ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Кафедра: Теориялық және қолданбалы психология

ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ

Магистрант: Ашанова Ә.

Мамандық: Педагогика және психология

Ғылыми жетекші: Бөлеев Т. Қ.

Тараз - 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚИЫН БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қиын бала ғылыми категория және психологиялық-педагогикалық зерттеу объектісі ретінде . . . 8

1. 2 Жеткіншектер психологиясы және олардың мінез-құлқындағы қарама-қайшылықтардың сипаты . . . 24

1. 3 Қиын жеткіншектердің қоршаған ортаға бейімделу процесінің психологиялық негіздері . . . 33

2 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Қиын балалардың ауытқушылық мінез-құлқының психологиялық-педагогикалық диагностикасы . . . 50

2. 2 Коррекциялық жұмыстар арқылы қиын балалардың қоғамдық ортаға бейімделу тиімділігін арттыру жолдары . . . 70

2. 3 Дамытушы жұмысқа дейінгі және одан кейінгі экспериментті статистикалық талдау . . . 88

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 100

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 102

ҚОСЫМШАЛАР . . . 110

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Дегенмен, бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті, заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.

Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.

Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н. Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [1, б. 4] .

Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жеткіншектердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.

Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жеткіншектердің талап-тілектерімен келіспеу, ой-пікірлерімен санаспау, жеке-дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.

Рухани жағынан кейбір жеткіншектердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.

Екіншіден, жеткіншектерге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі жан дүниесін түсіну, ынта-ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттелініп жаңа сипатқа ие болуда. Қиын бала психологиясымен айналысқан шетел ғалымдардан М. Вебер, В. Вичер, Н. Гибш, Р. Мертон, Р. Миллз, Дж. және А. Стимсон, ресейлік зерттеушілерден М. А. Алемаскин, А. С. Белкин, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, Г. П. Медведев, М. Ф. Мягков, Д. И. Фельдштейн, Г. А. Власова, В. Я. Гиндикин, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, М. З. Певзнер, Г. Е. Сухарев, М. М. Бабаев, К. Е. Легошев, Г. М. Миньковский жатқызуға болады. Балалар мен жеткіншектердің девиантты мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық зерттеушілер де айналысты (В. Г. Баженова, Р. А. Дебагян, А. Жұмабаев, К. А. Жүкенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Керимов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенко, И. Ф. Назаров, В. А. Парфенов, В. А. Трифонов, В. П. Шевченко, Э. И. Шнибекова, Г. А. Уманов, А. Т. Ақажанова, Т. Қ. Бөлеев) .

Қиын балаларды түрлі сипатта зерттеген ғалымдардың зерттеулері аса құнды. Жезөкшелік (Я. И. Гелинский, С. И. Голод, А. А. Габианн т. б. ) ; алкоголизм (В. М. Бехтерев, Н. И. Григорьев, Ф. А. Шереги т. б. ) ; жеткіншектердегі токсикомания (В. С. Битенский, А. Е. Личко, Б. Г. Херсонский) ; өзін-өзі өлтіру (Я. И. Гилинский, Л. Г. Смольский, В. С. Овчинский т. б. ) ; криминалогия (Н. В. Кудрявцев, В. М. Коган, А. М. Яковлев т. б. ) мәселелерін және оларды әлеуметтендіру жолдарын жан-жақты зерттеп, сипаттаған.

Девиантты мінез-құлықтың жан-жақты қарастырылғанына қарамастан, бұл мәселе төңірегінде қазіргі кездегі девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді бейімдеу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері белгілеп көрсетілмеген.

Қазіргі уақытта психологиялық теория мен практикада жеткіншектер девиантты мінез-құлықтарының бейімдеу процесінің гуманизациялануының қажетті алғы шарттары қалыптасты. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеуде теориялық зерттеулер тиімділіктерін арттыруға бірқатар жағдайлар негіз болды: отандық психологиялық-педагогикалық ғылымның әлемдік педагогикалық мәдениетке интеграциялануы; әлемдік қауымдастықпен әлеуметтік байланыстардың кеңеюі, психология ғылымына прогрессивті батыс концепцияларының енуі; ұрпақтың рухани өркендеуі мен жандануына қызығушылықтың күшеюі; біріктіруші бастамасы адам болып табылатын аксеология, герменевтика, психология, синергетика, философия, медицина, құқықтанудан білімдерді синтездеуге негіз болатын ғылымдар мен оның салаларының дамуы.

Қазіргі мектепте кең әрі әртүрлі ұсынылған жеткіншектер девиантты мінез-құлқын бейімдеудің гуманизациялану процесінің эмпирикалық тәжірибесі оны зерттеу, көпшілік тәжірибеде шығармашыл жүзеге асыру жолын ашады. Сонымен қатар, жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының бейімдеуде тұтас гуманистік-бағдарлы жүйенің жоқтығы зерттелетін процесті тұтастай ету тиімділігін арттыруға негіз болмайды.

Демек, бұл мәселенің шешімін табу, психологиялық мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қиын балалардың қоғамдық ортаға бейімделуін психологиялық тұрғыдан анықтау» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты - Қиын балалардың қоғамдық ортаға бейімделу ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысаны - Қиын балалардың қоғамдық ортаға бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні - Қиын балалардың қоғамдық ортаға бейімделу процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер жеткіншек тұлғасына гуманистік бағдарланған коррекциялық жұмыстар арқылы әсер ететін болсақ, онда ауытқушы мінез-құлықты қоршаған орта жағдайына бейімдеуге болады, өйткені бұл оның қарқынды түрде өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыруына, өзара әрекеттің міндеттерін тиімді шеше алуына, өзінің мәртебесі мен ар-намысын көрсете білуіне қол жеткізеді.

Зерттеу міндеттері:

  • қазіргі кездегі қиын балалар және олардың бейімделу ерекшелігі туралы зерттелген ғылыми еңбектерді талдау және жүйелеу;
  • қиын балалардың мінез-құлықтарын қоршаған ортаға гуманистік-бағдарлы бейімдеудің мәнін анықтау;
  • қиын балалардың қоршаған ортаға бейімдеу критерийлерін айқындау;
  • қиын балаларды бейімдеу әдістемесін эксперименттік сынақтан өткізу.

Зерттеудің теориялык-әдіснамалық негізі : Гуманизмнің қазіргі тұжырымдамалары (И. А. Бердяев, В. С. Библер, Л. П. Буева, Л. А. Кочан, А. Маслоу, К. Роджерс, В. С. Соловьёв және т. б. ) ; адамның тұлға, индивид және іс-әрект субъектісі ретіндегі іргелі жағдайлар (Б. Г. Ананьев, К. А. Абульханова-Славская, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, В. Н. Мясищев, А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, С. Л. Рубинштейн) ; тұлғаның бағыттылығы туралы гуманистік идеялар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, А. Г. Маслоу, С. Л. Рубинштейн) ; қиын бала және олардың бейімделу ерекшеліктері (М. И. Бобнева, С. А. Даштамиров, А. А. Ивин, Е. М. Пеньков, В. Д. Плахов, В. Н. Кудрявцев т. б. )

Зерттеу әдістері: Оқытушыларға арналған А. Бандура мен Р. Уолтерстің девиантты мінез-құлықтың пайда болу алғы шарттарын анализдеу схемасы, Басс-Дарки сұрақнамасы, Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы (К. Роджерс, Р. Даймонд), Ата-ана уайымының шкаласы (И. М. Желдак) .

Зерттеу жаңалығы:

  • қиын жеткіншектердің мінез-құлықтарын қоршаған ортаға гуманистік-бағдарлы бейімдеудің мәні анықталынды;
  • қиын балалардың қоршаған ортаға бейімдеу критерийлерін айқындалды;
  • қиын балаларды бейімдеудің арнайы коррекциялық бағдарламасы ұсынылды.

Зерттеудің теориялық мәні :

-қиын бала мінез-құлқының гуманистік-бағдарлы тұрғыдан бейімдеудің теориялық-әдіснамалық негіздері жасалды;

-қиын мінез-құлықты жеткіншектерді бейімдеу тұжырымдамасы жасалды;

-негізгі заңдылықтар айқындалып және жеткіншектерді бейімдеудің гуманистік принциптері жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні:

-жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістемесі жасалды;

-жеткіншектерді қоршаған ортаға бейімдеудің ғылыми-негізделген ұсыныстары жасалды;

- жеткіншек тұлғасының өзіндік дамуын қазіргі ғылыми түсініктермен

сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін, қиын бала мінез-құлқын бейімдеудің тұжырымдамасы жасалды;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Адамды қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым-қатынас және мәдени тәжірибелерде бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады.

Қиын жеткіншектердің тиімді бейімделудің негізгі критерийлеріне өмір сапасына қанағаттану сияқты жеке қажеттіліктеріне байлансты субъективті критерий және өзіндік идентификация, өзіндік балануға арналған рефлексивті критерийлер жатады.

Жеткіншекке бағытталған коррекциялық жұмыстары, оның өзіндік дамуын ояту мен қолдау арқылы, ауытқушылық мінез-құлқын қоршаған ортаға бейімдеуге бағытталған психологиялық шарттардың кешенін жасау есебінен ықпал ету мүмкіндіктерін береді.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды, библиографиялық көрсеткіш және қосымшалардан тұрады.

Зерттеу базасы. №36 қазақ орта мектебі.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (IX-XII/2010ж) қазіргі кездегі жеткіншектер арасындағы девиантты мінез-құлық мәселесіне байланысты ғылыми-зерттеу еңбектері талданып, ғылыми-теориялық негізі берілді.

Екінші кезеңде (I-X/2011ж) қазіргі кездегі жеткіншектер арасында девианттылық туралы білім деңгейлері өлшеніп, талдау, салыстыру, эксперимент жұмыстарын ұйымдастыру, тәжірибелік жұмыстардың жоспарын жасау, қоғамдағы жат қылықтарға деген көзқарастарын анықтауға бағытталған іс-әрекеттер атқарылды. Сауалнама, сұхбат, тест жүргізіліп, тиісті мәліметтер жинастырылды.

Үшінші кезеңде (XII/2011-IV/2012ж) барлық кезеңдерде жинақталған зерттеу нәтижелері қорытындыланып, магистірлік диссертацияның мазмұнына енгізілді және ғылыми-тәжірибелік талдаулар жасалды.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

1 ҚИЫН БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Қиын бала ғылыми категория және педагогикалық-психологиялық зерттеу объектісі ретінде

Қазіргі таңда елімізде практикалық психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психологтардың ең маңызды жұмыстарының бірі-тәртібі нашар қиын балаларды анықтау, қиындықтың себебін білу және олармен түзету жұмыстарын жүргізу, оны болдырмаудың жолдары мен бейімдеу жұмыстары болып табылады.

«Қиын бала», «қиын оқушы» деген атаулар қазіргі кезде өте жиі кездесуде және олармен жүргізілетін жұмыстар күрделене түсуде.

Қиын бала ұғымы бүгінгі таңда тек ата-ана мен ұстаздар қауымын ғана емес, сонымен қатар, социолог, психолог, юрист, дәрігер мамандарының назарын аударып, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселе.

Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді.

Қиын бала күнделікті педагогикалық, психологиялық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, педагогикалық еңбегін қажет ететін оқушы.

Психологияда қиын балалар туралы бірдей, біркелкі түсінік қалыптаспаған. Қиын балалардың қатарына әртүрлі себептермен ілініп жатады, яғни үлгерімі нашар, тәртібі нашар, психикалық ауытқулары бар, тұрмысы төмен отбасының балалары, т. б. Ондай көптүрлі себептер қиын балалармен жұмысты одан әрі күрделендіреді.

Қиын бала екенін анықтаудың мынандай белгілері бар:

  1. Ол баланың тәрбие жұмысына қарсылық білдіруі, педагогикалық іс-әрекетті қабыл алмауы.
  2. Баланың қиындығын анықтаудың ең маңызды белгілерінің бірі ол - жанұя мүшелерімен, достарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасының мүлдем өзгеруі. Яғни, тәртібінің нашарлауы, тәртіптіліктің қарапайым ережелерін орындамауы, мұғалімдермен, оқушылармен үнемі қақтығыстың болуы, ата-аналарының беделін мойындамауы, тыңдамауы. Мұның бәрі баланың қоршаған дүниемен арақатынасының бұзылғандығын көрсетеді.
  3. Бала психикасының біркелкі дамымауы. Мысалы, баланың физикалық жағынан күрт дамып, ойлау қабілетінің артта қалуы.
  4. Бала бойындағы жағымсыз, керексіз қасиеттердің пайда болуы. Олар: ешкімді тыңдамау, өтірік айту, өзімшілдік, сенімсіздік, қиқарлық, сотқарлық, дөрекілік, ұрлық жасау, сабақ үлгерімінің нашарлауы, сабаққа көп қатыспау, жалқаулық.

Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеу процесінің

концептуалды моделін жасау «девиантты мінез-құлық» түсінігінің мәнін психологиялық-педагогикалық категория ретінде ашу қажеттігін негіздейді.

«Девиантты мінез-құлық» әлеуметтану, қриминалды, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар басқа бірқатар да ұқсас түсініктер кездеседі: «ауытқыған мінез-құлық», «делинквентті мінез-құлық», дезадаптивті, импульсивті, тұрақсыз, аномальді, аморальді, асоциалды, мәселелеі, аффективті, психопатиялы және т. б. Аталған ғылымдар мамандары өз зерттеулерінде өз пәнінің түсініктер аппараттарын ұстанбай, девиантты мінез-құлық сипа оны көбейіп келе жатқан жаңа дифиницилер сипаты белгілеріне қатыстыра отырып, осы түсініктер белгілерін белсенді түрде арттыруда. Бір құбылысты анықтау үшін осындай көптеген синонимдерді қолдану «девиантты мінез-құлық» түсінігін түсініксіз етуі заңдылықты және зерттеуде осы «тұрақты» дефиницияның нақтылануын талап етеді.

Соңғы уақытта «ауытқыған мінез-құлық» түсінігі кеңінен тарады (В. А. Попов, С. И. Плаксий, В. Н. Кудрявцев, Я. И. Гилинский, Н. Н. Рыжкин және т. б) . «Ауытқыған мінез-құлық» философиялық, әлеуметтану және педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтік қабылданған нормалармен сәйкес келмейтін индивидтер іс-әрекеттерін сипаттауда кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл осы дефиницияға делинквенттілік, қиын тәрбиелену, педагогикалық назардан тыс қалған, асоциалдылық, дезадаптивтілік құбылыстарды енгізуге мүмкіндік береді [2-5] .

Бізді басым деңгейде «ауытқыған мінез-құлық» анықтамасының педагогикалық-психологиялық тәсілдері анализі қазықтырады. Сонымен, А. С. Бедкин оқушылардың ауытқыған мінез-құлқы деп мектеп ережесі мен нормаларынан ауытқыған оқушыларды айтады. И. В. Акинфиев пайымдауынша, мінез-құлықтағы ауықыған мінез-құлық «бала тәрбиесінде негізделген даму жағдайы, олардың жекелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне толығымен немесе қанайда бір деңгейде қарама-қайшы келетін әрекет» түрінде болады [6] .

В. М. Обухов зерттеулерінде «өнегелі дамудағы ауытқу» анықтамасын автор тұлғаның жағымсыз қалыптасуының бастапқы деңгейі деп түсіндіреді [7] .

Психологиялық-педагогикалық білімдер тұрғысынан ауытқыған мінез-құлық түсінігіне нақтырақ түсінікті З. А. Раевская берді, ол девиантты мінез-құлықты мектептік және өнегелі нормаларған сәйкес келмейтін деп анықтады. Зерттеушінің пайымдауынша, мұндай трактовкадағы девиантты мінез-құлық криминогендіден, аномальдіге қарағанда, құқық нормаларын бұзуды қарастырмайды, ол тек психикалық сау балаларға ғана тән болуымен ерекшеленеді: жағымды қызығушылықтар мен ұмтылыстардың жоқтығы, жоғары қажеттіліктер, бірбеткейлік, тәртіпсіздік, қоғам қарсылығы, қақтығысшылдық, ашушаңдық.

Педагогикалық практика мен тәжірибеде осы құбылыстың мәнін бейнелейтін, ауытқыған мінез-құлыққа ең адеквадты дефиниция беру ұмтылысы «қиын», қиын тәрбиеленетін, педагогикалық назардан тыс қалған түсініктер дифференциациясына әкеліп соқты.

Көптеген зерттеушілер қиын тәрбиеленетінді педагогикалық назардан тыс қалу салдарынан дамитыны заңдылық деп пайымдаулары негізсіз емес (И. А. Невский, Г. П. Медведев, Э. Г. Костяшкин, В. А. Крутецкий және т. б) . В. А. Крутецкий көрсеткендей, қиын балалар әрқашанда педагогикалық назардан тыс қалғандар, олардың қандай да бір қарым-қатынасында үзіліс, педагогикалық қателік болған, . . . оларға өз уақытында көңіл бөлініп, түзету жұмыстары жүргізілмеген [8-10] .

«Қиын» және «педагогикалық назардан тыс қалған» түсініктерін теңестіруге Л. М. Зюбин қарсылық білдірді. Оның пайымдауыша, оқушылармен тәрбие жұмысы барысында қиындықтар әртүрлі себептер бойынша пайда болады: психикалық бұзылыстар, ақыл-ой дамуындағы уақытша тежеулер, психикалық жүйке процесстерінің жылдам шаршауы және т. б [11] .

Қиын тәрбиеленуді негіздейтін көптеген факторлардың болуы, «әлеуметтік- педагогикалық назардан тыс қалу» сөз тіркестерін қолдануды қажет етеді [12] .

Ұсынылған дифиницияларды талдау, әрбір нақты жағдайда белгілі бір танымдық құндылыққа ие деп тұжырымдауға мүмкіндік береді, бірақ белгілі бір қарым-қатынас деңгейіне ұмтыла отырып, сол ғылыми теория шеңберінде жүзеге асыруы қажетті қандай да бір ролді орындамастан, өзінің шектеулілігін байқайды.

Ұсынылған түсініктердің басым көпшілігі нақты зерттеу мәселесінің немесе ғылыми пән ерекшелігінің мақсаттары, міндеттеріне тікелей байланысты дараланады. Осыдан ауытқушы мінез-құлықтың психологиялық- педагогикалық аспектілері жиі жағдайларда әлеуметтік, криминологиялық аспектілермен алмастырылады.

Келіспеушіліктерге қарамастан, көптеген ғалымдар нормадан ауытқыған түрлі мінез-құлық заңдылықтары мен олардың маңыздылығын кешенді зерттеу қажеттігін қолдайды (Б. Н. Алмазов, С. А. Беличева, Т. Д. Молодцова, В. А. Попов) [13-15] .

Көбінесе біздің «девиантты мінез-құлық» терминін таңдауымыз қоғамдық дамуыдың қазіргі жағымсыз тенденцияларымен бағдарланады. Қоғамда жеткіншектер санасының қарқынды примитивизациясы орын алған. Жеткіншектік жасерекшелігіне байланысты делинквентті ретінде қарастрылуы мүмкін ауытқушы мінез-құлық құбылыстарының өшпенділік, дөрекелік, ашушаңдық формалары көрініс табуда. Девиантты сипаттағы асоциалды істер жасаған 13 жастағы жеткіншектерге кәмелеттік жасқа толмағандар инспекциясына есепке алу, қолайсыз балалар мен жеткіншектер үшін арнайы мектеп- интернаттарына бөлу сияқты күштеу іс-шаралары жүргізіледі.

Осылайша, сырт көріністері бойынша жеткіншектердің (жеткіншектік маскүнемдік, қаңғыбастық, жезөкшелік және т. б) әрекеттері делинквентті деңгейге жақындайды, бірақ қылмыстық заң назарына да түспейді. Девиантты мінез-құлық (латын тілінен deviantio- ауытқу) - көрінісінің шеткі формаларында құқықтық жазалану сипатында болатын, қабылданған нормаларға қарама-қайшы мінез-құлық.

Жеткіншектер девиантты мінез-құлық мәнін түсіну оны негіздейтін барлық факторлар жиынтығы рөлдерін сезінусіз мүмкін емес. Зерттеушінің жеткіншектер девиантты мінез-құлқы процесінің әлеуметтік, биологиялық және психологиялық факторларына дәстүрлі түрде көңіл бөлу факты орынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары
6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын көрсету
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz