Қой – қазақ халқының аса құрметтейтін түліктерінің бірі


«Қой шаруашылығында барлық жерде бірдей жоғары көрсеткіштерге жетуге тиістіміз. Бұл үшін әр бір шаруашылықта төлдей Малды көбейту әрбір малдан жыл сайын төл алып отыру, қырсыздық пен шалағайлықтың кез келген көріністері қарсы батыл куресу, аса бай озық тәжірибені кеңінен тарату қажет». Д. А. ҚОНАЕВ.
Қой - қазақ халқының аса құрметтейтін түліктерінің бірі. Өйткені халқымыз ерте заманнан-ақ қойдың етін, жүнін, сүтін, терісін және мәнді рін өз қажеттеріне пайдаланабілген.
Кеңес Одағы кезінде қой-ешкі саны 155 миллионнан астам. Республикамызда 35 миллионнан астам қой- ешкі болды. Қазақ ССР-ы қой өсіру жөнінде Одақта екінші орын алды. 1981 жылы Алматыда өткен республика шопандарының кеңесінде КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Казақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д. А. Қонаев жолдас республикамызда қой шаруашылығының бұрын-соңды мұншалықты дәрежеге көтерілмегендігін мақтанышпен атап өтті.
Қой өсірудің пайдасы мол. Елімізде қой өнімдерінен түсетін жалпы пайда мал шаруашылығынан түсетін жалпы пайданың 18-20 процентін құрайды. Ал біздің республикамызда бұл көрсеткіш 50-60 процентке дейін, кейбір шаруашылықтарда 85-95 процентке дейін жетеді. Қой етінің өзіндік құны сиыр етінен 1, 52-2, 0 есе арзанға түседі.
Біз тәжірибесін әңгіме еткелі отырған аға шопан Тұрлыбек Тәтібаев «Балтакөл» совхозында еңбек етеді Бұл шаруашылық КПСС Орталық Комитетінің 1965 жылғы март Пленұмының қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Совхоз жері аса кең. Шаруашылық көлемінің шамамен төрттен үш бөлігі Қызылқұм массивіндегі мал жайылымдары Аға шопан Тұрлыбек Тәтібаев жұмыс істейтін №1 ферманың жайылымдарында боз, раң қоңырбас, тарақбоз, келіншек
боз, күйреуік, жусан, жантақ сияқты дала шөптері өседі. Бұлардың ішінде қой маль ның сүйсініп жайылатын шөтерінің бірі жусан. Жусә мамандардың есебінше, қореі тілігі жагынан астық түңшдас шоптердің пішенімен те тұседі. Жусанды қой мал: жылдың барлық мсзгілін? жей береді.
Аға шопан Тұрлыбек Тәтібаев көрген-түйгені мол тәжірибелі жан. Ол 1954 жылдан бері қой өсірумен айналсып келеді. «Балтакөл» совхозы ұйымдастырылған алғашқы күнен бастап-ақ Т. Тәтібев осы шаруашылықта аға шопан. Тәжірибелі шопан малды жайылымда бағудың елеулі мәні бар екенін жақсы түсінеді. Таза ауа, күн сәулесі мал орғанизміне жақсы әсер етіп, оны шынықтыратыны қойдың азыққа деген тәбет арттыратынын тәжірибе де біледі. Сондықтан да ол қозыларды енесінен ажырату аяқ-талысмен саулықтарды күзгі күйекке әзірлей бастайды. Бұл жұмыс август айьшың ал ғашцм он күидігіпдс бастала-ды, Осы кезде аға шопан отарын таңғы салқынмен өргізеді. Өйткені шық кеппей тұрған салқын мезгілде қойда ықыласпен жайылады. Сөйтіп 1-5 сағаттың ішінде-ақ тояттап қалады. Қой жеген азығын күйіс қайтарған кезде сіңіретіндігі мәлім. Сондықтан Тұрлыбек отарын күн әбдеп қызған кезде құдық суына суарып, 20-30 минуттай айдайды. Аға шопан осылай еткенде малдың ішкен суы бойына жақсы сіңеді деп есептеді. Мұнан соң ол отарын дөңестеу жерге жатқызып, тынықтырады.
Жаз айларында Т. Тәтібаевтың отары Ақдала жайылымын жайлады. Бұл өңір Сырдария өзенінен онша қашық емес, Ал Сыр бойында жұғымды өсімдіктер аз емес. Тұрлыбек жайылымды өзінше 5-6 бөлікке бөліп пайдаланды. Жайылымның әр бөлігінде отарын аптадан артық ұстамайды. Осылай өткенде жайылым тозбайды. Отары алғашқы жайылған жерге скінші рет шамамен бір айдаң соң келеді. Ол кезде бұл жердің шөбі жетіліп, соны жайылым болып қалады.
Ал аға шопан отарын күйек алу науқанына әзірлей бастаған кезде түнде жаюды қатты қолға алды. Отарды түнде жаюға өзі шықты. Өйткені малды түнде жаюдың жауапкершілігі көп. Міне сондықтан аға шопан отарын түнгі жайылымға өзі шығара отырып, малды сергек те сақ күзетеді. Күндіз отарын көмекші Үсенхан Елеуовке тапсырып, өзі дем алады.
Көп қозы - күйектен.
Күйек алу науқаны кезінде Тұрлыбек отарының қоңды, күйлі болуына көңіл бөлді. Қойлар семіз де сергек болса, егіз көп болады деп есептеді ол. Күйек алу науқаны әдетте шаруашылықта октябрь айының ішінде өткізіледі. Бұл кезде күн ыстығы қайтып, малды мазалайтын шыбын-шіркей де кемиді. Күзгі жаңбырдан соң қара отты қой малы сүйсініп жейді. Қойды қолдан ұрықтандыруды Т. Тәтібаев Ебелек мал жайылы-мында өткізді. Аға шопан бұл жайылымды жаз бойы сақтап, тек күйек алу науқаны басталған күннен бастап пайдаланады.
Күйектің сапалы өтуі малдың қоңына байланысты. Сондықтан халқымыз «шелді мал төлді» деп бекер айтпаған. Күйекке түсетін отардың ішінде арық немесе ауру қой болмауы керек. Осы сияқты
тұқымдық қошқарларды таңдап ала білудің де маңызы
зор. Ұрығы алынатын қошқарлар күтімді, қоңды болуы тиіс. Аға шопан Т. Тәтібаев бұл жұмыстарға мал мамандарымен бірге өзі де белгілі
дәрежеде үлес қосты. Ол «Жақсы қошқар-жарты отар» деген халық даналығын қатаң ұстанды. Осы сияқты -аға шопан қойды қолдан ұрықтандырудан өткізетін пункттің де зоотехникалық-мал дәрігерлік талаптарға сай болуына үлес қосып отырды. Әдетте, Т. Тәтібаевтың отарында қойды қолдан ұрықтандыру жұмысы бір аптаның ішінде-ақ сапалы аяқталды. Қойды қолдан ұрықтандыру ал"дтжща_ Т. Тәтібаев «СЖК» препараты егілетін саулықтарды таңдап алды. Бұл мақсатқа дені сау, күйлі саулықтар іріктеледі. Мұның өзі тожірибелі шопанның отарында әлсіз, аурулы малдардың болмайтындығын көрсетеді.
Қыс-қатал сыншы
Күйек алу науқаны аяқталысымен-ақ Т. Тәтібаев мал
қыстату науқанына әзірлене бастайды. Өсіресе мал қоңын көтеруге күш салады. Ежелден мал баққан шаруаға қыс айларының көптеген қиындықтар келтіретіні белгілі. Қыс айларының суығы мен боранын, ақ қары мен көк мұзын айтпағанның өзінде жылдың
бұл мезгілінде жайылым оты да азаяды. Көп жылдардан бері Т. Тәтібаев құм ішіндегі Лепес мал жайылымын қысnап жүрді. Мұнда малдың қыс кезіндегі негізгі азығы жусан болып есептеледі. Декабрь, январь айларында аға шопан Т. Тәтібаев, қора басындағы жем-шөпті барынша үнемдеуге күш салады. Бұл кездерде ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, малды жайылымға шығарып отырады.
Қыс айларында Тұрлыбек қораның жылы әрі таза болуын жете ескереді. Бұл үшін ол қораны күнделікті тазартып тұрды.
Қыс айларында Т. Тәтібаев, мамандар белгілеген рацион бойынша отарып жеммен азықтандырып отырады. Бұл мақсатқа құрама жем қолданылады. Жемнің бұл түрін шопан жоғары бағалады.
Февраль айының ішінде Тұрлыбек іші өсе бастаған саулықтарды ерекше күтімге ала бастайды. . Сонымен қатар бұл кезде алдағы төл алу науқанына да қызу әзірлік те жүргізілді. Жылы төлхана мен клеткалар жасау қолға алынады, Бұл жұмыстарға шопан семьясы белсене араласып отырды.
Көктемгі төл алу науқаны шопандар өміріндегі аса жауапты кезең болып табылады. Бұл науқанды диқандардың егін өнімін жинау маусымымен салыстыруға болады. Себебі бұл кезде шопандар да өздерінің жыл бойғы еңбегінің жемісін қорытындылайды.
Сондықтан да бұл -науқанға бүкіл шаруашылық коллективімен қатар әрбір жеке шопандар да ерте бастан тыңғылықты әзірленеді.
Әдетте, төл алу науқаны март айының үшінші он күндігінде басталады. Төл алу кезінде шопандардың алдында негізінен екі міндет тұрады. . Оның бірі-жас төлдерді әсіресе, ұрғашы қозыларды аман сақтау болса, екіншісі мемлекетке тапсырылатын, қаракөл елтірілерінің сапасын
арттыра түсу болып табылады. Осыған орап төл алу науқаны басталысымен барлық саулық отарларға қосымша көмекшілер-сақпаншылар, жіберіледі. Сақпаншылар істе тәжірибесі бар адамдардан
іріктеледі. 1981 жылғы көктемгі төл алу науқанында Т. Тәтібаевтың отарында Серіқүл Сырлыбеков, Құралбай Жүсіполатов, Әнепия Сағатов сақпаншы болды. Сондай-ақ бұл жұмысқа Тұрлыбектің жұбайы
Шәрипа, өзінің көмекші шопандарының бірі-қызы Тәтібаева Күлән да белсене атсалысты. Соның нәтижесінде отарда төл алу науқаны жоғары дәрежеде сапалы аяқталды.
Қаракөл елтірісінің сапасын арттыру үшін қозыларды екі-үш күндігінде сояды. Аға шопан қозылардың жүнін үнемі байқап жүріп, оның елтірі үшін жақсы болған кезінде совхоз орталығындағы шикізат дайындау пунктіне жіберіп отырады. Жас төлдердің түрлі ауруға шалдықпауы үшін, оларды жарты айдан астам уақыт құрғақ жерде ұстаған дұрыс деп есептейді Тұрлыбек. Оңды күтіліп, енесінің сүтін еміп өскен қозылар тез жетіледі.
Күте білсең--қой өсімтал
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz