Қимақ мемлекеті



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
конецформыначалоформыҚимақ
қағандығы
Кимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.
Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо"
тайпасымен бір деп қарайды.
840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген
тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне
келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар,
баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ
патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында
Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы
- қаған атын алады.
Қимақ мемлекеті
10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек
тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым
болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.
Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда
қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге,
ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті
ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын
керуен жолдары болған.
11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін
өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы,
және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі
тайпаларының қаптап кетуі.
ІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба
деректер көп. "Қыпшақ" этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз
"Худуд ал – Аламда" (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б.
мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан
қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9
тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. "Худуд – ал – алам"
бойынша қыпшақтар "қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар
тағайындайды"
Қазақстанның Солт. Шығ. және Орт. аймақтарында Қимақ мемлекетi орнады.
Батыс түрiк қағандығының өзегi болған Жетiсуда Қарлұқ мемлекетi (766 — 940)
құрылды.
8 ғ-дың 2-жартысы — 9 ғ-дың басындағы тарихи оқиғалар оғыз тайпаларында
мемл. ұйым бөлiктерiнiң дамуына түрткi салды. Оған печенег-кангар
конфедерациясымен соғыс едәуiр дәрежеде себепшi болды. 9 ғ-дың басында оғыз
жабғылары қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, печенег-кангар
бiрлестiгiн жеңдi де Сырдарияның төм. ағысы мен Арал өңiрiнде Оғыз
мемлекетiн (9 — 11 ғ-дың басы) құрды. 9 ғ-дың соңында олар хазарлармен
одақтасып, печенегтердi жеңiп, Орал мен Едiл арасын қол астына қаратты.
Бастапқы кезде оғыздар 24 тайпадан құралып, екi фратрияға: бұзұқтар мен
ұшықтарға бөлiндi. 10 ғ-да астанасы Янгикент (Жаңа Гузия) болды. Мемлекет
басшысы — жабғы (ябгу, ябғұ), оның кеңесшiлерi — “күл-еркiн”, мұрагерлерi —
“инал” деп аталды. Оғыз мемлекетi саяси және әлеум. табиғаты жағынан
ертедегi феод. мемлекет болатын. Онда әскери-демокр. құрылыстың қойнауынан
өсiп шыққан ел билеу ин-ттары сақталды, ал жабғы билiгiн iрi әскери-
тайпалық ақсүйектер кеңесi шектеп отырды. Оғыздар қоғамында жеке меншiк
қалыптасып, дами бастады. Негiзгi шаруашылығы мал өсiру едi. Жартылай
отырықшы және отырықшылар егiншiлiкпен, қолөнерiмен айналысты. Құл саудасы
кең қанат жайды. Оғыздар мәжусилiк нанымды ұстап, бақсы-балгерлерге
табынған. Бiрте-бiрте ислам дiнi ене бастады. Оғыз мемлекетi Киев князi
Святослав I-мен одақтасып, 965 ж. хазарларды, 985 ж. Новгород князi
Владимир I-мен бiрге Едiл Бұлғариясын ойрандады. 10 — 11 ғ-ларда алым-
салықтың күшеюiне қарсы Оғыз мемлекетiнде көтерiлiстер болып өттi.
Салжұқтармен жүргiзiлген соғыстар мен iшкi қайшылықтар нәтижесiнде
әлсiреген Оғыз мемлекетiн қыпшақ тайпалары бiржолата құлатты. Оғыздардың
бiр бөлiгi Шығ. Еуропа мен Кiшi Азияға өтiп кетсе, екiншi тобы
Мауераннахрдағы қарахан әулетi мен Хорасан салжұқтарының қол астына қарап,
тағы бiр бөлiгi Дештi қыпшақ тайпаларының құрамына сiңiсiп кеттi.
Оғыздармен бiр кезеңде Солт., Шығ. және Орт. Қазақстан жерiнде Қимақ
(кимек) қағандығы (9 — 11 ғ-дың басы) үстемдiк еттi. Қимақтар тарихының
ерте кезеңi яньмо тайпасымен тiкелей байланысты. 7 ғ-да яньмо солт.-батыс
Моңғолияны мекендеген. 7 ғ-дың ортасында имектер (кимектер, қимақтар) Алтай
тауының терiскей аудандары мен Ертiс өңiрiне қоныс аударды. Олардың
басшылары “шад-тұтық” деп аталған. 840 ж. Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейiн
құрамында жетi тайпа ұйытқы болған қимақ федерациясы қалыптаса бастады.
Ендi қимақ тайпаларының басшысы байғұ (ябғұ) атағымен атала бастады. Бұл
атақ лауазымдық дәрежесi жағынан шадтан жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Қимақтардың шығу тегі
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қимақтар Қазақстан аумағында
Ерте орта ғасырдағы (VI-X) және дамыған ғасырлардағы мемлекет (X-XIII)
Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті
Пәндер