Қоғамдағы діннің орны және діни білімнің маңызы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдағы діннің орны және діни білімнің маңызы

Ислам дінінің тұрмыс тіршілігімізбен мәдениетімізге қалай әсер еткендігін анықтайтын тұжырымдаманы үш ана тақырыпта қарастыруды жөн көрудеміз. Олар:

А) Діннің қоғамдағы орны;

Ә) Мәдениетіміздің қалыптасуында ислам дінінің рөлі;

Б) Төл мәдениетімізді сақтау, өзгелердің жетегінде кетпеу үшін діни білім берудің маңызы.

А) Діннің қоғамдағы орны

Адам баласы қоғаммен бірге өмір сүретін әлеуметтік жаратылысқа ие. Бұл оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тарихқа көз жіберсек адамдар түрлі қоғамдар қалыптастырып, мәдениет пен өркениетке қол жеткізген. Адамзат қоғамын басқа жаратылыстардан айыратын кейбір ерекшеліктер бар. Мысалы адамдар ой өрісін және қабілиеттерін қолдану арқылы әрдайым өзін және қоршаған ортасын өркендетуде. Өркендеу материалдық алаңмен қатар рухани алаңда да анық байқалады. Басқа жаратылыстардан осындай өркендеу түрін көре алмаймыз. Олар ғасырдардан бері бір қалыпта өмірлерін жалғастыруда.

Өздерін әрқашан жаңартуды алға қойған адамзат қоғамы, түрлі ерекшеліктерімен бірбірлерінен өзгешеленеді. Бір сезімді, көзқарасты, мәдениетті қабылдап бір араға келген адамдар, өздеріне тән құқықтық жүйе қалыптастырады. Белгілі бір діни наным сенімге ие болып, басқа қауымдардан өзгеше өнер мен әдебиет түсінігі болады. Сондай-ақ өздеріне тән әдет-ғұрып жүйесі мен ортақ тарих жасайды. Қауымдар арасындағы құндылықтар да өзгешелігімен ерекшеленеді.

Адамзат қоғамын бірбірінен айырған ең маңызды сипаттардың басында тіл мен дін бірілігі келуде. Сонымен қатар жағрапиялық шарттар да адамзат қоғамын бірбірінен айырған маңызды ерекшеліктердің бірі. Қысқасы тіл, дін, тарих, құқық, әдебиет, өнер және тәлім тәрбие сияқты адамдарды бір жерде өмір сүруге қамтамасыз ететін құндылықтар, ортақ көзқараспен сезімге сүйенген мәдениет қалыптастырады.

Сөзге тиек етілген бұл мәдениеттің қалыптасуында және тәлім тәрбиенің өркендеуіне наным-сенімінде болған дін де орасан зор рөл атқарған. Мұсылман қоғам ретінде, өмір сүріп жатқан қоғамның әдет-ғұрыптарында, әдебиетінде, өнерінде және этикасында ислам дінінің үлкен рөлі мен әсері мол.

Ә) Мәдениетіміздің қалыптасуында ислам дінінің рөлі

Халқымыздың мәдениетіне көз жіберсек ислам дінінің әсері бірден көре аламыз. Наным-сенімдеріміз, тұрмыс тіршілігімізбен біте қайнасып, іс-әрекеттеріміз бен ауыз әдебиетіміздің ішінен кеңінен орын алған. Яғни:

Әдет-ғұрыптарымызда;

Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерімізде;

Әлеуметтік белсенділіктерімізді, ислам діні әсерінің болғандығын көреміз.

Әдет-ғұрыптарымызда, сөйлеу мәнерімізден бастап, киім киісімізге дейін, отбасында үлкендер мен кішкентайлар арасындағы қарым қатынастан көрші қолаңдарымызға дейінгі әртүрлі әдіт-ғұрыппен салт-жораларымызға және тұрмыстық жағдайымызда ислам дінінің әсері орасан зор.

Ал енді ислам дінінің мəдениетке тигізетін əсері сипаттау үшін мəдениеттің түрлі салаларында жеке-жеке тигізетін əсеріне тоқталуды жөн көрдім.

Бүгінгі күні өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түп тамыры тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пәлесәпамызға деген құмарлығымыз арта түседі.

Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамдардың күнделікті ӛмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Кез-келген дүниетанымдық ілімдер адамдардың таным түсінігімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасты.

Қазақатың халықтық шығармаларындағы дүниетанымдық ізденістердің де қазақ философиясына қосқан үлесі зор. Көбіне халықтық шығармалар даналыққа толы болды. Ертегілердің де, мақал-мәтелдердің де философия тарихында ӛзіндік орын алды. Қазақтың халықтық шығармалары даналыққа толы. Оларды басты қазақтың ертегілері, мақал-мәтелдері дәстүрлі дүниетанымынан аңғарамыз. Халықтық шығармалар көбінесе күнделікті өмір тіршілігіне байланысты қалыптасты. Осыған байланысты әр түрлі дүниетанымдық көзқарастар пайда болды. Жалған дүние, пендешілік, тәуба, Алла деген секілді ұғымдар қалыптасты. Қазақ - этникалық-рухани жағынан мыңдаған жылдық дәстүр мәдениетінде, философиясы мен әдебиетінде, тарихи шежіресінде рухани-адамгершілік құндылықтарға ерекше мән берген халық. Жалпы ананы, Отанды, ана тілін қадірлейтін, оларды жан-жақты дәріптейтін деректерді көне заман ескерткіштерініе көптеп табуға болады. Алғашқы қауымдық құрылыстан біздің заманға шеру тартатын мәдениет дәстүрі сабақтастығын тиянақтап зерделесек, оның қазіргі педагогика жетістіктерінің ілкі бастауында орны бар екендігіне көз жеткіземіз. Қоғам дамуының заңдылықтары мен әдеп тағылымдарының өзі діни-имандылық нормалардан бастау алады. Қай дін болмасын тұлғаның дұрыс қалыптасуына қажетті тәрбиелік, этикалық, мінез-құлықтық міндет-шарттарды қатаң реттеп отырған. Әсіресе ислам дінінде имандылық ұғымына сыйып кететін қайырымдылық, руханилық, әділеттілік, шындық, сенім, үлкенге деген сыйлы, кішіге деген қамқорлық көзқарастар т. б. құндылықтар ерекше айқындалып нормалық пішінге келтірілген. Адам баласының бойындағы тәрбие мен тәлім арқылы қалыптасатын мінез-құлықтардың ішінде, әсіресе, қайырымдылық пен зұлымдық мәселелері ерекше орынға ие [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және дін
Қазіргі жастардың діндарлығы: өзіндік сана мен болмысы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Діннің қоғамдағы орны
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Зайырлы мемлекет және дін
Қазіргі қоғам адамының өміріндегі діннің маңызы бар ма
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz