Экономикалық мүдделер


Экономикалық мүдделер.
Қоғамда әртүрлі көптеген мүдделер өмір сүреді. Өндіруші кызметінің қозғаушы факторы - экономикалық мүдделерді ғана тек теориялық экономика қарастырады. Экономикалық мүдделер - бұл адамдардың шаруашылық қызметін қозғаушы күштер, олардың қабілетінің байқалуы.
Мүдделер экономикалы процестін қуатты күші болып табылады. Олар қоғамның экономикалық механизімін, қоғамдык өндірісті қозғалысқа келтіретін серіпіе тәрізді. Мүдделерді адамдардың саналылықпен экономикалық қажеттіліктерді қарастыру ретінде ұғынып, олардың өндірістік қызметінің себебі ретінде болады және сол қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Мүдделер өзінен-өзі өмір сүре алмайды. Экономикалық мүдделердің пайда балуы үшін - адамдар, адамдар тобы қажет, яғни қанағаттандырылу үшін өзінін қажеттіліктерімен экономикалық субъектілер керек. Осы қажеттіліктерді өткеру үшін, адамдар бірлескен өндірістік қызмет етеді және белгілі экономикалық қатынастарға ат салысады. Экономикалық қатынастарсыз, сондай-ақ субъектісіз - экономикалық мүдделердін пайда болуы, олардын өткерілуі мүмкін емес. Экономикалық қатынастар мүдделердің әлеуметтік-экономикалық базасы ретінде жүзеге асады. "Экономикалық қатынастар, - деп жазды Ф. Энгельс, - ең алдыменен мүдделер ретінде байкалады".
Рыноктық қатынастар субъектілердін коп болуы әртүрлі экономикалық мүдделер түрінің соп болуын тудырады. Олардын ғылыми жіктелінуі осы мүдделерді нақты жеткізушілерінің негізінде анықтайды.
Мүдделер қоғамдық ұжымдык және жеке мүдделер болып бөлінеді. Мемлекеттің ұлттык шеңберініи аумағында мүдделерді - ұлттык, аймақтық, ведомстволық, топтық, отбасылық деп болуге болады. Әрбір мүдделер тобының артында оларды жеткізугаілер бар және олар ағымдағы және келешектегі мүдделерді көздейді. Мұнда оларды боліп тұратын басты өлшемі - уақыт болып табылады.
Экономикалық мүдделер объектісіне байланысты экономикалық қызметін нарық процесінде мүліктік, қаржылық. еңбектік, моралдық - әдептілік мүдделер қалыптасады.
Экономикалық мүдделер құрамын өзгертілу сипаты бойынша жалған мүддедер ұғымына бөлшектенеді яғнн, жеке мүдде - эгоистік; ұжымдық мүдде - тар топтық; аймақтық-жергіліктік; мемлекеттік -мемлекеттік-бюрократты мүдделерге ауыстырылады. Бір мүдденің қайдағы бір түдде түріне өзгеруі экономикалық мүдденін басқа түріне кесір келтірілуі арқылы немесе оның есебінен жүзеге асуы мүмкін.
Әрбір қоғамда (рыноктық немесе рыноктық емес) барлық мүдделер адамдарда шоғырландырылады және олар тұлғалар арқылы, солар арқылы өткеріледі, жүзеге асады. К. Маркстің пайымдауынша, олар экономикалық, саяси, ұлттык. идеологиялық, әдептілік барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Адам жұмыс күшінін иесі ретінде барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығын және жеке сапасын бойына сіңіреді. Олар болса, адамның қажеттілігіне, мүлдесіне, еңбектегі іс-әрекетіне, енбектегі қатынасына және өндірістегі натижесінің жауапкершілігіне кәдімгідей әсер етеді.
Адам өндірістің түпкі мақсаты болып табылады. Қоғамдық өнім болу мен айырбас арқылы өтіп, озінің кездеспеген тұтынуымен аяктайды. Тұтынусыз кез-келген өндірістін мән-мағынасы болмайды. Адам қажеттілігін қанағаттандыру - өндірістің жалпылама міндеті болмақ. Міне, осы мағынада адам - әрбір өндірістің түпкі мақсаты.
Адамның еңбекке және өмір игіліктерін өндіруге ұмтылысы адам организімінің биологиялық қажеттілігі мен өмірге кұштарлық қажеттілігінен туындайды. Адамның өмір сүруі үшін адалдыменен азық-түлігі болуы керек. Ал, оған деген қажеттілік оны өндіріспен айналасуға мәжбүр етеді. Сондықтан экономикалық теория адамның экономикалық қажеттіліктерін зерттейді.
Экономикалық қажеттіліктер - қоғам өндірісінің ішкі себептерінің бір қалыпты қызмет етуі және дамуы. Олар адамдарды нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу, үшін бар ресурстарды тиімді қолдануға жігерлендіреді.
Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен - өндірістік, қоғамдық және жеке қажеттіліктерге белінеді. Жеке қажеттіліктерді олардың даму деңгейі бойынша қарапайым денелік және жоғарғы (әлеуметтік) қажеттіліктер болып жіктеліп, адамзат қоғамының даму деңгейімен түсіндіріледі. Олардың көлемі, құрылымы, саны қоғам мәдениетінің жалпы жағдайымен анықталады.
Тұлғанын, адамның қажеттілігі - бұл жеке қажеттіліктер:
- өзінің икемділігі мен мойындауына дәл болатындай жанына жайлы жұмыс табу;
- өндіріс сипатына сай болатын ыңғайлы, нақтылы дәрежеде қолайлы жағдайда жұмыс жасау;
- өнер тапқыштык, спорт, туризммен айналысу үшін оқуға мүмкіндіктің болуы, өзінің білімін тұрақты көтере білуі;
- бала тәрбиелеу үшін жағдайдың болуы үшін жақсы пәтерде тұру;
- жақсы жалақы таба білу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz