Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-5

1 Бөлім. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері . . . 6-17

1. 1. Депозит - коммерциялық банктерде ресурстар базасын құрудың негізгі көзі . . . 6-10

1. 2. Банктік депозиттердің классификациясы . . . 11-17

2 Бөлім. Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі . . . 18-23

2. 1. Депозиттік операциялар басқармасы . . . 18-20

2. 2. Депозиттік операциялар есебі . . . 21-23

3 Бөлім. Депозиттік саясатты жетілдіру жолдары . . . 24-27

3. 1. Халық салымдарын сақтандыру қорлары . . . 24-27

Қорытынды . . . 28-30

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Коммерциялық ұйым түрлерінің бірі ретінде банктік мекеме (италиандық banco сөзін аударғанда тиын санайтын, оны алмастыратын дүкен, үстел) заңды және жеке тұлғалардың ақшалық қаражаттарын тартумен, осы қаражаттарды өз атынан және өз есебінен ақылы, жедел, қайтарымды және мақсатты жағдайында жайғастыру, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізумен шұғылданатын қаржылық несиелік институт. Оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құралады. Қаражаттарды тартуда екінші дәрежелі банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттелініп отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.

Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, халық және де басқа банктердің құралдарын салым (депозит) нысанында және осы салымға сәйкес шоттарды ашу арқылы тарту мүмкіндігін иеленеді. Банктер тартылатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі болып келеді. Олардың басты түрлері болып клиенттермен жұмыс істеу үрдісінде банкпен тартылған құралдар (депозиттер), меншікті борышқорлық міндеттемелерді (депозиттік және жинақ сертификаттарын) шығару жолымен шоғырландырылған құралдар.

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ─ бұл ресурстық базаның қалыптасуы. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлеуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамассыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында алдағы уақытта активтерінің көпшілік пайызы сыртқы көздерден құралған қазақстандық коммерциялық банктер үшін қор жасаудың негізгі көзі халық пен компаниялардың депозиттері ғана болады. Депозиттік базаның тұрақтылығы қазақстандық банктердің ресурстық базаларының орнықтылығын негіздейді. Дәл осы депозиттік базаның салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы мен өсу үрдісі соңғы айларда қазақстандық банк жүйесі орнықтылығының негізгі кепілдерінің бірі болып келді. Сонымен бірге, 1998 жылы болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттігін көрсетті. Осы курстық жұмыстың теориялық және практикалық негізін экономист ғалымдардың еліміздегі депозиттік саясаттың мәселелерін зерттеген материалдары, қазақстандық коммерциялық банктердің қызметін талдаған кездегі алынған материалдар, статистикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері құрайды. Дипломдық жұмыста ресурстарды тарту аясында коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасуының теориялық аспектілері, депозиттердің жіктелуі егжей тегжейлі қарастырылды, олардың ерекшеліктері, сонымен қатар екі тарап үшін де депозиттердің артықшылықтары мен кемшіліктері айқын көрсетілді.

Курстық жұмыстың мақсаты қазақстандық коммерциялық банктердің экономикалық тұрақтылығын күшейту үшін олардың депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар тізімін дайындап ұсыну.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:

  • Ақша несие қатынастары жүйесіндегі «Депозит» экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
  • Банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
  • Халық қолындағы салымдарды коммерциялық банктерге тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
  • Коммерциялық банктердің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарын анықтау;
  • Депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.

Зерттеу пәні коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.

Зерттеу объектісі: «Қазкоммерцбанк» ААҚ ның қызметі.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу үрдісіне көңіл бөлінген, депозиттік саясаттың қалыптасуы, оның кезеңдері зерттелген, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозиттік саясаттың ролі анықталған.

Сондай ақ осы жұмыстың екінші тарауында банк салымдарының және депозиттік операцияларының маңыздылығы мен банк алдындағы клиенттердің қаражатын салымға тартуды жақсартудың жолдары қарастырылды.

Клиенттердің банкке деген сенімін жақсарту мақсатында құрылған «Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорының» мақсаты, міндеті және қызмет атқару жолдары қарастырылды. Бұған қоса банктердің тұрақтылығын, сенімділігін және өтімділігі мен төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылды. Мұнда депозиттерді ұйымдастыру жолдары, яғни банк пен клиенттер арасындағы келісім, олардың құқықтары мен міндеттері қамтылды.

Жұмыста қазіргі уақытта коммерциялық банк алдында тұрған мәселелер қатары көрсетілді. Олардың ішінде банктің ресурстық базасының қалыптасу мәселесі және коммерциялық банктердегі азаматтар салымдарының қорғалу мәселелері қарастырылды.

1 Бөлім. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері.

1. 1. Депозит коммерциялық банктерде ресурстар базасын құрудың негізгі көзі

Депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша. Депозит латынның depositum сөзінен аударғанда - сақталуға берілген зат деген мағынаны білдіреді. Банк бұл қаражаттарды айналымға жібереді. Салымшыға пайыздық үлес төлей отырып, депозит банктің салымшы алдындағы қарызы болып табылады және салымшыға міндетті түрде қайтарылып беріледі. . Әлемдік тәжірибеде депозит бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың салымдар деп аталады. Есеп айрысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассивті меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10% - ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейде болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі:

  1. Банктер қаржылық рыногтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат соммасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
  2. Депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу тәуекелін төмендетеді.
  3. Банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, рыногта өтімділігі жоғары болады. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет.

Жоғарыда айтылып кеткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%- нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.

Депозиттер салымшы үшін әлеуетті ақша болып табылады. Салымшы үшін оның екі ролі бар. Бір жағынан ақша ролінде, екінші жағынан пайыз алып келетін капитал ретінде. Бірақ капитал алып келетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз алып келеді. Бұл төмендетілген пайыз кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынады: депозит бойынша төленетін пайыз банкпен әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алынатын пайызға қарағанда төмен болуы керек. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды. Сонымен депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, банк үшін де маңызы зор. Көптеген депозиттер банктерде несие капиталын құруға ықпал тигізеді, банк бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздар мен борышкерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма банк атқарған бос ақша қаражаттарын тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады.

Банк үшін пассивті операциялар өте маңызды. Пассивті операцияларға пассивті шоттағы ақша қаражаттарының ұлғаюына әсер ететін банктік операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер ақша рыногында несие ресурстарын таба алады.

Коммерциялық банктердің төрт түрлі пассивті операциялары бар:

  • Бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
  • Қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
  • Басқа да заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
  • Депозиттік операциялар.

Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі пассивті операциялар түрі екінші ірі ресурстар тобын қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды. Банктің меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігін 10%- ын жабады. Жалпы мемлекет банктердің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің тартылған қаражаты меншікті капитал мөлшернен аспауы керек.

Банктің меншікті капиталының мәні оның тұрақтылығын ұстау болып табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты арқылы жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерзімді активтерге салынатын салымның негізгі көзі болып табылады.

Банктердің төртінші пассивті операциялар тобы банктің тәжірибесінде депозиттік операциялары. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін рыногтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.

Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі. Бірақ жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу аясын қамтиды.

Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салған ақша қаражаттарының соммасын айтамыз.

Егер Қазақстан Республикасының рыногтік экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік рыногтің даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей түсіндіріліп жүр:

Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.

Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша рыногында ресурстарды иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал ретіндегі банк әрекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл салымға ақша қаражаттарын тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер немесе несие қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті депозиттер) операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құрылады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.

Депозиттік операциялардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстардың негізгі бөлігі құралады. Соңғы уақыттарға дейін Қазақстан Республикасында депозиттерді басқару мәселесіне дұрыс назар аударылған жоқ еді. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен қарастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша бөлінген, сонымен қатар мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік орындары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырылады. Бұның көптеген себептері бар. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды ғана талап етіп қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады. Үшіншіден, бұл салымдар белгілі деңгейде табыс алып келеді.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

  • Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау;
  • Депозиттік операцияларды жүзеге асыру;
  • Банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізіу;
  • Банк балансының өтімділігін жоғарғы дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылу; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Депозиттерді тартуға ірекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Депозиттер төмендегідей қызметтерді атқарады:

  1. Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір пайыз төлеу шартымен тарта отырып, оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.
  2. Ынталандыру қызметі - депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігін және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.
  3. Қор жинау қызметі - депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар - банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
  4. Банк ресурстарын құру қызметі - депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80% құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды.

Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз - бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құрылған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Банктің несиелік ресурстары - бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы тәуекелді операцияға), орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.

1. 2. Банктік депозиттердің классификациясы

Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысаны бойынша (1 сурет), салымшылар категориясы бойынша (2- сурет), мақсаттық арнаулы және табыстылық дәрежесі бойынша. Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша жіктелу реті 1, 2 суреттерде көрсетілген.

1- сурет. Кері алу нысаны бойынша депозиттер

2-сурет. Салымшылар категориясы бойынша депозиттер

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттары, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейін салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Есеп шот иесі оларды әр түрлі формаларда қолма қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай есеп шот ашып, салымшы банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді.

Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды. Әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Салымшының есеп шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші тұлғаларды жалпы қарастыратын болсақ, олар өз есеп шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген салымшылары өздерінің ағымдағы есеп шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген салымшылар өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл соммасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдақ сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі есеп шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады(1) . Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорренттік есеп шоттарды орналастыру мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында салымшы шоттағы қалдақ сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік дұрыс есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Салымшы кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайды, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте бірте шегеріледі. Қазіргі кезде салымшы келісім бойынша депозиттік есеп шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл есеп шоттар АҚШ та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін. Бұл есеп шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - есеп шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл есеп шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол есеп шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Депозит қаражатын басқару
Банктің депозиттік операциялары
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz