Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамның саяси жүйесі

  1. Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
  2. Саяси жүйенің құрылымы.
  3. ҚР саяси жүйесі мен Конституциясы.
  1. Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.

Саяси жүйелер теориясы шамамен жуықта - XX ғасырдың, 50-60-жылдарында пайда болды. Бұл теорияның жұрт таныған негізін салушылар американдық саясаттанушылар Д. Истон мен Г. Альмонд болып табылады.

Д. Истон "Саяси жүйе" (1953), "Саяси өмірді жүйелі талдау" (1965) атты еңбектерінде саяси жүйе теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінде саяси жүйе дамитын және сырттан келетін әсерге сезімтал өзін-өзі реттейтін организм тәрізді. Бұл - көптеген бөліктерден тұратын біртүтас жүйе, оны ортадан бөліп тұратын белгілі бір шектері бар.

Г. Алмонд "Салыстырмалы саяси жүйе" (1956) атты мақаласында саяси жүйені мемлекеттік, соңдай-ақ мемлекетттік емес саяси тәртіптің әралуан нысандары болып табылады, оларға талдау жасау кезінде екі деңгей - институциялық және бағдарлық деңгей ажыратылады деп көрсетеді. Институциялық деңгей қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал баршалық деңгей - нақты саяси құрылымды, саяси мәдениетті зерттеуге назар аударады.

Осы заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымының екі мәні бар:

а) саяси жүйе теориялық, ойлау құралы болып табылады, оның көмегімен әралуан саяси бірегей құбыластардың қасиеттері анықталып, сипатталады. Осы тұрғыдан бұл санат саяси шын-айылықтың өзін бейнелеместен, саясатты (партиялар, мемлекет, саяси мәдениет және басқалары) жүйелі талдаудың құралы болып табылады;

б) саяси жүйе - бұл қоғамдағы биліктің қалыптасуы мен қызмет істеуінің нақты күрделі тетігі. Бұл тетікке мемлекет, партиялар, саяси бірлестіктер, БАҚ, электорат және т. т. жатады.

Сөйтіп, қоғамның саяси жүйесі - бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеологиялық, мәдени нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатын қоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.

"Саяси ұйым" және "саяси жүйе" ұғымдарының арақатынасы туралы. Кейбір әдебиеттерде бұл ұғымдар ұқсас ұғымдар ретінде, синонимдер ретінде қарастырылады. Бірақ олардың айырмашылығы бар. Қоғамның саяси ұйымы саяси институттар мен саяси-құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Саяси ұйым жетекші, билік жүргізуші ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі.

" Саяси жүйе" санаты "саяси ұйым" ұғымынан кең мағынада түсініледі, өйткені саяси жүйеге саяси ұйыммен қатар саяси сана-сезім, мәдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтер жатады.

Қоғамның қосымша жүйелері. Саяси жүйе жиынтық қоғамдық жүйенің қосымша жүйелерінің бірі болып табылады. Ол басқа қосымша жүйелермен: әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, I әдептік, құқықтық, мәдени жүйелермен өзара іс-кимыл жасайды, бұлар табиғи қоршаған ортамен және табиғи ресурстармен (демографиялық, кеңістік-аумақтық ресурстармен), сондай-ақ сыртқы саяси ортамен қатар, саяси жүйенің қоғамдық ортасын, I оның қоғамдық ресурстарын құрайды.

Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай?

а) қоғамның таптық табиғаты, әлеуметтік құрылысы;

б) басқару нысаны (парламенттік, президенттік және т. т. ) ;

в) мемлекеттің түрі (монархия, республика) ;

г) саяси режимнің сипаты (тоталитарлық, демократиялық) ;

д) саяси-идеологиялық және мәдени қатынастар сипаты;

е) саяси өмір тәртібінің (саяси жағынан белсенді не енжар халық) тарихи және ұлттық дәстүрі.

Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады.

а) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден (ол қабылдайтын шешімдер ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыратындықтан, барлық жүйелер үшін міндетті болады) басым түсуімен;

б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымының сипатын анықтауымен;

в) біршама дербестігімен сипатталады. Ол сонымен бірге белгілі бір деңгейде ресми сипаталады, өйткені оның ауқымындағы қатынастар құқықтық және саяси нормалармен реттеледі.

Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі (мемлекет шекарасы) және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшемі болады. Шекаралардың мәртебесін анықтау күрделі саяси құқықтық процесс болып табылады, ол ресми сипат алады және заң жүзінде (конституцияда, заңда) белгіленеді.

Саяси жүйе қоғамдық бірегей құбылыс ретінде уақыт ішінде белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Бұл процесс саяси қатынастар мен институттардың дамуы немесе ескіруі ретінде сипатталады:

Саяси жүйенің тарихи дамуы бірқатар заңдылықтарға бағынады:

а) билікті шоғырландыру және тарату, орталықтандыру және орталықсыздандыру;

б) осы үрдістердің күресі. Билікті шоғырландыру мен тарату, орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасынадағы күрес формациялардың өзгеруі кезінде орталықтандырудың, орталықсыздандырудың дағдарысымен және осы екі бастаудың жаңа айналымымен (көне дәуір империяларынан ерте феодалдық бытыраңқылыққа, феодалдық монархиялардан буржуазиялық мемлекетке, XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы империализмнен демократияландыру процесіне көшу кезіндегі) дәуірлер тоғысында аяқталады;

в) жүйе мен оның қосымша жүйелерінің күрделі болуының жалпы процесіне (партиялардың пайда болуы мен көбеюі, қауымдастықтардың дамуы және т. с. с. )

г) жүйені ресмилеу, оны заң жүзінде ресімдеу;

д) демократиялық институттарды қалыптастыру, жалпыға бірдей сайлау, өзін-өзі басқару;

е) билік пен халық қатынастарын қайта ұйымдастыру (жоғарыдан жасалатын әкімшілік-әміршілдік, озбырлық және жанжалды қатынастардан - төменде шартты конституциялық және келісімге келу қатынастарына көшу) ;

ж) басқару ақпаратының, мәжбүрлеу органдарының өріс алуы.

Сонымен, саяси жүйенің нақты жолдары мен нысандары әртүрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда әралуан болады. Сонымен бірге, оның кеңістік-уақыттық өзгерістерінің принципі тұрақты болады.

Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі билік пен саяси қатынастардың үш деңғейдегі қосымша жүйелерінен қалыптасады: екі институциялық - жоғары немесе жоғары (үлкен деңгей), орташа немесе аралық (аралық деңгей) және институциялық емес - төменгі, бұқаралық (шағын деңгей) деңгейлерден тұрады.

Үлкен деңгейде (институциялық, жоғары) саяси жүйеге мемлекеттік өкімет билігінің: opталық аппараты жатады. Мұнда үлкен биліктің көлеңкелі, жасырын саяси құрылымдары мен қызметтері орналасқан: оларды (жоғары органдардың (мемлекеттік, пapтиялық органдардың) ресми мекемелердің жасырын іс-қимылдары, құпия құжаттар, бұйрықтар, өкімдер, әртүрлі ресми көшбасшыларының және басқаларының жария емес қызметтері мен елеусіз рөлі.

Орташа құрылым (аралық деңғей) өзінің құрылысы жағынан осыған ұқсас келеді. Оны шеткері аймақтағы басқару аппараты, билігін, сайланбалы және тағайындайтын органдары құрады. Саяси жүйенің аралық деңгейі, мемлекеттік билік пен қоғамның жоғары сатылары арасындағы саяси кеңістікте орналасқан, ол мемлекетпен байланыстырады. Бұдан аймақтық және муниципалдық әкімшілік, ірі кәсіпорындар экономиканың көшбасшылары және басқалары жатады.

Аралық деңгей шешуші рөл атқарады, өйткені саяси жүйе мен қоғамның үлкен құрылымдары арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады, олардың қатынастарын ұйымдастырады, биліктің мемлекеттік центінен қоғамға және оның жауап әрекеттеріне серпін береді. Нақ осы деңгейде басқару аппаратының; мейлінше ықпалды терешілдік аппараты мен ең бұқаралық қосарлы (көлеңкелі) құрылымдары қалыптасады. Оры саяси кеңістікте аппараттар мен олардың көшбасшыларының жанжалдары, топ құрушьшық, жершілдік, қандас туысқандық байланыстары, ресми адамдар мен өкімет орындарының құқыққа қарсы белсенділігі мен сыбайлас жемқорлық ерекше кең өріс алған. Осы деңгейде саяси сипаты жоқ заңсыз құрылымдап қосарлы экономика, қара базар, қылмыстық әлемнің ұйымдары, заңды құрылымдармен бірігуге бағыт ұстаған "алуан, түрлі жасырын қауымдар мен жасырын қауым корпорациялары қалыптасады.

Саяси жүйенің шағын деңгейі - бұл қоғамдық топтардың, қоғам таптары мен жіктерінің, азаматтарының саяси өмірге жаппай қатысуы. Бұл деңгейде саяси халықтық қозғалыстар қалыптасады, саяси топтар мен партиялар өмірге келеді, қоғамдық пікір қалыптасады, қоғамның саяси жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның саяси мәдениеті құрылады.

Бірқатар ғалымдар саяси жүйені қосымша жүйелер жиынтығы: институциялдық, нормативтік-реттеуші коммуникативтік, идеологиялық, саяси-мәдени, саясатқа қатысудың қосымша жүйесі ретінде түсіндіреді. Бұл айқындама жоғарыда келтірілген көзқарасқа қайшы келмейді, керісінше қызметтік көзқарас тұрғысындағы саяси жүйенің құрылымын пайымдайды.

  1. Саяси жүйенің құрылымы.

Саяси жүйенің құрылымы мыналардан:

а) бүкіл саяси жүйенің, билік ету-басқару құрылымдарының материалдық негізін, тірегін құрайтын саяси институттардан;

б) белгілі, бір қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;

в) саяси жүйенің элементтері арасындағы тік және көлденең байланыстардың негізі болып табылатын саяси қатынастардан;

г) саяси жүйенің басқа бөліктерін құру мен қайта құру процесін жанама түрде жүргізетін саяси сана-сезімнен;

д) жүйені дамытудың бағалы басымдықтары мен оған қойылатын талаптарды анықтап, тарататын саяси мәдениеттен;

е) тиісті ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;

ж) саяси жүйені немесе оған қарсы тұрған күштерді қолдаудың белгілі бір деңгейін білдіретін саяси қатысудан тұрады.

Саяси нормалардың рөлі. Ресми нормативтік жүйелер қатарында мемлекеттің нормативтік жүйесіне - құқыққа жетекші орын беріледі. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кәсіптік одақтар, жастар ұйымдары мен т. т. құратын саяси нормативтік жүйемен бірге қызмет атқарады. Мұнда жетекші партиялардың саяси нормативтік жүйелері ерекше рөл атқарады, өйткені оларды, әдетте, нормативтік кесімдер түріңде қабылданатын мемлекеттік органдардың шешімдері тірек етеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, мәлімдемелерінде және т. т. тұжырымдалады.

Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе конституциялық нормалардың қажетті қосымшасы ретінде болады, өйткені, атап айтқанда, ол заң шығару билігі жоғары органдары депутаттарының мінез-құлқы негізінен орын алған.

Жоғарыда келтірілген саяси жүйенің құрылымдық құрамдастары жөніндегі барлық көзқарастардың негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі - бұл "біртұтас, күрделі, ықтимал және ашық жүйе.

Саяси жүйелердің міндеттері және оларды жіктеу

Саяси жүйенің міндеттері:

а) әлеуметтік мүдделерді және билік институттарымен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;

б) қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;

в) саяси басшылық;

г) белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;

д) қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушьшардың әлеуметтік базасын ұлғайту.

Саяси жүйелердің негізгі міндеттері:

  1. қоғамның мақсаттарын, оны дамыту бағдарламаларын белгілеу;

2) алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыру;

3) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау көмегімен қоғамның барлық элементтерін ықпалдастыру;

4) жеке-дара адамдарды саяси әлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту;

5) олардың мүдделерін үйлестіру;

6) нормаларды (заңдарды) жасау; оларды атқару мен сақтауға бақылау жасау.

Саяси жүйелерді топтастыру. Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.

Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу және басқалары) .

Ортамен өзара іс-қимылы сипатына қарай - ашық және жабық жүйелер болады.

Саяси мәдениеттері мен оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай - ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер (Г. Алмонд) болып бөлінеді.

Саяси режиміне қарай - тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (іс жүзінде, бірде-бір режим таза күйінде болмайды, белгілерінің, сипаттамаларының тоғысуы байқалады) жүйелері бөлінеді.

Саяси жүйенің демократиялық түрі:

а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғары тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;

б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен және басшылықтың көппартиялық нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігіп жүзеге асыруға қатысуымен;

в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдіруімен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменнен жоғарыға дейін саясаттануы мен есеп беруімен;

г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;

д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;

е) демократиялақ саяси мәдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталады.

Саяси жүйенің тоталитарлық (латыннаң "totalis" - "толық, бүкіл, тұтас" деген сөзі) түрі:

а) билікті бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен (хунтамен) ;

б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартияиық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;

в) барлық саяси институптарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындырумен;

г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медицина және басқалары), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;

д) қоғамға бір ресми идеологияны танумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;

е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.

Саяси жүйенің авторитарлық түрі:

а) саяси шешімдерді қабылдаудың, бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;

б) атқарушы биліктің біліқгілігін барынша ұлғайту;

в) үкіметтік емес партиялар мен қозғалыстардың саяси қатысуын шектеу;

г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;

д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы; бойынша барлық деңгейдегі басшы кадрларды орналастыру мен орындарынаң ауыстыру және олардың "төмендегілерге" есеп бермеуі.

Өзінің жалпы түсінігінде саяси жүйенің авторитарлық түрінің белгілері ретінде билікті орталықтаңдыруы, қарсылас партиялар мен ұйымдардың қызметін шектеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Билік функциялары
Билік туралы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қоғамдағы саяси жүйе
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау жайында
Саяси процесстің адам өмірінде алатын орны
Саяси билік жайлы
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz