Қимыл дағдыларының психологиялық механизмі мен қалыптасу процесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қимыл дағдыларының психологиялық механизмі мен қалыптасу процесі жайында

Біз алған нәтижелерді талдау және оларды оқытудың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша оқыту барысы және нәтижесімен салыстыру "қимыл дағдыларын" алыптастырудағы сынақ пен қателіктердің рөлі және соңғысының механизмі туралы теориялық мәселелерге қайта оралуга мүмкіндік береді. Біз жоғарыда атап өткендей, бұл мәселелердің үлкен тәжірибелік маңызы бар, себебі "қимыл дағдыларын" теориялық түсіндіру әрқашан да оны оқыту әдістемесінің белгілі бір бөлімдерін қорғау болып табылады.

Алдымен сынақ пен қателіктер мәселесіне тоқталайық. Әрине, олардың шығу тегі де әрқилы және өздері де әр түрлі болуы мүмкін. Олар объектінің қасиеттері мен байланыстары туралы белгілі бір үғымдардан тарауы мүмкін, сонда бұлар әрекет арқылы тексерілген болжамдар тобы болып шығады. Бұл жағдайда оның сәтсіздіктері де біздің білімімізді арттырады, қателіктері де пайдалы болып шығады.

Бірақ "қимыл дағдыларын" қалыптастыруда біз әдетте кездескен қателіктер мен сынақтардың толық емес бағытты негіздегі табиғаты бөлек болып келеді. Олар шындығында да "соқыр" болып табылады, бірак, жалпылай емес, тек қана әрекет операциялары құрамына және оның пәндік шарттарына байланысты ғана солай болады. Бұл жағдайда сынақтар негізінен соңғы нәтижеге бағытталған және нысанаға дәл тиюі немесе мүлт кету ережесімсн іріктеледі.

Соқыр сынақтардың болмауы мүмкін емес, мүндай жағдайдың өзіндс де олар пайдалы, себебі солардың арасынан "дұрыс" әрекеттср таңдалып алынады. Мұндай жағдайда қателіқтер де пайдалы, өйткені солардың арқасында әрекет объектілерін және сигналдарын бөлшектеу, нақтылау, екінші жағынан өзге операцияларды анықтау процесі жүреді. Яғни «соқыр қателіктер мен сынақтар» әрекеттің, бағытталган негізінің айтарлықтай кемшіліктерінің өзінде де шынымен де қажет болып отыр.

Толық емес бағыттылық негізде жаңа әрекеттерді қалыптастыру барлық жағынан да барынша тиімсіз жол екендігін атап айтуымыз қажст. Біріншіден, ол көп уақытты, материалды және жұмыс күшін (оқушы мен мұғалімнің) талап етеді. Сонымен қатар көптеген оқушылар үшін ол ең қиыны болып табылады: ол үлгерімнің әр алуандылығына әкеліп соқтырады, оның үстіне оқушылардың басым бөлігі орташа және нашар деңгейдегі үлгерімге түседі. Екіншіден, ақыр соңында қалыптасатын әрекеттің сапасы көңілге қонымсыз келеді; әрекет үлкен дәлдікке ие болуы мүмкін, бірақ ол тұрақсыз, яғни бір орындаудан басқасына ауытқымалы, олар шамалы деген сыртқы әсерлердің өзінс сезімтал және жаңа тапсырмаларға ауысқанда өте шектеулі болады.

Бұл қасиеттердің барлығы "дұрыс әрекеттің" соңгы нәтиже бойынша анықталатындығымнн түсіндіріледі. Басым көпшілік жағдайда жекелеген операциялардың олардың пәндік шарттарына шынайы қатынасы жасырын күйде қалады. Оқушылар бұл қатынастарды түсінбейді, сондықтан да жағдай аз ғана өзгерген кездің өзінде өз әрекеттерін сәйкесінше бағыттай алмайды, осы әсерлерді есепке алып түзей алмайды. Қалыптасқан әрекеттер жалпы пайдалы болғанымен, парасатты емес.

Біздің нұсқаушыларымыздың жұмысын талдау мұны анық көрсстеді. Олар жұмыстың соңгы нәтижесін алып үйренген, бұл жағдайда - дұрыс аралау, ал бұл процеске кіретін көптеген әрекеттер жоғарғы дәрежеде болган жоқ. Дегенмен қанша күш жұмсалатыны және жұмыс өнімділігі осы әрекеттерге тәуелді. Мұндай нұсқаушылардың оқушыларға кейбір әдістерді жалпы үйрете алатындығы, ал оларды қалай пайдалануды үйрете алмайтыны таң қалдырмайды. Мұндай нұсқаушылар кейбір маңызды әдістерді мүлдем білмейді де. Соңғы нәтижеге ие болу мақсатын көздейтін олар мұндай әдістерге назар аударып, көңіл қоймайды.

Сондықтан да әрекеттің бағытты негізі толық болмаған жағдайда "сынақтар меи қателіктер" болмай қалмайды, олар пайдалы және қажетті болып табылады. Олар осындай жағдайда ғана мұндай маңызға ие екендігін естс ұстауга тиіспіз, себебі басым көпшілік жағдайда бұндай жолдармен игерілген дағдылар оларға сірескен және аитиинтеллектілік қүбылыстар деген күмәнді атақ жапсыратын қасиеттергс ие болады. Бұл мәселені қабылдаудағы ақталмаған әрі зияиды, орі ең "табиғи" нәрсе мұндай оқыту тәртібі жайлы заңсыз қорытынды жасаудан көрінеді. Ал бұл қорытынды әрдайым дене күші әрекеттерін қалыптастыруда "бәрі де үнемі осылай болады" деген негіздемеге сүйеніп жасалады.

Бұл расында әрдайым осылай болады, бірақ ол ішкі қажеттілік бойынша болмайды, тек осы уақытқа дсйін әрекеттің толық бағытты негізі туралы түсінік болмағандықтан және мұндай негіз стихиялы түрде және тек сирек жағдайларда құрылғандықтан болады. Өмірлік және тәжірибелік жағдайлардың басым көпшілігінде іс жүзінде барлық жағдайларда әрекет толық емес багытты негізде қалыптасты. Бірақ бұл саналы түрде болмады, сондықтан бұл тәртіп "қалыпты" деп саналды. Ол білімсіздік білімнің алғышарты болған мағынада ғана қалыпты болатыны көрініп тұр.

Әрекеттің толык, бағытты негізі болғанда және оның кезең-кезеңімен өтуі барысында мүндай "соқыр" қателіктер мен сынақтар, әрине, жойылады. Бір жағынан оқушы әрекет барысында әрбір қадамында пайдаланатың бағыттама алады, ал екінші жағынан нақты жагдайдың көрсеткіштерінің көмегімен әрскеттің барысын реттеп бақылай алады. Әрекеттің бағдарлық негізі оқу картасында көрсөтілгсн және оны оқытушының түсіндіруінен кейін бірден есте сақтап қалу қажеттілігі болмайды. Орындау барысы құралдар арқасында, бсрілген көрсеткіштермен анық салыстырыла отырып сырттай кейпінде олардың алдында көрінеді. Мұндай жағдайларда қателер негізінен мүқият назар аудармаудың немесе кездейсоқ кедергілср негізінде туындайды.

Бұл жағдайда оқушының әрекеттері "мақопты" ғана емес, парасатты да, себебі оның объективті ерекшеліктері, яғни күш салу көлемі, ырғақ, әрекеттердің пішіні мен ауқымы - олардың заттық шарттарымен үйлесімде болады. Ал әрекет объектілерін, оның белгілері мен жеке компоненттерін, жеке операцияларды қажетті днффорсициациялау нұсқаушы түсідірген нұсқауларды тәжірибеде тексеру арқылы жүзеге асады және оқу картасында

көрсетіледі, бұған көбінесе осы нұсқаулар қолданылатын тапсырмалардың жүйелік жиынтығы әсер етсді.

Әринс, мұндай жағдайда берілген көрсеткіштермен әрекет қалыптастыру уақытты аса үнемді пайдалану мен жұмыс күші және қаржыны үнемдеу арқылы жүзеге асады; сонымен қатар барлық оқушылар үздік табыстарға жетеді.

Қалыптасқан әрекет жеке-жеке орындаулардың тұрақ-тылығын және жағдайлардың өзгеруіне тәуелсіз орнықтылығын көрсетеді. Жаңа тапсырмаларға көшу айтарлықтай және 20-дан немесе 50, кейде 60%-ға дейін жеңілдетілген.

Жай оқу мен кейінгі ұзақ тәжірибе нәтижесінде қол жеткізген көрссткіштерлі біздің тәжірибелік топ оқушыларының әрекеттерді орындау көрсеткіштерімен салыстыру әрекетті және оның мәнді талаптары құрамын анықтаудың нақ осы әдісі тиімді екендігін көрсетеді. Енді дағды қателіктер мен сынақтардың қалыптасқан жүйесіне қарағанда біз ұсынып отырған әдіс бойынша басқаша жүретіні анық.

Ол алдын ала анықталған, объективті түрдс орнатылған көрсеткіштерге сүйене отырып жасалган, олар әрбір әрекеттің нақты, бірден дұрыс және саналы орындалуын қамтамасыз етеді және осы арқылы оның тек қалыптасуын жүзегс асырады. Біздің жұмысымызда бұған әрбір әрекет үшін арнайы құрастырылған құрал-жабдықтарды, сонымен қатар толық, қысқа әрі нұсқа жасалған оқу карталарын енгізу арқылы қол жеткізіледі.

Жаңа құрал жабдықтарды енгізу - оқу процесінде толық және дереу кері байланысты орнатуды қамтамасыз етеді. Жұмыс істей отырып, оқушы өзінің әрбір әрекетінің нәтижссін көреді және оларды нормативтермен салыстырады, егер олар берілген көрсеткіштерге сәйкес келмесе, онда еңбек нәтижссін саналы түрдс өсіруге тырысып, өз әрекетін дұрыстауга ұмтылады. Әрбір әрекетте қойылатын мұндай талаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олар бір ғана мақсатқа қызмет етеді - талаптардың механикалық түрде емес, парасатты, сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етеді. Оқытудың алғашқы қадамының өзінде-ақ олар берілген әрекетті дұрыс орындаудың шарттарын түсіндіреді.

Егер біздің әдістемеміз бойынша әр әрекет әрбір маңызды көрсеткіш бойынша дереу және нақты кері байланыспен қамтамасыз етілсс, әдеттегі әдістеме бойынша бұл кері байланыс белгісіз және мезгілі өтіп кеткен болады. Біздің әдістемемізде кері байланыс дегеніміз оқушыны бағыттар жүйесімен, әрекеттің толық және дұрыс бағыттаушы негізін қүрудың салдарымен қамтамасыз етудің нәтижесі екендігін атап көрсету қажет деп есептсйміз.

Әрекеттің толық бағытты негізі оқушының қозғалу мүмкіндігін есепке ала отырып құралады: оқушы берілген тапсырмаларды өз қабілетіне сәйкес орындау үшін бағдарлар арасында белгілі бір қашықтық болады. Сыртқы белгілердің стереотипті түрде қайталануы сәйкес динамикалық стереотиптің тез қалыптасуына әкеп соғады. Яғни, кездейсоқ пайда болған жүйке және бұлшық ет координациялары дұрыс әрекетті жүзеге асырмайды, керісінше қалыпты жүйелі іс-әрекет көмегімен оның жеке бөлімдері арасында жана байланыстар қалыптасады, бұл дегеніміз жаңа жүйке және бұлшық ет координацияларының қалыптасуы деген сөз.

Біздің зерттеуімізде дұрыс әрекет қалыптасқанда оқушы алдымен түрлі кездейсоқ сынақтар негізіндегі кинестезиялық сезімдеріне сүйенбейтіні, ол әрекеттің сыртқы бағдарының бірізді тізбегіне сүйенетіні және өз әрекетін объективті процесс деп қабылдайтыны байқалады. Бұл уақытта оқушы зсйінін "дұрыс, нақты кинестезияларды" іздеуге шоғырландырмай, қайта әрекеттердің өзінің дұрыс орындалуына ұмтылуы керек. Тек осындай орындау барысында, дұрыс қозғалыс бейнесі ретінде қабылданатын кинестезиялық кешен қалыптасады және кейіннен сыртқы бағдар болмағанда оны қайта жаңғырту үшін қолда-нылады.

Жалпы мақұлданған бұл теория, аталмыш кейінгі кезеңді процестің ең басына қояды, яғни дағды қалыптастыру механизмі туралы түсінікті мүлдем өзгертіп жібереді және көбінесе оны тәрбиелеуді қиындатады.

Сонымен, біздің ойымызша, мына нәрсеге көңіл бөлген жөн: біздің тәжірибелер дәлелдеген тұжырымдамаға сәйкес әрекеттің толық бағыты негізіндегі қимыл дағдыларын қалыптастыру жаңа психологиялық құбылысты қалыптастырудың жалпы тәртібінің бір бөлшегі болып табылады. Бұл заң оқытудың жалпы заңдылығына бағынады және психологиялық түрғыда қимыл дағдыларын өзге оқу тапсырмаларымен қатар қояды.

Бірқатар қосымша ескертпелер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫ ДАМУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Аутизм спектрі бұзылған балаларды психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы
Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz