Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе 3

1 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу 4

  1. Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыру
  2. Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдісі мен 8

мәселелері

  1. Жергілікті аймақтық дамуды іске асыру саясаты 11

2 Қазақстан Республикасы бойынша аймақтардың

экономикалық даму ерекшеліктеріне сипаттама

2. 1. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы 15

2. 2. Атырау облысының аймақтық экономикасының қазіргі дамуы 19

2. 3. Шығыс Қазақстан облысының аймақтық даму ерекшеліктері 22

3. Аймақтарды дамытудағы проблемалар және оны шешу жолдары 26

Қорытынды 29

Пайдалынылған әдебиеттер 31

КІРІСПЕ

Мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту; б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік.

Біріншіден, мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы, қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олардың кірістің бір жанға шаққанда деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі, индустриалды әлуеті деңгейі және т. б көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше.

Соңғы онжылдықтағы келеңсіз үдерістердің бірі - өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейінің ала-құлалығы одан әрі ұлғаюы мен аумақтар тобының артта қалуының күшейе түсуі болып табылады. Қазақстан артта қалған өңірлеріне экономикасы ұзақ уақыттар бойы тоқырау жағдайында тұрған, өнеркәсіп құрылымы аз әртараптандырылумен сипатталатын, инфрақұрылымы әлеуметтік саласы нашар дамыған, ахуалы қолайлы емес аумақтар жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының аймақтық даму ерекшелігі туралы, елімізде аймақтық дамуда атқаралып жатқан стратегиялық бағдарламалар туралы оқып-білу. Курстық жұмыстың міндеттері:

  • мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастырудың бағыттары туралы оқып-білу;
  • аймақтық даму стратегиялық жоспарлаудың әдістемелері мен мәселелерімен танысу;
  • жергілікті аймақтық даму ерекшеліктерімен танысу; Қазақстандағы аймақтық даму ерекшеліктері және даму бағыттарымен танысу.

І. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу

1. 1. Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыру.

Мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту; б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік.

1995 жылдың ақпан айының басында «1995 жылға Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштері» ресми түрде қабылданды. Ал 1999 жылдың наурыз айының басында Экономика министрлігі 1999-2005 жж., және екі кезеңге бөлінген: 1999-2000 және 2001-2005 жж., орта мерзімдік жоспарын қалыптастыру жөніндегі құжаттар пакетін дайындады және министрліктерге, ведомстволарға, облыстық әкімшіліктерге жіберді. Сондағы сілтеме көптеген айқын түзетпелер мен қателіктері бар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын құрастыру мен іске асыру Тізіміне» болды. Сол қателіктерді байқау үшін бір ғана фактті келтірудің өзі жеткілікті: «Тізімде» саясат бұл «тетік», тетік бұл «құрал», құрал бұл «индикатор», индикатор бұл «көрсеткіш» және т. б деп бекітілген. Егер де 1999-2005 жж., орта мерзімдік жоспарды осындай «әдістемелік» негізде қарастыратын болсақ, онда оның іске асуын бақылау мүмкін емес, яғни экономиканы мемлекеттік басқару органдарының ісін бағалау мүмкін емес. Тағы да бір айта кететін жайт - «Тізімде» Облыстар мен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарлары облыстар және Алматы қаласының әкімдері, өзінің есебімен қаржыландырылатын бөлімін дербес әзірлейді және атқарылуын қамтамасыз етеді, ал жалпы ұлттық мәселелерге қатысты және мемлекеттік орталықтандырылған қаражаттар есебімен қаржыландырылатын бөлікте Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында анықталған индикаторлар және ресурстар қабылданады. Бірақ та қаржыландыру мәселелері жөніндегі жоғарыда аталған құжаттар пакетіндегі негізгі көрсеткіштер тізімінде аймақтарды дамытуды қаржыландыру көрсеткіштері жоқ. Мұндай көрсеткіштер - «Аймақтық даму көрсеткіштері деп аталатын» 9-тарауда да жоқ. Мұның бәрі бүгінгі күні елді дамытудың орта мерзімдік, жылдық және де ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық жоспарларды әзірлеудің ғылыми - әдістемелік негізінің әлсіздігін дәлелдейді. Ал бұл, өз орнында, мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруға кедергі жасайды.

1996 жылы 9 қаңтарда Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы» мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша үлгілеу құрайды. Сонда мұнда, бір объектіге деген екі жақты көзқарас түсініспеушілікке, шатаққа әкелетіні ескерілмеген, өйткені бір аймақ жеткілікті мамандырылған, бірақ та бюджет жағынан әлсіз болуы мүмкін. Яғни, берілген аймақ бюджеттік қаржыландыру жағынан басыңқылардың құрамына кіреді, өйткені оның дамуы мамандандырылу деңгейінен басыңқы бола алмайды. Бізге алдағы мерзімде аймақтардың басыңқылығын анықтау бірыңғай ғылыми негізге негізделетін аймақтарына деген кешенді көзқарас дұрыс деп көрінеді.

Берілген Тұжырымдаманың «бастапқы алғышарттарында» «аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы тереңдей түсуде. Халықтың тұрмысының деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың арасындағы айырмашылық өсіп келеді», шағын және орташа қалалары мен жекелеген ауыл шаруашылығы аудандарының проблемалары шиеленісіп келеді деп жазылған. Және де осының негізінде аймақтар мәселелерінің күрделене түсуі іске асырылатын аймақтық саясаттың кемшіліктерімен байланысты деген қорытындыға келуге болады. Онда, қисынға байланысты, қазіргі аймақтық саясатта осындай кемшіліктерді жою мүдделері болуы тиіс. Бірақ Тұжырымдама саясаттың мәнін анықтағанда екпін «мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін тіршілік әрекеті мен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларын пайдалануға» қойылады. Егер де аймақтық факторлар тек жалпымемлекеттік мақсаттарға жетуге ғана пайдаланатан болса, онда аймақтық саясаттың аймаққа деген пайдасы қандай бұл саясаттық бағытталудың мәнісін дұрыс анықтау мен түсінуге тәуелді екенін дәлелдейді.

Аталғанды аймақтық саясатқа қолданатын болсақ, ол қалалық және ауылдық жерлерде тұратын халықтың табыстары, жұмыс бастылығы, өмір сүру деңгейі және облыстардың (аудандардың, қалалардың) әлеуметтік-экономикалық даму деңгеиінде айқын шиеленісуге әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асырудың жалпы мақсатнаманы ғылыми негіздеуде. Аймақтық саясаттың мәнін дәл осындай түсінуі оны қалыптастырудың негізін анықтайды.

Біріншіден, мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы, қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олардың кірістің бір жанға шаққанда деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі, индустриалды әлуеті деңгейі және т. б көрсеткіштерге байланысты.

Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше. Сонда, жұмыссыздар саны бойынша республика облыстардың үлес салмағы 1, 8 %-дан 20, 3%-ға дейін ауытқиды, ал облыстар арасында халықтар кірісінің бір жанға шаққанда максималды деңгейі минималды деңгейінен 4 есе үлкен. Сонымен қатар халықтың 60%-ға жуығы бүгін кедейлік шетінен тыс өмір сүреді. Халық тығыздығының орта республикалық деңгейінде бұл көрсеткіш 17 адамнан 2 адамға дейін ауытқитын облыстар да бар. Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40%-ына жуығы үш облыстың үлесіне келеді.

Екіншіден, аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды. Жоғарыда аталған «Тұжырымдамада» аймақтық саясаттың осы факторы оның іске асыру құралы ретінде қарастырылады, онымен екі тұрғыдан келісуге қиын: а) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру аймақтық саясатты жүргізбес бұрын айқындалуы қажет; ә) өндіргіш күштердің бір жағынан «дамуға» екінші «орналастыруға» әсерін тигізетін факторлар сипатының өзгешелігі соңғыларды құрал ретінде қарастырмай, аймақтық саясаттың объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның іске асуы енді аймақтар өндіргіш күштердің сапалы өнімін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке алуы тиіс деп айту жөн. Өйткені олар өнімділік еңбектің деңгейінен, қор қамтамасыз ету деңгейінен тікелей тәуелділігінің тең шарттарын «айыруға» мүмкіндік береді. Бірақ оның қамтамасыз етілуі, берілген жағдайда, республиканың өндіргіш күштерінің аймақтарда әр түрлі болуы және өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесінде институционалдық өзгерістермен қиындатылған.

Өндіргіш күштердің сапалы өсімі мәселесін қарастырғанда ғылыми-техникалық әлуеті мен әкімшілік-аумақтық таксондардың техногендік ерекшелігін айтып кету жөн. Сонда, мысалы, Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарының ғылыми және ғылыми-техникалық әлуеті деңгейі тым жоғары, және оны солтүстік-шығыс және батыс аймақтардың үлес көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды. Бұл соңғыларда өндіргіш күштердің тез арадағы сапалы өсімін ынталандыруды қажет еткенін көрсетеді.

Үшіншіден, мемлекеттің аймақтық-экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады. Олардың тоқырап қалу себебі көбінесе субъективті факторларға байланысты. Әсіресе, осындай көптеген қалалар мен аудандардың пайда болуына себеп болған негізгі фактор - ол үкімет жүргізген «жедел жекешелендіру» саясаты. Осы саясат негізінде іске асырудың экономикалық және, әсіресе, әлеуметтік зардаптарының ғылыми болжамын ескермей жүргізілген еді. Қарастырылып отырған таксондар жағдайларының нашарлануына қалалар құрастыратын жекешелендірілген кәсіпорындардан, жергілікті бюджетке ауыр «жүк» ретінде болып қалған, әлеуметтік сектор «кесіп тасталды». Ал оның кіріс бөлімі төлемсіздіктен және кәсіпорындардың түрлі себептерімен тоқтап қалуына байланысты көптеген жағдайларда орындалмаған.

Осындай жағдайларда қазіргі мемлекеттің аймақтық саясаты, тиісті қалалар мен аудандардың тоқырап қалу қалпынан шығуын ескермесе, онда оны толықтай негізделген деп айту мүмкін емес. Мұнда біз аймақтық саясаттың тек қалыптасу негіздерін қарастырдық. Оның тәжірибелік іске асуы негізгі қағидалар мен механизмдердің басыңқылығының ғылыми және алдын ала анықтамалығын талап етеді.

1. 2 Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі мен мәселелері

«Қазақстан-2030» Президенттік стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында, жоғарыда айтып өткендей, стратегиялық жоспарлаудың рөлі ерекше көрінеді. Егер оның аймақтық аспектісін алып отырсақ, онда мұның құқықтық «қолдауы» Қазақстан Республикасы Ата заңының тиісті баптарынан көрінеді. Жергілікті жоспарлаудың әдістемесі мен негіздеу қағидаларын жоспарларды зерттеушілер мен құрастырушылар әлі де ескермейді. Керісінше, жергілікті әлеуметтік-шаруашылық ерекшеліктерін ескеретін, тиісті ғылыми зерттеулермен негізделмеген ірі ауқымды іспен айналысамыз. Сонда, мысалы, салалық пен аймақтық аспектісіндегі стратегиялық жоспарлауды іске асырудың объективті қажеттілігі туралы сөз, тек қазан айында шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында ғана туындады. Осының негізінде министрліктер, ведомстволар мен облыс басшыларына жаңа 1998 жылға дейін Агенттікпен құрастырылған «Әдістемелік ұсыныстарды» ескере отырып, ағымдағы және орта мерзімдік стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бұйрық берілді. Бірақ осындай тапсырыстар тиісті жоспарларды әзірлеу мен іске асырудың ғылыми- әдістемелік құралдарынсыз берілген еді.

Қарастырылып отырған құралдарға алдымен ғылыми негізделген қағидалар жүйесі жатады. Олардың өзгеруі алдағы келе жатқан мерзімнің мақсатты мәселелер сипатымен байланысты. Бірақ мұнда жоспарлау объектісіндегі болашақтағы конъюнктуралық өзгерістерге тәуелсіз қағидаларды атап өту қажет.

Ең алдымен кешендеу қағидасының рөлін айрықша атап көрсету тиіс. Берілген қағиданы пайдалану- бұл жоспарлы көрсеткіштерде аймақтардың меншік нысандары жүргізілген институционалдық өзгерістерге қарамастан бар әлеуметтік-шаруашылық «ағзасын» көрсету деген сөз. Осы қағиданы ескермеу аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін салыстыру мен рейтингтік баға белгілеу жағдайында қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кешенділік қағиданы сақтау:

  • тиісті мерзімдерге жасалған республикалық жоспардың көрсеткіштеріне бағытталумен;
  • жергілікті табиғи-экономикалық, материалды-техникалық және интеллектуалдық ресурстардың параметрлерін анықтаумен және бағалаумен;
  • жеке меншік негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың әлеуметтік-шаруашылық ниеттерін талдап қорытумен;
  • мемлекеттік, салалық және аймақтық мүдделердің үйлесуімен қамтамасыз етіледі.

Аймақтық жоспарлаудың келесі маңызды қағидасының мәнісі мақсаттық бағытталумен анықталады. Оның ғылыми негіздеуі әлеуметтік сипатындағы мақсаттардың басым болуынан туындайды, өйткені әлеуметтік сектор дамудың түрлі мәселелерін шешу көбінесе «көлденең» көзқарасты талап етеді. Сондай-ақ осы секторда нарықтық қатынастары элементтерінің пайда болуын ескеру қажет. Бұл аталған мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастыру - әдістемелік мазмұнын тұтастай өзгертеді.

Және де, аймақтық дамуды жоспарлаудың маңызды қағидасының бірі, оның ғылыми екендігі болып табылады. Бұл, алдымен, а) экономикалық заңдар талабын есепке алуды және ә) тиісті аймақтардың дамуын болжау және негізгі позицияларды талдауды тереңдетуде алдымен жергілікті ғылыми әлуетін пайдалануды білдіреді.

Тек осы жоғарыда аталған қағидаларды сақтаған жағдайда ғана әкімшілік-аумақтық таксондар дамуының жоспарларын құрастыруға кірісуге болады. Бұл үшін көрсеткіштер мен әдістердің үлкен жүйесі қолданылады. Аталғандар туралы, жұмыстың басқа бөлімдерінде айтылған болғандықтан, біз осында тек бірқатар мәселелерді атап өтумен шектелеміз.

Ең алдымен республикамызда өндірістік-экономикалық қатынастардағы, халық шаруашылығын, институционалдық және әлеуметтік ортаны басқаруда түрлендірулерді жеделдетуге деген бағыт алынған еді.

Экономиканы басқару органдарының саны мен құрылымының, қаржы-бюджеттік, салықтық және ақша-несиелік саясаттың, өндірістік істің құқықтық негізі мен механизмінің жиі, кейде күрт өзгерулері кездейсоқ емес. Ал бұл, біріншіден, қабылданатын көптеген шешімдердің о бастан негізсіз және шұғыл болуына және, екіншіден, еңбекке қабілетті халықтың инвестициялық белсенділігі мен еңбек ынтасының деңгейін төмендетеді. Жоғарыда аталған кері факторлардың «тік» (салалық) және «көлденең» (аймақтық) сипаты бар.

Аймақтық саясаты іске асыруда реформалардың жүзеге асуы аумақтық ерекшкліктерді ескермегеннен біраз қиыншылықтарға жол берілгенін ерекше атау керек. Нарықтық қатынастарды дамытудың негізі қалыптасқанда облыстар мен аудандардың түрлі бастапқы мүмкіншіліктері есепке алынған жоқ, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың шаруашылық жүргізудің нарықтық моделін ұғынудың құқықтық, идеологиялық және психологиялық дайындық мәселелерін шешуге мән берілген жоқ. Осы модельдің элементтері, жоғарыда айтылғандай, «жоғарыдан» түсетін әкімшілік қысудың нәтижесі болды. Мұндай көзқарастың нәтижелері республиканың ірі және әкімшілік-аумақтық аймақтардың өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық деңгейіндегі ерекшеліктерді айыруына әкеп соқты.

Осындай жағдайларда дағдарыстан шығудың аймақтық шаралары республиканың стратегиялық жалпымемлекеттік мүдделерді ескеретін, оң жақтарын айқындайтын, облыстар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің деңгейін бірте-бірте теңестіруге алып келетіндей болуы тиіс. Және кез келген жағдайда халық шаруашылығының маңызды салаларымен біз қалай қатынасамыз, яғни «суға кеткенді құтқару суға кететіннің шаруасы» қағидасы бойынша істі жүргізуге тырысамыз.

Салалық және аймақтық деңгейіндегі шаралардың сәйкессіздігі аймақтардағы халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады. Мұнда «Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасында» келтірілген үзіндіні айту қажет: «нарықтық реформаларды жүргізуде мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарында тігінен және көлденеңінен келіспеушілік және жүйесіздік реформалардың бірыңғай мемлекеттік саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді».

Дәйексөздің мазмұны көпшілік адамдардың әлеуметтік жағдайының төмен болуы оның субъективті сипаттамасын дәлелдейді. Аймақтық қайта өндіру мен әлеуметтік- шаруашылық үрдістерді басқарудың ғылыми негізделген механизмін жасап шығару және жіберген қателерді түзету қажет.

Әрине, осындай механизм Қазақстан Республикасының Ата заңына негізделуі тиіс, өйткені мұнда маслихаттар, жергілікті өкілді органдар, тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Сонда конституциялық және басқадай заңды құзыретін іске асырғанда маслихаттардың тиісті аумақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған шешімдерге ықпалын тигізу жөніндегі еркіндік істің барлық элементтері бар. Сондықтан және экономикада дағдарысты құбылыстардың болу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару рогандарын құру туралы мәселені көтеру орынды ма.

1. 3 Жергілікті аймақтық дамуды іске асыру саясаты.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастыру мәселелері кем дегенде екі шарттың орындалуымен шектелуі тиіс:

А) аумақтық әлеуметтік-шаруашылық жүйесі регресс жағдайында емес, экономикалық прогресс тәртібімен жұмыс істеуі қажет;

Ә) адамдардың интеллектуалды деңгейі мен құқықтық ой-өрісінің дамуы заңның басымдылығын нәрсе ретінде қабылдайтын деңгейге жеткізуі тиіс.

Осындай жағдайларды есепке алмай жоғарыда аталған мәселелерді шешу-жергілікті сайлау «додасын» қайта бастау, қазіргі жағдайда жүргізілетін экономикалық реформалардың жүрісіне жергілікті халықтың әлеуметтік -шаруашылық белсенділігін тудырмай саяси белсенділігін арттыру деген сөз. Ал осындай белсенділік, яғни тиісті әкімшілік-аумақтық таксондарды дербес басқару «делбесін» қолына мақсатпен алып алу облыстық деңгейге жетсе, онда осындай белсенділерде сепаратистік көңілдің элементтері пайда болуы мүмкін. Аталғандардың пайда болуы облыстық әкімдерді сайлауды енгізу талабы да әкелуі мүмкін. Айтылғаннан, жақын арадағы 10-15 жыл ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру жөніндегі мәселелерді шешу қажет емес деген тұжырым шығып тұр.

Жақын арада мемлекетті және оның экономикасын басқаруды орталықсыздандырудың негізі ретінде жергілікті өкілді және атқарушы органдарға олардың кейбір функциялары берілуі тиіс. Олардың құзіретіне, конституциялық міндеттемелерден басқа, муниципалдық сипаты бар төмендегі мәселелер кіруі мүмкін:

- қаржы-бюджеттік ресурстарды дербес пайдалану және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қаражаттарын ынталандыру негізінде тиісті аумақтар экономикасын кешенді түрде дамытуды қамтамасыз ету;

- табиғи-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени, интеллектуалды сипатындағы жергілікті ерекшкліктерді ескере отырып, ақылы қызмет көрсету және өндіріс өнімінің сапасын жоғарылатуға бағытталған кәсіпкерлік істің белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру;

- ауылды жерлер тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және егістік дала мен фермалар өнімдерін жоғалтуды қысқарту есебімен экономикалық эффектін алуға мүмкіндік беретін ауылды шағын индустриаландыруды ынталандыруға байланысты шешімдерді қабылдау;

- білім беру; медициналық және халықты әлеуметтік-мәдени қызметпен қамтитын жеке секторға материалдық-техникалық қолдау көрсету;

- аймақ экономикасын дамытудың баланстылық мүдделерін және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып шетел инвестицияларын тарту механизмдері мен жағдайларды қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы тағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар. Олар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар, тоқыраған шағын және орташа қалалары және арнайы экономикалық аймақ. Осы мәселелерді шешу салық салу, кедендік режим және т. б. саласын ерекше жағдайлар мен протекцияның механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы-мақсатты көз-қарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, берілген таксондардағы әзірленген мақсатты бағдарламалар - бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын игілікті ниет. Яғни, осындай бағдарламалардың заңды негізі болуы және олар кезекпе-кезек және уақытында орындалуы тиіс.

Егер үкімет ұзақ мерзімді нормативтер бойынша табыстарды бюджет аралық бөлуге көшкісі келсе, онда бұл істі қарастырылатын аудандар мен қалалардан бастау қажет. Сонымен қатар өзін-өзі басқарудың функцияларын кеңейтуді дәл осы әкімшілік-аумақтық таксондардан бастаған дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Аймақтық даму проблемасы
Аймақтық нарықтың дамуы және қалыптасу ерекшеліктері
Аймақ экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу
Аймақтық өсу теориялары
ӨҢІРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аймақтық саясат
Аймақтық саясат туралы
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz