Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда компьютерлік графика курсын оқыту мазмұны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Физика-математика факультеті

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА

КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда компьютерлік графика курсын оқыту мазмұны

Қорғауға жіберілді Орындаған: Информатика

“__” 201 ж. мамандығының

кафедра меңгерушісі

Ғылыми жетекшісі:

Алматы, 201 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 5

1. 1. Информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандартының мазмұны мен құрылымы . . . 5

1. 2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептің жоғарғы басқышының білім беру мазмұны . . . 10

2-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫҢ КӘСІПКЕ БАУЛУ КУРСЫНДАҒЫ «КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА» КУРСЫ . . . 12

2. 1. Информатиканың кәсіпке баулу курсында компьютерлік графиканы оқыту мәселелері . . . 12

2. 2. «Компьютерлік графика» курсының теориялық негіздері . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55

ҚОСЫМША . . . 56

КІРІСПЕ

Қазақстан білімі бүгінгі таңда мектептерде оқушыларды даярлаудың барлық бағыттарында, соның ішінде көркемдік білім беруде құрылымдық және мазмұндық өзгерісті басынан өткеруде. Дүниетаным мен білім беруге байланысты жоғары кәсіби білімді реформалаудағы тұжырымдамалық көзқараста қайта бағаланды, мемлекеттік білім беру стандарты ендіріліп, оқытудың шарттары, формалары мен әдістері жетілдірілді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту мен оларды кәсіби тапсырмаларды шешуге байланысты белсенді іс-әрекеттерге даярлау проблемасы да аса көкейкесті мәселеге айналды. Жаңа ғасырдың алғашқы сатысынан бастап-ақ адам баласы теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде өзіне ұнайтын жолды таңдау мүмкіндігіне қолы жетті.

Қоғамның бүгінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның барлық кәсіби іс-әрекеттері саласында жаңа пайдалану болса мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты туындап отыр. Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан саласының бірі - компьютерлік графикаға тікелей қатысы бар.

Компьютерлік графика - өзінің арнайы аспаптарымен болашақ маман иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, сондай-ақ жалпы және арнайы білім беру саласында ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруда көмектеседі. Оның маңыздылығы, әсіресе, көркемдік іс-әрекет саласы мамандарын (суретші-дизайнер, суретші-график, суретші-монументалист және тағы басқалары) даярлау процесінде арта түседі, өйткені ол көркемдік-шығармашылық іс-әрекет процесіне қажетті тұлға қасиеттерін дамытудың жетекші құралы болып табылады.

Компьютерлік графика заң мен заңдылықтарды зерттеу барысында, көркем шығармашылықта көрініс тапқан бейнелеу, сәндік қолданбалы және дизайнерлік өнер түрлерін жасау процесінде де негізгі құралдың бірі болып саналады. Компьютерлердің технологиялық мүмкіндіктері олардың құнды графикалық мүмкіндіктерімен, бейнелі реңктерімен, кеңістік формаларын екі немесе үш өлшемдегі көрнекілікпен бейнелеудегі қабілетімен белгіленеді. Жасалған өнімдердің кәсіби тұрғыда да, жалпы білім беру тұрғысында да маңызы зор, өйткені ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерімен өзара тығыз байланыста жүзеге асады.

Қазіргі сурет салу, дизайн жасау өнерінде компьютердің кеңінен қолданылатыны бәрімізге мәлім. Соңғы 5-6 жыл аралығында компьютерлік графика пәні жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқытылуда.

Орта мектептің кәсіпке баулуда компьютерлік графика курсын оқыту оқушылардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз, олай болса компьютерлік графика курсының мазмұны қандай болу керек деген мәселе туындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - компьютерлік графика курсы бойынша теориялық сабақтардың мазмұнын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер қойылады:

  • мектеп информатика пәні бойынша жасалған Мемлекеттік білім беру стандартындағы кәсіпке баулу курсының мазмұнына талдау жасау;
  • орта мектептің кәсіпке баулу курсында «Компьютерлік графика» курсын оқытуға талдау жасау;
  • қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныпта оқытылатын «Компьютерлік графика» курсының мазмұнын анықтау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1-ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандартының мазмұны мен құрылымы

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында жас ұрпақты әлемдiк-ақпараттық-бiлiмдiк кеңiстiкке енуге тәрбиелеуiмiз қажет. Сондықтан “Информатика” пәнiн оқытуда екi үлкен үрдiс байқалады:

Бiрiншi үрдiсте информатика “ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдiстерi” туралы пән ретiнде қарастырылады. Ол бiлiмдi “ақпаратқа” толығымен айналдыратын технократтық тәсiлмен сипатталады. Мұнда информатиканың мазмұны ретiнде алгоритмдеу және программалау бөлiмдерi қарастырылады. Аталған бөлiмдерге шамадан тыс сағаттың бөлiнуi адамның нақты қоршаған ортамен байланысының бiрте-бiрте жойылып, оның “жорымал” өмiрге енуiне әкелiп соғады. Бұл оның негiзгi кемшiлiктерiнiң бiрi болып табылады, әрi бұл практика жүзiнде де дәлелденiп отыр.

Екiншi үрдiс “ақпараттық бiрлiктердiң” бiлiмге айналуымен сипатталады. Ол әлемнiң жүйелiк-ақпараттық бейнесiн оқушылардың шығармашылық қабiлеттерi және құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтiн, адамның дүниетанымының құрамды бөлiгi болып табылатын интеллектуалды дамуын қалыптастырудың қажеттi жолы. Аталған үрдіс адам мен ақпараттық ортаның (“мұғалiм - компьютер - оқушы”; “оқушы - компьютер - оқушы”) арасындағы өзара жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасты зерттеудi қажет етедi.

Осы процестер мен компьютердiң көпфункционалды мүмкiндiгiнен туындайтын, информатиканың басқа пәндермен сабақтастық байланыстылығын ерекшелейтiн аралық “үрдiс” те бар. Бұл үрдіс орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрiне енген. Ал информатиканың синтездеушi мазмұн ретiнде ақпараттық қоғам жағдайында оқушының өзiндiк танымдық қабiлеттерiн дамытуына мүмкiндiк бередi.

“Информатика” пәнiн “гуманитарлық парадигма” тұрғысынан оқытуда және оқу-тәрбие процесiнде компьютерлiк техниканы тиiмдi пайдалануды iске асыруда бiлiм беру жүйесiн технологияландыру маңызды роль атқарады. Сондықтан аталған пәннiң мазмұны оқытудың педагогикалық талаптарына сай болуы қажет.

Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары :

  • оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану процестерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
  • оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:

  • информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
  • информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
  • информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.

Ендi бiз мемлекеттiк бiлiм стандартының анықтамасына тоқталып өтейiк:

Мемлекеттiк бiлiм стандарты - бұл пәндер бойынша мазмұнның мiндеттi минимумы және оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтiк құжат.

1998 жылы жасақталған стандарттың негiзгi мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектiлерiне бөлiнiп қарастырылған. Аталған аспектiлер базалық, негiзгi және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке-жеке концентрлi түрдегi мазмұндарға бөлiп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты оларды өзгерiстерге ұшырату қажеттiгi туындады. Сондықтан бұл стандарт 2003 жылы мына түрде өзгертiлiп, қайтадан жасақталды. Ол стандартқа қойылатын жалпы талаптың ережелерiне сай айқындалды.

“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) - “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер:

Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;
  • оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;
  • оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
  • оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;
  • информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;
  • тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;
  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
  • оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;
  • оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.

“Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi :

  • ақпарат;
  • ақпараттық ресурстар;
  • ақпараттық үрдiстер;
  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:

  1. пәннiң жалпыбiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
  • оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;
  • тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.
  1. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т. б.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары :

  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
  • Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.
  • Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

Информатика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негiздерiн үйрету мен ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi талап етедi.

Бiрiншi кезең (7-9 сыныптар) - базалық курс. Ол информатика пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Екiншi кезең (10-11 сыныптар) - информатика пәнi бойынша жоғарғы сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi жалғастырады.

“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтiк информатика.

10-11 сыныптарда “Информатика” пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп, оқытылады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiстер бойынша оқушының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.

“Информатика” оқу пәнi бойынша оқу процесiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.

1. 2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептің жоғарғы басқышының білім беру мазмұны

Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы информатика пәнінің білім беру мазмұны, информатиканың барлық бөлімдеріңнің тақырыптарын қарастырады: теориялық информатика, ақпараттандыру әдісі, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика, және информатиканы, гуманитарлы өрістегі ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін жүйелеп ұсыну болып табылады.

10-11 сыныптарда оқушылар көлемі және мазмұны бойынша сараланған, оқушылардың қызығушылықтары мен кәсіптік дайындыққа дейінгі бағыттарына қарай информатиканың кәсіпке баулу курсы оқытылуы керек. Кәсіпке баулып оқыту оқушылардың базалық курс бойынша толық меңгерген біліміне негізделген, сондықтан 7-сынып оқушылары 10-сыныпқа жетпейінше, қазірше 10-11 сыныптарда оқытылатын кәсіпке баулу курстарында не оқытылуы керек деген үлкен мәселе туады. Оларда информатиканы оқыту 1985 жылдан бастап 10-сыныпта аптасына бір сағат, ал 11-сыныпта аптасына екі сағат оқыту енгізілген.

2002 жылы Қазақстан Республикасында қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды [1] . «Информатика» курсының пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі - 7-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. «Информатика» курсының оқу жүктемесі негізгі басқышта (7, 8, 9 сыныптар) - оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 102 сағат; жоғары басқышта оқыту бағытына байланысты: қоғамдық-гуманитарлық бағытта - жыл бойына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық бағытта жыл бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат болып бекітілді.

Информатика саласында кәсіптік дайындауға бағытталған және оқушылардың қызығушылығына қарай мазмұны мен көлемі дифференциалданған кәсіпке баулып оқыту - жоғарғы сыныптарда (10 - 11 сыныптар) жалғасын табады.

Кәсіпке баулып оқыту білім беру бағдарламасы - нақты математикалық және қоғамдық гуманитарлы бағыттағы информатиканың профильді курсы - 2 жыл.

Жоғарғы басқышта білім берудің бағытына байланысты былайша жіктеледі: а) қоғамдық - гуманитарлық бағыт - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағаттан, барлығы 68 сағат; б) жаратылыстану - математикалық бағыт - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағаттан, барлығы 68 сағат.

2-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫҢ КӘСІПКЕ БАУЛУ КУРСЫНДАҒЫ «КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА» КУРСЫ

2. 1. Информатиканың кәсіпке баулу курсында компьютерлік графиканы оқыту мәселелері

Кәсіпке баулып оқыту - саралап және жекешелендіріп оқыту құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаға бағыттап оқытуды, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуды, оқушының кәсіби мамандығын таңдауды, сонымен қатар оқушының білімін ары қарай жалғастыру үшін жоғары оқу орынын таңдауын іске асыруға мүмкіндік береді.

Информатика саралап оқыту табиғи түрде іске асырылатын пән болып табылады. Оған информатиканың ғылым ретіндегі сипаты және ақпараттық технологиялар жиынтығы, сыртқы жағдайларға байланысты оның мектепте енгізілуі мысал бола алады. Информатиканың базалық курсының өзі сараланған болып табылады, себебі оның мазмұны әр түрлі оқулықтарда әр түрлі беріледі.

Информатика курсын нақты саралау бір тақырып баяндаудың әр түрлі әдістемесі емес, сараланған курстардың мазмұны мен өзгешелігіне байланысты болады. Тек қана информатиканың базалық курсы оқытылып біткеннен кейін ғана мектептің жоғары басқышында саралап оқыту мүмкін болады.

Кәсіби-сараланған Информатика курсының жалпы мақсаты мен міндеті:

  • әр оқушының қызығушылығын есепке алу;
  • кәсіби дайындыққа дейінгі бағытты ескеру;
  • ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жетелеу;
  • оқушыларды практикалық еңбекке және білімін жалғастыруға дайындау;
  • компьютермен кәсіби жұмыс істеу шеберлігін дамыту.

Кәсіптік курстың мазмұнын анықтау барысында іргелі және қолданбалы курстарды бөліп алуға болады. Іргелі курстардың мақсаты - оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болса, ал қолданбалы курстың мақсаты - оқушыларды практикалық іс-әрекетке дайындау болып табылады.

Қолданбалы кәсіби курстары пәндік аумақ бойынша сараланбайды, ақпараттық іс-әрекет түрінің критерийі бойынша сараланады.

Мұндай курстардың мақсаты - әр түрлді аумақтарда ғылыми-ақпараттық технология құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Адамның ақпараттық іс-әрекетінің түрлері (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау) нақты пәндік аумаққа сәйкес, сондықтан саралап оқытудың негізгі критерийі ақпараттық іс-әрекеттің құрылымы мен компоненті болып табылады.

Ақпараттық іс-әрекет түрлеріне сәйкес информатиканың кәсіптік курстары

Ақпараттық іс-әрекет түрлері
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары
Ақпараттық іс-әрекет түрлері: Ақпаратты өңдеу
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары:

Мәтіндік ақпаратты өңдеу

Графикалық ақпаратты өңдеу

Сандық ақпаратты өңдеу

Ақпараттық іс-әрекет түрлері: Ақпаратты алу, сақтау және қолдану
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары: Мәліметтер қорын пайдалану
Ақпараттық іс-әрекет түрлері: Ақпаратты тарату
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары: Компьютерлік телекоммуникация
Ақпараттық іс-әрекет түрлері: Ақпараттық іс-әрекет түрлері
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары: Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары

Адамды кәсіби іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру барысындағы нәтижелі әдістермен, соның ішінде компьютермен қатынастық тілді айтарлықтай жеңілдеткен ғылыми технологиямен байланыстағы іс - әрекетпен таныстыру білім берудің маңызды функциясы болып, табылады. Дербес компьютермен жұмыс жасауға арналған технологияны пайдалану әр түрлі кәсіби бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты. Осының бәрі қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның динамикалық даму саласының бірі - компьютерлік графикаға тікелей қатысы бар.

Компьютерлік графика құралдарының даму кезеңдері мен оның әртүрлі іс-әрекетінде пайдалану саласына жасаған талдау компьютерлік графиканың соңғы 20 - 30 жыл ішінде кең өріс ала бастағаның дәлелдейді. Осы жылдар аралығында қазіргі өнердің ең ықпалды бағыттарының бірі - компьютер өнері қалыптасты. Компьютерлердің жаппай таралуына байланысты графикалық ақпараттық кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Шығармашылық ізденістердің арқасында компьютерлердің мазмұны, бағдарламалары күрделенді, мүмкіндіктері жетілдіріліп, сапасы көтерілді. Интернет білім жүйесінде де өзінің орнын тапты. Бұл салада ол қашықтықта білім беру мүмкіндіктерін көрнекі динамикалық құралдар, суреттер, графиктер, сызбалар, схемалар, карталар және тағы басқаларын жасау арқылы жүзеге асырылып отыр.

Жалпы орта мектептің кәсіпке баулу курсында компьютерлік графиканы оқытудың негізгі мақсаттары:

- компьютерді пайдалану тәсіліне - сурет салуға және сызуға, оқушыны практикалық дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

- суретті компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жөнінде болжам қалыптастыру;

- суретті жоғары деңгейде салуға өзінің іс-әрекетін ойша реттей білу, яғни алгоритмдей білу іс-әрекетін қалыптастыру;

- суретті түрлендіруде әртүрлі командаларды біріктіруге үйрету;

- салынған суретті дискіге жазу, фрагментін өшіру және тағы басқа әрекеттерді орындауға үйрету болып табылады.

Компьютерлік графиканың даму кезеңдеріне жасаған талдау оның мынадай жеті бағыт бойынша қалыптасқаның дәлелдейді:

  1. Баспа жүйесі (DTP) ;
  2. Мультимедиялық - баспа және білім беру;
  3. Автоматтандырылған жобалық қондырғы;
  4. Интернет желісіндегі графика;
  5. Виртуалды кеңістіктегі жүйе және компьютер ойындары (YR) ;
  6. Үш көлемдегі графика және анимация (3D) ;
  7. Киноға арналған бейне генерациясы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Мектептерде информатиканы оқытуды стандарттау
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Информатика бағдарлы курсында компьютерлік графика курсын оқыту бағдарламасы
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz