Қазақстанда және шет елдердегі қашықтықтан білім беру технологиясының жалпы мазмұны


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1-тарау. Қашықтықтан оқыту жүйесі . . 7

1. 1. Қазақстанда және шет елдердегі қашықтықтан білім беру технологиясының жалпы мазмұны…… . . . 7

1. 2. Қашықтықтан білім берудің түсініктік-терминологиялық

аппараты . . . ………. . 14

1. 3. CASE -технологиясы. . …28

2-тарау. «Эконометрика»курсы бойынша желілік түрдегі контенттін метақұрылымы . . . … . . . …40

2. 1. «Эконометрика»курсы бойынша контенттін оқу әдістемелік кешені(ОӘҚ) . ……. 44

2. 2. Ресурстың мазмұны . . . …. 56

Қортынды . . . . 63

Қолданылған әдебиеттер . . . 66

Қосымша 1 . . . . . . 68

Қосымша 2 . . . . . . 72

КІРІСПЕ

Ашық білім беру кеңістігі идеясы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілген: «Білім беру сапасын аймақтық деңгейде арттыру мақсатында қашықтық-виртуалды және жаңа білім беру технологияларын әзірлеу, шығару және енгізу қажет».

Түлектік жұмыстың мақсаты - қашықтықтан оқыту технологиясының талаптарына сай 050506-Экономика, 050507-Менеджмент, 050509-Қаржы, 050510-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050511-Маркетинг, 050904-Тұрмыстық қызметтер және сервис мамандықтарының мемлекеттік стандарттарына және «Эконометрика» пәнінің типтік бағдарламасына, оқу-әдістемелік кешеніне сүйеніп «Эконометрика» курсы бойынша желілік түрдегі контент құру.

Қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері студенттерге курс мазмұнына, оқыту стратегиясы мен оқу ресурстарын таңдау және бақылауды береді. Қашықтықтан оқыту оқытушы мен университет мүдделеріне емес, оқушылардың жеке бастық қажеттіліктеріне негізделеді. Бұл оқытушы рөлін білім көзінен оқыту менеджеріне ауыстырады. Осындай оқытуға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін көбінесе қашықтықтан білім беру әдістері мен жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктері қолданылады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуы білім беру жүйесіне нақты өзгерістер енгізуді, соның ішінде осы бағыттағы қиын тапсырмаларды шешуге қабілеттері бар жоғары білікті мамандарды сапалы дайындауды талап етеді. Бұл үлкен икемділік пен саналуандығымен сипатталатын оқытудың жаңа мазмұны мен формаларын қажет етеді. Аталған мәселені сәтті шешу үшін білім беру мекемелері жаңа білім беру қызметтерін ұсына алатын және біртұтас білім беру кеңістігін құруға әкелетін «ашық жүйеге» ауысулары керек.

Қашықтықтан оқыту аясында мына технологиялар айтылады:

  • кейстік технология;
  • интернет-технология;
  • телекоммуникациялық технология (ТВ технология) немесе білім берудің барлық формасында қолданылатын технологиялар сомасы.

Бұндайда қолданыстағы қашықтықтан оқыту технологияларын 3 санатқа бөлуге болады:

  • педагогикалық технологиялар (дәстүрлі оқытудан оқуышаларға бағытталған оқытуға) ;
  • білім беру ақпараттарын ұсыну технологиялары (баспалық технологиядан мультимедианы қолдануға) ;
  • білім беру ақпараттарын беру және оқу үрдісін қолдау технологиялары («көзбе көз» өзара әрекетінен Интернет арқылы коммуникацияларына) .

Қазақстан Республикасының білім беру Министрлігінің қашықтықтан оқыту құрудағы басты мақсат - халықтың көп бөлігінің қашықтықтан білім беруге географиялық және физикалық орналасуға тәуелсіз қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағындағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т. б. ) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

1-ТАРАУ. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

1. 1. ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасы қашықтықтан білім берудің әлемдік тәжірибесін игеру және қашықтықтан оқытудың өз үлгісін дайындау кезеңінде. Қазақстан Республикасының көптеген оқу мекемелері қашықтықтан білім беруді дамыту үшін жағдай жасау үрдісіне қосылды. Осы оқу мекемелерінің қызметі қазіргі уақытта негізінен оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге, қашықтық курстарын оқыту үшін оқу-әдістемелік кешендерін құруға бағытталған. Бұл мәселе, батыстық сарапшылар пікірінше, қашықтықтан оқыту жүйесін құру үрдісінің кілті болып табылады. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, қашықтықтан оқытудың әрбір курсын әзірлеу, көбейту және қолдану 20-дан 150 мың долларға дейін талап етеді, ал осындай курстардың қорын құруға кететін бастапқы шығын бірнеше миллионнан миллиард долларға дейінгі соманы құрайды.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту жүйесін құру және дамытуға деген ортақ көзқарас әзірге жоқ, алайда қашықтықтан оқыту 21-ғасырдағы білім беру жүйесінің келбетін елеулі өзгертеді, Қазақстан Республикасындағы қашықтықтан білім беру рөлін арттыратын әлеуметтік-саяси үрдістердің қатарына шартталған: білім берудің жаңа талаптарын ұсынатын экономикалық реформалардың дамуы, халықаралық байластырдың, соның ішінде білім беру саласының жетілуіне әсер ететін саяси өзгерістер, білім беру қызметтерінің әлемдік нарықтағы бәскелестігін арттыра отырып, білім берудегі халықаралық ықпалдастықты жетілдіру, білім беру үрдісінің қатысушылары арасындағы сапалы жаңа техникалық құралдарымен алмасудың пайда болуы және жылдам дамуы; білім беру мазмұны мен технологияларына қатысты халықтың жаңа сұраныстарын қалыптастыру туралы түсінуде ортақтық бар.

Қашықтықтан білім беру студенттерді оқытуда, мамандардың біліктілігін арттыруда, жұмыссыздарды қайта даярлауда тең мүмкіндіктер береді. Қашықтықтан білім беру жүйесі адамның негізгі қызметіне параллелді жоғары білім алуға мүмкіндік береді, Қазақстан азаматтарының шетелдерде білім алу, халықаралық білім беру қоғамдастығы мойындаған оқу дәрежелерін алу әлеуметін кеңейтеді.

Қазақстан оқытудың аталған түрін дамыту үшін нақты алғышарттарға ие. Қазақстан республикасының Президенті Әкімшілігі өкілдерінің сөздеріне қарағанда, бүгінде барлық жалпы білім беру мектептерінің барлығында информатика кабинеттері бар. Ортареспубликалық көрсеткіш бойынша, 43 студентке 1 компьютерден келеді, соның ішінде 37 оқушы ауыл мектептерінде. Кәсіби мектептерде және кәсіби лицейлерде орташа көрсеткіш 33 оқушыға 1 компьютерден, колледждерде - 25 оқушыға 1 компьютерден келеді. 2005-2007 жылдары ескірген 12797 компьютер ауыстырылды.

2001 жылдан бері Республикалық білімді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы (РБАО) білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО-дағы ең мықты 34 «focal point» институттың қатарына енеді. РБАО ЮНЕСКО-ның кең көлемді зерттеулеріне белсенді араласты, соның ішінде: халықаралық индикаторлар негізінде ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандыру жағдайын анықтау бойынша (2002 ж. ), қашықтықтан оқытудың білім беру сұраныстарын және мүмкіндіктерін игеру бойынша (2004 ж. ) .

2001 жылдан бері Қазақстанда ЮНЕСКО-ның «Қазақстан Республикасының ауыл мектептері үшін қашықтықтан оқыту» сынақ жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаны жүзеге асыруға республиканың үш облысынан (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары) 9 сынақ мектебі қосылды.

Аталған жоба «Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы кері байланысты енгізумен қашықтықтан оқытудың жер серіктік арнасын құруда жалғасын тапты. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық мектеп қосылған (Маңғыстау облысы - 100%, Павлодар облысы және БҚО - 50%, ШҚО - 10%, ОҚО - 5%, Қызылорда облысы - 5 мектеп) . Алдағы үш жылда тағы 1000 мектепті енгізу жоспарланып отыр. Қосылған мектептер күн сайын Алматы қаласының ең мықты мұғалімдері мен жетік оқу университеттерінен жер серіктік арна арқылы оқу-білім беру бағдарламаларын алады және электронды оқулықтар мен оқу фильмдерінің авторларымен интерактивті байланысу мүмкіндіктеріне ие.

Қазақстан-Ресей университеті Қазақстанның 17 қаласында (Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қостанай, Тараз, Түркістан, Өскемен, Екібастұз және т. б. ) студенттерді қашықтықтан оқытуды жүргізеді. Университет қызметкерлері 36 мамандық бойынша 66 юнит дайындалған, бір юнитті үйренуге 45 сағат жұмсалады. Әрбір студент семестрге аудио-видеокассеталардан тұратын материалдар жинағын алады. Студенттер жер серіктік байланыс арқылы Мәскеу мен Санкт-Питербургтің озық ғалымдарының дәрістерін интерактивті режимде жүйелі түрде тыңдайды.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту үшін бағдарламалық өнімдерді дайындау мен енгізу мәселесі аса қызықсыз ұсынылған. Алайда қолданыстағы Интернет-торлар негізінде қашықтықтан оқыту технологияларын әзірлеудің жеке ұмтылыстары бар.

Қазақстанның бірқатар ЖОО-ы қашықтықтан оқыту саласының өздері дайындаған өнімдеріне ие. Мысалы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (ШҚМТУ) білім беру сапасын арттыру, оқу үрдісінің теориясы мен тәжірибесіне ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту, сондай-ақ қашықтықтан білім беру ұстанымдары мен технологияларын жүзеге асыру және университеттің білім беру қызметі аясын кеңейту мақсаттарында виртуалды институт құрылды. Институттың негізгі мақсаттары - қашықтықтан оқыту әдістері мен құралдарын қолдана отырып білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу және оларды оқу үрдісіне енгізу, ақпараттық ресурстарды дайындау және жасау, электронды оқулықтарды, дәріс курстарын, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулықтарды, видео-дәрістерді әзірлеу, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды, бағдарламалық қамтылуды, сондай-ақ торлық виртуалды өкілдікті жасау және пайдалануға беру. ШҚМТУ-нің білім беру порталының базасында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып жүзеге асып жатқан негізгі білім беру жобаларын шарт бойынша үш бағытқа бөлуге болады: ЖОО-на дейінгі, ЖОО-лық және ЖОО-нан кейінгі оқыту. 2004 жылдың ақпан айынан бастап мектеп оқушыларына бағытталған Интернет торын қолдануға негізделген жаңа білім беру жобасы - Виртуалды Академия жұмыс істейді. Аталған жобаның негізгі мақсаты - бүкіл облыс бойынша оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге және ЖОО-на түсуге дайындау.

«Ашық білім берудің ақпараттық-білім беру ортасы» (АБ АБО) жүйесі халықты Интернет арқылы білім беру қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол «Виртуалды Университет» типтік бағдарламалық кешенмен жабдықталған түрлі серверлерден тұрады.

«Виртуалды Университет» оқу мекемелерінің виртуалды өкілдіктерін ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және ақпараттық және білім беру қызметтерін ұсынатын түрлі формаларды жүзеге асырушы құрал-жабдықтық құралдар мен жүйешелердің типтік жиынтығынан тұрады. «Виртуалды Университет» қызметтерін 3 сатыға бөлуге болады:

  • білім беруші
  • жүйе құраушы
  • ақпараттық.

Виртуалды университеттер, өз кезегінде, екі түрге бөлінеді: аумақтық (аймақтық) және мамандандырылған.

Қазірде еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының (Алматылық филиалы) және Қазақ халықаралық бизнес университетінің виртуалды университетін құру жұмыстары жүргізілуде.

Абай атындағы ҚазҰПУ-де қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретін ҚО жүйесі құрылған.

Жүйе үш негізгі бөлікке логикалық бөлінген:

  1. Негізгі ядро (қасымша қызметтер саймандары модулін қосқанда) .
  2. Функционалды модулдер.
  3. Басқару модулдері.

Модулдік масштабтаудың оңайлығын және қажет кезінде жүйенің жеке құрауыштарын өзгертуді қамтамасыз етеді.

Негізгі ядро - жүйенің барлық бөлігінің тұтастығын тексеруді, функионалды модулдерді іздеу және тіркеуді, сондай-ақ қолданушының тіркелуін қамтамасыз ететін жүйенің серверлік бөлігіндегі басты элемент.

Функционалды модулдер - негізгі логикалық жүйелерден тұратын тәуелсіз бағдарламалық бірліктер, мысалы, оқу материалдарын қарау, тестілеу, т. б.

Басқару модулдері - бұл бағдарламаны, оның мазмұнын және қолданушыларын басқару үшін талап етілетін пайдаға асыру жиынтығы.

Барлық қажетті ақпараттар басты сервердегі орталық базада сақталады, ол мәліметтердің сақталу тиімділігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің кеңінен таралуы Еуропаның дамыған елдері мен АҚШ-та көрініс тапты, өйткені олар техникалық ресурстардың жеткілікті мөлшеріне ие.

АҚШ

60-жылдардың ортасында кейбір американдық инженерлік колледждер таяу кешендердің қызметкерлеріне оқу курстарын беру үшін телевидениені қолдануға кірісе бастады. Бұл бағдарламалардың сәтті болғаны сонша, олар түрлі қалалардың студенттері үшін «жоғары сапалы білімді таратудың» оқиғасына айналды. Сол уақытта телекурстарды жер серігі арқылы АҚШ, Еуропа, Австралия, Қытайдың барлық аумағына тарату мүмкіндігі пайда болды. 1984 жылы бұл бағдарламалар Ұлттық технологиялық университтің құрылуына әкелді. 1991 жылға қарай ол Колорадо штатындағы Форт-Коллинз қаласында штаб-пәтері бар 40 университеттік инженерлік мектептерден құралған консорциумға айналды. 90- жылдардың басында 100-ден астам студент коммерциялық корпорациялар жұмыс берушілерінің белсенді қатысуымен инженерлік санаттағы NTLJ бағдарламаларын қашықтық әдісімен үйреніп шықты. ҰТУ тәжірибесі халықаралық электрондық университеттің үлгісі ретінде ұсынылды.

АҚШ-тағы қашықтықтан оқытудың айрықша белгісі оның дамуы білім беру мекемелері аясында ғана емес, сондай-ақ бизнес саласына бағытталған жеке коммерциялық кампаниялар арқылы да жүруде. АҚШ қарулы күштері де оқу курстарын өзге елдерде қызметтерін өтеушілерге беру үшін білім беру институттарының мүмкіндіктерін қолдануда.

Еуропа

Еуропадағы қашықтықтан оқыту 70-жылдардың басында қарқынды дами бастады. Бұл бірнеше ашық университеттер қатарын ашуға байланысты болды. Қазіргі уақытта әрбір еуропалық елде қашықтық бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу мекемелер тобы бар. Оқытудың осындай әдістемелері барынша жақсы жетілдірілген. Жер серіктік телевидение, компьютерлік торлар, мультимедиа енетін жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқыту бағдарламалары қызығушылық тудырады.

Ұлыбританияда басқару саласындағы магистр дәрежесінің 50 пайыздан астам бағдарламалары қашықтықтан оқыту әдісін қолданған. Осы саладағы көшбастап келе жатқан еуропалық ұйым Британ анық университетенің Ашықбизнес мектебі болып табылады.

Кері байланыс ұстанымын қолданбайтын қашықтықтан оқыту жүйелерінде дәріс, семинар және сабақтардың өзге де түрлерін өткізуге қажетті ақпараттар әдетте видеокассеталар мен видеодискілерде орталықтандырыла тіркеледі. Қосымша аудиожазбалар мен магнитті дискідегі жазбалар қолданылуы мүмін. Содан кейін көрсетілген материалдар компьютерлік торлар арқылы оқу сабақтарын қолданатын оқу мекемелеріне жіберіледі. Осындай әдіс, мысалы, Франциядағы қашықтықтан оқытудың Ұлттық орталығында қолданылады. 1939 жылы негізі қаланған ол бүгінде әлемнің 120 еліндегі 35 мың қолданушыны қашықтықтан оқытумен қамтамасыз етеді. 2500 оқу курсын дайындауда шамамен 5 мың оқытушы қатыстырылады.

Еуропадағы қашықтықтан оқыту жағдайы американдыққа ұқсас. Бұнда да қашықтықтан оқытудың одағына кіретін ұйымдар бар. 1987 жылы қашықтықтан оқытудың Еуропалық университеттер ассоциациясы құрылды, ол соңынан негізі Еуропалық ашық университеттер желісі болған Еуропалық ашық университетке айналды. Бұл торға 17 елдің 17 ашық университеті кіреді. Торда шамамен 650 студент білім алады. Осындай ұйымдардың негізгі мақсаты курстарды дайындау мен дипломдарды мойындау үшін әртүрлі оқу мекемерінің оқытушылары аралсында тәжірибе алмасу. Торға кіретін университеттер арасында елдер арқылы дипломның пайдаға асуын қамтамасыз ететін бағалау, сертификаттау, емтиханды өзара мойындау салаларында бірнеше келісімдер қабылданды. Бұлардың барлығы халықаралық әріптестікке көмектеседі және қашықтықтан оқыту жүйесін тұтастай бекітеді. Еуропалық ашық университеттер торының негізгі органы қашықтықтан оқытуға мүмкіндік беретін студенттер жатақхана пункттерінің көпшілігінің университет жанында орналасуы тиіс Еуропалық оқыту орталығы торы болып табылады. Осындай құрылымды құрудың мәні кез-келген адам қашықтықтан оқыту бойынша барлық қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуында.

Ресей

Ресейдегі қашықтықтан оқытудың пайда болу тарихы 90-жылдардың ортасында жасалған Мемлекеттік Комитетінің «Ресей Федерациясында қашықтықтан оқытуды құру және дамыту тұжырымдамасымен» байланысты. Аталған тұжырымдамада қашықтықтан оқытуды анықтау былайша қалыптасады: «Қашықтықтан оқыту - аралықтан оқу ақпараттарымен алмасу құралдарынан құралатын, елдегі және шетелдегі халықтың кең ауқымына мамандандырылған ақпараттық-білім беру орта көмегімен қамтитын білім беру қызметтерінің кешені». Осы кезеңде өкілдері ретінде FREENET және RUNNET болған білім беру торлары құрылады. 1997-жылы Білім беру министрлігі қашықтықтан оқыту саласында алты ЖОО қатысқан сынақ өткізуді ұйымдастырды. Нәтижесінде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарына сүйенген қашықтықтан оқытудың оригиналды әдісі жасалды, қашықтықтан оқытуды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын білім беру үрдісінің екі әдістемесі ұсынылды: торлық электронды Интернет кітапхана және мультиоқытушылық спутниктік телевидение. Бұдан басқа, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы бөлек мамандықтар бойынша білім беру үрдісін қамтамасыз ететін алғышарттар жасалды, негізгі оқу тәртіптері бойынша мамандандырылған оқу әдістемелік құралдар дайындалды.

Осылайша, әлемдік білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың дамуы жалғаса береді және елеулі мәселелерге қарамастан алдағы жылдары белсене түседі. Соның ішінде оның техникалық мүмкіндіктері мен педагогикалық құралдарының жетілуі болады, бұл халықтың көп бөлігіне білім беру қызметтерінің осы түрін алуға мүмкіндік береді.

1. 2. ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТҮСІНІКТІК- ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ АППАРАТЫ

Қазіргі уақытта қашықтықтан білім беруге (ҚО) қатысты көптеген терминдер мен түсіндірмелер бар. Негізінен авторлардың көпшілігі бұл «білім беру үрдісінің субъектілері арасын жалғаушы болып табылатын, негізгі қызметі электронды және телекоммуникациялық құралдар көмегімен үздіксіз білім беруді жүзеге асыруға негізделген әлеуметттік-педагогикалық жүйе. Аталған жүйенің ішінде өзара әрекет ететін субъектілер оқу үрдісін ұйымдастырушы оқушылар мен персонал болып табылады» деген пікірге қосылады.

А. А. Елизаровтың айтуынша, қашықтықтан оқытудың белгілері мыналар:

1. Педагогикалық үрдісінің икемдігі , ол «ыңғайлылықтың» үш ұстанымына жауап береді: студент өзі үшін ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ыңғайлы жылдамдықта жұмыс істей алады. Бұл қандай да бір себептерге байланысты сабаққа қатыса алмайтындар үшін артықшылықтар береді. Студенттер оқуға оған курсты (пәнді, тәртіпті) игеру үшін және таңдалған курс (пән) бойынша диплом алу үшін қанша қажет болса, сонша рет келе алады.

2. Модульдік ерекшелігі мынада: әрбір жеке курс білімнің нақты саласы туралы тұтас түсінік қалыптастырады, бұл жеке бастық және топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Экономикалық әсерлігі: әлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы көрсеткендей, қашықтықтан білім беру дәстүрлі білім формасынан 50 пайызға арзан болып келеді. Оқытудың төмен өзіндік құны мазмұнды аса шоғырлап ұсыну мен бірыңғайлау, ҚО технологиясын білім алушардың көп мөлшеріне бағдарланғандығы есебінен, сондай-ақ қолданыстағы оқу алаңдарын және техникалық құралдарын аса тиімді қолдану есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

4. Оқытушының жаңа рөліне таным үрдісін қадағалау, жеке бастық оқу жоспарын құруда кеңестер беру және оқу жобаларын басқару енеді. Ол өзара қолдау оқу топтарын басқарады, студенттердің кәсіби дамуына жәрдемдеседі.

5. Бақылаудың мамандандырылған формалары құрамына қашықтық ұйымдастыру емтихандары, әңгімелесу, тәжірибелік, курстық және жобалық жұмыстар, компьютерлік зияткерлік тестілеу жүйесі енетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асады.

6. Мамандандырылған технологияларды қолдану аясында өз беттік, алайда студенттердің білімнің нақты топтамасын қадағалай отырып үйрену үрдісіндегі әдістердің, формалардың және құралдардың өзара байланысының жиынтығы түсіндіріледі.

А. А. Андреев сөзіне сәйкес, қашықтықтан оқытудың өзге оқыту формаларынан айырмашылығы мына ұстанымдарға ие болуында:

1. Студенттердің мұғалімдермен де, бір-бірлерімен де байланыста болуын қамтамасыз ететін интерактивтік ұстанымы.

2. Ақпараттық технологиялар саласындағы білімнің алғашқы деңгейінің болуын қалайтын бастапқы білімдер ұстанымы.

3. Студенттердің жеке артықшылықтарын ескерген оқыту мен білімді бақылаудан тұратын жеке тұлғаландыру ұстанымы.

4. Білім алушының өз беттік танымын қалайтын сәйкестендіру ұстанымы.

5. Қашықтық курстарын өтуде жас шамасы және білім беру шектеулерінің болмауын қарастыратын оқыту ашықтығы мен икемдігін қамтамасыз ету ұстанымы.

Қашықтықтан білім беру - бұл жеке тұлғалық жоспар бойынша оқыту, оның сырттай оқытудан айырмашылығы да осында жатыр.

Әрбір «қашықтықтағы» студент білімді жеткізу, қиын тақырып пен сұрақтар бойынша кеңестер беру, бақылау жұмыстары мен тесттерді тексеру, емтиханға дайындалуға көмек көрсету міндеттеріне ие оқытушыға бекітіледі.

Оқу материалдар жиынтығын «қашықтықтағы» студент сабақтарға тіркелгенде (әдетте оқу ақысын төлегеннен соң) бірден алады. Бұлар қарапайым оқулықтар емес, лекция мәтіндері, тапсырмалықтар, тәжірибеліктер және өз беттік жұмыс үшін дәстүрлі қағаздық, СD, аудио-видео секілді түрлі тасымалдағыштардағы тапсырмалар.

Қашықтықтан білім берудің сырттайдан маңызды айырмашылығы бар, яғни студент үйрену реті мен жұмыс жылдамдығын өзі таңдайды. Мысалы, оған бір семестр ішінде күнтізгі оқу бөлімінде бір жыл бойы үйренетін курсты оқып шығуға болады. Немесе, керісінше, оны екі жылға дейін созуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту жүйесі
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Қашықтан окыту жайлы
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді енгізу
Оқыту технологиясы мен әдістері
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Қашықтан оқыту артықшылығы
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz