Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
5: 5
Кіріспе . . .: 1. Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
5:
Кіріспе . . .:
  1. Білім беруді ақпараттандыру . . .
5: 7
Кіріспе . . .: 1. 2 Қашықтан оқыту технологиясы
5: 8
Кіріспе . . .: 1. 3. Қашықтан оқыту жүйесінің типтері мен құрылымы
5: 20
Кіріспе . . .: 1. 4 Қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жүргізу.
5: 25
Кіріспе . . .: 1. 5 Қашықтан оқытудың технологияларын дидактикалық қамтамасыздандыру.
5: 26
Кіріспе . . .: ІІ. Электронды оқулықтарды жасау технологиясы
5:
Кіріспе . . .: 2. 1. Электрондың оқулықты пайдалану ерекшеліктері
5: 38
Кіріспе . . .: 2. 2 Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі . . .
5: 41
Кіріспе . . .: 2. 3 Электрондық оқулықтарды жасау технологиялары . . .
5: 46
Кіріспе . . .:
5:
Кіріспе . . .: III. Электронды құралды жасаудың программалық жабдықталуы.
5:
Кіріспе . . .: 3. 1 Delphi ортасының теориялық негіздері. Delphi - ді баптау.
5: 52
Кіріспе . . .: 3. 1. 1. Форманың қасиетін өзгерту. Формаға жаңа компоненттер орналасқан . . .
5: 53
Кіріспе . . .: 3. 1. 2. Оқиғаға жауапты қалыптастыру.
5: 55
Кіріспе . . .:

3. 1. 3. Delphi ортасының компоненттер палитрасы.

Формалар терезесі.

5: 58
Кіріспе . . .: 3. 2. Тесті жобасы.
5: 66
Кіріспе . . .: ІІІ. Қорытынды . . .
5: 70
Кіріспе . . .: ІҮ. Қолданылған әдебиеттер . . .
5: 72
Кіріспе . . .: Ү. Қосымшалар . . .
5: 74

Кіріспе

Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз - үлкен үміттің басты нышаны. Егемен ел болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан-2030 стратегиялық бaғдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім бepуді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда негізделген.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.

Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез - келген ақпарат көзін - анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т. с. с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет - бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.

Жоғары оқу орындарында ақпараттық оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту, электронды оқулықтар жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Осыған байланысты бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік бағыттарын анықтау, оқыту үдерісінде ақпараттандыру бағыттарын айқындауды жан-жақты қарастыру міндеті туындап отыр. Бұл міндеттің өзектілігі қоғамдық сұранысқа ғана емес, сонымен қатар жастардың ақпараттық қоғамның бүгінгі таңдағы жағдайларына орай өзін-өзі таныту, өзін анықтау қажеттілігіне де байланысты да айқындалады.

Осы орайда бүгінгі таңда педагогикалық және психологиялық әдебиеттерден жаңа компьютерлік технологияның енуімен және компьютерлік технологияның дамуымен байланысты қолданысқа енген «технология» ұғымын жиі кездестіруге болады. Ғылымда «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа арнаулы бағыт пайда болды. Бұл бағыт өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап АҚШ, Англияда бастауын алып, қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде тәжірибе жүзінде кең тарады. Педагогика ғылымында бұл терминнің пайда болып, бағыттың нақтылануын кездейсоқтық деп айтуға болмайды. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, Отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге талпынысы жоғары білім беру саласына жаңаша көзқарастарды қажет етіп отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ бәсекеге қабілетті, болашақ маман студенттерді даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «оқытудың жаңа технологияларын, оның iшiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгерiп отыратын қажеттерiне тез бейiмделуiне ықпал ететiн кредиттiк, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және тиiмдi пайдалану» - деп атап көрсетілген.

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі шетел және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылғанын анықтадық.

Зерттеудің нысаны. Жоғары оқу орындарының оқу үдерісі.

Зерттеудің пәні. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдану.

Зерттеудің мақсаты . Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын айқындап, оның моделі жасалса, онда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасқандығын көре аламыз, өйткені ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында білім беру жүйесінің сапалылығы қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдануды теориялық негіздеу.
  2. Жоғары оқу орындарында программалау негіздерін меңгеруде ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолдану программалау негіздерін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  1. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны қолданудың теориялық негіздері анықталды.
  2. Жоғары оқу орындарында программалау негіздерін меңгеруде ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттары айқындалды.

3. «С++ программалау тілі» пәнінен электронды оқулық версиясы жасалды.

Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

\

I. Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері

1. 1 Білім беру жүйесін ақпараттандыру

Білім беру процесі -ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.

Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

  • білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
  • өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  • методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
  • әдістер мен формаларын ұйымдастыру;
  • қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  • студенттің интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
  • өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпараттық оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс- әрекеттерін жүзеге асыру;

  • тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен студенттердің білім деңгейін бағалау.

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекомуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.

Компьютерді мектепте оқытуды тәжірибеге енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Бұл мәселелерді шешудің бірден-бір жолы - оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек. Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.

1. 2. Қашықтан оқыту технологиясы

Қашықтан оқыту технологиясы -оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту - компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.

Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынадай жетістіктерге ие:

  • Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
  • Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша) ;
  • Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
  • Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;
  • Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен) ;
  • Жаңа технологияларды қолдану;
  • Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан) ;
  • Барлық елдегі ақпараттық - оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
  • Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
  • Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады.

Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:

- Құрылымының ашықтығы . Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі
. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы Халықаралық стандартқа сәйкес келуі тиіс.

- Кеңейгіштігі . Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін көбейтуге мүмкіндік беру.

- Жан-жақтылығы . Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.

- Сенімділігі . Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.

- Үлестірімділігі . Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы
. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.

- Қолданушының ортақ интерфейсі . Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.

  • Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы тиіс.
  • Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық - бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.

- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.

- Қауіпсіздігі . Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.

- Басқару қарапайымдылығы . Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.

- Көпмәнділігі . Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі
. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.

Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:

1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.

Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы.

Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ - ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.

3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары.

Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.

4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.

ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР-ның Мемлекеттік білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.

5. ҚОЖ - де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.

Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.

6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.

ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т. б. жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.

7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары .

Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылатын болуы керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т. б. қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары
.

ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.

9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.

Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.

10. Білім берудің қағидалары.

Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның сана - сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.

1. 3. Қашықтан оқыту жүйесінің типтері мен құрылымы

Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсетуге болады. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың иелерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.

Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.

ҚО жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:

- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.

- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т. б. ) . ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек.

- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.

- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық -ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.

- Оқыту құралдары. ҚО білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
- Ғылыми -білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады.

- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.

Қашықтан оқыту үлгілері

Педагогикалық тәжірибеде танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т. б.

- ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді және т. б. қолданады. Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т. б. ) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Орта мектепте географияны оқыту
Музыка сабағында қашықтықтан оқытудағы компьютерлік технологиялар
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz