Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері . . . 3-5

1. 1. Этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының сабақтастығы . . . 6-16

1. 2. Тіл мен мәдениеттану . . . 16-20

1. 3. Тіл мен этнопсихология . . . 21-22

1. 4. Тіл және мифология . . . 22-33

1. 5. Тіл мен сана . . . 33-35

II Қоғамдағы, тілдегі және мифтегі әйел бейнесі

2. 1. Тіл - қоғам - әйел . . . 36-55

2. 2. Тіл - миф - әйел . . . 55-76

Қорытынды . . . 77-78

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 79-81

Ф-ОБ-001/002А

Кіріспе

Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық ғылым салаларының айрықша ден қойып, жан-жақты зерттеуге ойысқан адам мәселесі ең ауқымды, ділгір мәселе ретінде бой көтерді. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден басталған сала-сала пікірлер мен көзқарастар қайшылығы адамды табиғаттан, ғарыштан бөліп алып, басқа заттардан бөлек тікелей объект ретінде қарайтын жаңа дәуірде де жалғасын таба береді.

Жер бетіндегі саналы тіршілік иесінің алдында тұрған мәңгілік мәселенің бірі - "тіл және адам".

Бағзы заманнан бастау алып, халық санасына сіңіп, жадында жатталған көне сөздердің тарихына үңілу, табиғи сырын ашу, адам мәдениетін тіл тарихымен сабақтастыру - бүгінде тіл ғылымының көкжиегінде ерекше назар аударатын мәселенің бірі.

Адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық т. б. күресі, рухани жаңғырулары сан ғасыр өтсе де, сол халықтың ұрпағынан ұрпағына сол этностың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Соның арқасында ұрпақ ана тілдің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті негізінде ұлтымыздың көне тарихы мен мәдениетін дұрыс танып-білуге бастау алады. Осы бастаулар көзі кешенді тіл ғылымының аясында ұлттық мәдениеттің көзі ретінде тағылымдық мәні зор ұлттық тілдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының кұпиясы ғылымның басқа салаларымен (психология, антропология, мәдениеттану, мифология т. б. ) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Ұлттық тілді халықтың мәдениетімен, жан ілімімен, ой танымымен, тарихымен біріктіре қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивті лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдарының тууына себепші болды.

Ұлттық тілдің атаулы тіл ғылымдары саласынан өзіндік орын тебуі бүгінгі ғылымның жаңалығы болғанмен, осы бағыттардың іргетасы о бастан-ақ атақты тілші-ғалымдардың сүбелі еңбектерінде негізгі ой-тұжырымдармен қаланғанын тіл ғылымының зерттеу жетістіктері дәлелдеп отыр. Бұл туралы алғашқы ойлар В. фон Гумбольдт, Я. Гримм, Ф. де. Соссюр, Р. Раск, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Г. Штейнталь, М. Лацарус еңбектерінде ашық көрсетіліп, ғылымның өркендеуінің жемісіне айналды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еліміз егемендік алып, оның ұлттық тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты қоғамда да

Ф-ОБ-001/002А

тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейіп, жаңғырып келе жатқан күрделі де кешенді үрдіс байқалады.

Осымен байланысты рухани-мәдени мұрамызды ежелден келе жатқан рухани тәжірибе негізінде қорытып, тарихи қызметін саралап қайта бағалауға бағытталған кең арналы да терең зерттеулердің қажеттілігі туып отыр. Қазақ әйелінің қоғамдағы орны, рухани ішкі әлемі, таным-түсінігі, сана-сезімі тілде көрініс тауып қана қоймайды "Ана - әйел жар" бейнесінің озық үлгілері тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады.

Ежелгі дәуірлер мен тарихи кезеңдердегі қазақ әйелінің жаратылысы мен болмысын тілдік деректер негізінде саралап тану, оны ұлттық танымның көне дәуірлердегі түпсана мен тарихи күретамыр негізінде зерделеу, зерттеу осы жұмыстың өзектілігін танытады.

Зерттеу нысанасы : Тілдегі әйел бейнесінің мифтік негізі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Тіл тарихы мен тіл табиғатын мәдениетпен байланыстыра отырып, мифте, тілде сақталған этномәдени тілдік деректер арқылы әйелдің тілдік бейнесін ашу зерттеуде көзделетін басты мақсат-мүдде. Осыған орай мынадай міндеттер алға койылды:

- тарихи- танымдық негіздерін анықтау;

- тіл мен мәдениет сабақтастығы негізінде этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының ортақтығы мен ерекшеліктерін ажырату;

- мифтегі этномәдени атаулардың кумулятивтік қызметін талдау;

- әйелдің тілдегі мәдени-тарихи, әлеуметтік-психологиялық, мифтік көріністерін лингвомәдениеттану тұрғысынан түсіндіру;

- мифтегі, тілдегі лингвомәдени деректер ретіндегі материалдық мәдениет лексикасының тіл-танымдық мәнін анықтау.

Зерттеу материалдары : Қазақ мифтері мен аңыз- ертегілері, эпостық жырлар.

Зерттеудің ғылыми жаңалыгы мен нәтижесі .

- этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының сабақтастығы мен ерекшелігінің аражігі, ұқсастығы ашып көрсетілді;

- тілдік деректерде, мифтерде кездесетін этномәдени атаулардың негізінде "тілдегі әйел бейнесі" ашылды.

Зерттеудің әдістері . Әйелдің тілдегі бейнесін зерттеу барысында теориялық-әдістемелік негіз ретінде антропоцентристік және когнитивтік лингвистиканың "ғаламның тілдік бейнесі" теориясының қағидалары басшылыққа алынды. Тілдегі, мифтегі этномәдени атаулардың нақты деректерін жүйелік катынаста қарастырып, типология, эстетика, генезис тұрғысынан туыстас, кейде жалпы адамзаттық тектестікке сабақтастыру үшін индуктивтік әдіс, ал нақты талдау барысында диахрондық, синхрондық тұрғыдан сипатталса, салыстырмалы-тарихи, семасиологиялык, этнолингвистикалық әдістер қолданылды.

Ф-ОБ-001/002А

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Тіл тек мәдениетті танытушы кұрал ғана емес, тілдің бойында мәдениеттің арқауын кұрап негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады.

Ұлттық мәдениеттің тірегі - тілде. Қазақ халқының эпостық, этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен, тілде көрініс тапқан. Осы орайда ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміздің сақталған негізгі көздерінің бірі, алтын қазынасы - миф ;

Лингвомәдениеттану негізінде ұлтқа тән мәдени-танымдық жүйенің қалыптасуын анықтауға болады;

зерттеуге тілдің кумулятивтік қызметі негіз болады;

Мифтегі әйел бейнесі - ұлттық көркемдік жүйенің негізін құрайтын халықтык эстетика мен сұлулық символизмі.

Жұмыстың құрылымы : Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ф-ОБ-001/002А

1 Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері

1. 1. Этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының

сабақтастығы

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен тоғысатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлердің төркіні теренде жатыр. Айтылған ой жайында В. фон Гумбольдттың «Тіл - халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы - жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалыктардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше, біріншіден, мәдениеттің екі түрі - материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет - ұлт нышанын танытып, тілде өз жүйесін табады, үшіншіден, тіл адам мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух -тілдің ішкі формасына тән», - деп көрсетеді [1. 32] .

Ал мәдениеттің көне, жаңасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жүргізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тілі арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенін көрсетеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э. Сепир: «Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арылмайды. Тілдегі лексика қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады», - деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілдің табиғатынан табылатынын көрсетіп, дәлелдейді [2. 186] . Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тануы мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысына байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған «Сепир-Уорф болжамы» халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны - ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.

Тіл - тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында мәдениеттің арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В. Фон Гумбольдт концепциясында: «Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында» деген құнды пікірімен

Ф-ОБ-001/002А

бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер - Г. Штейнталь мен М. Лацарус. Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп «тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчестволық әрекеті», «халық рухы алдымен тілде» деп түйіндеген [3. 92, 117] . Осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен бұл үрдіс ғылымда өз жалғастығын тапқандығын төмендегі пікірлерден көреміз. Ғалым А. Вежбицкая бұл туралы: «Каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условии и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей», - деп көрсетеді [4. 19] .

Демек, этнопсихология ілімінің тіл алдында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.

Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұғысында зерттеген ғалым В. Вундт өз еңбектерінде күрделі әрекеттердің ұлттық мәдениетті танудағы орнына ерекше назар аударды. Ол - ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын салт-дәстүрлер деп есептейміз. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа жол салушы ресейлік тілші-ғалым - А. Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: «Тіл - халықтық «рухтың» жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді» деп анықтайды. Мәдениет - тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақты сөз ете келе: «Халық рухы» алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді» деп қорытады [5. 117] . Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі формасының) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми кұнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамының жетілуі тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы - маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда.

Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректердің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі -лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында ХҮ ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың (Ф. Соссюр, В. Гумбольдт, А. Потебня, В. Штейнталь т. б. ) ғылыми ой-тұжырымдарын одан

Ф-ОБ-001/002А

әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В. Ворбьев, В. Телия, Е. М. Верещагин, В. Т. Костомаров, В. Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттанудың дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.

Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе, В. М. Верещагин мен В. Т. Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың «Тіл - тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі - әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастыруы» деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей [6. 10] .

Мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп, шынайылылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл - тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ.

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) - латынның lingua - тіл, gultura - мәдениет, 1оgos - ілім деген терминдерінің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала.

Осы орайда В. Н. Телия: «Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі», - деп сипаттаса [7. 217], лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В. В. Воробьев оны «металингвистика» ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритета и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей) » [8. 37] .

Ғалым В. А. Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [9. 8] .

Көріп отырғанымыздай, Воробьев, Маслова, Телияның бұл ғылыми тұжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдык ғалымдар Э. Сепир мен Б. Уорфтың «Лингвистикалық

Ф-ОБ-001/002А

ықтималдық теориясының» негізін танытқан «этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады» деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика ғылымымен туыстығын ашық көрсеткендей. Көп жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақтық, тіпті ұқсас жақтары бір ізді сөз етілгенімен, В. В. Воробьев атап көрсеткендей, этнолингвистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады:

Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру [ 8. 15 ] .

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу обьектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің, рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т. б. да берілуі арқылы кеңи түседі. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, ғалым-тілшілер І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздык. Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т. б. ғалымдар еңбектерінде тіл фактілеріндегі сипаты ретінде танытылады.

Этнолингвист-ғалым Е. Жанпейісовтің «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінде М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің табиғатын танытып жүрген, белгілі тілші-ғалым Р. Сыздықова өзінің еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің тарихи-тілдік мағынасын ашып, «қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-жазушыларының тілінде, жырларда ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс» дейді [10. 24] .

Ф-ОБ-001/002А

Тұрақты сөз орамдарының мәдени-ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы саланы зерттеп жүрген маман ғалым Н. Уәлиевтің еңбектерінен табамыз. Автор: «Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әр әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады»- [11. 12] дей келе, қасиетті жеті, он екі, тоғыз санымен тіркесті атаулардың (жеті көк, жеті ғалам, жеті ғашық, он екі мүше, тоғыз сәлемдеме, (уақыт өлшемдерінің халықтық атауларының (он екі сәт, сәске, тәулік, екінді, марқа туған т. б. ) мәнін қазақ халқының күнделікті мәдени өмірімен байланысқан тәжірибесінен туған атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.

Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Салқынбай, А. Сейсенова, Қ. Қажығалиевалардын. т. б. ) сөз болуы, назар аударылуы лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын байқатады.

Г. Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты айқындап, мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: «Лингвомәдениеттану - этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз, заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл - ұлт - мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ» [12. 14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Лингвомәдениет
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
Лингвомәдениеттану ғылым саласы ретінде мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz