Қоғамда зейнеткерлік жасын ұлғайту-ұлғайтпау мәселесі


Қоғамда зейнеткерлік жасын ұлғайту-ұлғайтпау мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың елді дүрліктірген мәлімдемесіне әлі нүкте қойылған жоқ. «Әйелдер ерлермен бірдей зейнеттікке 63 жаста шықсын», - деген оның қисынсыз сөзі қоғамды селт еткізді. Көпшілік оның бұл пікірін қолдамады. Бір ауыздан «Мемлекет әлеуметтік ауыртпашылықтан қашуда. Зейнетке шығу жасы ұлғаятын болса, басқасы басқа, ауыр тұрмысты бастан кешіп отырған ауылдағы әйел-аналарға өте қиын тиеді», - десті олар. Қоғамдағы осынау өзекті мәселеге кейбір халық қалаулылары да араласып, өз көзқарасын білдіріп жатыр. Ендігі сөз «Жас қазақтың» сарапшыларында.
Мұрат Әбенов,
Мәжіліс депутаты:
Ұлттық банктікі - жеңіл стратегия
- Біз сайлаушылардың алдында зейнетақы жүйесін жетілдіруге міндеттеме алдық. Себебі, кезінде тәжірибеге енген зейнетақы реформасының чилилік тәсілінен соңғы кездері ақау шыға бастады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында да атап өткен еді: «Салымшылар саны 8 миллионға жетті. Ал жиналған қаржы көлемі 17 миллиард доллардан асады. Бұған қарамастан, бүгінде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ. Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы қаржыны өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүддесіне қызмет істейді», - деген-тін. Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берген еді.
Бұл жерде нақты жағдайды статистикалық көрсеткіштермен дәлелдей аламын. Мысалы, соңғы жылдары салымнан алынған орташа кіріс 5 пайыз болса, орта инфляция 10 пайызды көрсетті. Бұдан біз жыл сайын зейнетақы жинақтары 5 пайызға құнсызданып тұрғанын көреміз. Бұл, әрине, «Бір адым алға, екі адым кейін» деуге келетін, салымшылардың көңіл-күйін түсіретін ахуал. Зейнетақы қорлары өзінің ең басты міндеті - «жинақтауды» орындамай отыр. Осыған орай, зейнетақы жүйесіне жан-жақты талдау жасап, жеке зейнетақы қорларының қызметіндегі ақауларды анықтау орнына Үкімет аңдысын аңдап отыр. Ал Ұлттық банк әйелдердің зейнетақы жасын ұлғайту сияқты жеңіл стратегия ұстанып отыр. Мұны не нәрсеге сүйеніп, айтып отырғаны жөнінде бір ауыз сөз жоқ.
Жұртшылықты мазалаған мына сауалға жауап та жоқ:
- зейнетақы жүйесіндегі қаржылық ақаудың себебі қандай?
- әйелдер үшін зейнетақы жасын ұлғайтқан соң зейнетақы қорлары тиімді қызмет көрсетеді ме?
- әйелдерді қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етуге дайынбыз ба?
- бұл жағдайда елде жұмыссыздық қанша пайызға өседі?
Осыдан кейін ойлайсың, Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы қорларының мүддесін көздеп, оларды банкроттықтан аман алып қалғалы отырған жоқ па? - деп.
Болат Жәмішев,
Қаржы министрі:
Мұнай бітсе, қайтеміз?
- Зейнетақы жасын ұлғайту немесе ұлғайтпау туралы сөз қозғағанда мына мәселені есепке алу керек: Біріншіден, қазір зейнетақы жасына жеткен адамдар да бар, бұлар үшін зейнетақы көлемі маңыздырақ. Бұл да зейнетақы жүйесінен бел шеше кірісуді қажет етіп отырған түйткілдің бірі. Сондай-ақ, халықтың екінші, тағы басқа бір бөлігі бар: олардың зейнет жасына жетуге санаулы жылы қалған. Бұлар енгізілген жаңа жүйеге уақыттың аздығынан ілікпей қалады. Зейнетақы жасының ұлғаюына қарсылық білдірудің бір себебі де осы. Сонымен қатар тағы бір топ бар - бұлар қазіргі кезде дүниеге келгендер, кәмелет жасына толғандар, жұмысқа жаңадан орналасқандар. Бұл топты бүгінгі күні зейнетақы жайы ойландырып, толғандырмайды. Есесіне, оны мемлекет ойлауы тиіс. Мемлекет «дүниеге бүгін келгендер, еңбек жолын енді бастағандар үшін қандай зейнетақы жүйесі қалай әрекет етеді?» - деген сұраққа жауап беруі тиіс. Бұған қоса, мемлекет сондай-ақ, зейнетақы жасы, зейнетақы жүйесі туралы бас ауыртуы қажет. Жүйе алдағы уақытта қалай дамиды? - деген сауалға да жауап беруі тиіс. Демек, бізге бұл мәселені де талқылау міндеті тұр.
Мен еңбекақы мен зейнетақыға, жалпы әлеуметтік төлемдерге мемлекеттік бюджет шығынының 60 пайызы жұмсалатынын айттым. Бұл өте көп және 30-40 жылдан кейін бізде өндіріс, мұнай шығару ісі азайған шақта мұндай жүйенің жұмыс істеуі өте қауіпті шешім болмақ. Әрине, алдағы уақытта мемлекет қарқынды дамиды. Өмір сүру жасы да ұлғаймақшы. Әрі зейнетақы көлемі де өседі. Демек, осының барлығы қаржылай қамтамасыз етілуі тиіс екенін түсіну керекпіз.
Жарасбай Сүлеймен,
жазушы-журналист:
Халыққа ауыр тиеді
- Меніңше, осынау өзекті мәселе қоғамда тектен-текке қызу талқыға түсіп жатқан жоқ. Түбі осыған келеміз. Бірақ бұл өте нәзік әлеуметтік түйткіл болғаннан кейін бізге асықпаған абзал. Әрине, зейнетке шығу жасын арттыру арқылы түйінді тез арада шеше салуға болады. Бірақ оның артында үлкен әлеуметтік ахуал тұрғанын естен шығаруға болмайды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz