Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші


Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші.
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7, 10x7, 10м, ішкі жағынан 3, 38x3, 38м), жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген, биікт. 11. 65м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт. 4, 35м. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалындығы-1, 86м. Кірер есігі шығысқа қаратылған.
Халқымыздың мәдени мұрасындағы рухани құндылықты жаңаша зерделегенде Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырында кездесетін кейбір сәттерге ерекше ыждахатпен жаңадан оралу қажет. Соның бірі-Аякөз өзенінің орта ағысындағы әсем бір иінде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға соғылған махаббат некрополі. Қос мұңлықтың махаббат трагедиясына арнап соғылған мавзолейдің тылсымына әлі бойлай сүңгіген жоқпыз. Ескерткіш өткен күннің жәй жаңғырығына ғана емес, рухани өнегесінің толғаныс-күйзеліске толы темпераментін бүгінге салқындамаған қызуымен жеткізді. Түн-түнегінің ызғарын да, күн-күнесінің шуағын да, киелі кейпін де кейінгі ұрпақ зердесіне аманаттапты. Ондай текті құндылықты қайта безбендеп, рухани кәдеге айналдыру аманатқа адалдық болар еді. Таңсық теміржол бекетінен күн батысқа қарай 10 шақырымдай жерде Аякөз өзені табиғат-ананың шебер қолымен ерекше әдемі сызылған жарты шеңбер бойымен садақтың иініндей арна жасап ағып өтеді. Осы иіннің дәп ортасындағы биікше төбеде Қозы мен Баянның мавзолейі орналасқан. Біздер осы уақытқа дейін қос ғашыққа арналған жаухар жырға таңданумен шектеліппіз де ғасырлар бойы үнсіз тұрған архитектуралық кереметтің ішкі сырына үңілмеппіз.
Ескерткіш адырнасы оншақты шақырымға кере тартылған алып садақтың атылуға даяр тұрған жебесіне ұқсайды. Садаққа ұқсаған иін жиырма шаршы шақырымға жуық жерді алып жатыр. Бабаларымыз некропольды тұрғызғанда оның меңзейтін ойын қоса ойластырыпты. Қашанда жебенің жауды нысанаға алатыны белгілі. Мына ескерткіш-жебенің нысанаға байлағаны жауыздық .
Мавзолейдің құрылыс материалы-жалпақ тастар пирамидалық үлгіге сәйкестене қаланған. Төрт жағының бірінде симметрияның сақталмауынан ойыс пайда болған. Қалаушы ол ассиметрияны сыртқы сәулемен некропольдың биоөрісінен бөлінетін рух ұшқынының қосылуынан туындайтын энергетикалық құйынның тұрағына айналдыру ниетімен әдейі ойыс етіп қалдыруы мүмкін. Осы фокуста жиналған энергетикалық құйынның қоршаған ортаға тигізер әсері мол болады деп болжаған шебер садақтай иілген өзен иінінің үстіне төрт қырлы жебеге ұқсаған некропольді тұрғызды. Адамдар ұзақ мезгіл пирамиданы дүниеден өткен жандарға соғылатын ескерткіш міндетін атқаратын құрылыс деп түсінді. Қозы мен Баян некрополі де Египет пирамидаларының жебе бейнесіндегі бір түрі. Бұл да төрт қырлы, бұл да сүйір. Жоғарыда айтылған энергетикалық құйын ғасырлар қойнауында қатталып қалған құндылықтарды оятып, осы жебедей шаншылған ескерткіш арқылы бүгінгі ұрпақтың санасына жол табатын шығар. Мавзолейдің авторы өз қолымен өрген құрылыстың өскін ұрпаққа қалдырарөнегесі мен өсиетінің келер заман құндылықтарымен жымдаса қабысуын жан-жақты ойластырғандай.
Жырдың тереңіне үңілсек, мавзолейден тарайтын энергетиканың адамды ізгілікке үндейтінін андауға болады. Осыдан кейін сәулет өнерінің ғаламатын танудағы бабалар көрегендігіне таң қалмасқа шара қалмайды.
Қозы Корпеш-Баян Сұлу эпосының 1500 жылдығы өткенде осы жерде Аягөз өзенінен көпір салынған. Тансық ауылынан апарар жол-қара жол
Махаббаттың мәңгілік ескерткіші (Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырына -1500 жыл)
Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт - маржандарын қалдырады. Бұл-бағзы заманнан қалған архитектуралық ескерткіштер, грек храмдары, мысыр пирамидалары, қытай сарайлары, скульптура, лағыл тастар мен мәрмардан жасалған кереметтер, өткен дәурен адамдарының жай-күйін аңыз етіп шертетін сурет пен музыка. Бірақ сол асылдардың асылы - адам баласының рухы мен ақыл -ойын барша ұрпаққа паш еткен ескірмес, өлмес өшпес өлең - жыр деп Мұхтар Әуезов жазып кеткендей биылғы жылдағы ерекше маңызды оқиғаның бірі - «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырының өзекті желісі пайда болып, аңыздық арқауы тартылғанына он бес ғасыр толды. Сөз жоқ айтулы уақиға, атаулы жағдай. Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың ең ескі дәуірде шығарған жарқын, сәулетті аңыз әңгімесі.
Қозы-Көрпеш -Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылда қарсысына салынған. Аңыз бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 кісі) жіберіп, ас бергізіп, ат шаптырып той жасайды. Қозы-Көрпеш -Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, кескін келбеттерін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың өң - ажары әдемілеп келтірілген.
Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісі бастап келген -Айбас, көш жерден тас тасып, Аягөздің биік белесіне күмбез орнатады. Ол күмбез әлі тозған жоқ, махаббаттың мәңгілік белгісі ретінде күні бүгінге дейін тұр.
Кешендегі төрт мүсін тас -Қозы -Көрпеш- Баян сұлу жырындағы бейнелерді кескіндейді. Олардың үшеуі әйел, біреуі жас жігіт. Халық аңызы оларды Қозы Көрпеш және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері деп атайды.
«Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырының қазақша жиырмадан астам нұсқасы бар. Бұл эпосты зерттегендер Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М. О. Әуезов, Ә. Х. Марғұлан.
Қозы Көрпеш -Баян сұлу мұнарасын, оның сюжет құрлысын қызыға зерттеген аяулы ғалымдардың бірі -Г. Н. Потанин. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын жаңадан жинау үшін, оның мұнарасын жақсылап зерттеу үшін Г. Н. Потанин көп ғалымдармен, қазақ ақындарымен, шежіре айтушылармен байланысқан. Осының нәтижесінде оның қолына Қозы Көрпеш -Баян сұлудың бірнеше варианты түседі. Оларды жіберген атақты Абай ақын (1884ж)
Г. Н. Потанин қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын өте жоғары бағалап, мейлінше әділ пікір білдірген: «Орынбор мен Зайсанға дейінгі кеңістікті алып жатқан ұлан байтақ дала-түгелдей білетін сүйікті хикая, қазақ эпикасының ұшар биігі. Жалпы жұртқа ортақ сюжет болғанмен, бірде - бір халық мұны дәл қазақтардай өз эпикасының асқар шыңы ете алмаған» деген( Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш Баян сұлу кешені . -Алматы: Өнер, 1994. -Б. 12)
1839 жылы еліміздің заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов осы жырдың негізінде 4 актілі драмалық пьеса жазып шығарған. (Мүсрепов Ғабит. Драмалық шығармалар. -Алматы : Өнер, 1982. - Б. 10-61)
Тарихи заманнан келе жатқан сәулетті құрылыстың ең көрнектісі әрине, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі. Оны төрт бұрышты таспен өріп, ішін жып -жылтыр сыпайы етіп қалаған. Оның биіктігі бұрын 18 метрдей болған, ішкі ені төрт метр шамасында, еденін таспен қалап, жарты метрдей жоғары көтерген. Күмбездің оңтүстігі шығысында кіретін есік, төбесінде терезе сияқты екі тесігі болған.
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры көне замандағы түркі-монғол тайпаларының арасында көп тараған бір ғажайып оқиғаның сюжеті. Бұл аңыздың ең ескі заманда (б. з. ІІІ ғасыр бұрын) дүниеге келіп, содан жырға айналғанын дәлелдейтін нәрсе - алтыннан құйылған белбеудегі әдемі эпикалық сюжет. Онда көркем түрде «Шоқ терек» бейнеленген, оның түбіндегі екі жастың махаббат елестері сақталған. «Шоқ теректі» суреттеген бұл алтын бейне XVIII ғасырда Ертістің күншығыс жағында жатқан байтақ даладан, Алтай тауының ішінде таяу жерден табылған. Ол бейне бүгінде Эрмитажда сақтаулы тұр. Суреттің негізгі фоны жапырақ жайған шоқ терек. Оның түбінде бір жас әйел мен бір сақа кісі отыр. Өліп жатқан ердің басы жас әйелдің тізесінде, бөксесі сақа кісінің алдында. Еркектің қолында екі аттың тізгіні бар. Ту сыртында ағашта ілулі тұрған өлген ердің садағы, қорамсақтан толы жебенің қауырсын басы көрініп тұр. Еркектің басында қазақша елтірі бөрік, белінде камар белбеу. Әйелдің басында ерте замандағы бесі шошайған биік қарқара, үстінде кебенек, қолымен өліп жатқан ердің басын сипап отыр. Ежелгі елдігіміздің сондай ескерткішін бүгінгі ұрпақ қадірлеп-қастерлеп, бабаларға лайықты мұрагер -мирасқор болуы -ұлтымыздың ізгі мүддесі, игі мақсаты. Тәуелсіз мемлекетіміз ілгері өрлеп өркендеуі үшін еңбек жолына қадам басқан әрбір жас адамды рухани нәрлендіріп, жан әлеміне азаматтық абзал қасиеттер дарытуымыз керек болса, сол көкейтесті міндетті орындауда «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жыры - зор қазына.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz