Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
ӘОЖ 378.018.43(574)
Қолжазба құқығында
НҰРБЕКОВ БАҚЫТ ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын
қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi
(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру)
педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде
орындалған
Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы
Е.Ө. Медеуов
педагогика ғылымдарының докторы
Е.Ы. Бидайбеков
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Т.О. Балықбаев
педагогика ғылымдарының докторы
С.С. Үсенов
педагогика ғылымдарының докторы
Ә.І. Тәжіғұлова
Жетекші ұйым: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
университеті
Қорғау 2010 жылы 27 тамыз күні сағат 14.30-да Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы
педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.08.04
біріккен диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы,
Мұратбаев көшесі, 200, 208 ауд., мәжіліс конференц -залы
Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университетінің (050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200)
және Ұлттық ақпараттандыру орталығының (050036, Алматы қаласы, Жандосов
көшесі, 61а) кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 26 шілдеде таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
А.К. Қозыбай
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында белгіленген Ұлттық инновациялық жүйені
жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды
көздей отырып, бұл үшін кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске
асыруды талап етеді.
Кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық
прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын
жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру қажет. Осыған орай,
қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде,
қашықтықтан оқытуды ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар
кадрларға деген сұранысты арттырады.
Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғасырдың ортасынан басталады. Қашықтықтан
оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде
аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем
түспейтіні белгілі болып отыр.
Қазірде қашықтықтан оқытудың әртүрлі білім беру сатылары үшін іске
асырылып қана қоймай, тіпті докторлық бағдарламалар бойынша да
аккредитацияланған қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.
Қазақстанда қашықтықтан оқыту, бүгінде, 20-дан астам оқу орындарында
эксперименттік режимде жүргізілуде. Республикада қашықтықтан оқыту
бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының (әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік университеті (ҚазМУ), Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық университеті (ҚазҰТУ), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті (ҚарМУ), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті (ПМУ), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық
университеті (ШҚТУ) және т.б.) тәжірибесі белгілі.
Алайда, қашықтықтан оқыту бірде оқыту формасы ретінде, бірде
қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқыту ретінде басқада бірқатар
жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстанда
бірқатар шетелдік оқу орындары (Лондон университеті, ТГУ, СГУ, ТИАСУР және
т.б) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда. 100 000-нан астам студенттері бар
қашықтықтан оқыту мекемелері мегауниверситеттерге айналып, қашықтықтан
оқытуды ірілендіруді көздеген бірлестіктер, консорциумдар құрылуда. Сол
сияқты елімізде Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ,
ИнЕУ сияқты Қазақстанның бірқатар оқу орындары кіретін, жалпы 40-тан астам
оқу орындарын біріктірген Сибирский открытый университет ассоциациясы
қашықтықтан оқытуды ірілендіруді көздейтін ашық білім беру бірлестігінің
мысалы бола алады.
Осыған байланысты ашық білім беру кеңістігіндегі бәсекелестік жағдайда
әлемнің алдыңғы қатарлы университеттер рейтингісіне еліміздің жоғары оқу
орындарының енуі үшін қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби
құзырлылығы деңгейінің жоғары болуы өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Кәсіби даму менеджменті тұжырымдамасы (А.И.Каптеров) оның әдіснамалық,
тарихи, теориялық, технологиялық негіздерінің болуын қажет етеді. Салалық,
жүйелік, іс-әрекеттік және ақпараттық-коммуникациялық әдіс-тәсілдер кәсіби
қызмет дамуының әдіснамалық негізі болып табылады. Сол себепті,
оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және
әдіснамалық негізі жүйелік, іс-әрекеттік және ақпараттық-коммуникациялық
тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Кәсіби қызметтің еңбек субъектісі, еңбек құралдары мен еңбек пәнін өзара
байланыстыратын тұлғааралық қатынастар аясындағы үрдіс ретінде
қарастырылатыны белгілі. Сондықтан, еңбек қызметі мен оның жүзеге асырылу
шарттарын біріктіре негіздеу теориялық тұрғыда маңызды болса, ал еңбекті
технологиялық тұрғыдан бөліп қарау кәсіби қызметті дамытуда практикалық
тұрғыда маңызды. Олар біріге отыра, кәсіби құзырлылықты қалыптастырудың
ғылыми-практикалық негізін құрайды.
Әрине, педагогика ғылымында кәсіби құзырлылық ұғымы жалпы анықталған.
Біздің жағдайда оқытушылардың қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылығы
- бұл оқыту барысында қалыптасып, қашықтықтан оқытуды кәсіби тиімді
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды қасиеттер жиынтығы, сонымен
қатар, кілттік, жалпы кәсіби, сол сияқты арнайы ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылықтары жүйесін толықтыратын жүйе құраушысы ретінде оқытушылардың
қашықтықтан оқыту кезінде іске асырылып, кәсіби іс-әрекеттер барысында
дамитын интерактивті сапа.
Қашықтықтан оқыту ұғымына ғылыми-әдістемелік әдебиетте әртүрлі
анықтама берілген. Осы зерттеу шеңберінде қашықтықтан оқыту ретінде,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан оқытудың арнайы
дидактикалық құралдары негізінде ұйымдастырылатын оқыту формасын
қарастырамыз.
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуы
қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесінің, яғни мақсаты, мазмұны,
әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлерінің ақпараттандыру үдерісінің
деңгейіне сәйкес болуын талап етеді.
Білімді ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту мәселелерін шешуде
Қазақстанда Г.К.Нургалиева, С.С.Құнанбаева, Б.Б.Баймұханов, Е.У.Медеуов,
Д.М.Жүсібалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, В.В.Гриншкун, Е.А.Нәбиев,
Ж.К.Нұрбекова, А.Т.Шәкілікова, С.С.Үсенов, Г.Б.Ахметова, А.И.Тәжіғұлова,
Ж.М.Тусубаева және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, келесі
шетел ғалымдарының Дейкстра, П. Деннинг, Д.Коллинс, Д.Кнут, С. Пейперт,
Б.Хантер, И.В. Вострокнутов, С.Г. Григорьев, В.П.Демкин, С.А.Жданов,
А.Ю.Кравцова, Г.А. Краснова, В.В. Лукин, Е.С.Полат, И.В. Роберт,
И.Н.Скопин, О.Г.Смолянинова, А.Н.Тихонов, И.И.Трубина, С.А.Щенников және
т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Алайда, қашықтықтан оқытуды талдау, білім беру мекемелерінің көбінде
қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық-коммуникация құралдарын ғылыми
-педагогикалық негізде қолдану тәжірибелерінің, оның үстіне, ол бойынша
зерттеулердің де жеткіліксіздігін көрсетті. Тағы да бір шешімін таппай
жүрген мәселе ретінде қашықтықтан оқытуда қолданылатын қолда бар
ақпараттандыру құралдарының шашыраңқылығы мен олардың сапасының
күмәнділігін айтуға болады.
Қашықтықтан оқыту бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектер мен тәжірибелерді
зерттеу желілік оқу-әдістемелік кешендерді таратудағы кемшіліктермен қатар,
қашықтықтан оқыту жүйесінің әртүрлі синхронды және асинхронды режимдерінде
қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру деңгейінің төмендігі, желілік оқу
материалының құрылымдалмағандығы, ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан
оқыту ерекшелігіне сәйкес жүйеленбегендігі сияқты келеңсіздіктерді
көрсетті.
Қашықтықтан оқыту құралдары ақпараттандыру құралдары ретінде арнайы
әдістемелік және технологиялық тәсілдерді талап етеді, ал бұл, өз
кезегінде, оқытушылардың кәсіби құзырлықтарына қашықтықтан оқыту
тиімділігіне әсер ететіндей маңызды талаптар қояды.
Қашықтықтан оқыту жүйелерінің стандартталған, қажет қызметтері толық
қамтылған, қазіргі оқу орындарының жергілікті талаптарына сәйкес жасалынған
қашықтықтан оқыту жүйесінің, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту барысында
ақпаратық-коммуникациялық технологияларға ғылыми түрде негізделген
қолданбалы ресурстарды пайдалану әдістемесінің жоқтығы қашықтықтан оқыту
бойынша педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
мүмкіндіктерін интеграциялап, әмбебап пайдалануға құзырлы оқытушыларды
дайындауды қажет етеді.
Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысы оқыту
үдерісінің бастапқы құраушысы болады. Осыған байланысты, қашықтықтан оқыту
сапасына оң әсер ететін тәсілдерді, оның ішінде, кәсіби құзырлы жеке
тұлғаға бағытталған тәсілді іске асырудың қажеттігі туындайды.
Жоғарыдағы айтылғандар қашықтықтан оқыту бойынша, бір жағынан,
оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру қажеттілігі, ал, екінші
жағынан, педагогикалық, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
негізінде қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын
қалыптастырудың ғылыми тұрғыдағы әдіснамалық негіздерінің жоқтығы арасында
қарама-қайшылық бар екенін көрсетеді.
Осы келтірілген қарама-қайшылықтан қашықтықтан оқыту бойынша
оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың қандай педагогикалық,
ғылыми-әдістемелік қажетті және жеткілікті шарттары бар, сондай-ақ
теориялық және әдіснамалық негіздері қандай деген зерттеу мәселесі
туындайды.
Жоғарыда келтірілген оқытушылардың қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби
құзырлылықтарын қалыптастырудың қажеттігі мен көрсетілген қарама-қайшылықты
шешу зерттеу тақырыбының көкейкестілігін білдіреді.
Зерттеу мақсаты – қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби
құзырлылықтарын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерін жасау
және оларды жүзеге асыру.
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту бойынша
оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні – қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби
құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері.
Зерттеудің болжамы: егер, қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби
құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерінде:
- қашықтықтан оқыту әдістерінің даму тенденциялары айқындалып, жеке тұлғаға
бағытталған тәсіл негізінде қашықтықтан оқыту моделі жасалса,
- қашықтықтан оқытудың анықталған тенденциялары ескеріліп, жеке-тұлғаға
бағытталған оқытуды іске асыруды көздей отыра, ұсынылған қашықтықтан
оқытудың моделін жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың
кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясы негізделсе,
- педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттық
интеграциялау негізінде қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын
интеграциялау арқылы пән мазмұнына сай қашықтықтан оқыту құралдары
жасалып, қашықтықтан оқытуды басқару жүзеге асса,
- белгілі бір ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен оқыту
әдістерін үнемі жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту құралдарын
жасаудың информатика-математикалық әдістері анықталып, апараттық-
коммуникациялық технологиялардың, пәндік саланың ерекшеліктерін ескеретін
қашықтықтан оқыту әдістемесі жасалынса,
- қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық
технологияларының даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды қашықтықтан
оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдың
әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары жасалынса,
онда қашықтықтан оқытудың ерекшелігін, студенттердің кәсіби дайындығының
бағыты мен оқылатын пәндердің ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтың
қажетті деңгейде қалыптасуы қамтамасыз етіледі, өйткені, құзырлылық тұрғыда
жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесі іске
асырылады.
Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамы келесі зерттеу міндеттерін
қойып, шешу қажеттігін анықтады:
- қашықтықтан оқытудағы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар ерекшеліктерін қарастырып, қашықтықтан оқыту жағдайын
оқып талдау;
- қашықтықтан оқытудың қазіргі даму тенденцияларын анықтай отыра, оларды
қашықтықтан оқыту үшін ақпараттандыру құралдарын құралдарын жасау мен
оларды қолдану ерекшеліктерін айқындау;;
- есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың динамикалық
дамуы негізінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық
негіздерін жасау;
- қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-математикалық
әдістерін анықтау;
- қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын
қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;
- қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық
технологиялардың даму тарихы мен логикасына сай қашықтықтан оқытуды
ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдың әдіснамасы
бойынша оқытудың арнайы курстарын жасау;

қалыптастырудың құралдары мен әдістерін, жасалынған әдістемесін
эксперимент жүзінде сынақтан өткізіп, оқытушыларда қашықтықтан оқыту
бойынша кәсіби құзырлылықтың қажетті деңгейде қалыптасуының қамтамасыз
етілетіндігін көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы – қашықтықтан оқытудың даму тенденцияларын
ескеретін, қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын
қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерін жүзеге асыру
қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастырудың негізгі факторы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін педагогикалық білімнің
әдіснамасына арналған іргелі дидактикалық зерттеулер, атап айтқанда
(В.В.Краевский, П.И.Пидкасистый), білім берудің тұтастығы (В.С.Ильин,
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин), жүйелілік тәсіл (И.Д.Зверев, Н.В.Кузьмина),
кәсіби даму менеджменті тұжырымдамасы (А.И.Каптеров), қабылдау нысанын
категориялау мен ойлау әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясы
(В.П.Беспалько, В.С.Леднев), білім берудегі ақпараттық-телекоммуникациялық
құралдарын қолдану әдіснамасын (И.В.Роберт, О.К.Тихомиров, М.П.Швецкий),
ашық білім беру әдіснамасы, қашықтықтан оқыту теориясы (Е.С.Полат,
С.А.Щенников) және басқа теориялар мен әдістер құрайды.
Зерттеу базасы. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қашықтықтан оқыту
факультеті, біліктілікті арттыру факультеті, білім беруді ақпараттандыру
орталығы және басқа қашықтықтан мамандарды дайындайтын факультеттер, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика
факультеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының физика-
математика факультеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-
математика факультеті мен аймақтық мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру
орталығы.
Зерттеу көздері ретінде зерттеу мәселесіне қатысты философтардың,
психологтардың, педагогтардың ғылыми-зерттеу еңбектері, Қазақстан
Республикасының ресми, нормативті құжаттары, (Қазақстан Республикасы “Білім
туралы” заңы, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы), қаулы-қарарлары, қашықтықтан оқытуға арналған
оқу-әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, білім беру порталдары
алынды.
Зерттеу мәселелерін шешу барысында келесі ғылыми-зерттеу әдістері
қолданылды: білім беруді ақпараттандыру, ашық білім беру мен қашықтықтан
оқыту бойынша отандық және шетелдік ғылыми еңбектерді зерттеп талдау,
сонымен қатар, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу
құралдарын талдау, жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары мен
нормативтік құжаттарын талдау, әңгімелесу, бақылау, дәрістік және
практикалық сабақтарды жүргізу, оқытудың әдістемелік жүйесін модельдеу,
тәжірибені талдау және жалпылау, педагогикалық зерттеулер мен
эксперименттер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қашықтықтан оқытуды теориялық-әдіснамалық талдау негізінде қашықтықтан
оқыту әдістерінің даму тенденциялары анықталды;
- жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту моделі жасалды;
- қашықтықтан оқытудың анықталған тенденцияларын ескеріп, жеке-тұлғаға

оқытудың моделін жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту бойынша
оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясы негізделді;
- қашықтықтан оқытудың жеке-тұлғалық тәсілге негізделген педагогикалық
және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын ақпараттық

интеграциялау бойынша пән мазмұнына сай қашықтықтан оқыту құралдарын
жасап, пайдалану арқылы қашықтықтан оқытуды басқарудың қажеттігі
анықталып, жүзеге асырылды;
- берілген ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен оқыту

жасаудың информатика-математикалық әдістері анықталды;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, пәндік саланың
ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқыту әдістемесі жасалды;
- қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық
магистральдың әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары
жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша
зерттеу нәтижелеріне талдау жасап, қашықтықтан оқытудың даму тенденцияларын
анықтаудан, оқытушыларды қашықтықтан оқытуды жеке тұлғаға бағыттап
жүргізуге дайындаудың мазмұны мен қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби
құзырлылықты қалыптастыру әдістемесін жасаудан, білімді ақпараттандыруды
педагогика ғылымының саласы, ғылыми практикалық іс- әрекет ретінде,
кадрларды дайындаудың бағыты ретінде қарастырып, дамытудан тұрады. Сонымен
қатар, жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытуды интеграциялау
тұрғысынан жүргізу мүмкіндігі көрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан
оқыту моделі қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын
қалыптастыруда қолданылатындығымен қатар, қашықтықтан оқытуды бағдарламалық-
әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыруда оқу материалдарын іріктеп,
логикалық құрылымдаудың, қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-
математикалық әдістерінің ұсынылуында. Ұсынылған әдістеме қашықтықтан оқыту
бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлықтарының деңгейін арттыруға барынша
мүмкіндік береді.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің шынайылығы жүргізілген тәжірибелік
эксперименттік жұмыстың кең ауқымымен, Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу
орындарынан алынған сарапшы ғалымдардың қатысуымен, сонымен қатар, зерттеу
пәніне және қойылған міндеттерге сай жасалынған қашықтықтан оқытудың
аспаптары, технологиялары мен әдістерін ендірудің оң нәтижелі көпжылдық
тәжірибесімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2006-2007 жылдар) зерттеу мәселесі бойынша
философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге
талдау жасалынды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты айқындалды.
Екінші кезеңде (2007-2008 жылдар) оқытушыларды қашықтықтан оқыту бойынша
дайындау жолдары, сонымен қатар қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың
кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
Үшінші кезеңде (2008-2010 жылдар) оқу-әдістемелік кешені дайындалып,
тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарында
практикаға енгізілді. Бұл кезеңде теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк
зерттеулерден алынған нәтижелер қорытындыланып, жүйеленді. Диссертацияны
талапқа сай рәсімдеумен аяқталды.
Қорғауға ұсынылатындар:
- қашықтықтан оқытуды теориялық-әдіснамалық талдау негізінде анықталған
қашықтықтан оқыту әдістерінің даму тенденциялары;
- жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту моделі оқытушылардың кәсіби
құзырлылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясының негізделуі;
- жеке-тұлғалық тәсілге негізделген қашықтықтан оқытудың педагогикалық

интеграциялау негізінде, қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын

жасап, пайдалану арқылы қашықтықтан оқытуды басқарудың қажеттігі және
оның жүзеге асырылуы;
- белгілі бір ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен
оқыту әдістерін үнемі жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту
құралдарын жасаудың анықталған информатика-математикалық әдістері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен пәндік саланың
ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқытудың жасалынған әдістемесі;

технологияларының даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды

магистральдық әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Диссертация мазмұны
және оның негізгі қағидалары халықаралық ғылыми конференцияларда:
Математикалық модельдеу және білім беру мен ғылымдағы ақпараттық
технология, IIІ (Алматы, 2005), Халықаралық 11-ші жоғары оқу орындары
арасындағы математика және механика бойынша конференция (Астана, 2006),
АКТ жаңартпашылық қоғам дамуының негізгі факторы ретінде (Өскемен,
2007), Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде ғылыми-технологиялық және
экологиялық проблемаларды математикалық модельдеу (Астана, 2007), Физика-
математикалық пәндерге оқытудың теориясы және әдістемесі, (Алматы, 2007),
Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық
технологияларды пайдалану (Қызылорда, 2007), Аймауытов тағылымы
(Павлодар, 2007), Посткеңестік кезеңдегі саяси ғылымның қалыптасуы мен
дамуы: тәжірибелер, проблемалар мен ізденістер (Павлодар, 2008), Білім
берудегі АКТ (Екатеринбург, 2009), III Торайғыров оқулары (Павлодар,
2009), АКТ дамуындағы ашық қашықтықтан білім берудің келешегі (Алматы,
2009), Дифференциалдық теңдеулер, анализ және алгебра проблемалары
(Ақтөбе, 2009), Педагогикалық білім-Қазақстанның интелектуалдық және
инновациялық ресурсы (Семей, 2009), Біріңғай білім беру ақпараттық орта:
проблемалары және даму жолдары (Томск, 2009) және республикалық ғылыми
конференцияларда: Педагогикалық білім бәсекеге қабілетті мамандарды
дайындаудың негізі іспетті (Павлодар, 2009), Ғылым мен өнеркәсіптің
ықпалдасуы - ҚР экономикасы дамуының шешуші факторы (Павлодар, 2005), V,
VІІ,VІІІ, IX, X Сәтбаев оқуларында (Павлодар, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010)
баяндалды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, 5 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың Қашықтықтан оқыту мәселесін теориялық және әдіснамалық талдау
деп аталатын 1-ші бөлімінің Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесін шолу және талдау атты 1.1 тармағында қашықтықтан оқытудың
пайда болуы және қалыптасу тарихын талдау, оның жеке тұлғаның креативті
ойлауын қалыптастыруға және интелектуалды дамуына әсер ететіні және
қашықтықтан оқытуға сұраныстың артып келе жатқаны көрсетілді.
Әлемнің 120 елін қамтып, оқу курстарын құрастыруда және білім беруде 5
000 оқытушы қатысатын қашықтықтан білім берудің Француз ұлттық орталығының
(CEND), жылына білім алушылардың саны 130 000 мыңға жуық, 60-тан аса оқу
орталықтары бар Испания қашықтықтан білім беру Ұлттық университеті (UNED),
АҚШ-тағы 1500 колледж және TV консорциумынан тұратын бұқаралық телехабар
(PBS TV) жүйесі, тәжірибесін виртуалды университеттің тұжырымдамасын
жасауда ЮНЕСКО қолданған, қашықтықтан білім беру саласында ең беделді
университеттердің бірі- Пенсильван университеті (Penn State University),
сондай-ақ, Америкада барлық қашықтықтан білім беру бағдарламаларының
төрттен бірін құрайтын қашықтықтан білім беру бизнес-бағдарламаларын жүзеге
асыратын General Motors, J.C.Penny, Ford, Wal-Mart, Federal Express
компанияларының жеке корпоративті білім беру желілері арқылы
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру мен осы мақсаттар үшін
IBM корпорациясы ішкі спутниктік білім беру желілерін қолдану тәжірибесі
және жылына 22000 мыңға жуық адам оқитын Голландия ашық университеті (Open
University the Netherlands), жылына 200 000 мыңға жуық адам оқитын
Ұлыбритания ашық университетінің (the Open University) және т.б. оқу
орындарының тәжірибесін зерттеу барысында әлемде қашықтықтан білім беру оқу
орындарының бір профильді, екі профильді және аралас болып табылатын үш
типі, қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні аккредиттелген қашықтықтан оқыту дәстүрлі
білім берудің эквиваленті және қашықтықтан оқыту шетелдерде докторлық
бағдарлама бойынша да өте танымал болып табылатыны анықталды. Қашықтықтан
оқытудың дамуы үшін оқытушылардың біліктілігін көтеру, ақпараттық
кеңістікті құру, бар оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту технологияларын
интеграциялау, қашықтықтан оқыту курстарын жасау, стандарттарды жасау
мәселелері шешілуі тиіс екені анықталды.
Жұмыстың Қазақстанда қашықтықтан оқытудың қалыптасуы мен даму
ерекшеліктері атты 1.2 тармағында қашықтықтан оқыту бастапқыда оқытудың
формасы ретінде анықталып, бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту технологиясы
ретінде қарастырылуына байланысты өзінің дамуында жергілікті мәселелердің
туындайтыны көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту бойынша нормативті құжаттар
мен ғылыми еңбектерге талдау нәтижесі қашықтықтан оқыту оқытудың формасы
ретінде де, қашықтықтағы техникалық білім берудің аймақтық орталықтары,
сырттай-қашықтықтағы технологиялар құралдарының көмегімен сырттай-
қашықтықтағы факультеттер, қашықтықтан оқытудың желілік технологиялары
негізінде білім беру бағдарламаларын енгізу тәсілдері ретінде де
қарастырылғанын көрсетті. Алайда құжаттардың санына қарамастан қашықтықтан
оқыту қазіргі кезде қашықтықтан оқытудың әлемдік деңгейінен қалып отыр.
Елімізде қашықтықтан оқытудың эксперименттік ұйымдастырылуы жоғары оқу
орындарының ақпараттық-білім беру орталарын жасау әдіснамасын анықтауға
мүмкіндік берді.
Қазақстандағы бірқатар жоғары оқу орындарының білім беру порталдары
(www.kaznu.kz, www.kstu.kz, www.ablaikhan.kz, www.ntu.kz, www.techkz.kz,
www.sdo.ukgu.kz, www.ukgu.kz, www.ektu.kz, do.ektu.kzdoektu,
www.agakaz.kz, www.dku.kzdkuwikikz, www.kaznpu.kz, www.keu.kz, vp.keu.kz,
www.tarmpi.kz, www.turan.edu.kz, www.marketingkam.kz, www.kbtu.kz,
www.psu.kz, www.dl.uib.kz) жасалып, даму үстінде.
Қашықтықтан оқыту бойынша жоғары оқу орындарының қызметтерін оқып-үйрену
нәтижесі Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамыту үшін:
- қашықтықтан оқыту саласында мамандарды даярлаудың бірыңғай
әдістемесін;
- жоғары оқу орнының алдыңғы қатарлы оқытушыларынан жасақталған
педагогикалық құраманы қамтамасыз ету;
- контингентті есепке алудың бірыңғай жүйесін және білім беру үдерісін
басқару;
- оқу үдерісінің бірыңғай техникалық және әдістемелік қорын;
- электрондық түрде (медиатека) ақпараттардың көздерін қамтитын
виртуалды кітапхананың бірыңғай каталогын;
- оқытушылардың біліктіліктерін арттырудың және аттестациялаудың жалпы
жүйесін;
- электрондық пошта және бейнеконференция құралдарының жалпы
университеттік жүйесін қамти отырып, оқу үдерісін жүргізудің
әдістемелік құралдарының барлық пакеттеріне қатынаудың тең
мүмкіндігін;
- жоғары оқу орнының қызметіне қызығушылық танытқан мекемелер мен
ұйымдардың (салалық, аймақтық және т.б. ұстанымдар бойынша)
мамандарының біліктілігін арттыру және оларды кәсіби қайта даярлаудың
жалпы жүйесін жасау қажет екендігін көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы қашықтықтан оқыту жағдайын талдауды
қашықтықтан оқытудың әлемдік масштабынан бөліп алып қарастыра алмаймыз,
себебі, Қазақстанның білім беру кеңістігінде қашықтықтан оқыту формасын
жүргізетін әлемдік деңгейдедегі шетел оқу орындары жұмыс істейді.
Е.С.Полат, В.П.Демкин, Г.В.Можаеваның зерттеулерінде жалпы әлемдік
деңгейде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша Қазақстанның алатын орны
оң қырынан көрсетіліп, қашықтықтан оқытуды оқыту формасы ретінде (2007
жылға дейін) қарастырған жөн деп атап өтілген.
Жұмыстың Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың мәні, мазмұны мен
ұғымдары атты 1.3 тармағында қашықтықтан оқыту бойынша бірқатар
зерттеулерді талдау негізінде (А.А.Андреев, Е.С.Полат және т.б.) бізді
қызықтыратын ұғымдық аппарат қарастырылды. Әдебиеттерді талдау
(А.А.Андреев, Е.С.Платон, Ю.А.Первин, А.В.Хуторской) көрсеткендей,
қашықтықтан оқыту кезінде студент пен оқытушы бір-бірімен кеңістік бойынша
бөлінеді, бірақ әрқашан бір-бірімен байланыста болады, арнайы әдістер
арқылы оқыту курсының құрылымын, бақылау формасын, қатынас әдістерін
негізгі Интернет – технологиясы көмегімен ұйымдастырады.
Қашықтықтан оқыту – жаңа оқыту формасы (Е.С.Полат), ал қашықтықтан оқыту
формасын анықтайтын негізгі факторлар:
- оқытушы мен студентті қашықтық бойынша, тым болмаса, оқу үдерісінің
үлкен бөлігіне бөлу;
- оқытушы мен студенттің мүмкіндіктерін біріктіретін және курстың
мазмұнын меңгеруге мүмкіндік беретін оқу құралдарын қолдану;
- оқытушы мен студент, курс басқарушысы мен студент арасындағы
интерактивтілікті қамтамасыз ету;
- студенттердің өзін-өзі бақылау деңгейін арттыру болап табылады.
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары – оқыту әдістері мен
тәсілдері, материалдар, оқытушымен тікелей қатынас жасаудың шектеулігін
ескеретін оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері.
Қашықтықтан оқыту – оқыту субъектілерінің орналасуы кеңістік және уақыт
бойынша индифференттелген, оқу құралдары, оқытушы мен студенттердің
интерактивті (сұхбаттасу), асинхрондық немесе синхрондық өзара іс-
әрекетінің мақсатты үдерісі.
Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – бұл электрондық
дидактикалық құралдарды және телекоммуникацияны қолдану арқылы тікелей және
тікелей емес қатынас жасаудың педагогикалық технологиялары болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары – оқу материалдарын
жасау, беру және сақтау технологиялары, қашықтықтан оқытудың оқу үдерісін
ұйымдастыру және сүйемелдеу; студентке оқу ақпаратын беру және оқытушы мен
студенттер арасындағы қатынасты қашықтықтан ұйымдастыру әдістері.
Сонымен, қашықтықтан оқытудың қалыптасуы мен дамуын тарихи, теориялық-
әдіснамалық талдау негізінде қашықтықтан оқытудың келесі даму тенденциялары
анықталды:
- қашықтықтан оқытуда оқу орны өзіне бәсекелес оқу орындары мен
қарым қатынасқа өтуі, қашықтықтан оқытудың консорциумдары
құрылып, қашықтықтан оқыту бірлестіктерінің құрылуы, оқу
орындарының жергілікті, автономды, жеке ұйымдастырылған
ақпараттық білім беру орталарының бірегей ақпараттық білім беру
ортасына бірігуі, ұлттық, халықаралық деңгейде ақпараттық білім
беру орталарының пайда болуы қашықтықтан оқытудың ірілендіру
бағытында даму тенденциясын анықтайды;
- білім берудегі бәсекелестік: әртүрлі елдердің білім беру
орындарына пайдалылығы, керектігі және тиімділігін оқу орындары
мен оқытушылардың үнемі дәлелдеуі қажет, ал, қашықтықтан оқыту
білім беруді жаһандандырудың субъектісі ретінде интернационалдық
коммуникативтік кеңістіктің дамуына ықпал ете отырып, өзіне жаңа
жағдай туғызып, өз дамуына ықпал етуі қашықтықтан оқытудың
интернационалдық бағытта даму тенденциясын береді;
- ашық білім беру кеңістігінің дамуы қазіргі қашықтықтан оқытудың
инновациялық дамуын береді, сонымен қатар, өзінің дамуына ішкі
және сыртқы кедергілердің күшеюі қашықтықтан оқыту бойынша
негізгі ұғымдардың трансформациясына әкеледі;
- қашықтықтан оқытуда оқытушының ролі оқу ақпаратын
тасымалдаушыдан, білім алушы топтың, жеке тәлімгердің
жаттықтырушысы, жетекешісі қызметіне өтуі, білім алушының жеке
өзіндік жұмыс үлесінің өсуі, сондай-ақ, оқытуда қызметтік
дайындаудан жеке тұлғаның дамуына бет бұруы анықталды, ал бұл
білім алушылардың оқуға деген өзіндік іс-әрекеті қашықтықтан
оқытудың АКТ құралдарын қолдануда дамып, белсенділіктері арта
түсетіндіктен қашықтықтан оқытудың жеке тұлғаға бағытталып
дамуының тенденциясын көрсетеді;
- білім беруді ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан оқытуда
қолданылуы, оның ішінде оқыту әдістері мен оқытуды ұйымдастыруда
қолдану жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болуы, сондай-
ақ, қысқа мерзімде динамикалық өзгеріп отыратын желілік оқуды
жобалап, ұйымдастыруда эмпирикалық әдістердің әлсіз болуы
себепті, информатика-математикалық әдістерін қолдану қажеттігі
қашықтықтан оқытудың инновациялық бағытта даму тенденциясын
береді;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайында АКТ- оқыту әдістері мен
оқытуды ұйымдастырудың тиімді құралы болатыны, АКТ құралдарын
қолдану ақпараттандыру жағдайына бейімделуге қажет білім,
біліктілік пен дағдыны қалыптастыру АКТ-ның оқыту үдерісіне
интеграциясы жағдайында ғана жүзеге асатындықтан, АКТ мен
педагогикалық технологиялардың интеграциялануы бағытында
қашықтықтан оқытудың даму тенденциясы анықталды;
- алдыңғы тенденцияның салдары болып, вербальдық, визуалдық және
модульдік ойлаудың интеграциялануы бағытында қашықтықтан оқытудың
даму тенденциясы анықталды.
Жұмыстың Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде жоғары оқу
орындарында қашықтықтан оқыту моделі деп аталатын екінші бөлімінің Жеке
тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың моделі атты 2.1 тармағында
қашықтықтан оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуын ұсыну үшін оның құрылымы
мен негізгі компоненттерін көрсететін ой, яғни ұғым, қатынас, функциялар
және ерекшеліктер, осыған байланысты қашықтықтан оқытуды біртұтас етіп
көрсететін негізгі ұғымдар қарастырылған.
Концептуалдық модельдер ұғымдардан және ұғымдар арасындағы қатынастардан
жасалған құрылым болатындықтан, оларды деңгейлерге бөліп қарастыруға
болады. Қашықтықтан оқыту білім беру кеңістігіне әртүрлі орталарды яғни
білім беру, кәсіби, әлеуметтік салаларды біріктіретін жүйе сияқты жасалады.
Осыған байланысты, қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың барлық құралдарын,
әдістерін, формасын анықтауға болады. Қашықтықтан оқытудың негізін
педагогикалық, ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
құрайды.
Қашықтықтан оқытуды іс-әрекетті ұйымдастыру тұрғысынан анықтайтын
қашықтықтан оқытудың концептуалдық моделі 1 кестеде берілген.
Кесте 1- Қашықтықтан оқытудың концептуалдық моделі
Деңгей Деңгейлер атауы Жүйені құраушы компоненттердің сипаттамасы
нөмірі
3 деңгейҚашықтықтан 1) қашықтықтан оқыту қызметкерлерінің біліктілігін
оқытуды дамыту арттыруды ұйымдастыру;
және ұйымдастыру2) қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметтік
тәсілдерінің мүмкіндіктеріне әсер ететін факторларды табу және
жүйесі қолдау;
3) қашықтықтан оқытудың дамуын басқару.
2 деңгейІс-әрекет жүйесі1) қолданылатын технологияларды жетілдірудің
мүмкіндіктерін зерттеу және жүзеге асыру;
2) инновациялық үдерістерді жүзеге асыру
тәсілдерін анықтау және жүзеге асыру;
3) енгізген жаңа технологиялар мен іс-әрекет
түрлерінің енгізу сапасын бағалау.
1 деңгейҚашықтықтан 1) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мазмұны мен
оқытуды формаларын өзгерту бойынша ұсыныстар жасау;
ұйымдастыру 2) қашықтықтан оқыту жүйесінде ішкі үдерістерді
тәсілдері басқару;
3) ақпараттық білім беру ортасының оқытушыларына
арналған қолайлылықты ұйымдастыру.
Ақпараттық технологиялардың дамуын және оқу үдерісін ұйымдастыруда
оларды қолдану тәсілдерін есепке алу, бизнестің дамуы үшін экономикалық
және заң шығаратын шарттардың өзгеруі және олардың оқыту практикасында
көрінуі, тұтынушының, яғни студенттің жаңа сұраныстарының тууы себепті,
сәйкес оқу курсы модулін, әдістемелік материалдарды дайындау осы іс-
әрекеттермен байланысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқытушыларды
дайындауға байланысты болады.
Қазақстандағы білімді модернизациялау кезеңіндегі өзекті мәселелердің
бірі - ол жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамда өзінің позициясын еркін және
жауапты түрде анықтауға қабілетті, интеллектуалдық сипаттағы дәстүрлі емес
тапсырмаларды шешу мақсатында инновациялық технологияларды енгізу болып
табылады. Білімді модернизациялаудың міндеттерін студенттердің
креативтілігі, белсенділігі және дербестігімен байланысты жеке тұлғалық
қасиеттерінсіз шешу мүмкін емес. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту
жүйесі жеке тұлғаға бағытталған акцентпен құрылуы керек.
Қазіргі таңда адамдар білімінің жоғары деңгейін талап ететін әлемдегі
интеграциялық үдерістерге байланысты, Қазақстанның жоғары оқу орындарының
Болондық үдеріске кіруіне байланысты, жаңа білім беру ақпараттық жүйелерін
қолдану деңгейі мен оқыту нәтижелерінің сәйкессіздігіне және жалпы әлемдік
өркениеттің тәжірибесіне байланысты кадрлардың кәсіби дайындығына қойылатын
қоғам талаптары толығымен қанағаттандырылмаған.
Жоғарыда айтылғандар инновациялық оқытуды қашықтықтан оқыту жүйесінің
оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын шеңберінде барынша көп
жүзеге асыру қажеттілігін растайды.
Инновациялық оқыту қашықтықтан оқыту жүйесін ең алдымен оқытуда жеке
тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде құруды талап етеді. Жеке тұлғаға
бағытталған тәсіл термині бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалдық әдебиеттерде
өте кең таралып, Г.М.Анохина, Е.В.Бондаревская, А.Ю.Белогурова,
З.К.Каргиева, Н.А.Морозова, С.А.Рогачева, Н.Г.Свинина, В.В.Сериков,
В.И.Слободчикова, Е.Г.Силяева, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі жеке-тұлғаға бағытталған тәсілді
ескеру негізінде жеке-тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың моделі (1-
сурет) студентті өз бетінше жұмыс жасауға, жаңалық ашуға бағыттап, әрбір
студенттің бейімділіктері мен ерекшеліктерін есепке алып, онымен жұмыс
жасау мен кез келген студенттің үлгерімі мен қабілетіне сәйкес дидактикалық
материалды қолдануда әрбір студенттің жеке қабілеттерін есепке ала отырып,
білім көлемін бекіту және сәйкес оқу материалын жинақтауды ескереді. Модель
бойынша оқу материалының күрделілігін студент таңдап, ал оқытушы өзгертіп
түрлендіру іске асырылады. Сонымен қатар, әрбір студенттің мүмкіндіктері
мен жеке бейімділігін есепке ала отырып, оның белсенділігіне жағдай
жасалып, студентке топпен немесе жеке жұмыс жасау мүмкіндігін таңдау
ұсынылады, студенттің танымдық ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар
келісіледі. Модельде қарастырылған оқытушылар мен студенттердің бірлескен
жұмысы барысында жаңа білім алу, ең алдымен жауапты студенттің өзі, сонан
соң оқытушының бағалауы, меңгеру нәтижелерін бағалауда сандық және сапалық
тәсілдерді пайдалану, студенттің үй тапсырмасының көлемін, күрделілігін
және формасын таңдау мүмкіндігі, оқытушының өзіндік оқыту стилін
студенттердің оқу стилімен салыстыру беріледі.
Жұмыстың Қашықтықтан оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету атты 2.2
тармағында А.А.Андреев, Е.С.Полат еңбектеріне негізделіп, қашықтықтан
оқытудың қазіргі заманғы оқу үдерісін ұйымдастыру, әрбір білім алушының
белсенді жеке және топтық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, тиімді кері
байланысты қамтамасыз ету, интерактивтілік, оқу үдерісін даралау
және
саралауды қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетінің берік мотивациясын
қалыптастыруды анықтайтын барлық факторлар, яғни
- жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде қашықтықтан оқытуда кәсіби іс-
әрекетті толыққанды іске асыруға бағытталған педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологияны ғылыми негізделген
интеграциялауды қамтамасыз ету;
- қызметтік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қашықтықтан оқытудың аспаптық
құралдарын интеграциялап қолдану;
- қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын қалыптастыруда, қашықтықтан
оқытуды басқаруда, қашықтықтан оқыту құралдарын жасауда ақпараттық
интеграциялауды жүзеге асыру;
- қашықтықтан оқытуды жобалау мен жүргізу барысында информатика-
математикалық әдістерді орынды қолданып, пәннің ерекшеліктері мен
телекоммуникациялардың ерекшеліктерін ескеру қарастырылған.
Қашықтықтан оқыту әдістемесінің болашақтағы дамуын ескеретін қашықтықтан
оқытудың А.А.Андреев және т.б. ұсынған интерактивтілік ұстанымы, бастапқы
білім ұстанымы, даралау ұстанымы, идентификация ұстанымы, оқытуды
регламенттеу ұстанымы, жаңа ақпараттық технология құралдарын педагогикалық
орынды қолдану ұстанымы, оқытудың ашықтығын және икемділігі ұстанымдары мен
қатар, жұмыста ұсынылған қашықтықтан оқыту жүйесін педагогикалық жобалаудың
басымдылық ұстанымы, қашықтықтан оқытудың динамикалық ұстанымы, қашықтықтан
оқытудың мобильдік ұстанымы, қашықтықтан оқытудың ақпараттық-
коммуникациялық технологиясының оқытушының қолданып отырған педагогикалық
технологиясына сәйкестік ұстанымы, қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстанымы, қашықтықтан оқыту мазмұнының
модульдік ұстанымы, қашықтықтан оқытуға қол жетерлік ұстанымдары
қашықтықтан оқытудың негізін құрады.
Оқу ақпаратының көлеміне байланысты, білімді қабылдап, ұғынудың
дидактикалық және психологиялық шарттарын қанағаттандыру және тағы басқа
қашықтықтан оқытудың мәселелерін шешуде қашықтықтан оқытудың арнайы
прициптері мен педагогиканың жалпы принциптерін негізге алғанда ғана
толыққанды жүзеге асады. Сонымен бірге бүкіл қашықтықтан оқыту жүйесін
модельдеу негізіне де қарастырлыған дидакатикалық принциптер алыну қажет.
Е.С.Полат қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – таңдап
алынған оқыту тұжырымдамасына сәйкес қашықтықтан оқу-тәрбиелік үдерісті
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен тәсілдері жиынтығы -
деп тұжырымдайды.
А.М.Пышкало анықтаған әдістемелік жүйе ұғымы өзара байланысты бес
компоненттен, яғни оқыту мақсаты, оқыту мазмұны, оқыту әдістері, оқыту
құралдары мен ұйымдастыру формаларынан тұрады.
Білім берудің пәндік мазмұнын құрудың теориялық тәсілдері әртүрлі
болады. Эмпирикалық тәсіл негізінде білім беру мазмұнының құрылымы, ең
алдымен салауатты ой логикасына және берілген материалды енгізу
мақсаттылығына негізделеді. Білім беруді ақпараттандыру құралдарының
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қолдану, жаңа педагогикалық
технологияларды ескеріп, сондай-ақ, қысқа мерзімде динамикалық өзгеріп
отыратын желілік оқытуды жобалап, ұйымдастыруда эмпирикалық әдістерді
қолдану жеткіліксіз болып табылады.Сол себепті, қашықтықтан оқытудың
инновациялық бағытта даму тенденциясына сәйкес қашықтықтан оқытуды
ұйымдастыруда дәл математикалық әдістер мен дидактикалық бірліктерді
логикалық талдау әдістері сияқты информатика-математикалық әдістерді
қолдану керек.
Сонымен қатар, білім беру саласында телекоммуникациялық инфрақұрылымды
дамытудың бір мәселесі – қашықтықтан оқытуды жүргізудің ақпараттық жүйесін
жасау болатындықтан, интерактивтік, сенсорлық құрылғыларды және
компьютерлік желілерді ендіруде алдымен компьютерлік жүйені жобалаудың
сапасын арттыратын және жобалау уақытын қысқартатын талдау мен синтездеудің
инженерлік әдістерін, іргелі теориясын оза дамытумен қатар жүргізу қажет.
А.В.Анисимов, Е.Дейкстра, А.П.Завада, В.Н.Касьянов, П.Холл, В.В.Гриншкун
және т.б. ғалымдардың еңбектерінде анықталған философиялық, психологиялық-
педагогикалық және информатика-математикалық зерттеу нәтижелері оқу
материалының иерархиялық құрылымдылығын, веб-бағытталған оқу жүйелеріндегі
жылжымалықты, динамикалық оқу ақпаратының модульдігін көрсетті. Осыған
орай, қашықтықтан оқыту пәндері мен қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін
ескере отырып, желілік оқу материалын іріктеу мен таңдаудың, құрылымдаудың
дәстүрлі информатика-математикалық әдістерімен қатар, қазіргі модульдік
ойлау теориясы негізінде оқу ақпараттық массивін веб-желіде паттерндік желі
түрінде беру орынды болады. Себебі, осы тұрғыда берілетін ақпарат оқылатын
пәннің ойдағы бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ойлаудың модульдігін
ескереді.
Сондықтан оқу материалын іріктеуде нақты, дәл әдістер қолданып және
ақпараттық және математикалық модельдердің пайдалану қажеттігі
ақпараттандыру қарқынына сәйкес, сапалы қашықтықтан оқу курстарын құруды
талап етілуінен туындап отыр және қашықтықтан оқытуды дамытудың бір
тенденциясы болып табылады. Осыған байланысты жұмыста қашықтықтан оқытудың
оқу әдістемелік қамтамасын жасауда бірқатар информатика-математикалық
әдістер қарастырылған. Атап айтқанда, оқыту мазмұнын құрудың реккуренттік
алгоритмі, қашықтықтан оқу мазмұнын құрастырудың топологиялық сұрыптауы
және оқытуды ұйымдастыруда паттерндік желілерді қолдану ұсынылады.
Жұмыстың Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-
коммуникациялық технологиялары атты 2.3 тармағында қашықтықтан оқытудың
әдістемелік ерекшеліктерін қарастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған
оқытуға әкелетін оқытудың жоғары деңгейде даралануы қажеттігі
қарастырылады.
Қашықтықтан оқытудың әдістері, құралдары және формалары ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқытуды қамтамасыз ететін
оқу үдерісін басқару құралдары мен әдістерімен бірге қашықтықтан оқыту
технологияларын береді.
Қашықтықтан оқыту технологиясының құраушы бөліктерін қарастырайық.
И.Я.Лернердің тұжырымдауы бойынша оқытудың ақпараттық-рецептивті;
репродуктивті; мәселе туындату; эвристикалық; зерттеу әдістері бар. Ал,
қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқыту келесі түрлерге
бөлінеді: бетпе-бет оқыту (Face-to-Face); аралас оқыту (Blended learning);
компьютерлік желілердегі жедел қолжетімді оқыту (On-line); мастер класс
(кеңес беруші басшылығының қол астында өздігінен білім алу) (Workshops);
дәрежеге ие болу үшін университеттік курстар (Degree courses); орта білім
алу үшін үлкендер үшін сырттай оқыту (Adult upper-secondary school).
Қашықтықтан оқытуда жалпы дидактикалық әдістер нақты ақпараттық-
коммуникациялық оқыту мазмұнын, сабақтар түрін, оқыту құралдарын және т.б.
өзіндік дидактикалық оқыту жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен белсенді оқытудың келесі
әдістері қолданылады: нақты жағдайларды талдау (кейс-кезең), мәселелік
жағдайларды шешу; психологиялық тестілеу және тренингтер; топтық
пікірталастар; сауалнама және сұхбат алу; іскерлік ойындар, компьютерді
пайдалану; білімді бақылау және өзін-өзі бақылау; бір-бірін оқыту;
көрнекілікті қолдану; оқу материалының мәселелік мазмұндамасы.
Қашықтықтан бірлесіп оқыту технологиясы (collaborative learning),
кооперативті оқыту технологиясы (cooperative learring), мәселелік оқыту
технологиясы, модульді оқыту технологиясы, оқытудың ойын технологияларын
қолдану жұмыста ұсынылған. Осы технологияларға сәйкес оқыту әдістерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған.
Жұмыстың Қашықтықтан оқытудың тиімділігін бағалау және өлшеу
әдістемесі атты 2.4 тармағында қашықтықтан оқытудың және білім алушыларды
тәрбиелеудің ең тиімді технологиялары мен әдістерін құру және пайдалануға
байланысты тиімділік ұғымы қарастырылған.
Тиімділік (Е) – алынған пайдалы нәтиженің (R) осы нәтижелерге жету үшін
кеткен шығындарға (М) қатынасы ретінде қарастырылатыны белгілі (1):
Е= RM,
(1)
Мұндағы R – оқыту үдерістерінің нәтижелілігі, білім сапасы, оқыту
ортасының қолайлылығы, М – оқыту әдістерінің кемшілігі, оқыту ортасының
қолайсыздығы, уақытша шығындар.
Қашықтықтан оқытуда білім беру тиімділігі педагогикалық, экономикалық
және әлеуметтік аспектілеріне ие. Біздің зерттеуімізде қашықтықтан оқыту
тиімділігі оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі тұрғысынан
қарастырылады. Осы тұрғыда оқыту тиімділігін сандық анықтаудың сауалнама
түріндегі сараптамалық бағалау әдістері, білімді меңгеру кезінде
студенттердің үлгерім динамикасын эксперименттік анықтау, қатысушылармен
жеке, сондай-ақ топтық әңгімелесу, мәліметтерді компьютерлік жинақтау,
талдау, статистикалық әдістер қолданылып, қашықтықтан оқытуды жүйе ретінде
бағалау қажеттігі ескерілді.
Педагогикалық тиімділіктің деңгейін анықтау мақсатында Е.С.Полат ұсынған
студенттер үшін педагогикалық тиімділік көрсеткіштері, яғни оқыту деңгейі,
тәрбиелеу және интелектуалдық даму, білім алушылардың оқу уақытының шығыны,
жұмысқа қабілеттілігінің мотивациялық және оқу іс-әрекетінің көрсеткіштері,
оқытушылар үшін педагогикалық тиімділік көрсеткіштері педагогикалық
технологияларды, оқыту құралдарын тиімді пайдалану, оқу ақпаратын беруге
кеткен уақыт шығынының көрсеткіштері, оқытушының жұмысқа қабілеттілігін
анықтайтын көрсеткіштер қолданылды.
Педагогикалық энциклопедия білім сапасы ұғымын білім беру мазмұнының
элементтерімен және меңгеру деңгейімен білім түрлерін ара қатынасын
белгілеуді қарастырады. Білім сапасы келесі сипаттамаларға ие: толықтық,
тереңдік, жүйелілік, реттілік, жылдамдық, икемділік, жинақтылық. Бұл
сипаттамалар студенттер ие болатын білім сапасын бағалау критерийі ретінде
қарастырылады.
Жұмыстың Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын
қалыптастырудың теориялық негіздері деп аталатын үшінші бөлімінің
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығы ұғымы атты 3.1
тармағында кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың мәндерін (Н.С.Розов,
Е.А.Климов, Н.В.Кузьмина және т.б.), кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың
жеке компонентерін қалыптастыру құралдарын зерттеу (Г.Я.Буш және т.б.),
маман тұлғасының осы қасиеттерін қалыптастыруда жеке оқу пәндерінің
мүмкіндіктерін (Ю.К.Бабанский, Н.А.Дмитриева және т.б.), сондай-ақ,
ғалымдар кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың жеке құрамдас компоненттерін
қалыптастыратын педагогикалық үдерістерді зерттеу, бұл үдерістер бір
бірінен бөлек қарастырылған (Е.А.Климов, А.А.Вербицкий, Н.А.Борисов және
т.б.) зерттеуге байланысты еңбектер қарастырылды. Нәтижесінде қашықтықтан
оқыту бойынша оқытушының кәсіби құзырлылығының негізі кілттік, жалпы кәсіби
және арнайы АКТ-құзырлылық жүйесінің толықтырушысы оқыту үдерісінде
қалыптасқан және кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің барысында дамитын
интегративті сапа болып табылатын, қашықтықтан оқытуда кәсіби іс-әрекетін
тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіби мәнді қасиеттердің жиынтығы
болып табылатыны анықталды.
Жұмыстың Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығының
мәні, құрылымы және мазмұны атты 3.2 тармағында мән – материалдық жүйенің
даму тенденцияларын және негізгі белгілерін анықтайтын терең байланыс,
қарым-қатынас және ішкі заңдардың жиынтығы ретінде қарастырылып, кәсіби
құзырлылық мәні оның іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатынын көрсетілді.
Кәсіби-педагогикалық құзырлылықты мотивациялық-құнды, когнитивті,
коммуникативті және рефлексивті компоненттердің бірлігі ретінде
қарастырамыз.
Мотивациялық компоненттің дамуы ақпараттық-коммуникативтік, іс-әрекеттік-
регулятивті және қалыптастырушы-дамытушы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға,
когнитивті компоненттің дамуы аналитикалық-конструктивті іс-әрекеттерін
жүзеге асыруға, коммуникативті компонентті қалыптастыру кәсіби-
педагогикалық құзырлылықтың барлық іс-әрекетін тәжірибеде жүзеге асыруға
көмектеседі, рефлексивті компоненттің дамуы қалыптастырушы-дамытушы және
сақтандыру-тәрбиелеу іс-әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Әрбір компоненттің пайда болуы оның сипаттамаларының және қасиеттерінің
толық жүйенің бір бөлігі ретінде қалыптасуымен байланысты. Сол себепті,
қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың
әдістемелік жүйесі бір жағынан ақпараттық технология дамуына байланысты
өзгерістеріне инвариантты, екінші жағынан олардан алда жүретін болу қажет.
Сондықтан, оқытушылардың құзырлылығын арттыруға ерекше назар аудару керек,
оқытушылар оқытуға инновациялық ендірулерге дайын болу қажет.

қалыптастыру үдерісінің ерекшеліктері атты 3.3 тармағында қашықтықтан
оқытудың интерактивті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz