Web жүйесімен қатынас құру тәсілі


INTERNET ЖЕЛІСІ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тесілдерін іздестіреді. - Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер герминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионга жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society - Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетедаудеуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, өның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

Web жүйесімен қатынас құру тәсілі

Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UND операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWV браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу керек.

Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелеі теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.

Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 95 жүйесі өз Internet Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз. Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының, WWWcepвepi парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе,

http: // www. home. microsoft. com/int/ru

Internet Explorer терезесі көрсетілгендей болады. Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.

Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту - оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындагы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.

Қазақстанда ҚО жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді: ЖОО студенттері; орта мектептер оқушылары (әсіресе ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен ауылдарда) ; түрлі деңгей басқарушылары; аймақтық басқару органдары жетекшілері; жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар; екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлгалар; қандай да бір білімсаласындағы біліктілігін арттырғысы келетін түлғалар; қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т. б.

ҚО негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялары:

• оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;

• эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;

• студенттерді оқу-әдістемелік материалмен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Іпіегпеі желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар.

Іnternet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Іпіегпеі желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады.

Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алуға мүмкіндігі бар.

Форумда мұғалімдер әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар ұйымдастыра алады.

Интернет желісін және компьютерді пайдаланып сырттан (қашықтан) оқыту, тілті күндізгі бөлімде оқитын жастарды үздіксіз даралай оқыту тәсілі елімізде маңызды орын алып келеді. Ол үшін қажеттілер - қағазда дайындалған негізгі оқулық пен Интернет желісінде Веб-сайт түрінде дайындалған ықшамды электрондық оқулықтар. Электрондық оқулыққа енгізілетіндер:

1 . Тақырыптарды қайталап, білімді бекіту үшін дайындалған тестілік сұрақтардан туратын Веб-бет (сұрақтар тақырыптар мазмұнын мүмкіндігінше қамтуы тиіс) ;

2. Тесттілік сұрақтарға жауап беруге арналған және сәйкес тестілік сұрақтарга қайту мүмкіндігі енгізілген электрондық оқулық - гипермәтіндік Веб-беттер (білімді бекіту мәтіндері. Олар тақырыптарды толық түрде сипаттайтындай болуы тиіс, мұндай Веб-бетгер оқушылардың білімді меңгергенін өз бетінше бақылауға көмегін тигізетіні сөзсіз) . Кейбір сұрақтарға жауаптың бір бөлігі дайындалған Веб-беттерге енгізілмеуі де мүмкін. Бұл кезде оларды негізгі оқулықтан іздеу керек;

3. Дайындалған тестілік сұрақтарды пайдаланып, сынақ не емтихан алу үшін құрылған бақылау программасы.

Электрондық оқулықтың ерекшеліктерінің бірі - онымен жұмыс істеу сұхбаттық түрде жүргізіледі. Осының нәтижесінде оқушылар, студенттер өз білімдерін сұрақтар және бекітулер арқылы жеңіл түрде меңгереді.

Электрондық оқулық Веб-сайт түрінде дайындалатындықтан оның толық аты (адресі мен аты) бума түрінде бір Веб серверге орналастырылып қойылады. Веб-сайтқа енгізілетін Веб-беттер. htm кеңейтілуі бойынша сақталады.

Сонымен, сайт құрамында сұрақтар Веб-беті мен оларға сәйкес жауаптар беретін тақырып мәтіндерінен тұратын Веб-беттерді дайындау және оларга гиперсілтемелер орнату тәсілдері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
World Wide Web құрылымы
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі. Web - парақтарын көрсетуді басқару
ІNTERNET ЖЕЛІСІ жөніндегі аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET желісі
Internet желісі және элементтері
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Internet желісі және қауіпсіздігі
INTERNET желісін сипаттау
Internet ұғымы.World wide web туралы ақпарат
Іnternet желісі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz