Қолданбалы сәндік өнері, сазбалшықтан мүсіндеу және хохломдық жазба өнерін үйрету жолдары



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қолданбалы сәндік өнері, сазбалшықтан мүсіндеу және хохломдық жазба өнерін
үйрету жолдары.
Сурет немесе бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға
рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет
тек жеке ғана өнер саласы емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне
себепкер болған бүкіл бейнелеу өнерінің атасы.
Бастауыш сыныптарда бояулармен (акварель, гуашь, бояу таяқшалар –
пастель т.б.) жұмыс орындату арқылы, олардың түстер әсемдігін, эмоциялы
әсерін бояумен айшықтау машығын қалыптастыру, осы жазықтықта (қағаз)
бейнелеу іс-әрекеттерінде басты орынға ие.
Мүсіндеу жұмыстары. Бастауыш сыныптарда мүсіндеу үлкен роль атқарады.
Сондықтан бағдарламада 4-7 сыныптарға қарағанда сағат саны көбірек
бөлінген. Өйткені, мүсіндеу жұмыстары балалардың пішін, көлем, қозғалыс,
дене пластикасы бойынша түсініктері мен машақаттарын қалыптастырудың басты
құралы іспеттес. Оқушылар, алғашқы сыныптан бастап, қарапайым бұйымдардың,
оюлардың пішінін рельефті (жазық) мүсіндеуден бастап, кіші көлемді заттар
үлгісін жапсыруға, кейінгі сыныптарда – құстар, жан-жануарлар, адам
бейнесін жекеше, біртіндеп, екі фигуралы мүсіндеу жұмыстарын орындауға
дейін көтерілді.
Бағдарламада мазмұнында сәндік – мүсіндер жапсыру жұмыстарында
қалыптастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларында қозғалыс-қимылды мүсіндеу жағы басым
тұрады.
Сәндік – қолданбалы өнер саласындағы көркемдік іс-әрекеттер.
Бұл көркемдік іс-әрекеттер жазықтықта бейнелеу (суреттеу, жапсыру);
сәндік мүсіндеу, көркем құрастыру сияқты жұмыстарды қамтиды. Бұл жұмыстар:
табиғи материалдармен (жапырақ, гүлдер, өсімдік дәндері, сабағы, мата
қиындылары т.б.) сәндік жұмыстар жасау, тұрмыстық заттар үлгілерін жасап,
безендіру, оқушылардың ұлттық өнер туралы түсініктерін, білімдерін жүйеге
түсіріп, олардың көркемдік қиялын, талғамын қалыптастыру мәселелерін
қамтиды. Бұл іс-әрекетке, бағдарламада, бестен бір уақыт мөлшері бөлінген
және тұрмыстық заттарды жасаудағы, сәулет өнеріндегі, қоршаған ортаны
түрлендірудегі әр түрлі көркемдік жұмыстардың өзара байланысты туралы
оқушылардың түсінігін дамыту көзделген.
Оқушылардың өмір шындығын және өнер туындыларын эстетикалық мәнде
қабылдауы.
Оқушылардың көркем-бейнелеу іскерліктерін, машықтарын, шығармашылық
ой-өрісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін: жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу
және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркем-безендіру жұмыстарын
қамтитын практикалық іс-әрекеттердің түрлерімен бірге, бағдарламада арнайы
қабылдау бөлімі берілген. Қабылдау бөлімі:
1. Қоршаған өмір шындығын қабылдау.
2. Өнер туындыларын қабылдаудан тұрады.
Бағдарламаның қабылдау бөлімінің маңызды бөлімі – қоршаған өмір шындығы,
орта туралы әңгіме өткізу. Бұл сабақ түрінің басты міндеті – балалардың
табиғаттағы, өмірдегі сұлулыққа деген эстетикалық қатынасын, әсемдікті
танып білуге ықыластылық сезімін қалыптастыру.
Өнер туындыларын эстетикалық мәнде қабылдау сабақтарының мақсаты:
оқушылардың өнердегі көркемдік бейнені қабылдау деңгейін дамыту. Бұл оқу
мәселесі, оқушыларды өнер туындыларымен таныстыру және оның көркем-мәнерлік
тілін игерту мазмұнын, құрылымын айқындап береді және мынадай оқу-үйрену
мәселелерін қамтиды:
• өнерге деген ықыластылығын;
• өнер шығармасына деген өз қатынасын пайдалану қабілеттілігін;
• оқушылардың өнер туралы түсініктері мен білім (деңгейін) көлемін
кеңейту.
1. Өнерге деген ықыластылық
Алғашқы сыныптан бастап, бағдарлама мазмұны оқушыларды өнердің
түрлерімен, бейнені тілімен таныстыруды жүзеге асыруды талап етеді. Оларға,
өнер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың визуалды өнерде қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Пәндер