Қоғамның даму заңдылықтары


Мазмұны
- Қоғамның даму заңдылықтары
- Қоғам және қоғамдық қатынастар
- Қоғамның әлеуметтік құрылым
- Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы
- Орта тап қоғам
Қоғамның даму заңдылықтары
Қоғамдық прогресс. Жалпы прогрес ұғымы (лат. Progressus алға жылжу) қоғамның бірқалыпты жоғары қарқынмен дамуын, экономикалық өрлеуін, саяси орнықтылығын, рухани өмірдің жаңаруын, адамдардың тұрмыстық жақсаруын білдіреді.
Жаңару және сабақтастық - дамудың қажетті нышандары. Қоғамдық прогресс деп адамзат қоғамының үздіксіз дамуын, төменгі, жетілмеген формадан жоғары жетілген формаға, дамудың салыстырмалы жоғары сатысына өтуін, жоғары қарай өрлей қозғалуын айтамыз.
Қоғамдық прогресстің деңгейін сипаттау үшін адамның табиғатпен аралық әрекетінің деңгейін, оның өндіріске қатысуын және қоғамдағы нақтылы орнын ажыратып алу керек. Қоғам өмірі бірқалыпты тұра бермейді, үнемі өзгерісте болады. Ол өзгерістердің қарқыны мен ауқымы әр түрлі. Кейде жүздеген жылдар бойы өмірдің қалыптасқан тәртіптері бір деңгейде тұра береді, енді бірде өзгеру қарқыны күшейіп кетуі мүмкін. Қоғам өмірінің дамуында болатын өзгерістерді зерттеудің нәтижелері қоғамдық прогресс құбылысының табиғатын айқындауға алып келеді.
Прогресс өлшемі - өндіргіш күштердің, солардың ішінде өндіріс құралдарының, ең бастысы, материалдық игілік өндіруші ретіндегі адамның өзінің дамуы.
Қоғам және қоғамдық қатынастар
Қоғам ұғымы. Қоғам дегенде біздің ойымызға алдымен «Кітап сүюшілер қоғамы», «Қызыл крест-қызыл жарты ай қоғамы», «Педагогтер қоғамы», «Бақшашылар қоғамы» сияқты адамдардың топтасып, белгілі бір пайдалы іс тындыруға бағытталған ұйымдары келеді. Ол қоғамдардың алдына қойған мақсаттары, жоспарлары, бірлесіп жұмыс атқару ережелері - жарғылары болады. Адамдар өз еркімен қоғамға мүше болып, шамасына қарай тиісті міндеттер атқарады.
Адамдар белгілі бір мақсатпен шағын топтарға бірігуі мүмкін. Мысал ретінде спорт командасын, мектеп сыныптарын, шаруашылық бригадасын, цех ұжымын, әскер бөлімшесін және тағы басқаларды атауға болады. Адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасына отбасы жатады. Бұлар адмдардың бірлесіп әрекет етуінің шағын формалары. Бұл жерде адамдардың бірлескен тобы өздерінің тіршілік әрекеттерін белгілі бір қызмет аясында, белегілі бір орында (аймақта, мекемеде, үйде т. б) жүргізе алатынын естен шығарму керек
Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада дақолданылады. Мысалы Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз. Бүкіл планетаға қатысты алып, қарағанда, бұл ұғымды адамзат қоғамы деп атаймыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның Жер деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.
Бұл айтылғандардан бірнеше қорытынды шығаруға болады. Алдымен, қоғам сөзінің қолданылу ауқымының кең екендігі - белгілі бір топ адамдарының бірігіп өмір сүруінен бастап, бүкіл планетаны мекендеген бүкіл адамзат ұғымын беретін аңғаруға болады. Екіншіден, ол жеке адмның өзіне немесе әрекетіне емес, адмдардың бірлестігіне қатысты алынады. Үшіншіден, адамдардың әрекеті міндетті түрде белгілі бір табиғи ортада, қоршаған табиғатпен байланысты өтетіні көрінеді. Ал адамдардың өздері такбиғаттың бір бөлшегі екендігін ескерсек, қоғам дегеніміз - материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланысты бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.
Қоғамды құраушы бөліктер. Қоғам көптеген құрамдас бөліктерден, үнемі жаңарып отыратын, өзара байланыста және әрекеттестікте болатын элементтерден, жүйелерден тұрады.
Адамзат қоғамы саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып енетін тәуелсіз мемлекеттерден, ол мемлекеттердің кейбіреулерін біріктіретін конфедерациялардан, кейбір еледрдің ішкі құрылымындағы федерацияладан және ұлттық - мемлекеттік аумақтардан тұрады. Олар өздерінің түрі мен мемлекеттік құрылыстарына қарай әкімшілдік бірліктерге - облыстарға, республикаларға, жерлерге, штатарға, контандорға, тиісінше, одан әрі қалаларға, аудандарға, ауылдарға т. б бөлінеді. Өмірлік тәжірибеде қоғамды адамдардың мемлекеттік, ұлттық, тілдік, діни белгілері бойынша бірігу құрылымдарына қарай талдау мен саралау жиі ұшырасады.
Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан әрекет түрлерімен - саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаруалармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы - отбасы болып табылады.
Қоғамдық қатынастар. Әр жеке адам қоғаммен ондаған, жүздеген арналар арқылы байланыс жасайды. Адам бір уақыттың ішінде бірнеше - отбасы, еңбек, кәсіподақ, саяси партия, балабақша, мектеп, футбол командасы, бақшашылар ұйымы, тұрғын үй құрылыс кооперативі сияқты бірлесулермен әрекеттес болуы мүмкін
Сондай-ақ кез келген адам - белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың, діннің, нәсілдік өкілі, белгілі бір мемлекеттің азаматы, адамзат қоғамының мүшесі. Адамдар аталған топтаслардан тыс өмір сүре алмайды. Ендеше, сол тотармен бірігіп әркет жасамай, солармен қатынасқа түспей тұрмайды.
Қоғамның кез келген мүшелерінің өзгелермен қатынасына мысал үшін қатардағы бір фабриканың жұмысшысын алайық. Ол станокта тұрып, фабрика өндіретін бұйымға қажетті бір тетікті дайындайды делік. Фабрика сол үшін жұмысшыға жалақы төлейді. Жұмысшы мен фабриканың арасындағы негізгі қатынас осы болғанымен, ол басқа да ондаған байланыстардан астасып жатады. Жұмысшы фабрика әкімшілігімен, кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдармен еңбекақы көлеміне, демалысқа жұмыс киіміне, тамаққа, емделуге, мәдени-рухани қызметтерге байланысты қатынастар жасайды. Жұмысшының негізгі кәсібінен тыс мекемелермен және адамдармен аясы одан да кең. Ол жұмыс орнынан үйіне жету үшін көлік қызметкерлерімен, зат сатып алу үшін сауда орындарымен, балаларын тәрбиелеу, оқыту үшін бала-бақшамен немесе мектеппен, солар сияқты түрлі себептермен өзге мекемелермен, жеке адамдармен істес болады. Ал адамның өз отбасы мүшелерімен, туыстарымен, достарымен байланыс аясы бүдан да кең.
Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасндағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынас қоғамдық қатынастар деп аталады.
Қоғам өмірінің рухани және материалдық өндіріс аясындағы қатынастары қабыса байланысып жатады. Бұлардың екіншісі қоғам өмір сүру үшін материалдық мүмкіндіктер жасайтын болса, біріншісі адамдардың рухани-мәдени құндылықтарды жасау және тарату үрдісіндегі өзара әректтерінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге материалдық және рухани қоғамдық қатынастар өзара байланыста болады және қоғамның дамуын қамтамасыз ете, ді. Қандай қоғам болса да ешқашан тұйықталып өмір сүре алмайды. Адмдар қауымдастықтары қатынас жасасады. Сонда адамдардың бірлескен рухани және материалдық қызметіндегі қатынастары да қоғамдық қатынастар болып табылады. Қоғамды құрайтын жүйелер мен құрауыштар арасында толып жатқан байланыстар бар.
Қоғамдық қатынастардың мазмұны. Мазмұнына қарай қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тірішілікке қажеттің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік құрылым. Әлеумет сөзі халық бұқарасы, көпшілік, жамиғат мағынасына қолданылады. Қандай болмасын белгілі бір категорияға (ұлт, тап) енетін адмдардың жиыны әлеуметтік топ делінеді. Егер бұл терминді бұкіл ел ауқымында қолданатын болсақ, онда бүкіл Қазақстанда тұратын барлық азаматтарға қатысты болып шығады. Әлеумет сөзі шағын топтраға қатысты да қолдана береді. Бір әкімшілік бірлікте (ауданда, қалада, облыста) тұратын түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған адамдардың жиынтығын социум делінеді.
Құрылым. (лат. Structura - құрылу) жүйені құрайтын элементтер жиынтығы және реттілігі. Тұтастықтың қандайы болса да, белгілі бір құрауыштардан құралады. Ол құрауштар бір-бірімен органикалық байланыста, тұрақты қатынаста болып отырады. Ал құрылым сол байланыстар мен қатынастардың бірлігі ретінде көрініс береді. Қазақстанның әлеуметтік құрылым деп бүкіл ел азаматтарының түрлі белгілеріне қарай, бір-бірімен тұрақты қатынаста болатын топтарға жіктелуін айтамыз.
Кез келеген қоғам өзінің бағыт алған саяси стратегиясына қарамастан, таптардан, әлеуметтік топтардан және қабаттардан (лат. Strаtum - қабат) түрады.
Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүру мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, дамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.
Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:
а) Адам мен адм арасындағы
ә) Қоғам мен адам арасындағы
б) Қоғам мен қоғам арасындағы
в) қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп қарастыруға болады.
Қоғам - көп қырлы, күрделі обьект. Сондықтан оны зерттеу әдістеғрі де алуан түрлі. Солардың бірі - адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру. Бұл тұрғыдан қарай отырып, біз адамдардың алғашқы, туыстық белгілері бойынша бірігулерін қазіргі ірі ұлт деңгейіне дейінгі өсу динамикасын зерттеп білеміз.
Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Бұл екі формаға тәне орталық белгілер және ұстанымды айырмашлықтар бар. Айырмашылығы деп ұлтқа дейінгі қауымдастықтардың орнықты бола алмауын, ұлттың орнықты қауымдастық екенін айтамыз.
Қоғамды құрайтын әлеуметті тұрған жеріне қарай - қалалықтар және ауылдықтар: жасына қарай - ерлер, әйелдер: меншікке қатынасына қарай - байлар, кедейлер; кәсібіне қарай: зиялылар, жұмысшылар, кәсіпкерлік; біліміне қарай- зиялылар, жұмысшылар, шаруалар. («ақ жағалылар», «көк жағалылар») ; ұлтына қарай - қазақтар, орыстар, украидар, немістер, ұйғырлар, корейлер, өзбектер т. б көптеген топтарға жіктеуге болады.
Топтар өздерін құраған адамдардың сандық мөлшеріне қарай - микротоптар және микротоптар болып бөлінеді. Микротоптарға (грек. macros -үлкен) - бүкіл қоғам, өркениет, ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер жатады. Қазақстан халқы немесе қазақ ұлты макротоптрадың мысалы бола алады. Микротоптарға (micros - кіші) - адамдардың бірігіп өмір сүруі мен еғбек ету үдерісінде құрылатын шағын топтар кіреді. Бұған қоғамның негізгі ұясы болып табылатын отбасы немесе еңбек ұжымы сияқты топтасулар жатады.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазіргі Қазақстанның қоғамын құрайтын барлық тұрғындары өзге өркениетті елдердегідей, негізінен үш тапқа - жоғары тап, орта тап, төменгі тап бөлінеді. Тиісінше, ол топтардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше қабаттардан тұруы мүмкін. Әлеуметтік таптардың бөлудің негізгі ұстанымы ретінде, алдымен қоғам мүшелерінің сол қоғам өндіретін материалдық игілікке қатынасына алынады.
Сонымен қатар әлеуметтік жіктелудің адамдардың қоғамда алынатын орнына, біліміне қарай жүргізілетін тұрғындары да қолданылады. .
Қазіргі өркениетті елдердің басым көпшілігінде жоғары тап өкілдерінің бүкіл тұрғындар арасындағы үлесі көп емес, 2-3% мөлшерінде болып отырады. Оларға аса ірі, табысы мемлекеттік шенеуніктер кіреді. Олардың басым көпшілігі байлықты ата-бабаларынан мұра ретінде қабылдап аллғандар болып табылады.
Дамыған елдерде қоғам мүшелерінің басым көпшілігі отра тап өкілдерінен тұрады. Алғашында оларға инженерлер, дәрігерлер, оұытушылар, орташа табысы бар кәсіпкерлер, фермерлер, білікті жұмысшылар мен қызметкерлерді жатқызу қабылдан, ған. Қазір олардың арасынан барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін ұштастыруға болады. Орта тап өкілдері қоғамдағы орны мен қызметі қызметінің алуан түрлілігіне орай деңгейде өмір сүреді.
Төменгі тап деп табыстарытұтыну себет көрсеткіші көп аса қоймайтын, көпшілік жағдайда ол кемерден олқы түсіп жататын адмдардан тұратын әлеуметті топты айтамыз. Олар баспанасы бар не жоқ, түрлі төлемдерді әрең өтеп немесе өтей алмай жүрген, табыстары отбасы мүшелерін киіммен, тамақпен қамтамасыз етуге әрең жететін немесе жетпейтін азаматтардан құралады.
Орта тап қоғам
Әлеуметтік саясаттың мақсаты. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттының басты сақсаты қоғамның әр мүшесі материалдық жағынан алаңсыз өмір сүретіндей дейгенде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір сү. руі мен денінің саулығына қажетінің бәріне ие болуы керек. Олардың бастыларына жеткілікті мөлшердегі және жоғары кенеулі тамақ, замандастарынан кем түспейтін киім, жайлы баспана, жеке көлік, зиялы болса, шығармашылық жұмыс істеуге қажеттіжабдықтары жатады.
Бұл жерде ескере кететін бір мәселе - тұрмыс деңгейінің өлшемдерін айқындап алудан туындайды. Әр елдің экономикалық дамудың баспалдағында тұруына байланыстытұрмыс деңгейінің өлшеміде әртүрлі. Мұндай шартты түрдегі ортақ көрсеткіш орташа статистикалық қамтамасыздық ұғымы қолданылады.
Орташа статистикалық қамтамасыздандыру. Құрамының, күрделілігі, мен табыс мөлшерінің әр түрлі байланысты орта таптың өзі жоғары орта тап, орта тап, төменгі орта тап болып бөлінеді. Төменгі орта тап өкілі орташа статистикалық қамтамсыздандыру деңгейінде өмір сүруі керек. Орташа статистикалық қамтамасыздандыру деп өркениетті және демократиялы қоғамның орта табының төменгі баспалдағы өкілінің ерікн және тең құқықты қажетті материалдық табыс мөлшерін айтамыз. Төменгі орта тап өкілі матеиалдық молшылық вертикалінің кем дегенде төменгі деңгейі шамасында қамтамасыз өмір сүруі керек.
Ортаңғы орта тап өкілдерінің табысы орташа статистикалық қамтамсыздандыру деңгейінен едәуір жоғары болады. Олардың арасында бірсыдырғы ауқатты адамдар, шағын және орташа кәсіпорын иелері мен саудагерлер ғылым және көркемөнер өкілдері, мекеме басшылары олардың жауапты қызметкерлері кездесуі мүмкін.
Табысы жоғары, орта және ірі кәіспорын иелері, орта таптың жоғары қабатын құрайтындар жоғары орта тапқа жатады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаттың түпкіліктімақсаты- орта тапты қоғам құру.
Республика экономикасы дағдарыстан шығып, орнықты даму жолына түскенннен бастап, орта тап өкілдерінің саны да артып, кірісі де молая беруі тиіс.
Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым көпшілігі осы тап өкілдерінен құралатын қоғамды айтамыз. Орта тапты қоғамды құруды әлеуметтік нысана етіп алудың қисыны осыдан туындайды. Демек, ондай қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты басты шарт - орта тап ел тұрғындарының баысм көпшілігін құрайтындай болуы керек. Таңдаған кәсібімен айналысуға, шығармашылық жұмыс істеуге, отбасымен бірге жоғары деңгейде өмір сүруге мүмкіндігі бар адам қоғамның іргетасын шайқайтатын бқаралық наразылықтарға қосылмайды.
Орта тапты қоғам құрудың кепілі - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені орта және шағын кәсіпкерлік мемлекет экономикасының негізі. Олардың иелері халықтың басым көпшілігін құрайтын ең қалың әлеуметтік қабат болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz