Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы


Мазмұны
Қиял туралы жалпы түсінік және оның физиологиялық
негізі . . .
Жеке тұлғаның дамуында қиялдың алатын орны мен
шығармашыл қиял әдістері . . .
Мектепке дейінгі шақтағы қиял елестерінің даму
Ерекшеліктері . . .
Мектепке дейінгі шақтағы бала қиялын
дамыту жолдары . . .
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы.
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру» тұжырымдамасында 1996 ж.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандарты. - Астана, 2006.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Жаңғыртушы қиял - бұл түрлі қиялдың жемісі, кәдімгі берне, берне қашан да болса, алғашқы әсерден бәсең (солғын) болады. Ешуақытта күш әуелгіге жетпейді. Берне дегеніміз - «солғындаған әсерге». Берне әсер жақындағанмен, дәл өзі болмайды.
Жасаушы қиялдың тетігі - бұл қиялдың қызмет жолында мынадай өзгерістері болады: Мәселен, үй жерде болмақ қой, жер деген бернені алып тастап, оның орнына суды орнатамыз. Кеме жүретін суды алып тастап, судың орнына әуені қоямыз. Біз дәуді, періні, жез тырнақты, ергежейліні қиялдаймыз. Сол тәрізді нәрсенің салмағын шығарып тастап, қаңбақтай деп қиялдауымызға мүмкін.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында: «Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті . . . «Қазақстан - 2050» стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет.
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп атап көрсетті [1] .
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология қуатты дамып отырған кезде, қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі - жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда, демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімділігі мен сауаттылығына байланысты екендігін баса айта отырып, олардың оқу-білім алуына мемлекет, қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлініп, оларға жан-жақты жағдай жасау мемлекет алдындағы негізгі міндет пен өзекті мәселе болып қала беретіндігі түсінікті.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары анықталып жатқанымен, мектепке келген оқушылардың оқу жағдайына даярлығын, соған сәйкес мектепке дейінгі оқу мен тәрбиені меңгеруге оның әсеріне терең үңіле бермейміз.
Адамның білімі мол болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу - ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі керкемдік эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, музыка түрлі өнер салаларына дағдылану - олардың керкемдігін сезіне алу балада қиялдың шарықтауына қажетті шарттардың бірі.
Зерттеу жұмысымызда психологияның жалпы ғылыми-теориялық негізін жасауға негіз болған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері. Олар: жалпы педагогикалық-психологиялық мәселелер бойынша Роббер М. А. [2], Квимен В. [3], Добсон Дж[4], Кле М. [5], Бютнер К. [6], Зайченко В. П. [7], Петровский А. В. [8], Немов Р. С. [9] және т. б.
Балалар психологиясын зерттеп, психология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарымыз: Выготский Л. С. [10], Мухина В. С. [11], Ядешко В. И. [12] және т. б.
Жалпы психология және балалар психологиясы мен педагогикасын зерттеуде өз еңбектерімен ғылымның дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар, психологтар: А. Байтұрсынов [13], М. Жұмабаев [14], Т. Тәжібаев [15], Қ. Жарықбаев [16], А. Алдамұратов [17], М. Мұқанов [18], Ә. Меңжанова [19], Б. Баймұратова [20], Құлжанова Н [21] және т. б.
Зерттеудің маңыздылығы мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамытуды тәрбие арқылы, ойын барысында, отбасы жағдайына, балабақшада іске асырудың бағыттары мен жолдарын жаңаша жетілдіру болып отыр. Іс-әрекеттің жаңа түрінде, қарым-қатынастың басқаша сипатында, дүниені танып-білуде, көзқарастарды қалыптастыруда қиялдың орны ерекше. Осындай мәселелерді дұрыс та, оңтайлы ұйымдастыру мақсатында балалардың қиялын дамыту қазіргі таңдағы терең зерттеуді қажет ететін мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Мектепке дейінгі кезеңде балалардың қиялын дамытудың психологиялық-педагогикалық жолдары» деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
- Қиял туралы зерттеулерге ғылыми-теориялық талдау жасау;
- Жеке тұлғаның дамуында қиялдың алатын орны мен шығармашыл қиял әдістерін анықтау;
- Мектепке дейінгі шақтағы қиял елестерінің даму ерекшеліктеріне талдау;
- Мектепке дейінгі шақтағы бала қиялының дамуы ерекшеліктерін анықтау;
- Баланың қиялын дамытуға және жалпы ақыл-ойының дамуына арналған әдістемелерді жетілдіру.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі шақтағы бала қиялы.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Әдебиеттерге теориялық талдау жасау, балалардың қиялының дамуын бақылау әдістері, социометрия, әңгіме әдістері, дамыту және тренинг ойындар әдістемелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: философтар, психологгар, педагогтар, әдіскерлердің мектепке дейінгі балалар мәселелері бойынша жарық көрген еңбектер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттар, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, зерттеу әдістері мен міндеттері нақтыланады.
«Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде қиял туралы жалпы түсінік және оның физиологиялық негізі, жеке тұлғаның дамуында қиялдың алатын орны мен шығармашыл қиял әдістері мен балалық шақтағы қиял елестерінің даму ерекшеліктері жайлы баяндалады.
«Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қиялын дамытудың әдістемесі» атты екінші бөлімде мектепке дейінгі шақтағы бала қиялының даму ерекшеліктері, баланың қиялын дамытуға және жалпы ақыл-ойының дамуына арналған тренинг ойындар әдістемелері беріледі.
Қорытынды бөлімде зерттелген жұмыстар бойынша жалпы қорытындылар және болашақта жасалынатын жұмыстарға ұсыныстар мен кеңестер ұсынылады.
1 Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 1 Қиял туралы жалпы түсінік және оның физиологиялық негізі
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практи-калық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудан алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо) . Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бей-нелері - өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды [21, 95] .
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бас-тамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. "Еңбек процесінің аяғында алынатын нәтиже осы процесс бастауында адам ойымен идеалды түрде жасалады". Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл - әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады.
Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі - тымсал, ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе [22, 91] .
Қиялға тән және бір ерекше белгі - оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжіген жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір "орынбасар" формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К. Д. Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял - ақылдылықтың нышаны", - деген.
Сонымен, қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Л. С. Рубинштейннің пікіріне зер салсақ, шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады: 1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс. Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ практикалық жағынан пайдасыз.
Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға деген қатынасын күні бұрын қияли талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы оқу процесінің өзі қиялсыз шектеулі болар еді, тарих, география, астрономия және басқа пәндер тек қиял қанатында ғана игеріледі [23, 115] .
Қазақстанда психология ғылымының дамуына алғаш болып үлес қосқан және қазақ тіліндегі алғашқы психологиялық оқулық жазған ғалым Ж. Аймауытов болатын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерделей келе ол психология ғылымындағы қиялдың маңызына ерекше тоқталады.
Ж. Аймауытовтың пікірінше қиялдың зерттелуіне тоқталатын болсақ:
Қ и я л д ы ң т ү р л е р і. Санамызда болатын қиялды екі түрге айыруға болады; Жаңғыртушы, жасаушы. қиял деп. Өтікен уақытта алған бір әсерді сол ңалпында жадымызда қайта тірілтсек, ондай қиялды жаңғыртушы дей-міз. Мәоелен, Алтайдаің ақ биігін бір көріп, талай күндер өткен соң, есіме қайта түсіремін. Бірақ мен бұрын түйсіктемеғен нәрсені де қайта жаңғыртуыма болады. Мен қиялымда «Алтын тауды» туғызуым мүмкін. Алтынды көрдім, тауды көрдім, бірақ алтыннан жасалған тауды көргенім жоқ. Міне, сондай алтын тауды қиял етуді жасаушы қиял деуге болады. Айырма сол: бірінде нәрсені түйсіктеген қалпында аудырмай жаңғыртамыз, екіншіде нәрселерді аударыстырып, шабыстырып, тірілтеміз. Жасаушы қиялдың бір белгісі - бір жаңалық болады.
Ж а ң ғ ы р т у ш ы қ и я л. Бұл түрлі қиялдың жемісі, кәдімгі берне, берне қашан да болса, алғашқы әсерден бәсең (солғын) болады. Ешуақытта күш әуелгіге жетпейді. Берне дегеніміз - «солғындаған әсерге». Берне әсер жақындағанмен, дәл өзі болмайды.
Ж а с а у ш ы қ и я л д ы ң т е т і г і. Бұл қиялдың қызмет жолында мынадай өзгерістері болады:
Берілген берненің бөлек-салағын алып, шығарып тастауымызға мүмкін. Мәселен, үй жерде болмақ қой, жер деген бернені алып тастап, оның орнына суды орнатамыз. Кеме жүретін суды алып тастап, судың орнына әуені қоямыз. Біз дәуді, періні, жез тырнақты, ергежейліні қиялдаймыз. Сол тәрізді нәрсенің салмағын шығарып тастап, қаңбақтай деп қиялдауымызға мүмкін.
Сол сықылды, нәрсеге өзінде жоқ сипатты теліп қоямыз. Қиялымызбен адам кеуделі, арыстан бөкселі жануар жасаймыз. Екі басты самұрық, екі басты айдаһар жасаймыз, әйтпесе адамға қанат бітіреміз.
Және ойдағы нәрселерді құрастырамыз. Әрі адам, әрі кісі жаңдықтар туғызамыз. Сөйлеуші жануар, алтын балық, алтын алма, сүт өзен, куәсар көл, аққу - пері қызы, жалғыз көзді жалмауыз, жалғыз аяқ сұмырай, тажал жасаймыз. Мұндай құрастыру көбінесе ертегіде, дін кітаптарында ұшырайды.
Сонымен қиялдың қызметі не оңашаландыру, не үйлестіру, не құрастыру, қисындыру жолымен жүреді.
Жасаушы қиял ақындардың, суретшілердің, ғалымдардың еншісі деп қарапайым жұрт жориды. Ол дұрыс емес. Жай адамдарда да жасаушы қиял азды-көпті болмай тұрмайды.
Жасаушы қиял әртүрлі нәрседе адамға құрал болады. Оның пайдасы білім жүзінде де бар, техника, табыс жүзінде де бар, өнер жүзінде де бар.
Жасалатын деректі (затты) табиғат өмір өзі береді; адам тек сыртқы қалпын, тұлғасын жасайды. Дерек жоқ болса, адам жоқтан бар ғып ешнәрсені жасамақ емес. Қандай данышпан адам болсын, мәселен, түстің, дыбыстың жаңа әсерін ойдан шығару мүмкін емес.
Білім жүзіндегі ж а с а у. Жас бала жаңа нәрсемен танысқысы келсе, ол қиялын жегеді.
Жас балаға «шөлдің» не екенін ұқтырмақ болсаңыз, балаға мынау ретті сөз айтар едіңіз. «Мидай жазың кең далаға құм төселсе, шөп, ағаш сықылды өсімдік, не бір ұрттам су болмаса, міне сондай даланы «шөл» деп атайды дер едіңіз. Бала жазық жерді бұрын біледі. Шөбі жоң тақыр жерді де көрген, құмды тағы көрген. Балаға осылардың басын құрастыру керек, сөйтіп, қиялымен «шөлдің» бернесін жасау керек. Бала соғыс туралы, саясат уақиғасы туралы әңгіме естісе де осы ретпен қиялын жұмсап, өзі құрастырып алады; қашан да жаңа нәрсені ұғарда ескілерді құрап үйлестіріп барып жадына тоқиды. Қиялдың қызметі білім жүзінде де тап осындай. Атақты ғалым Ньютон туралы хикая бар: ағаштың басынан домалап түскен алманы көріп, Ньютон ай мен күн жер сықылды, әлемнің мүшелері дөңгелейтінін ойлап тапқан дейді [24, 46] .
Т е х н и к е ж ү з і н д е. Кәдімгі қарапайым насосқа ұйқастырып әуе машинасын жасаған. Айырма сол, су насостың сорып шығаратыны - су, әуе машинасінікі - әуе. Су машинасын жасарда Джемс Уатт қайнаған суы бар шәйнектің қақпағын бу көтеріп селкілдеткенін көрген екен, содан барып будың қуатымен жүретін машина жасау ойына келген екен деген сөз бар. Осы күнгі аса зор бу маншналарды не десеңіз, бу тұратын ыдысты зорайтқан; будың қозғайтын нәрселерін зорайтқан, сонымен барып адам таңқалғандай күш, ми жетпестей тетік болып отыр. Әйтпесе олардың түп атасы - қайнаған құман [25, 78] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz