Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуын, сананың және мінез-құлық стреотипінің пайда болуының психологиялық заңдылықтарын қарастыра, жасөспірім тұлғасын зерттеу қажеттілігі туады. Жас даму психологиясы тұлға ерекшеліктерін зерттеу мен оның заңдылықтарын тану арқылы қиын балалардың мінез-құлқындағы қайшылықтарды анықтап, жасөспірімдік қиыншылықтардың психологиялық аспектілерін қарастырады.

Қиын баланың тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне төмендегідей әлеуметтік және генетикалық факторлар әсер етеді:

  1. әлеуметтік демографиялық: жыныс, жас, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, мамандығы т. б;
  2. әлеуметтік психологиялық: интеллектуалдық, ерік-жігер, адамгершілік сезімдерінің, мінез ерекшеліктері;
  3. психофизиологиялық: темперамент, жүйке жүйесінің, іс-әрекет ерекшеліктері және тұлғаның патологиялық ауытқулары жайлы мәліметтер т. б. Бойынан алуан түрлі мінез-құлық байқалатын тұлғалардың бәрі бір деңгейде «қиын бала» бола бермейді. Біреулерге басқаларды қорқыту есебінен өмір сүру - қалыптасқан мінез-құлық болса, енді береулер жағдайдың әсерінен өмірінде бір-ақ рет жасайды. Келесі біреулер «кездейсоқ» қылмыс жасаған және ол бұл қылығы үшін жазалағанына немесе жазаланбағанына қарамастан, бұдан былай заңнан ауытқитын қалыпты қадам жасауға бармайды, ал тағы біреулер үшін қылмыс жасау актісі олардың осыған дейінгі бүкіл бейқам өмірінің қорытындысы болады. Әлеуметтік жеке адам, тұлға ретіндегі қиын баланы сипаттайтын жағдайлардың бәрін терең зерттегенде ғана осындай мінез-құлықты түсіндіруге, оның себептерін ашып көрсетуге, қылмыс жасайтын адамдарға ықпал етудің тиімді құралдарын табуға, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары мен әдістерін белгілеуге болады.

Жасөспірімдерді қиын бала тұрғысынан түсіндіру ғылыми дәлелденбеген. Сонымен бірге қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа және өзекті болып табылады. XXI ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарында болып отыр.

Дипломдық жұмыс барысында жасөспірімдердің абайсыздан және импульсивті жасаған іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып кету, оның маңыздылығын ашу, сауалнама жүргізу арқылы қиын балалардың жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын анықтау.

Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі қоршаған ортаның және оның өз тұлғасының кері әсерімен негізделеді. Көбінесе құқық бұзушылықты «қиын жеткіншектер» жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын қарастыратын болсақ, жеткіншек, үлкен адамдардың және өзімен жасты балалардың ықпалымен қылмысқа барады. Көбінесе мұндай жеткіншектердің тұлға құрылымында теріс мінез-құлық байқалады: жалқаулық, ерік-жігері төмен, жауапкершілігі аз, агрессивтілігі жоғары және басқа мінез-құлықтар тән. «Қиын» балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы ата-анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өреске мінезі жатады. Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін туыстары да жатады. Қиын тәрбиеленетін жеткіншектердің, әдетте оқуға ынтасы төмен болады, ол оны сынып оқушылары, колледжде, мектеп мұғалімдері алдында нашар адам етіп көрсетеді. Сөйтіп қоғамда бейімделмеген жеткіншектердің ішінде, сол, мектепте нашар мінез-құлықпен және оқумен танылған балалар ілігеді. Сонымен, кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының болуы, ең бірінші сыртқы әлеуметтік ортаның ықпалынан (соның ішінде шағынортаның), сондай-ақ, жеткіншектің өзінің өмірлік қиыншылықтарға көзқарасы әсерінен қалыптасқан мінез-құлықтан пайда болады. Импульсивті және абайсыздан болған іс-әрекеттің негізінде тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға болады, мұнда тәжірибелік бөлімге кәмелетке жасы толмаған жеткіншектердің жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын, мінез-құлық акцентуациясын білу зерттеу арқылы анықталады.

Жұмыстың мақсаты -Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерінің психологиялық сипатын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Тақырыпқа байланысты шетел және кеңестік психологтардың еңбектерін қарастыру.

2. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін факторлар көмегімен теориялық тұрғыдан ашу.

3. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін психологиялық әдістер көмегімен анықтау.

4. Ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.

Зерттеу обьектісі: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атыңдағы орта мектептің 14-16 жас арасындағы жасөспірімдер.

Зерттеу пәні: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін зерттеу.

Жалпы болжамы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерінің айырмашылығы бар

Жеке болжамдар:

1. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ахуал әсер етеді.

2. Мінез-құлықтарына байланысты мектепті тастап кеткен, сондай-ақ мектепте оқып жүрген “қиын” балалардың психологиялық ерекшеліктердің себептері әртүрлі.

Әдістер:

1. Экстраверттілік, ригидтілік және мазасыздану өзіндік бағасы. (Г. Айзенк бойынша) .

2. Акцентуациялық сипаттағы типі (Г. Шмишек сауалнамасы) .

Теориялық маңыздылығы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсері А. Е. Личко мен К. Леонгард тұжырымдамасында, А. Ф. Лазурский «Мінез туралы ғылыми очерктерінде» қарастырылуы.

Практикалық маңызы: «Қиын» балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін криминалистік психологияда, заң психологиясында, жас даму психологиясында сынау мүмкін береді.

Зерттеу базасы: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атыңдағы орта мектеп

Жұмыстың көлемімен құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің теориялық мәселелері

1. 1. Қиын балалардың шығуына психологиялық ерекшеліктердің әсерінің зерттелуінің психологиялық астары

Республиканың тәрбиелейтін колониялардың іс-әрекетінде кәмелетке толмаған құқық бұзушының іс-әрекетін психофизикалық қасиеттердің әсер ету мәселелері шешілмеген, әсересе тұлғаның анти қоғамдық іс-әрекетіндегі әлеуметтік және биологиялық құрылымындағы қатынастық мәселесі қарастырылмаған. В. Г. Пидминистің айтуы бойынша «біздің бірнеше психологтарымыз, оқытушыларымыз және заңгерлеріміз адамның ерекшеліктерін көптеген күрделі түрлерін түсінуге мүлдем жеңіл қарайды, оларды тек қана әлеуметтік көзқарас жағынан ғана талқылайды», ал әдетте құқық бұзушының жеке құқығын әсіресе оның сипаттамалық ерекшелігін бағаламауға әкеп соғады.

Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың биологиялық ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және мінездің басқа аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның болуын жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді ескермеуге болмайды.

Психология, сот психиатриясы және криминологияда кез-келген жағдайларда нақтылыққа ауысу кезіндегі анти қоғамдық іс-әрекеттердің мүмкіндігін туғызатын, әлеуметтік аталған қасиеттерге кәмелетке толмаған қылмыскерлер ие болатын тұжырым айтылған. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, күрделі және көптеген негізделген кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлға ретіндегі қасиеттерінің маңызды сипаты бар, ол жүріс-тұрысында қоғамға деген қатынаста, әдетте ұжымға, ата-аналарына, еңбекте және оқуда байқалады.

Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар байланыстарын жүйке ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т. б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақта кәмелетке толмаған құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз, өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты. [58]

В. Г. Логиканың мысалы бойынша «типология тұлғаның негізделген әлеуметтік қасиеттерінде негізделуі қажет, сондықтан, еркін және адамның эмоционалдық қасиеттерінің темпераменті негізінде қылмыскердің тұлғалар типінің классификациясын құрудың жеке зерттеулердің мүмкіндіктерін дұрыс деп есептеуге болмайды». Сондықтан, біздің жұмысымызда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің психологиялық параметрлерін ескермейміз, бірақта психология мен психотерапияның жанасуының басты нүктелері - солардың мінезінің қатысты құлықтарын аламыз. Бірақта Леонгард ұсынған бағытта негізгі қызығушылығы, «норма» мен психологияның байқалған түрлерінің арасында «анамальдік тұлғалардың» аралық буыны қосылады, яғни, нормадан байқалатын паталогияға өту мүмкіндігі шектеледі. О. В. Кербиков, Р. К. Ушаков, Г. В. Морозов, В. В. Ковалев және басқа да зерттеулер де тұлғаның түрлену патологиясының саласындағы зерттеушілердің ойынша патомінездік реакциялардың пайда болуы көптеген жағдайда патомінездік дамудың бастапқы стадиясының дамуын болдырады. [56]

Біздің ойымызша тиімсіз жағдайларда паталогиялық реакциялар бекітіліп мінездің паталогиялық құлықтарына өтеді, мінездің теріс ауытқулары, алдағы реактивтік көзбояушылықты жоққа шығармайды. Сонымен бірге, патогенездік дамудың бастапқы стадиясындағы мінездің ауытқулары, қайтудың белгілі мүмкіндіктеріне ие болады. Осы даму типіндегі аталған мүмкіндіктер, патогенездік реакциялар кезіндегі мүмкіндіктерге қарағанда төмен, ал оларды тарату үшін ұзақ, бағытталған медико-педагогикалық жұмыс қажет. [53]

Мінездің түрлену стадиясы туралы елестерді ескере отырып, барлық тәрбиелік колониялардағы тұлғаларын зерттеу үшін үш жаққа бөлуі мүмкін: қалыпты: (гармоникалық), аномальдік тұлғаларды бірнеше топтарға бөледі: инертті-пассивті, агрессиялы, мақтаншақтар және невротикалық мінезі бар тұлғалар.

Бірінші топтағы тәрбиеленушілер белсенді, ширақ, қызығушылығы мол тұлғалар. Осы категориялы адамдар шығармашылық кештерге қатысып, өз көмектерін көрсетеді. Басқа адамдар арасында өздерін мықты ұстайды, олар әдетте өз қателерін мойындап, жұмыс пен оқуға жауапкершілікпен қарайды.

Екінші топқа мінез-құлықтары тұрақтылығы жетпеген тұлғалар жатады.

Инертті-пассивтік тұлғаларға, күдікті, ренжігіш, неврозды, шешім қабылдай алмайтын адамдар жатады. Оларға ұят сезімі тән. Олардың бәрі тәрбиеленушілерге көмек көрсетеді, бірақта осыны жұртқа көрсетпей жасағанды қалайды. «Агрессиялы-тиіскіш» адамдарға қозу, жоғары аффектілік қасиеті тән, әдетте олардың көңілі орнықсыз. Өз құрастарын өзіне бағындырып ұстағысы келеді. Оқу мен еңбекке қалыпсыз қатысады, жиі тәртіп бұзады.

Мақтаншақтарға истерикалық мінез-құлықтары тән. Олар, өтірікші, фантазер, критик болып келеді. Олар әдетте ризасыз болып келеді. Мектеп жұмысында мұғалімнің сенімділігін алуға тырысады. Топтарда ауыспалы авторитетке ие болады. Невротикалық мінезділер аз сөйлейді, әрең үйреншікті, жиі бас ауруына, әлсіздік, шаршағаны туралы көп айтады. Олардың көп бөлігі оқу мен жұмыстан қашады. Ұжымда өздерін тұрақсыз ұстайды, өз сөздері болмайды. Байқаулар бойынша, адаптация кезінде олардың невротикалық күйі эмоционалдық тұрғыдан ренішпен байқалады. Осы тұлғаға оң әсер ету кезіндегі байқауда: бас ауруы, әлсіздік байқалады.

Үшінші топтағы тұлғалар үшін көңіл күйдің тез толқуы тән. Көңіл-күйі жақсы болған кезде олар көңілді, ақ көңілді, бірақта конфликтке тез түседі. Олар ренжігенде: тамырын кесіп, өз саусақтарын сындыра алады. Тәрбиелейтін колонияларда зерттелген сотталған адамдарда көрсетілген мінез ерекшеліктерінің динамикалық түрі бар, олар бір-бірімен аз байқалатын әдетте қиын шектелетін өтулермен байланысқан. Арнайы шарттарда өз педагогикалық шығармасын бастайтын тәрбиешілер осы өтулерді байқамай қалады, кәмелетке толмаған ұжым мен тұлғаға оң әсерінің тәсілі мен жабдығын дұрыс таңдай алмайды.

Колонияда тәрбиеленушілерде мінездің типтік құлығымен қатар, барлығында жалпы кемшілік бар рухани қызығушылықтың кедейлігі, төменгі мінездік деңгей. Тәрбиеленушілердің біршамасы ғана біреудің еңбек арқасында бай өмір сүргісі келеді. Денелеріндегі татуировкалар, олардың кемшіліктерін білдіреді. Жоғары мінездік түсінік-ерлік, достық, махаббат осы түсініктер тәрбиеленетін колонияда алғашқы отыру күндерінде ғана пайда болады. Жүріс-тұрысында өз «заңдары» болады, жасанды жөндеу ережелері. Аморальді тұрыстан өту, мінездік бейтарап ісінен жолдасын ұстап қалу, өздеріне қарсы келеді, оларды «положняк» деп атайды. Құқық бұзушылардың көптеген бөлшектерінде қажеттіліктер аз байқалады. [51]

Интеллектуалды - еркін дамуы, психикалық аномалиялары бар тұлғалардың болуын ескергендегі кәмелетке толмаған сотталған адамдардың классификациясы маңызды болады. Компоненттік мамандарды қатыстыру маңызды мәселе болып табылады. Олар педагогттар, психологтар, психиатарлар.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы: Еліміздегі криминогендік жағдайлардың барлық параметрлерін болашақ әсер етуді ескере отырып, кәмелетке толмаған қылмыстыққа алдын-ала ескертуге назар аударуы керек. Соңғы жылдарда ересек ортаның криминализация өсуінің тұрақты тенденциясы құрылды, олар жасаған қылмыстың 75% ауыр және өте ауырға жатады (оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру) .

Кәмелетке толмаған топтық қылмыстың алдын-алу табылады. Жастардың көбісі қылмыс жасаған уақытта мас күйінде болған немесе криминалдық жағдайы алдында болған. [14]

Осындай бөлінудің ерекшеліктері соматикалық, психикалық және мінездік дамудың ерекшеліктерімен, сонымен қатар олардың әлеуметтік жастығымен негізделеді. Ересек жас кезінде мінездік түрлену кезінде тәжірибе жиналуы өтеді. [15]

Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқық бұзушылығы сапалық және мөлшерлік сипаттамаларына өз ерекшіліктері тән. Жас кезінде қылмыс жасау жолына түскен адамдарды дұрыс жолға қою өте қиын. Кәмелетке толмаған және үлкен адамдар жасаған қылмыстардың арасы тығыз байланысқан. Үлкен кісілердің қылмыс жасауының себебі әдетте кәмелетке толмаған қылмыскердің қылмысы болып табылады. Үлкен адамның қылмысының тамыры, адамның жеке мінезі енді түрленіп жатқан кезінде байқалады, сол кезде оның өмірлік ориентациясы жасалынады. [25]

Қазақстандағы кәмелетке толмаған қылмыс жағдайы, қоғамда негізгі күдік тудырады. Еліміздегі кризистің әлеуметтік қарқынының өсу ең алдымен балалар мен жасөспірімдерге әсерін тигізеді. ҚР ІІМ мәліметтері бойынша кәмелетке толмаған тұлғалардың криминалдық істердің белсенділігі жүреді. Осы жағдай мөлшерлікке секілді жас өспірімдік қылмыстың сапалық сипаттамасына жатады.

Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстардың мінездік құлығы болып зорлық пен зомбылық табылады. Сонымен бірге кәмелетке толмаған жастар зорлық пен зомбылық шектерінен өтіп кетеді. Жасөспірімдер қылмыс кезінде ісі ойдағыдай болмаған кезде кісі өлтіру, денеге ауыр зақым келтіру секілді қылмыстарға барады.

Кәмелетке толмаған жастар қылмысы «жасару» тенденциясы, жасы кіші балалардың криминалдық активтілігінің жоғарылауы байқалады. Қазіргі уақыттта әйел жынысты жасөспірімдердің қылмыс жасауы өсуде. Қыздар арасында қылмыстың салыстырмалы аз таралуына қарамастан біршама қоғамдық қауіп келтіреді.

Еркек жыныстары секілді, әйел адамдардың арақ ішіп, токсикомания мен нашақор үстінде болған қылмыстардың өсуі байқалған. «Мас» қылмыстың жасарту тенденциясы болады. Әр қылмыстың бесінші алкоголь немесе нашақорлық маскүнем болу күйіндегі кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалынады. Әдетте, қылмысты топпен жасайды. Жыл сайын кәмелетке толмаған жастар қылмыстың көбісін топ құрамымен жасайды. Топтар үлкен күштерімен ерекшеленеді, ал қоғамдық қауіп пен криминальдық белсенділікті жоғарылатады.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминалды профессионализімі өседі. Осы ерекшелік универсалдық мамандандыруда, қылмыстық квалификацияға ие болған кезде байқалынады. Қылмыстық іс-әрекет кәмелетке толмаған біршама топ үшін уақыт өткізудің негізгі тәсілі болып табылады. Мысалы, Ресей Федерациясының ІІМ Заң институтындағы зерттеулер барысында алынған мәліметтер бойынша, ұрлық пен бұзақылық сотталғандардың әр оныншысы түрмеден шыққан соң өз жұмысын жалғастыратыны туралы айтты.

Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс дифференциалдыдығы мен интеграция тенденциясының арасындағы байланыс байқалуда. Қылмыс әлеміндегі «авторитеттердің» жасөспірім ортасына белсенді енуі жүзеге асырылады. Екінші жағынан үлкен кісілердің қылмыстығынан кәмелетке толмаған жастардың қылмыс автономындағы тенденциясы байқалуда. Психикалық ауықулары бар кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Осында невроздың кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті, психопатия, алкоголизмді көңіл бөлінуді жатқызады.

Аталған көңіл бөлінулер - ауыр емес және тұрақты арулар. Көптеген жағдайда олар ауыр тұқым қуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты мен тәрбие салдарынан алынады.

Жасөспірімдік орта қоғамның қауіптік күшінің негативтік салдарын ауыр қабылдайды. Кәмелетке толмаған жастар қоғамның «денсаулық» күйдің қауыпты нормалауын анықтайтын «барометр» болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz