Қиын балаларға психологиялық көмек
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
Факультеті: №1 Медицина
Кафедрасы:
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қиын балаларға психологиялық көмек
²àáûëäà¹àí:
Îðûíäà¹àí: Айдосова Әсел
Тобы: ЖМ-126
Түркістан - 2011 ж
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қиын бала дегеніміз-қандай бала?
2. Тәрбие отбасынан басталады
3. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
4. Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
5. Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
6. Белгілі ғалымдардың ой-пікірлері, зерттеулері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі –
қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек,
оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық
сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты
коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-
зерттеулер жүргізіліп жатсада, қиын бала мәселесі әліде күн тәртібінен
түспей кледі. Қиын бала мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Мінез-
құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда зерттеу
өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог
мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың
орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-
зерттеулердің нысанасына айналды. Қиын балалардың жеке ерекшеліктерін,
қоғамдық, әлеуметтік өмір жағдайымен, тәрбиелік факторлардың өзара
әрекеттестігімен біртұтастықта алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский
(1936) болды. Зерттедің негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық
тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсете отырып, қиын балалардың өмірін
анықтау. Сонымен қатар, қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын
оқушы терминін нақтылау еді. Блонский П.П.: Қиын бала, бұл ең алдымен
кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол
педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала
ретінде тәрбиелеу керек деп нұсқаулы ой қорытады. Психолог Л.С.Выготский
Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы
еңбегінде: Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен
ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім
бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады деп
тұжырымдай отырып, қиындықты тәрбие арқылы түзетудің, осы қайшылықпен
күресудің нақты жолын анықтап берді.
Қиын бала дегеніміз-қандай бала?
Қиын бала дегеніміз кім?- әуелі терминдерді ажырата білгеніміз жөн:
қиын бала, тәрбиесі қиын бала, педагогикалық назардан тыс қалған,
адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Қиын жасөспірімдермен жұмыс
әдістемесі нені қамтиды?
Қолдау әдістемесі- ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдау,
ой-пікірлерін, ұсыныстарын талдау.
Жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу
үшін оның мүмкіндігіне қарай жүктемелерін беру.
Жеке тұлғаның қатынас әдістемесі өзінің мүмкіндігін ескере отырып,
түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал жасау.
Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. Сынып ұжымында
оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Мектеп
ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жұмысы үшін
мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум құрылады.
Консилиум екі кезеңнен тұрады:
1-даярлық кезеңі. Оқушының диагностикалық картасы жасалады.
2-консилиум мәжілісі өткізіледі.
- оқушының мінездемесі тыңдалады;
- оны консилиум мүшелері толықтырады;
- ата-аналары мен оқушыларға сөз беріліп, олармен әңгіме жүргізіледі;
- педагогикалық-психологиялық диагноз қойылады;
- оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, шешім
шығарылады.
Әңгімелесу, сұхбаттасу, құжаттарды тексеру, тест, сауалнама әдістері
арқылы да баланың жан дүниесіне тереңірек үңіліп, қайта тәрбиелеуге де үміт
артуға болады.
Ойы, мінезі, әлеуметтік жағдайы, белгілі бір бағыт бойынша
қызығушылығы.
Ұлы ақынымыз, философ Абай да ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген.
Ол өзінің отыз жетінші қарасөзінде: Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі
болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім, – дей
келе, адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екендігін
дәлелдеп берген-ді. Абайдан артық кім айтқан?!
Бала тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ ұғымында қиын бала деген
мүлде болмаған. Абайдан бастап, бертінге дейінгі ақын-жазушыларымыздың,
дара есімді тұлғаларымыз бен ғалымдарымыздың жазып кеткен дүниелерінің қай-
қайсысын алып қараңыз, барлығында да негізінен тәлім-тәрбиенің мәні мен
баланы жақсыға бесіктен бастап баулу керектігі айтылады, яғни алдын алу
формасы түрінде. Бүгінгідей ғылыми еңбектер жазып, зерттеулер жүргізбей-ақ,
ата-бабаларымыз бір ауыз сөзбен-ақ қай кезеңде де, қай дәуірде де
құндылығын жоймайтын бала тәрбиесінің тұжырымдамасын айтып кеткен. Нақтырақ
айтсақ, баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша
қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла деп, баланың ой-өрiсiнің даму
кезеңдерін белгілеп көрсетіп берген. Бала тәрбиесінде осы бағытпен жүрсек,
еш қателеспейтініміз анық.
Айта кетсек, артық болмас, көршіміз Ресей бұл проблемамен өткен
ғасырдың бас шенінде-ақ таныс болса керек. Оған философ, педагог ғалым
П.П.Блонскийдің 1920-30 жылдары жазылған қиын балалар турасындағы еңбектері
куә. Блонский осы мәселені терең зерттей келе, қайта тәрбиелеудің нағыз
тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына
біртіндеп әкелу болып табылады деген пікірге тоқтаған екен.
Ал бізде қиын балалардың бой көрсете бастаған тұсы — 90-жылдардың орта
шені. Сол себепті де еліміздің барлық аймағында девианттық мінез-құлығы бар
балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары ашыла бастайды. Кейбір
балалардың бейәдетке бой алдыруының сыры неде екендігін білмек болып, біз
ат басын Алматы қаласындағы Девианттық мінез-құлығы бар балаларға арналған
арнайы білім беру ұйымына бұрдық. Өйткені қиын балалар дәл осы жерге
тоғытылады. Мекеменің міндеті – осындай топтағы балаларды тек тәрбиелеу
ғана емес, себеп-салдарына үңіліп, сараптама жасау.
Қазір — жаһандану мен ақпараттық технологиялар дамыған заман. Сол
себептен де болар, балалардың ой-өрісінің, ойлау қабілетінің, өмірге
көзқарасының кейінгі жылдары өзгере бастағаны анық байқалуда. Оны
тәжірибелі психологтар да растап отыр. Көп жағдайда біз — балаларды,
балалар бізді түсіне алмай, кей кездері арты қайғылы оқиғалармен аяқталып
жатады. Біздің ойымызша, бәріне кінәлі тек ата-ана емес, мектептегі оқу-
тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де қолтаңбасы бар. Мойындау керек, кейбір
мұғалімдердің де мінездерін мінсіз деп айтпас едік. Отбасындағы тұрмыстық
жағдай да әсер етпей қойсын ба?! Психологтар сондай-ақ шектен тыс
қамқорлықтың да зардабы жоқ емес дейді. Қалай деген күнде де бала тәрбиесі
тек отбасы мен педагогиканың ғана міндеті емес, оған бүтіндей бір қоғам
жауапты. Бүгінгі ұрпақ — еліміздің ертеңі. Қиын балалар қатары көбейіп
кетсе, не болмақ? Көз алдыңа елестетудің өзі қорқынышты...
Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі
ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-
қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол
баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-
өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін
бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын
түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта
келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын
қажеті сан қырлы . Отан отбасынан басталады десек, адам тәрбиесі –Отанды
сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда
басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен
ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің
өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде,-деген ғой.Баланы жас кезінен
бастап сыйлап,қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-
қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы
тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор
болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде
қиын оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін
түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен
,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп
берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті
қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы
керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ
жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты
демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы
ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі, психалогигалық әдіс-
тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев Педагогика ғылыми еңбегінде жас бала –жас бір шыбық, жас
кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ
деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін
анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай
жасауымыз қажет.
Оқу-сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым
ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз
сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын
балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойы н дамыту үшін өзін-өзі
басқаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-
тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың
қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру
көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,
дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық т.б. іс-әрекетті үйрету
үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге
,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән
қасиетін,яғни өзіндік менгің басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету,
іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-
өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас,
даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата –
ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе,
оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда
болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын –
отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын
қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс
туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң –
мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан
дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы
мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы
дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға
жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне
кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін –
бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт –
бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның
негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым –
қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық
талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам
жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым –
қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп,
одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие
процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны
ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен
жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы
қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың
бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін
ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі –
олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс
жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру,
мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция
қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс
ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде
моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет
ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б.
Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта
құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі
тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған
қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады.
Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына
байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды
тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы
тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора – жолдастары арасындағы
байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан
дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс
қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті
сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы
адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге
талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу,
алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен
жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес
жүргізулері керек.
Белгілі ғалымдардың ой-пікірлері, зерттеулері.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие
беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-
дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа
адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-
тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан
арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға
берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің
бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына
үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана
тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер
үйрететін, ертегілер айтып беретін ата-аналарының Бала біздің болашағымыз
деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы
тигізері анық.
Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың, -деп Қ.
Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-
қатыныс қалыптасқан болса олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда
мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман
талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-
тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі
төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын
балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды Қиын
балалар, Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар, Қиын тәрбиеленуші
қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал
етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П.
Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын
балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол
қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды
жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен
мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін
оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.
Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі.
Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп
бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу
болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П.
Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың
ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы
анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне
үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы
педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде
қиын балаларға үлгермеушілер мен тәрбие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz