Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс- әрекетін қалыптастыру
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
ӘОЖ 378.164:378.115
Қолжазба құқығында
ЖҮЗБАЕВА ГҮЛЖАН СЕРІКҚЫЗЫ
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-
әрекетін қалыптастыру
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТ
Ғылыми жетекші
педагогика ғылымдарының докторы,
проф. С.Ж Пірәлиев
Қазақстан Республикасы
Алматы 2010
Жұмыс Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Ұлттық академиясында орындалған
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы
Пірәлиев С.Ж.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Мынжанов Н.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Төлбаев Ә.Ә.
Жетекші ұйым: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті
Диссертация 2010 жылы 26 қараша сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады (050000, Алматы қаласы, Достык даңғылы 13, 2-қабат,
мәжіліс залы)
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050000, Алматы қаласы, Казбек
би 30, 3-қабат
Автореферат 2010 жылы 26 қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Көшербаева Ә.Н.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек
жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен
бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше
назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім
саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ
мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа
талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып
есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық
технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын
талап та арта түсуде. Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім
беру жүйесіне келіп тіреледі. Жоғары мектептердің алдында тұрған негізгі
міндеттердің бірі - жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен
танымдық іс-әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, жоғары
кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің
жолдары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне
негізделген студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіруді, танымдық іс-
әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.
2030 ж. дейін Қазақстан Республикасын дамыту тұжырымдамасында: аймақтық
деңгейде білім беру сапасын арттыру мақсатында қашықтықтан виртуалды
оқытуды және жаңа білім беру технологияларын жасап, енгізу қажет делінген.
Мұндай тәсіл қашықтықтан оқыту технологияларына негізделетін жаңа білім
беру парадигмаларына көшуді ұсынады.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру мәселелері Қазақстан
Республикасының негізгі нормативті құқықтық құжаттарында: Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында (2007), 2005-2010 ж.ж. арналған
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін
ақпараттандыру тұжырымдамасында, сондай-ақ, жыл сайынғы ҚР Президентінің
жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру саласын
жетілдірудің маңызды тәсілдерінің бірі – білім беруді ақпараттандыру және
халықаралық ауқымды коммуникациялық желіге шығу екендігі айтылған. Сонымен
қатар, бұл бағыт Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасында қарастырылған негізгі аспектілерінің бірі болып
табылады. Тұжырымдамада қазіргі жағдайда жоғары білім беру жүйесіне жаңа
сапа, қоғамдық статус беріп, алдыңғы кезектегі міндеті жоғары білікті
мамандар даярлау болып есептелетін қоғамның ерекше сферасы ретінде түсіну
қажет деп көрсетілген.
Мамандардың кәсіби даярлығын дамытуға әрі білім беру процесінің
теориясын, мазмұнын, әдіснамасын, ұйымдастырылуын жетілдірумен, әрі жоғары
мектепте жұмыс істейтін оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру
жолдарымен айналысатын (Т.С. Садықов, А.П. Сейтешев, Г.А. Уманов, Л.К.
Керимов, Н.Д. Хмель, М.А. Кудайкулов, Н.Н. Хан, А.А. Бейсенбаева, К.К.
Жампеисова, Г.Т. Хайруллин, С.Ж. Піралиев, Ш.Т.Таубаева, Г.К. Нургалиева,
Р.К. Толеубекова, В.В. Трифонов және т.б.) қазақстандық ғалымдардың қазіргі
зерттеулері елеулі үлес қосуда.
Сонымен қатар, республикада болашақ мамандардың кәсіби сапаларын
қалыптастыру мәселелері зерттелуде, олардың қатарына педагогикалық ғылымды
дамытудағы төмендегідей: болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын (А.А.
Калыбекова, К.С. Успанов, А.А. Молдажанова және т.б.); зерттеу мәдениетін
Ш.Т. Таубаева және т.б. танымдық ізденімпаздылықты қалыптастыру
(А.Е. Абылқасымова және т.б.); танымдық белсенділікті (Ж.А. Қараев);
қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру (Д.М. Джусубалиева) тәрізді бағыттарды жатқызуға болады.
Жүргізілген зерттеулер ішінен қашықтықтан оқыту технологияларына
байланысты және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға даярлау мазмұны мен
әдістемесі А.Е. Абылқасымованың, Д.М. Джусубалиеваның, Ж.А. Қараевтың
еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан республикасында білім беру саласында ақпараттық
технологияларды, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын жасап,
жүзеге асырудың тәжірибелері жинақталып, ғылыми қоры қалыптасып келеді.
Білім беру саласын ақпараттандыру мәселелеріне арналған зерттеулердің екі
бағытын шартты түрде бөлеміз:
- қазіргі ақпараттық технологиялардың жетістіктерін меңгеру негізінде
ЖОО-да болашақ мамандарды кәсіби даярлауды (Нұрғалиева Г.К., С.Ж.Піралиев,
С.М. Кеңесбаев, Т.О.Балықбаев, Б.Д. Сыдықов, А.И. Тәжіғулова,
К.З. Халықова, Г.А. Абдулкаримова, А.Р.Тұрғанбаева, Г.К. Ізтілеуова және
т.б.); жетілдіру;
- арнайы және орта оқу орындарының оқу процесінде ақпараттық
технологияларды (Р.Ч. Бектурганова, У.Қ. Тоқбергенова, С.Н. Конева, Т.Т.
Бортко, О.З. Имангожина, Н.Д. Татару, Б.Досжанов, Д. Исабаева, Н.Ошанова,
С.Көбентаева, С.А.Нұрпейсова және т.б.) қолдану.
Қашықтықтан оқытудың теориясы мен практикасын дамытуға байланысты
көптеген зерттеуші ғалымдар өз үлестерін қосып келеді. Олардың әрқайсысы
қашықтықтан оқыту жөнінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға, педагогикалық
практикаға енгізуге айтарлықтай ат салысты. Олардың ішінен: А.А. Андреев,
Ю.Н. Афанасьев, А.А. Ахаян, A.M. Бурлаков, А.В. Барабанщиков, Д.А.
Богданова, В.П. Кашицин, Е.С. Полат, И.В. Роберт, А.В. Хуторской және т.б.
атауға болады. А.А. Андреев үздіксіз білім беру жағдайындағы қашықтықтан
оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері мен технологиясын жасаса,
Д.М. Джусубалиева қашықтықтан оқыту жағдайындағы студенттердің ақпараттық
мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастырған.
Практика көрсетіп отырғанындай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз
кәсіби іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық,
педагогикалық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өзбетімен танымдық
іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық
ізденімпаздығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Бұдан студенттердің
танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тоық теориялық тұрғыдан негізделмеуі,
қашықтан оқыту жағдайында жоғары оқу орындарында оны тиімді ұйымдастырудың
әдістемелік тұрғыда жан-жақты қамтамасыз етілмеуі мен студенттерді оған
қалыптастыру қаежттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-
қайшылықтан қашықтан оқыту жағдайында студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру мәселесі туындайды. Көтерілген мәселе зерттеу тақырыбын

әрекетін қалыптастыру деп таңдауымызға ұйтқы болды.
Зерттеудің мақсаты - қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан
негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасап, тәжірбиелік-ғылыми
экспериментте тексеріп, әдістемелік ұсыныс беру.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарындағы қашықтықтан оқыту
технологиясы.
Зерттеу пәні – қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, танымдық іс-
әрекетті қалыптастырудың моделі құрылып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен
қалыптасу деңгейлері анықталса және ұсынылған әдістемеге сай оқыту үдерісі
ұйымдастырылып, оқу процесіне енгізілсе, онда жоғары оқу орындарында
студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімділігі артады,
студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің деңгейі жоғарылап, кәсіби даярлығы
қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
- студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық
негіздерін анықтау.
- қашықтықтан оқыту технологияларының студенттердің танымдық іс
әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау
- қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-
әрекетін қалыптастырудың моделін жасау

әрекетін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелік
эксперимент жүзінде тексеру.
Жетекші идея: қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайықты,
жеке тұлғаның қалыптасып, дамуын анықтайды, ол жоғары оқу орындарындағы
біртұтас педагогикалық процесте жүзеге асады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне:
философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның дамуы мен іс-әрекет,
теориясы, жеке тұлғаны сипаттайтын танымдық белсенділік, қабілеттілік
туралы психологиялық тұжырымдар, қашықтан оқыту, оқу процесін басқару,
дамыта оқыту, жеке тұлғаға бағыттылған оқыту теориялары, танымдық дербестік
пен шығармашылықты дамытудағы психологиялық қағидалар мен осы бағытта
зерттеу жүргізген ғалым-педагогтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері алынды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ата заңы, Білім туралы заңы,
Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін
ақпараттандыру тұжырымдамалары басшылыққа алынды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Ата заңы, Білім туралы
заңы (2007), Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту

ақпараттандыру тұжырымдамалары, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы (2007-2010), зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген
қазақстандық және шетел ғалымдарының (философия, психология, педагогика
және т.б.) оқу-тәрбие үдерісіне арналған еңбектері, ғылыми оқу-әдістемелік
құралдар, бағдарламалар және автордың педагогикалық іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау
жасау; жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту орталықтары жұмысы мен
қашықтан оқыту процесін бақылау; студенттер мен оқытушылардан сауалнама
алу, пікірталас, әңгіме жүргізу; мемлекеттік деңгейдегі білім беру саласына
байланысты жарық көрген бағдарламалар мен нормативті құжаттармен танысу,
орындалып жатқан шараларды зерделеу, талдау, зерттеліп отырған мәселеге
сәйкес арнайы курстарды өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа
сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелі-эксперимент арқылы
тексеру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең (2006-2007ж.ж.)
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мәселенің теориялық
тұрғыда зерттелуіне арналды. Қашықтан оқыту жүйесіндегі студенттердің
танымдық іс-әрекеттері мазмұны анықталып, маман даярлау жағдайына талдау
жасалынды. Осы кезеңде қашықтан оқыту технологиялары мен әдістері
зерттелінді. Қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі құрастырылды.
Екінші кезеңде (2007-2008ж.ж.) - жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту
жүйесі бойынша оқитын студенттердің танымдық іс-әрекеттері, танымдық
қызығушылық және ізденімпаздықты қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу-
практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді түрлері анықталып және оларға
қажет дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар берілді.
Үшінші кезең (2008-2010ж.ж.) - ЖОО студенттернің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру әдістемесіне сәйкес оқыту эксперименті жүргізіліп,
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері,
алынған теориялық, тәжірибелік, эксперименттік нәтижелер жүйеленіп,
қорытынды жасалды; әдістемелік нұсқаулар оқу үдерісне ендірілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-
әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.
- қашықтықтан оқыту технологияларының студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.
- қашықтықтан оқыту жағадйындағы студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылып, өлшемдері мен
көрсеткіштері анықталып, деңгейлеріне сипаттама берілді.
- жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің
танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- студенттеррді қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде олардың
танымдық-іс-әрекетін қалыптастыруға арналған Студенттер даярлау
үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологиялары атты элективті курс
бағдарламасы әзірленді;
- зерттеу мәселесіне байланысты оқу әдістемелік кешендер жасалып
практикаға ендіріледі
- теориялық талдаулар негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды,
ұсынылған элективті курсты ЖОО-да мамандар даярлау үдерісінде, мамандар
біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- студенттердің танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен
қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі. Танымдық іс-
әрекеттің қалыптасуы негізінде студенттердің ой-өрісі толысып, белсенді
ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар,
студенттердің кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.
- қашықтықтан оқыту технологияларының мәнін анықтау мен мазмұнын
сұрыптау оның студенттердің танымдық іс - әрекетін қалыптастыру
мүмкүндіктерінің жоғары деңгейге көтеретіндігін дәлелдейді.

әрекетін қалыптастыру моделі мотивациялық-еріктік мазмұндық, әрекетті-
тәжірбиелік бақылау-бағалау компоненттері бірлігінде байқалады және нақты
өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады.

әрекетін қалыптастыру әдістемесі, студенттердің меңгерген білім, іскерлік,
дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға
бағдарлайды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: (2007-2010) талапқа
сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес
әдістерді қолданумен, эксперимент жұмыстарының педагогикалық мақсатқа
сәйкестілігімен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және
практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы: Қазақ-Рессей университеті, Академиялық Инновациялық
университеті(АИУ), Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті
(ХҚТУ).
Зерттеуді сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру: зерттеудің негізгі
қағидалары халықаралық және республикалық конференцияларда 2002-2010ж
аралығында (“Развитие информационных технологий в Казахстане”; “Принципы
дистанционного обучения” (г.Бишкек); Перспективные направления развития
науки. (Украина); “Дистанционное образование современном РК”, (Польша);
“Инновационные технологии в обучении студентов вузов – дистанционному
обучению, опытно-экспериментальная работа”; Дистанционное обучение: Опыт и
перспективы эвристического подхода; “Болашақ мұғалімдерді оқушылардың
танымдық іс-әрекетін басқаруға даярлау”; “Қашықтықтан оқыту технологиялары
негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың
ерекшеліктері”; “Дистанционное образование в РК”, (Чехия); “Болашақ
мұғалімдердің танымдық іс-әрекетін қашықтықтан оқыту технологиясына
қалыптастырудың әдістері”), республикалық ғылыми басылымдарда, Академиялық
Инновациялық университеті және т.б. ғылыми-әдіснамалық семинарларында,
педагогикалық кеңестерінде баяндалып, электрондық оқулықтар, электрондық
оқу- әдістемелік құралдар түрінде жоғары оқу орындарында енгізілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты, өзектілігі, мақсаты,
пәні, объектісі, міндеттері, болжамы, зерттеу кезеңдері мен әдістері,
ғылыми жаңалығы практикалық маңызы ашылып көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын
қағидалары баяндалады.

әрекетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері деп аталатын
бірінші бөлімде психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттердегі танымдық іс әрекет ұғымының мәні мен мазмұны ашылып
көрсетілген. Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға даярлау моделі
ұсынылып, танымдық іс-әрекеттің негізгі компоненттері анықталған, оны
қалыптастыру механизмі жасалып, құрамдас бөліктері айқындалды. Қашықтықтан
оқыту технологияларына сипаттама беріліп, оның студенттерді
қалыптастырудағы алатын орны мен ролі баяндалады.
Қашықтықтан оқыту технологиялар арқылы cтуденттердің танымдық іс-
әрекетін қалыптастыру әдістемесі және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының
нәтижесі деп аталатын екінші бөлімде студенттердің танымдық іс-әрекетін
қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы сатылап қалыптастыру әдістемесі
келтірілген. Қашықтықтан оқыту әдістері мен құралдары талданып, оның
әдістемелік принциптеріне сипаттамалар берілген. Қашықтықтан оқыту
жүйесінің төрт моделі қарастырылған. Қашықтықтан оқыту курстарын құру
әдістемесіне қойылатын талаптар тұжырымдалған. Студенттерді кәсіби
даярлау үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологиялары атты элективті курс
бағдарламасы ұсынылған.
Қорытынды бөлімінде ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері
мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің
келешектегі зерделенетін бағыттары көрсетіледі.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері, зерттеу
жұмысының практикаға енгізілгендігі туралы акт, анықтамалар және
электрондық оқулық туралы материалдар келтірілген.
Негізгі бөлім
Бүгінгі күні студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – оларды
танымдық іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс
істейтін жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамыту стратегиясының
мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту
стратегиясының негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Жоғары
білімнің басты мақсаттары мен міндеттері ретінде:
- адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық
адамдардың бүкіл өмір бойы дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті
мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс;
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік
экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;
- өзі үшін жауап бере алатын жоғары іскерлікті мамандарды, азаматтарды
даярлауды жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде, білім беру жүйесінің дамуы мен
жақсаруына үлес қосу аталып көрсетілген.
Қоғам өміріндегі болып жатқан әлеуметтік, саяси және экономикалық
өзгерістер мен аталған салалардың болашақтағы дамуы қоғамдағы негізгі
фактор болып есептелетін жеке тұлғаның даму деңгейіне тәуелді. Бұл мәселе
қоғамдағы білім берудің талаптарын түбегейлі өзгертуді, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдануды, ол өз кезегінде, жеке тұлғаның
қоғамның талаптарына сай жан-жақты дамуына жол ашады. Аталған міндеттің
орындалуы студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған
кәсіби құзырлығы мен педагогикалық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдердің
қолында. Дәлірек айтқанда, студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыруды арттыра түсуді көздейді.
Студенттерді танымдық іс-әрекеті – жас ұрпақты өмір мен кәсіби қызметке
даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Аталған әрекет кез келген қызмет
түрімен біртұтас құрылымдық бірлікті құрай алады.
Студенттердің танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен
қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі болып саналады.
Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде студенттердің ой-өрісі толысып,
белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар,

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап
бере алатын, ғылыми-техникалық үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін,
халықтың рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Интеллектуалдық операцияларды орындауға даярлықтың
жеткіліксіздігінен танымдық іс-әрекетті кез келген студент өз бетінше
орындай алмайды, ол білім алушылардан ерік-жігер мен ақыл-ойды талап етеді.
Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық іс-
әрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес,
ерік пен жігерді, қабылдау мен түйсікті дамыту тұрғысында талданады.
Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда
студенттердің танымдық іс-әрекетін ынталандыруға септігін тигізетін оқу
үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру
қажеттілігі туып отыр.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – оқу үдерісін
ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол оқу үдерісінің
тиімділігін арттыру, студенттердің оқу әрекетінің психологиялық
ерекшеліктеріне сай дидактикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқытудың
дамытушылық қызметін толық пайдаланып, танымдық іс-әрекетті дамытуды талап
етеді. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда оқытушылар мен білім
алушылардың өзара субъективтік қатынасына негізделген танымдық іс-әрекет
оңтайлы ұйымдастырылғанда оқытудың нәтижелілігі артады. Сондықтан
студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – жоғары оқу орнында оқу
үдерісін ұйымдастырудың маңызды міндеті.
60-жылдардың екінші жартысы мен 70- жылдардың басында Кеңес педагогикасы
мен педагогикалық психологиясында мұғалімнің басшылығымен студенттер
танымдық міндеттерге өз бетінше қол жеткізуі арқылы дамитын танымдық іс-
әрекет мәселесі кеңінен талқылана бастады.
Оның ішінде жоғары оқу орындарында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру –
студенттердің оқуға деген ынтасын қалыптастыру құралы (Дж.Брунер,
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова
т.б.); тұлғаны әрекет барысында дамыту (Б.Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.А.
Петровский, Л.С. Рубинштейн т.б.); іс-әрекет түрлерін оңтайлы үйлестіру
(И.Я. Лернер, М.И.Махмутов, И.М.Чередов т.б.); танымдық іс-әрекет пен
қарым-қатынас бірлігі (Л.П. Буева, В. Мудрик т.б.)ретінде қарастырады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастырудың философиялық негіздемесі В.Г.Афанасьев, Н.Э.Майн, В.А.Ядов
т.б. еңбектерінде қарастырылды. Мәселенің психологиялық бағыты Б.Г.Ананьев,
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Ю.Н.Кулюткин, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин еңбектерінде талданды. И.Ф.Харламов
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру заңдылықтарын белгіледі.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыруда О.А.Нильсонның студенттердің өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың көрсеткен түрлері маңызды болып табылады:
– психологиялық (танымдық іс-әрекет амалдарын өзінің қабілетіне,
қабылдауы мен есте сақтауына байланысты қолдануы).
– психологиялық-дидактикалық (студенттер орындайтын танымдық іс-әрекеттің
ұйымдастырылуына байланысты).
– дидактикалық (танымдық іс-әрекет барысында атқаратын қызметке
байланысты).
– дидактикалық-әдістемелік (студенттердің проблеманы өз бетінше шеше
білуі).
– әдістемелік (танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталған
тапсырмаларды оңтайлы орындау әдістері мен тәсілдері, жолдары
қарастырылады).
– ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
– ұйымдастыру (жұмысты ұйымдастыру түріне байланысты).
А.А.Вербицкий танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық
негіздерін талқылады. Зерттеушінің пікірінше, жоғары оқу орындарында
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруды психологиялық
қамтамасыз ету принципі әрбір студенттердің сезімдік қанағаттануын, сол
арқылы оқу мотивациясын, қызығушылығын дамытуды көздейтіндігі айтылған.
Бұл мәселе ұлы қазақ ойшылдарының да еңбектерінен көрініс тапты. Ұлы
Абай қазақ мектебінің жалпы білім берудегі және тәрбиедегі маңызын ескере
отырып, жас буынға мектепте жүйелі білім беру қажеттігіне, жас ұрпақтың
тұлғасын қалыптастыруда танымның шешуші роль атқаратындығына ерекше мән
берді. Абай шәкірттің танымдық әлемін кеңейту үшін оны өз бетінше
еңбектенуі қажет деп жазды. Ғылымға қолы жету де, әлеумет өміріне пайдалы
жұмыс істеу де, үйрену мен білу үшін де ең алдымен өздігінен еңбектену
қажет деген қорытынды жасады.
А.Е.Әбілқасымова танымдық іс-әрекетті күрделі педагогикалық құбылыс
ретінде және оның мағынасын ашу үшін студенттің танымға деген тұрақты
көзқарасын анықтау қажеттігін жазады.
Жоғары мектеп дидактикасында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру олардың оқу-танымдық белсенділігін жетілдіру жолы ретінде
қарастырылады. Танымдық белсенділік Л.П.Аристованың, А.С.Белкиннің,
Д.В.Вилькеевтің, Е.В.Каратаеваның, М.И.Махмутовтың, Р.А.Низамовтың,
зерттеулерінде талқыланды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, қашықтықтан
оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың төмендегі
принциптері ерекшеленді: белсенділік, саналылық, ғылымилық, дербестік, өзін-
өзі ұйымдастыру, дамыту, ұжымдық, рольдік.
Ал С.Л.Рубинштейн бұған қосымша болашақ мамандардың танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруда сыртқы ықпалдың ішкі жағдайға әсерін анықтаушы
детерминизм принципін ұсынды.
Танымдық іс-әрекет ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық
үдерістің қалыптасуымен аяқталатын мақсаткерлік, ынталылық пен
қызығушылықтан тұратын күрделі құбылыс.
А.С.Мустояпова: танымдық іс-әрекет нәтижелі жүргізілу үшін оқу-
танымдық үдерісте студенттердің ынтасы мен қызығушылығын, ерік-жігерін
дидактикалық негізделген принциптерге бағыттау қажет,- деп жазды .
Р.С.Омарова танымдық іс-әрекетті таным үдерісінде кездескен
қиындықтарды жеңе білуімен байланыстырып, ол үшін жеке тұлғаның белгілі бір
деңгейде ерік-күш жұмсауы және өзінің танымдық іс-әрекетін саналылықпен
реттеуі қажеттігін негіздейді және танымдық іс-әрекеттің негізгі құрылымдық
бөлімдерін: танымдық қызығушылық, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық
әрекет ретінде ажыратады.
Берілген анықтамаларға талдау негізінде танымдық іс-әрекетті – тұлғаның
құндылықтары мен қажеттіліктеріне сай өзін өзі жетілдіру мен дамытудың
тұлғалық тәсілі ретінде төмендегі негізгі компоненттерді ұсынамыз.
1. Дидактикалық компонент, ол танымдық іс-әрекеттің дидактикалық
сипатын білдіреді: мақсат, мазмұн, түрі, әдісі, құралдары, тәсілдері т.б.
2. Кибернетикалық компонент, ол оқытушы мен студенттің бірлескен іс-
әрекетін танымдық деңгейде анықтайды т.б. қоғам, жеке тұлғалық сипатта
болады.
3. Психологиялық компонент, ол студенттердің танымдық іс-әрекетін
психологиялық қамтамасыз ету.
4. Гносеологиялық, ол танымдық іс-әрекет үрдісінде ақпараттар ағымын
реттеп, оны игеруді басқарады.
5. Әлеуметтік, ол танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда жалпы әлеуметтік
байланыстардың ықпалын белгілейді.
6. Ұйымдастырушылық, ол студенттердің танымдық іс-әрекетінің
ұйымдастыру сапасын қамтиды.
Р.С. Омарова студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың нақты
өлшемдерін анықтаған:
– білімді өз бетінше алуға дайындығының болуы және оны түрлі жағдайда
қолдана білу;
– тұтас педагогикалық үдерісте оқытушының басшылығымен мақсатты өзара
әрекет;
– іргелі білімдерінің болуы;
– танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі;
– өзін-өзі бақылау мен әрекетке бейімделу;
– танымдық тапсырмаларды шешу біліктілігі;
– проблемаларды шешудің қажетті ұжымдық нысандарын ұйымдастыру дағдыларын
меңгеру.
Сонымен, жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде
қарастырылған тұжырымдамалары негізінде мынадай қорытындыға келеміз:
– студенттердің оқу үдерісінде танымдық үдерістер кезеңдік ғылыми
ізденісті талап етеді және олардың шынайылылығы тәжірибеде дәлелденуі
тиіс;
– танымдық іс-әрекет ойлау қабілеті мен іздену әрекеті арқылы дамиды;
– танымдық іс-әрекет оқу әрекетімен тікелей байланысты;
– танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін студенттердің белсенді оқу
әрекеті мен өз бетінше жұмыс жүргізілуі шарт;
– танымдық іс-әрекетті қалыптастыру педагогтардан кәсіби шеберлікті талап
етеді, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру әдістері мен тәсілдері
технологиялары инновациялық тұрғыда оңтайлы ұйымдастырылуы қажет.
Теориялық зерттеулер нәтижесінде төмендегідей тұжырым жасауға болады:
– студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда қашықтықтан оқытуда
өзіндік даму шарттары мен бағыттарын жетілдіру қажет;
– оқытушы мен студенттің танымдық іс-әрекетті қалыптастыру бағытындағы
бірлескен қызметін ұйымдастыру жолдары, әдістері мен тәсілдерін
нақтылау;
– қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетінің құрылымы
анықтау;
– студенттердің танымдық іс-әрекетін ақпараттық технологияларға,
қашықтан оқытуға негізделген моделін негіздеу.
Студенттердің танымдық іс әрекеттерін қалыптастыруда оқыту әдістерінің
маңыздылығына И.Я.Лернер тоқтала отырып, оқытудың жалпы дидактикалық
әдістерінің бес түрін: ақпаратты-рецептивті; репродуктивті; проблемалық;
эвристикалық; шығармашылық деп көрсетті. Бірқатар еңбектерде оқыту әдістері
оқытушы мен студенттің барлық өзара әрекеттестігі жиынтығын қамтитыны
айтылған.
Т.Гергей оқытудың екі ішкі жүйеден: оқытушы іс-әрекеттері және оқу іс-
әрекеттерінен тұратынын айтады.
Оқыту мен оқып-үйрену арасы дидактикалық қатынасқа негізделетіндігін
және дидактикалық үдерісті іс-әрекет тұрғысынан қарастыра отырып, оны
студент мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті түрінде біртұтас жүйе етіп
қарастыру керек.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технология қолданылған кез келген
тәсіл И.Я.Лернер анықтаған бес әдістің бірінің құрамына кіретінін байқадық.
Оқыту тәсілдерінің ішінен қашықтықтан оқыту жүйесінде жиі қолданылатын
түрлері: демонстрация, иллюстрация, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырмаларды
орындау, есептер шығару, жазба жұмыстары, қайталау.
Қашықтықтан оқыту технологиялары анықтамасын А.С.Скок, В.С.Дудченко мен
В.Н.Макаревичтердің әлеуметтік технологияларға кеңінен берілген анықтамасы
ретінде қарастырған дұрыс. Осыны басшылыққа ала отырып, қашықтықтан оқыту
технологиясы үшін :
1. Білім беруде нысанға жетуге арналған педагогикалық іс-әрекеттің
анықталған әдісі.
2. Әдістеменің түйіні іс-әрекет процедурасын рационалды жіктеп, оны ары
қарай координациялау мен синхронизациялауды кезеңдерге бөлу.
3. Ғылыми білімді алдын-ала саналы және жоспарлы түрде реттеу, осымен
сабақтас ғылымдардың алдынғы қатарлы тәжірибелерін қолдану.
Бұдан басқа қашықтықтан оқыту технологиясы екі құрылыммен көрсетіледі:
- іс-тәжірибе мен операцияның мазмұнды әрекеттер бағдарламалары;
- осыған сәйкес құрастырылған танымдық іс-әрекеттер.
Берілген түсінікте қашықтықтан оқыту технологиясы білім беруде көрсетілген
қашықтықтан оқыту құралдары арқылы іске асыруға арналған, ғылыми
негізделген жүйе түрінде қаралады. Бұл ретте, қашықтан оқыту
технологиясының ядросы келесі көрсетілген өзара байланыстағы элементтер:
әдістер, техникалық құралдар, оқыту құралдары (білім берудің берілген
мазмұнын игерудегі) қамтиды.
Қашықтықтан білім беру технологияларының басты қызметі - болжау,
негізгі іс-әрекетінің бірі жобалау (өйткені ол жалпы нысандар мен
нәтижелерді жоспарлаумен, негізгі кезеңдерді көрсетумен сипатталады, білім-
тәрбие беру) үдерісінде кәсіби құзыретті мамандар дайындау, танымдық іс-
әрекеттері негізінде интеллектісін қалыптастыру. Өз кезегінде қашықтықтан
білім беру технологиялары нақты пәннен тәуелсіз, оқу-тәрбиелік үдерісте
игерілетін заңдылықтарға тәуелді. Бұдан басқа қашықтан оқыту технологиялары
ғылым мен іс-тәжірибенің басқа саласынан да әртүрлі арнайы технологияларды
қамтиды (ғылыми ақпараттық технологиялар, өндірістік, электрондық және
т.б.). Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы әдістемелік жүйелер, арнайы
құралдар және білім берудегі пәндік мазмұнды игертуге арналған оқыту
құрылымы ретінде анықталады.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-
әрекеттерін қалыптастырудың моделін құруда тұлғалық-әрекеттік, тұлғаға
бағдарланған және синергетикалық тәсілдерді негізге алдық.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру
моделін тұлғалық-әрекеттік тұрғыда құру тұлғаның танымдық қажетсінуін,
қызығушылығы мен сұранысын, бейімділігін есепке алуға негізделеді.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл болашақ мамандардың субьективтілік деңгейін
жетілдіруге бағытталады.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың
синергетикалық тәсілі олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі
өзектендіруін, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі дамытуы
мен өзін-өзі жетілдіруін мақсат етті.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру моделін құруда жүйелілік тәсіл қолданылды, себебі қашықтықтан
оқыту арқылы танымдық іс-әрекеті белсенді студент моделі жоғары оқу
орындарында оқыту, тәрбиелеу мен дамыту қызметінде негізгі мақсатына
айналуы тиіс.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жұмыстары алынған
диагностикаға талдау негізінде мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс (сурет
1).
1- сурет - Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру механизмі
1-суретте оқу танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға қатысты негізгі деп
танылған стратегиялық, ағымдық, ұйымдастыру және қорытындылау жұмыстары
қарастырылған.
Білім беру ұйымының басшылығы білім беру стандарты негізіндегі оқыту
нәтижелерін болжайды және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда студенттің
бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне стратегиялық болжау жасайды.
Студенттің өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының
өзара байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде
орындалады. Қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың
негізгі бес кезеңге бөлеміз (сурет 2):
• қашықтықтан оқыту мәдениетінің қалыптасуы (қашықтықтан оқыту
үдерісін пайдалану арқылы ақпаратпен жұмыс жүргізу мәдениетін
игеруі, анықтамалықтар мен сөздіктерді т.б. дұрыс пайдалана
білуі, танымдық іс-әрекетті қашықтықтан оқыту негізінде
ақпараттық қамтамасыз ету тәсілдерін игеруі т.б.);
• танымдық іс-әрекеттің қалыптасу алгоритмі (студенттің танымдық іс-
әрекетке қызығушылық танытуы, ақпарат ағымын реттеу, өз
мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, өзінің танымдық іс-әрекетін
жоспарлау, қашықтықтан оқыту арқылы танымдық іс-әрекетті
қалыптастырудың логикалық моделін құру т.б.)
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
көрсеткіштері мен белгілерін талдау негізінде қашықтықтан оқытуда танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін төмендегі тұрғыда жіктедік (сурет 3):
Танымдық іс-әрекет – студенттердің танымдық мотивтеріне мотивациялық
тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Студенттердің жоғары оқу
орнында қашықтықтан білім алуы, біліктіліктерінің қалыптасуы, дағдыларының
дамытылуы оларды шығармашылықпен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz