Ахмет Ясауидің Түркі дүниесіне жасаған қызметтері жайлы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауидің Түркі дүниесіне жасаған қызметтері

1. Қожа Ахмет Ясауидің қызметтері

2. Ясауилікте зікір ұғымы

3. Қылует

1. Қожа Ахмет Ясауидің қызметтері

а. Тiлге қызметi. Түркi халықтары арасына ислам дiнiнiң таралу барысы бiрнеше ғасырларды қамтыды. Себебi, дiни iлiмнiң өзегi есептi дiни шығармалар ислам орталықтарында араб, парсы тiлдерiнде жарық көрдi. Орта ғасырлық оқымыстылар мен бiлiмдiлер бiлiмдi екендiктерiн көрсету немесе пiкiрiн өзгелерге жария ету мақсатында шығармаларын сол замандағы дiн тiлi, ғылым тiлi яки ортақ түсiнiстiк тiл - араб немесе парсы тiлдерiнде жазды. Сондықтан арабша, парсыша оқу-жазу бiлмейтiн ауыл халқына ақиқат iлiмiн меңгеру қиын екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Тiл - адамдардың бiр-бiрiмен қарым-қатынас құралы немесе адамның iшкi ойын, сезiмiн сыртқа шығаруы емес пе?! Сондықтан, әке-шешесiне, құдай қосқан қосағына немесе адал досына айта алмайтын жан сарайындағы кейбiр қалау-тiлектерiн адам ұлы Жаратушысынан осы тiл арқылы жалбарынып сұрай алады. Дегенмен, Құран аяттарынан, Пайғамбардың хадистерiнен немесе ұлы имамдар мен әулиелердiң жалбарынуларынан алынған дұғалар да бар. Алайда, бұлар көбiнше араб немесе парсы тiлiнде оқылады. Әйтсе де шынайы дұға адамның жан сарайынан пәк сезiммен және шын жүрегiнен шыққан сөздер болуы керек сияқты. Ал осы тектес дұғалар ана тiлде жасалынады. Ал өзге тiл арқылы айтылатын дұға - жаттанды дұға. Өйткені, дұға, өтініш адамның ең таңдаулы тілектері мен қалауларын қиыла сұрайтын, адамды тәкәппарлығынан түсіретiн тәрбие құралы десек артық етпес. Дұға ұлы Жаратушыға сүйіспеншілікпен бас ию арқылы құлдың рухы мен денесінің Аллаћпен байланысқа түсуі емес пе?! “ Ғибадат - дейдi, Хазiретi Мұхаммед, - мүміннің миғражы ” - яғни, құлдың Алласымен қауыштыратын тұрағы деп түсіндірген. Сондықтан дұға - бар болуы әуелден соңсызға дейін жалғасатын Аллаћ махаббаты мен адам махаббатының кездесетін нүктесі. Бұл нүктеде адам Аллаћты ойлай отырып, оған жақындайды. Ал осы нүктеге жету үшін адам мағынасын білетін сөздермен, түсінетін тілмен сөйлеп Хаққа жетуі, Жаратушымен қауышуы керек. Сондықтан Құл Қожа Ахмет араб, парсы тiлдерiн жетiк меңгерген болса да шәкiрттерiне бiлiмдi ана тiлiнде сусындатты. Бiрiншi болып түркi тiлiнде хикметтер жазды. Осылай түркi халықтарының көңiл көзiн ашуға, Алласымен ана тiлiнде қауышуға алғаш себепкер болды.

Мiне, кемеңгер бабамыздың бастауымен түркі тілінде дiни-сопылық шығармалар жарық көре бастады, исламдық-түркiлiк әдебиет дүниеге келдi, тiптi үлкен жетiстiкке жеттi. Ясауиден кейiн дүниеге келген шығармалардың авторлары, исламдық-түркiлiк әдебиеттiң өкiлдерi осы Ясауи бабамыздың iзбасарлары болатын.

Міскін әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет,

Парсы тілін білсем де құп көремін түркіні.

Ясылық Ахметтiң алғаш түркi тiлiнде дәрiс беруi, хикметтер жырлауы арабша-парсыша түсiнбейтiн түркi халықтары үшiн заманында туған қажеттiлiк болса керек. Себебi, Орта ғасырлық ғалымдар мен білімділер арабша-парсыша сөйлеген, еңбектерiн арабша-парсыша жазған деп жоғарыда баяндалған болатын. Тiптi Ясауидiң заманында немесе одан сәл-ақ бұрын түркi халықтары құрған Селжұқ империясы өмiр сүрдi. Бiрақ аталмыш мемлекет түркiлердiң құрған мемлекетi бола тұра бұл империяның мемлекеттiк тiлi түркi тiлi емес, парсы тiлi болды. Аталған империяда парсы тiлiнiң ықпалы соншалық сұлтандардың есiмдерi де парсыша болған. Бiр халықты өзге халықтан ерекшелендiретiн бiрiншi кезекте - тiл. Осыған орай, Селжұқ сұлтандары - Алыпарслан мен оның ұлы Мәлікшахтың уәзірі - Низамү-л-Мүлктің ұлты парсы болатын. Ол өз атымен аталатын Низамийе медресесін ашқан. Бұл медресе сол замандағы қазіргі университет тәрiздi білім беретін білім ошағы болған. Ал осы медресе халықтың көзін ашатын оқу-ағарту қызметін парсы тілінде жүргізді.

Низамийе медресесінде жетілген ұлы ғұламалар еңбектерін парсы тілінде жазған, пiкiрлерiн парсы тiлiнде айтқан. Осы империяға қарайтын өлкелердегi мешiт-медреселердiң оқыту тiлi, хан сарайында қолданылатын тiл, ақын-жыраулар мен дәруiштердiң тiлi парсы тiлi болған. Осы себептi заманындағы ғұламалар мен дәруiштердi сынап Ахмет Ясауи хикметтерiнде былай дейдi

Қоштамайды ғалымдар сіздер айтқан түркіні

Білгендерден естісең ашар көңіл мүлкіні.

Аят, Хадис мағынасы түркі болса муафиқ (жақсы)

Мағынасына жеткендер, жерге қоя бөрігін.

ә. Дiнге қызметi. Дін - адам жаратылысында бар бір сенім. Ол психология, социология және экология үшін де аса қажет. Тіпті адамның өзі осы дін арқылы өзінің қайдан келгендігі, қайда баратыны жайлы сұрақтарына жауап таба алады.

Дін - адамның, мәдениеттің бір бөлшегі және маңызды әлеуметтік құрылымы ретінде қоғамның ортақ қазынасы. Діни сенімдер мен қоғамдық құндылықтар бүкіл қоғам үшін біте қайнасқан үйлесімді бөлігі болып табылады.

Діни қағидалар қоғамның басқа құрылымдарымен үйлеседі немесе үйлесуі керек. Егер үйлеспесе, дін ол қоғамда өмір сүре алмайды. Сондықтан дін қоғамдағы белді бір идеология болып, біріктіруші, тәрбиелеуші, қоғамның білімге, сүйіспеншілікке, еркін ойлауға, келешекке деген үмітінің артуына қолайлы жағдай жасайды немесе жасауы тиiс.

Бір ұлттың ұлт болып бірігуі үшін тіл керек және дін де маңызды рөл ойнайды. Егер бір халық бір тілде сөйлей отырып, екі немесе үш дінде болса, ол халықтың келешегінен үміт күту қиын.

Тарихқа үңілер болсақ, түркі тайпалары тәңіршілдік, буддизм, зороастризм, манихеизм және христиан сияқты түрлі дінді тұтынды және аталған діндердің өз рәсімдері мен сенімдері бар болатын. Егер де түркі тайпалары аталған діндерді сол қалпында сақтағанда олардың түбірімен бөлшектенуі мүмкін еді. Бірақ Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыз сол тайпаларды бір тіл, бір дін астына біріктіре алды, мұсылмандықты мейірімділік, кешірімділік, адамгершілік, дiни төзiмдiлiк, бауырмалдық, сүйiспеншiлiк арқылы үйреттi.

Түркі халықтары Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыздың арқасында шынайы мұсылмандыққа қол жеткізді. Аталған халық ислам дінін тек мойындап қана қоймай, оған қызмет етті, ислам өркениетінің дамуына ат салысты.

Түркілер Қарахан, Бұлғар, Селжұқ, Мәмлүк, Моғол (Бабыр әулетi), Ғазналық (Ғазнауи), Осман, Алтын Орда, Темір (Мәуреннаһр) сияқты үлкен мемлекеттер құра білді. Жоғарыдағы мемлекеттердің арқасында ислам діні әлемдік дәрежеге көтерілді, мешіттер салынды, медреселер ашылды, ислам-түркілік пішіміндегі сәулет өнері, хаткерлік дамыды. Сол мемлекеттерде көптеген атақты ғалымдар, оқымыстылар, сопылар жетiлдi. Олардың әдеби, мәдени, дiни, ғылыми, фәлсәфи еңбектері көпшілік қауымға ұсынылды, түркi халықтары әлем өркениетіне өз үлестерін қосты.

б. Мәдениетке қызметi. Мәдениет дегенiмiз - бiр халыққа тән рухани және материалдық құндылықтары. Түркi халықтарының да өзiне тән мәдени ерекшелiктерi мен артықшылықтары баршылық. Ежелгi түркiлердiң мәдениетi көшпелi мәдениетке негiзделген немесе түркiлердiң мәдениетi - дала мәдениетi. Түркi халықтарының исламды қабылдау кезеңiнде көшпелi мәдениет пен исламдық элементтер ұштастырылды және осының негiзiнде түркi-ислам мәдениетi дүниеге келдi, яғни, исламдық және түркiлiк элементтер үйлестiрiлдi (сәулет өнерi, жазу, музыка, киiм үлгiлерi т. б. ) . Осы мәдениет ағымының қайнар бастауы - ясалық Ахметтiң салған ясауилiк жолы болатын. Мұсылман-түркiлiк мәдениеттiң көш басшысы атанған ясауилiк тариқатынан1 түркiлiк мәдениеттi де, мұсылмандық қағидаларды да кездестiре аламыз. Сонымен ұлы бабамыздың тілімізге, дінімізге және мәдениетімізге жасаған қызметі зор.

2. Яссауилікте зікір

Зікір сөздікте «еске сақтау», «еске ұстау» деген мағынаны берсе, сопылық тариқаттарда Аллаћтың атын еске ұстауды және оны қайталауды, Аллаћты атымен мадақтауды «зікір» дейді. Құран Кәрімдегі: «ең сұлу есімдер Аллаћтікі», «Аллаћқа сол есімдермен дұға жасаңдар», «мені еске алыңдар, мен де сендерді еске алайын», - деген Аллаћтың әмірі мен пайғамбардың бір құдси хадисінде: “Құлым мені зікір (еске ұстау, еске алу) етіп, мені қалай бағаласа, мен де оны солай бағалаймын. Құлым мені өз жанымен зікір ететін болса, мен де оны шын көңіліммен зікір етемін. Құлым мені бір қауыммен зікір ететін болса, мен де оны одан да жақсы бір қауымның ішінде зікір етемін. Құлым маған бір қарыс жақындайтын болса, мен де оған екі қарыс жақындаймын. Құлым маған екі қарыс жақындайтын болса, мен де оған бір құлаш жақындаймын. Құлым маған бір құлаш жақындайтын болса, мен де оған екі құлаш жақындаймын. Құлым маған жүріп келетін болса, мен де оған жүгіремін ”, - делiнгенi сияқты сопылық тариқаттар зікір салуды бір қағида ретінде қалыптастырған.

Зікір салудың түрлі жолдары бар. Солардың ішінде ең жақсы зікір - намаз. Яғни адам намазда тұрғанда Аллаћты ойлайды. Өзінің Аллаћтың хұзырында әлсіз, бишара екенін сезінеді. Сонымен қатар сопылық тариқаттарда Аллаћтың есімдерінен және кейбір Құранның аяттарынан құралған зікірлер бар. Зiкiр салушы дәруіш осы Аллаћтың есімдерін қайта-қайта айту арқылы оны көңiлiне тоқиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін туралы
Діннің пайда болуы туралы конценциялар
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Ясауи ілімі
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz