келгенде терминнің мағынасының ауқымы өте кеңейіп кетеді: дипломатия, сауда-
сатық, әскери сала, шпионаж, миграция, қоршаған орта мәселелері және осы
тәрізді көптеген мәселелердің бәрі ұлттық қауіпсіздік мәселесінде үлкен
орын алады.
Ұлттық қауіпсіздікті жүзеге асырудағы мемлекеттік биліктің алатын орнына
келсек, бұл ұғым жоғары динамикалы және субъективті болғандықтан, оның
мәнін дәл көрсету қиындау. Әйтсе де, Гарольд және Маргарет Спрут өздерінің
Ұлттық биліктің негіздері (Foundations os National Power (Van Nostrand,
New York,1951)) кітабында мемлекеттік билік мына теңдеумен өлшене алады деп
көрсеткен: мемлекеттік билік = адам ресурстары + өмір сүру ортасы + азық-
түлік пен шикізаттар + құралдар мен дағдылар + қоғам + мораль мен саяси
әрекет + сыртқы шарттар мен жағдайлар.
Ұлттық қауіпсіздік теориясын түсіну үшін мемлекеттің тарихына, саяси
режиміне, идеологиясына назар аудару қажет, өйткені оның басымдықтары
мемлекеттің ішкі себептері мен әлемдегі жалпы саяси жағдайларға сай ауысып
тұрады. Мемлекет ең алдымен өзінің өміршеңдігінің тұрақтылығын ойлайды,
сондықтан да мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің концепциясы оған
бағытталған қатерлермен күресуге, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған.
Қауіпсіздік саяси және экономикалық дағдарыс жағдайында, қоғамның
деструктивтілігі және өзге де қатерлер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
әрекеттерінің шағын жүйелерінің мемлекеттік институттардың ұйымдастырушылық
ықпалымен өз мақсаттарын салыстырмалы алғанда дербес шеше алатын қабілетін
көрсетеді. Бұл тұғыдан алғанда не Қазақстан азаматтарының өмірінде, не
олардың қоғамы мен мемлекетінің тыныс-тіршілігінде орнықты тұрақтылық пен
қорғалғандық сезімі байқалмайды. Ол табысты мемлекеттің қоғамдық
қатынастарының дамыған жүйесінде ғана болуы мүмкін, тек осындай жағдайда
қауіпсіздіктің ықтимал қатерлеріне лайықты жауап бере алатын ғана емес,
өзінің жоғары сапа деңгейінің есебінен оларды басқара да алатын
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін жасауға болады.
Қатерлердің түріне сәйкес, ауқымдылығы, әлеуметтік ағзалардың
кеңістіктік-географиялық өзара ықпалының белгісі бойынша қауіпсіздіктің
мынадай геосаяси деңгейлері мен түрлерін ажыратуға болады: халықаралық
ғаламдық қауіпсіздік, халықаралық аймақтық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік,
жергілікті қауіпсіздік.
Ұлттық қауіпсіздік өз кезегінде: мемлекеттік қауіпсіздік, локалды
(аймақтық) қауіпсіздік, жеке (фирмалар мен жеке тұлғалардың) қауіпсіздік
деп бөлінеді. Белов П.Г. Методологические основы национальной безопасности.
Управление риском. М., 2000. – С.174.
Ұлттық қауіпсіздіктің түрлі аспектілері: ұлттық-мемлекеттік
қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, жеке тұлға қауіпсіздігі ұғымдарынан
тұрады.
Бірқатар жағдайларда күрделі құбылыстарды сипаттағанда және бірнеше
қауіп-қатерлерді бағамдауда қауіпсіздіктің құрама (комбинацияланған) немесе
шартты атауын қолданады. Қауіпсіздіктің құрама атауының мысалы ретінде
адамзаттың экологиялық қатерлерден қорғалу жағдайын сипаттайтын, кең
қолданылып жүрген ғаламдық экологиялық қауіпсіздік ұғымын келтіруге
болады. Қаупісіздіктің шартты атауының мысалы ретінде, мемлекеттің
қорғалғандығының дәрежесін көрсететін және экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық, қаржылық, ресурстық, ядролық, ақпараттық қауіпсіздік тәрізді
құрамдас бөлшектері бар ұлттық қауіпсіздік терминін алуға болады. Ұлттық
қаупісіздік ұғымы өзінің аясында бірқатар жекелеген қауіпсіздіктерді
біріктіре отырып, солардың негізінде мемлекеттік мүдделердің тек жекелеген
қауіп-қатерлерден ғана емес, сонымен қатар осы қауіптердің біріккен
әрекетінен қорғалу дәрежесінің күйін бағалауға толық мүмкіндік беретіні
түсінікті. Ұлттық қауіпсіздік ұғымына балама ретінде қауіпсіздіктің жеке
түрлерінің бірігуі мен қауіп-қатерлер пайда бола қалған жағдайда оған
біріге қарсы тұру шараларын сипаттайтын жаһандық қауіпсіздік ұғымы да
қолданысқа еніп отыр.
Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік саласындағы негізгі түсінік – геосаясат –
салыстырмалы түрде алғанда жас ғылыми бағыт және оның қалыптасуы әлі де
аяқталып болған жоқ.
Геосаясат дегеніміз – географиялық, саяси, экономикалық, әскери,
экологиялық, этникалық, демографиялық, діни және өзге де факторлардың
жүйелі түрдегі ықпалын ескере отырып, мемлекеттердің, аймақтың және әлемнің
даму процестері мен принциптерін зерттейтін ғылым. Мұндағы фактор – қандай
да бір процестің немесе құбылыстың қозғаушы күші болып табылады және
олардың сипаты мен жекелеген қырларын айқындайды. Кейбір мемлекеттер мен
аймақтардың қауіпсіздік мәселесін зерттеу, оларға тән геосаяси факторларды
бағамдау, жүйелеу және басқа мемлекеттер мен аймақтарға тән өзге
факторлармен салыстыру арқылы жасалатын жүйелі сараптамасыз толық және
лайықты болмас еді.
Геосаясат ғылымындағы басты түсініктерге геостратегиялық және геосаяси
аймақтар, геосаяси жағдай ұғымдары жатады. Геостратегиялық аймақ
дегеніміз – ғаламдық деңгейдегі маңызды және ықпалды сипаты мен функциясы
бар ірі географиялық кеңістік. Ол әлемнің белгілі бір бөлігінің аясындағы,
оның орналасуы, жүріп жатқан процестер, сыртқы сауда бағыты, мәдени және
идеологиялық байланыстары тұрғысынан алғандағы өзара байланыс пен өзара
тәуелділікті айқындайды. Геосаяси аймақ геостратегиялық аймақтың бір
бөлігі, ол географиялық ерекшеліктердің біркелкілігін сипаттайды.
Геостратегиялық аймақтың мысалы ретінде Шығыс Еуропа мемлекеттері мен
посткеңестік республикалар аумағын, Шығыс Азия мемлекеттері аймағы мен өзге
де бірқатар мемлекеттерді қамтитын еуразиялық құрлықтық әлемді келтіруге
болады. Геосаяси жағдайды географиялық, саяси, әскери, экономикалық және
өзге де жағдаяттарды ескере отырып қандай да бір аймақтағы немесе жалпы
алғанда әлемдегі қалыптасқан нақты жағдай ретінде қарастыра аламыз.
Жалпы алғанда, геосаясат бүгіндері саяси зерттеулерде өз дамуының
бастапқы сатысында тұрған қауіпсіздіктің жалпы теориясын біріктіріп,
макроәлемнің даму процестерін зерттеумен байланысты экономика, география,
әлеуметтану, әскери іс, экология және өзге де ғылыми пәндерді синтездеуші
ғылым рөлін атқарып отыр.

1.3 Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұғымы саясаттанудың категориясы
ретінде
Халықаралық қатынастардың мәселелерін зерттеуде қауіпсіздік ұғымы
ынтымақтастық ұғымымен тоғысады. Қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұғымдары – саясаттану мен халықаралық қатынастардың теориясын
байланыстырушы элемент. Халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейлердегі
саяси процестерді зерттеуде операциялық категория.
Танымал американ саясаттанушысы Г.Моргентау мемлекеттердің бәсекелестік
тәртібі мен олардың бұл күресте өздерінің мүддесін қорғауға ұмтылысының
алғашқы себептерін іздеді. Соған сәйкес ол әр мемлекеттің сыртқы саясаты
әскери стратегия мен дипломатияның көмегімен, ұлттық мүдденің негізінде
құрылады, осылайша оларға қауіп төндіретін басқа мемлекеттерге қарсы тұруға
бағытталады деп есептеді [2].
Ұлттық қауіпсіздік концепциясын алғашқылардың бірі болып американ
зерттеушісі У.Липпман жасады. Ол Ұлт соғыстан қашу үшін өзінің заңды
мүдделерін құрбан етпеген кезде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және
бұл мүдделерге қауіп төнген кезде оларды соғыстың көмегімен қорғауға дайын
деді.
Саяси реализм мектебінің өкілі А.Уолферс қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұғымының сәйкестілігінің қарастыра отырып былай дейді:
Қауіпсіздік – мемлекет аз немесе көп мөлшерде иеленетін құндылық. Ол күш
және байлықпен көп жағдайда ортақ. Күш пен байлық халықаралық істердегі екі
басқа маңызды құндылық.
Қауіпсіздік пен ынтымақтастық категорияларының байланысын негіздей
отырып А.Уолферс мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлерін ішке және сыртқа
бағытталған ынтымақтастықтар деп екіге бөлді. Оның көзқарасынша ішке
бағытталған ынтымақтастық белгілі бір әлеуметтік топтың ішіндегі
қатынастарды жақсартуға мемлекеттің ұмтылысын білдіреді. Мемлекетке жалпы
сыртқы қауіпке қарсы тұру үшін сыртқа бағытталған ынтымақтастық арқылы
білдіреді.
Неореализмнің негізін салушы Кеннент Уолц қауіпсіздікті тұлғаның
қауіпсіздігі, мемлекеттің қауіпсіздігі және әлемнің қауіпсіздігі деп
бөледі. Уолц мемлекеттің барлық әрекеттері қауіпсіздікке жетуге
бағытталған, сондықтан олардың сыртқы саясаты күштердің арасалмағына
бағытталып құрылады деп санады.
Ұлттық мүдде концепциясы базасында француз реалистері де өз
теорияларын жасады. Олардың алғашқыларының бірі Р.Аронның пікірінше
қауіпсіздік ұғымы – мемлекеттің өмір сүруінің негізі. Тағы бір француз
зерттеушісі Ж.Б.Дюрозель мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі байлыққа
жету, ал басты мақсаты - қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп санады.
Х.Минлер мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың алты себебін көрсетті:
1. Мемлекет басқа мемлекеттермен байланысқа потенциалды қауіп пен
қатерлерден қашу үшін барады, яғни мұны экономикалық, саяси, әскери
және т.б. қауіпсіздік үшін жасайды.
2. Ынтымақтастық қатысушылар минимумы бар және көзқарастар
сәйкестігінің үлкен мүмкіндігі бар жерде болады.
3. Барынша ұзақ уақыт бірлескен мемлекеттің ынтымақтастыққа қол жеткізуге
көп мүмкіндігі бар.
4. Мемлекетаралық сипаттағы әртүрлі мәселерді шешу үшін халықаралық
режимдер жасаушы мемлекеттер біртіндеп ынтымақтастыққа тартылады.
5. Мемлекетаралық бірлестіктерді зерттеуші арнайы институттар бар жерде
эксперттер халықаралық қатынастардың тамаша нұсқасы ретінде
ынтымақтастықты ұсынады.
6. Белгілі бір аймақтың геосаяси орталығы болып табылатын мемлекет басқа
мемлекеттерді қандайда бір мәселелерді бірігіп шешуге, яғни
ынтымақтастыққа тарта бастайды.
Интеграция терминін алғаш рет ХХ ғасырдың 30-жылдары неміс және швед
ғалымдары қолданысқа енгізді [3]. Әлеуметтік өмірде қолданылатын интеграция
ұғымы барынша кең мағынадағы анықтама және саяси, мәдени, экономикалық және
басқа салалардағы процестер мен құбылыстардың бір тобын қамтиды. Интеграция
топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сосын
интеграция әскери-саяси, ғылыми-техникалық, технологиялық болады, яғни
қазіргі социумның қызметінің әртүрлі жақтарын қамтиды.
В.Белокреницкийдің түсінігі бойынша, интеграция – аймақтық-саяси және
(немесе) ұлттық-мемлекеттік жүйенің сақталуы мен нығаю процесі [4].
Интеграциялық процестердің саяси негіздерін зерттеу көбінесе әртүрлі
елдердегі болып жатқан ішкі және сыртқы саяси процестермен байланысты.
Еларалық интеграциялық процестердегі саяси проблемалардың ерекшелігін
көрсету үшін зерттеушілер ”саяси интеграция“ ұғымын бөліп көрсетеді.
Саяси интеграция мәселесі бойынша әдебиеттің көп болғанына қарамастан,
мамандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климаттың өзгеруі, шөлейттену мәселелері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Пәндер