Жаңа формацияда білім беру саласы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМДАҒЫ  ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
 
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары
мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда
білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық
ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық
негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын
енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген,
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы
үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол
саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі.
Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға
тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның
үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Кез – келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып
табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап
көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып,
барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір
сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен
сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір
кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш
мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік
ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты
шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже,
В.Штерн,  П.П. Блонский,  Л.С. Выготский және т.б.).
Яғни  педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне
қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты  Л.С.Выготский   бастауы ш мектеп, кіші мектеп және
жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу
іс-әрекетінің  субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада
бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу
мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен
интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық
мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны  ашуға қуану, жаңа дүниеге , үлкендер
дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп,
мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған
қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде,
отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің
нәтижесі ретінде түсіндіріледі.  Оларға жататындар: Баланың жалпы физикалық
дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық
мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, тұрмыстық дағдылардың
болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену.
Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-
әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері
қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми
білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын
қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың
алғышарттары қалыптасады.  Осы кезеңде  баладан тек елеулі ақыл-ой
жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін
психологиялық қайта құру жүреді.
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке
ауысуымен байланысты бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама
өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады.  Ал
мұғалім былай айтты, - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Осындай
балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу
езднрінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің
пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы
ретінде  негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-
әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің
де субъекті бола бастайды,оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы
жеткіншек бола бастайды.
Орта мектеп жасында (10-11-ден 14-15 дейін) жеткіншек өз іс-әрекеті
контексінде құрдастармен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы
жастағы балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық,
спорттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің
осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға,
қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда
қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды,
өз  Менінің мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан
ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық
психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары -  ересектік сезімі пайда болады.
Егер кіші мектеп жасы үшін оқу іс-әрекеті жетекші болса, онда орта жас
оқушысы үшін жетекші ретінде сан алуан формалардағы қоғамдық пайдалы іс-
әрекет болады, оның арнасында құрдастарымен  интимдік – тұлғалық қарым-
қатынаста, басқа жыныс өкілімен  өте маңызды қарым-қатынас та жатыр. Бұл
жерде  оқу іс-әрекеті іске асырылып жатқан белсенділік бола бастайды – ол
жасөспірімнің даралануын  қамтамасыз етеді. Әсіресе, оқу іс-әрекетінің
құралдарын, тәсілдерін таңдауда  ол өзін мақұлдап, бекітеді.
Жеткіншек жас үшін беделге деген қатынас та тән. Егер кіші мектеп
жасында  мұғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен
адам беделі проблемасы білімбейді. Бір жағынан, жеткіншектің  мен – ересек
адам позициясы оны үлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан  -
олардың беделі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. Үлкен адам
беделінің сақталуына ықпал ететін жағдайлар:   1. жеткіншек
қоғамдық  жағдайының өзгеріссіздігі, ол оқушы болды және болып қалады;  2.
оның ата-анадан толықтай материалдық тәуелсіздігі, олар мұғаліммен қатар
тәрбиелеуші рөлінде болады;  3. жеткіншекте өз бетімен әрекеттену
іскерлігінің болмауы .
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек қана өз
мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен,  Мен - тұжырымдамасымен
өзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы
өмірдегі орнымен өзгеше. Ол өзі үшін осы білім беруді жалғастыру формасын
болжайды, шешеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ маманның акме-креативті іс-әрекетін қылыптастыру (кәсіптік мамандығының негізі)
Мұғалімнің қызметтік нұсқауын өңдеу
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы
Әлеуметтік құрылым. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Экономика және өндірісті басқару
Пәндер