Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары .

Кіріспе.

1. Йассауй мұраларының педагогикалық бағыттылығы.

1. 1. Йассауй мұраларының этнопедагогикадағы орны.

1. 2. Йассауй дүниетанымындағы ғылыми педагогикалық көзқарастар.

1. 3. Йассауй еңбектеріндегі дүниетанымның тәрбиелік мәні.

2. Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың әдістемесі .

2. 1. Йассауй еңбектерінің оқу-тәрбие процесіндегі көрінісі.

2. 2. Йасссауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендірудің әдістемесі.

2. 3. Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың эксперименттік нәтижелері.

Қорытынды.

Пайдаланылған дерек көздер тізімі.

Қосымша материалдар.

Кіріспе.

Қожа Ахмет Йассауй оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.

Қожа Ахмет Йассауй қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.

Қожа Ахмет Йассауйдің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа АхметЙассауй қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Йассауйдің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.

Қожа Ахмет Йассауйдің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1] .

Йассауй еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Йассауйдің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:

  1. Аллаһты тану.
  2. Аллаһты ұлықтау.
  3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
  4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.

Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.

Тақырыптың өзектілігі:

Йассауй ілімі - қоғамның әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың адамдар арасындағы тең сұхбаттың бауырластықтың кені. Қазіргі кезде Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесінде көп пайдаланып, оқушы бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруымыз керек. Осы еңбектерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, имандыққа, аллаһты, өз дінін құрметтеуге тәрбиелейді.

Йассауй ілімін өзіндік болмысы мен мәні жағынан зерттеу және танып, түсіну шарт. Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе онда халық бастауларының руханиятын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығында жатыр» - /1/ деп мемлекеттіліктің тұғыры ретінде ділді, даналықты көрсетіп отыр. Осы мәселені қарастыра келе дипломдық жұмыс тақырыбын «Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оуқ-тәрбие процесіне ендіру жолдары» деп таңдадық.

Зерттеу объектісі: оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Йассауй тану дәрісінің оқу-тәрбие процесінде пайдалану

бірлігі.

Зерттеу мақсаты: Йассауй тану мұраларын оқу-тәрбие процесінде

пайдаланудың теориялық және практикалық мәнін

көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер Қожа Ахмет Йассауй жайында толық мағлұмат боса, оны өмірде, оқу процесінде тиімді пайдалануында барлық шарттар орындалса, онда оқушылардың материалды игеруі оңтайландырылады және жан-жақты рухани біліммен қаруланады және оны өмірде тиімді пайдалануына негіз болады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Этнопелагогика, этнопсихология, философия тағы да басқа пәндер материалдарының оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың теориялық тұрғыдан зерттеу.
  • Йассауй еңбектеріндегі тәлім-тәрбие мәнін анықтау.
  • Оқу-тәрбие процесінде Йассауй еңбектерінің тәрбиелік сипатын пайдалануды анықтайды.
  • Йассауй еңбектерін пайдаланып оқу-тәрбие процесін де жетілдіру.

Зерттеу әдістері: Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау, кездесулер мен сұхбаттар өткізу, педагогикалық эксперимент жүргізу, бақылау, талдау, анкета, әңгіме, мұғалімдер құжаттарымен танысу.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Йассауй еңбектеріндегі теориялық ілімдерді ашу, оны оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқу-тәрбие процесіне Йассауй ілімін енгізуге ықпал ететін әдістемелік көмек.

1. Йассауй мұраларының педагогикалық бағыттылығы

1. 1. Йассауй мұраларының этнопедагогикадағы орны

Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларда келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.

Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі.

Халықтың педагогиканы теория жүзінде танытқан ілгері зерттеулердің қатарына оның историяграфиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э. Д. Днепров, Г. К. Искаков, А. Ш. Гашимов «Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарын ажыратып, тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық бұқарасының орнын бағалаған.

Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, Қ. А. Йассауй ХV - ХІХғғ. Жыраулары, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев) шығармаларының тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеулер мен мақалалар ерте замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халықымыздың тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі.

Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі. Ұлы ұстаз «Қ. А. Йассауй өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты жинағынан айқын көрініс береді» [1] .

Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие беру туралы идеяларды қорытындылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне қайтарды мұнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.

Түркі ғалымы, доктор М. Кепрулу «Түрк әдебиятында илк Мутасаввифлар» атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шайх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметтің түрік нәсілінен дейді. Сопылық «мистикалық ағымның» түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Йассауйдің өмірбаяны толық белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі көп ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Өлген жылы - 1167. Ер жеткен соң ол Түркістан (ол кезде Йассы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.

Белгілі ғалым В. Бартольдтың айтуына қарағанда, Түркістан VІ ғасырға дейін Йассы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісалиев қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Йассы болып кеткенін айтады. Ахмет Йассауйдің ер жете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында баяндайды:

« . . . Он жетімде Түркістанда тұрдым міне . . .

. . . Он сегізде Шілтенменен шарап іштім,

Рузы қылды, Жәннәт кезіп қорлар құштым,

Хақ Мұстафа жүздерін көрдім міне . . . »

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шайхы Арыстан-баб және Жүсіп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие, білім алады. Білімін Бұхарада жалғастырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

Ахмет Йассауй - ХІІ ғасырда көне түркі тілінде жазылған «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») кітабының авторы. Көрнекті ғалым А. К. Боровковтың пікірі бойынша «Даналық кітабы» оғыз қыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті ауызекі тілмен жазылған туынды. Ақынның кең өлкені көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауызекі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз. «Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты».

«Хикметтің түпнұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХV - ХVІ ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы. Ең ескі нұсқасы ХV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. «Даналық кітабы» Қазан (1887 және 1901 жыл), Стамбул (1901), Ташкент (1902 және 1911ж. ) баспаларынан бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты.

Ахмет Йассауй өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикмет Йассауйдің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек». Көптеген түркі халықтары «хикметті» аудармасыз-ақ қиналмай оқи алады. Ислам дінінен хабары бар жанға «Хикмет» тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді.

Шығарманың тілдік лексикасы, әсіресе, лексикографиялық ерекшеліктері, этносипаттары «Хикмет» тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын байқатады. Кітаптан орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі сайын даладағы қызғалдақ пен қымыздың иісі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпелі жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырайды. Мәселен: «құлын», «гүл», «қызыл», «қаршыға», «сұңқар», «лашын», «аға-іні», «мал-мүлік», «шейід», «бөрік», «сақал-шаш», «ата-баба», тағы басқа да көптеген сөздер тек мағыналық жағынан ғана емес, сонымен қатар олардың айтылуы мен жазылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліне ұқсайды. Белгілі ғалым М. Орынбековтың зерттеулерінде А. Йассауй жөнінде және оның сопылық ілімі жайлы өте құнды пікір айтады. Оның пікірінше, Қожа Ахмет Йассауй жазған «Диуани Хикмет», яғни «Даналық кітабының» қазақ елінің философиясы үшін зор маңызы болды. Оның ішінде автор бала кезінен бастап тартқан азабын қарапайым түсінікті тілде жазып шыққан. Бұқара халыққа зорлық үстемдік жасаған хандарды, бектерді, қазыларды сынай отырып, бұл дүниенің өкініштілігін жырлайды.

Ахмет Йассауй адам мен қоғам мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстүрлі мұсылмандықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды. Оның дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Йассауйдің этикалық көзқарастары құдай және оны тану туралы ілімімен тығыз байланысты. Ахмет Йассауйдің пайымдауынша, ол өзін-өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті іс істеуге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес. Ол өзінің жолын қуушыларды өзін-өзі жетілдіруге шақыра отырып, адамгершіліктің құдайдан шығатыны туралы ойдан аулақ ұстайды. Оның саяси және әлеуметтік көзқарастарының негізінде де этикалық бастау жатыр. Түйіндеп айтар болсақ, А. Йассауйдің «Диуани Хикметінде» айтылған ойлармен үндес, сабақтас болған Ахмет Игүнекидің негізгі шығармасы «Ақиқат сыйында», Сүлеймен Бақырғанидың «Ақыр заман», «Бақырған» атты өлең жинақтарында болмыс туралы түсінік тұтасымен діни-мистикалық мазмұнда қалыптасқандықтан бұл дүниенің алдамшы екендігіне Иасса ғұламаларының ешқайсысы күмән келтірмейді. Жаратылыстану деңгейлері исламның космонологиялық ұғымдарымен біте қайнасып жатыр. Өмірдің мағынасы Аллаға, Хаққа жалбарынып, құлшылық ету, күнәдан тазару. Жаратқанға деген сенім - ішке жиналған қасиетті нұр.

« Ғашық болсаң уа, талапкер, ғибат жасап, беліңді бүк,

Күндіз-түні ұйықтамай, жас орнына қаныңды төк . . .

Шын талапкерді сұрасаңыз, іші-тысы гауһар дүр,

Хаққа аян сырлары жегенді таза нұр».

Бұл өлең жолдарынан сан ғасырдан кейінгі Абай мен Шәкәрімнің философиялық дүниетанымдарына көрініс беретін «нұрлы ақыл», «жан қуаты» деген ұғымдардың шығу төркіні, Л. Толстойдың зұлымдыққа қарсыласпа деген қағидасының негізінде дүниеге келтірген діни-философиялық ілімі осы Йассалық машайықтардан бастау алған.

Йассалықтар тіл мен білімнің қажет екеніне және оның ерекше қасиет екенін мойындайды. Йассауй тіл құдіретін Аллаға мінажат етуге жұмсауды үндейді. Білімді қиямет күн Алла-тағала алдында есеп-қисап берудің таптырмас құралы деп есептейді. Жалған сөйлеп, өз мүдделерін жүзеге асыратын екіжүзді ишан молдаларды, дем салып, үшкіріп, тұмар жазып беріп, дүмше молдалыққа бой ұрып иманын сатқан дін иелерін әшкерелеу - Йассауйдің баса назар аударған мәселесі.

Сараңдық - жомарттық, көнбістік - тәкәппарлық, нәпсі - қарыз, қайырымдылық - қайырымсыздық, жуастық - қаталдық, қасірет - қуаныш сияқты этикалық ұғымдар қарастырылады. Мысалы, А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйында»: «Мінездің жақсысы - әдептің мінсізі, ал жомарттық - ол сараңның айнасы», - деп керемет ойлар, өсиеттер айтылады. «Хикметтердің» көпшілігі шешендік нақыл сөздерге толы. Йассауй «қолыңнан келсе халқыңа әділ бол, қызмет ет, керек болса жаныңды оған құрбан қыл», - деп өз дәуірінің үлкен перзенті екендігін биік гуманистік деңгейде таныта білді.

Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есінде ұстайды. Мәселен шығармадағы «Басты ізгіліктердің», олардың маңыздылығы есепке алынып, бірізділікпен (есепке алынып) орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік тұрғыда кемелдену:

Қайда жүрсең көңіл сыпайы болғын,

Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын, . . .

Әрі қарай еңбек, ақыл, денсаулық, әсемдік және басқалары ілеседі және ақыл ұғымы адамгершіліктің көптеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие.

«Ақылға ерсең ғаріптерді мейіріммен сүй,

Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый.

Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый» .

Жетілудің шексіз және өте кең мүмкіндіктері айрықша көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар: мейірімділік, әділеттік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әдептілік, адалдық пен шындықты сіңіре алатындығына сенімді.

Шығармада - педагогикалық тұрғыдан қызығушылық туғызатын сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары.

«Бір жасымда аруақ маған үлес берді,

Екі жасымда пайғамбарлар келіп көрді.

Үш жасымда шілтен келіп халім білді,

Бес жасымда шариғатқа белім будым,

Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым» еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяндалумен қамтамасыз етілген:

«Жазуменен жасым жетті жиырма беске,

Субхан ием, зікірменен көкейім тес

Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш

Сол себептен Хаққа сиынып келдім міне

Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,

Уа, дариға, өтті ғұмырып, қане тағат?

Қанағатшыл хақ қасында хош сағыдат

Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар»

Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша айқын педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мұндай үлгілер осылай жалғасып кете береді.

Мұның бәрі «Диуани хикметті» поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық, ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, эстетикалық және этикалық, құқықтарын қалыптастыру ісінде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.

«Диуани хикмет» көп уақыттар бойы ел аузында айтылып, қол жазба түрінде сақталған, араға көп уақыт салып барып, Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында басылып шыққан оның қазақ тілінде тұңғыш нұсқасы 1901ж Қазанда жарық көрген. Ал толық күйінде жеке кітап болып қазақша түсірілуі 1993 жылы жүзеге асты.

«Ғалымдар» көрсетілуінде қоғамдық педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қ. А. Йассауй туралы хикаят аз емес екен.

Солардың ішінде қазақ филология ғылымы мен әдебиетінде есімдері белгілі Мұхамедрахым Жармұхамедов, Сәрсенбі Дәуітов, Мақсұт Шафиғов еңбегі елеулі, менің де тәуекел етуіме осы соңғы топтың аудармасы себеп болды.

Йассауй туралы зерттеулер мол. Шетел ориенталистерінен, мысалы ағылшын ғалымы Дж. С. Примлигиэм, түрік ғалымдары Мұхаммед Фуад Купримизаде, совет ғалымдары А. Н Самойлович, Е. Г. Бертельс тағы басқа ғалымдарды ерекше атаған жөн.

Қазақ ғалымдарының Йассауй туралы зерттеу еңбектері 1992 жылы басталды. Кейінгі жылдары әдебиетші ғалымдар Х. Сүйінішәлиев, Н. Келімбетов, тілші ғалымдар Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Ғ. Мұсабаев тағы басқалар ақынның хикметтерін зерттеуге үлес қосты.

Қожа Ахмет Йассауй мұраларын алғаш зерттеуші түрік ғалымы Фуад Копурлу «ақынның туылған кезін V - ғасырдың екінші жартысы еді»[8] - деп жазады.

Бұл пікірді Фуад Копурлудың отандасы Кемал Ераслан да қуаттайды және Фуад Копурлу да, Кемал Ераслан да Қ. А. Йассауйдің 63 жылдан да көп өмір сүргенін айтады.

Қ. А. Йассауй тек ислам жолы емес, сонымен қоса, сол дәуірдегі мұсылман дігі ішіндегі сопылық ағымдарды жетік білді. Бұхарада Юсуф Хамадани мектебінен білім ала жүріп, оған мойын сұнбай, тілі, әдет-ғұрпы бөлек халықтың түркі халқына әкелуді жөн көрмеді. Сондықтан ол өз жолын іздеді. Қазір философияда Иассавизм аталған бұл ағымның көрнекті өкілдері: С. Бақырғани, Жүніс Әміре Бекташи. Бұлардың бәрі Йассауйді өзінің ұстазы санады.

Ғасырлар қойнауынан келіп, біздің қоғам кеселін дәл тапқан Баба - үні - сол Ұлылықтың айғағы емес пе? Өз елінде, өз жерінде өгей болып, халық жадынан өшуге аз қалған Йассауй мұрасы енді қайта жаңғырып, қайта түлеп өз оқырманын, жанашырын табады деп сенеміз.

Қорытындылай келсек Йассауй мәдениеті тек қана өткенді тануға арналған зерттеу саласы емес, келешегіміздің негізі ретінде үлкен маңызға ие. Йассауй ілімі туралы зерттеулердегі ең маңызды мәселе - уақыт пен кеңістік мәселесі, «Йассауй ілімінің өрісі кең және тағы бір проблема дереккөз жеткіліксіздігі» [8, 18-бет] .

Фуад Көпірұлының «Йассауй және Йассауй ілімінің Анадолыдағы ықпалы» деген ғылыми еңбегі алғашқы, негізгі болумен қатар, әлі де толық ашыла қоймаған дүние боп саналады.

Көпірұлымен қатар Йассауй ілімінің түрлі қырлары блйынша М. Е. Мессон, В. Гордлевский, В. В. Бортольд, А. Лшар Джак, Ә. Нысанбаев, Н. К. Зейбек, К. Ераслан, М. Акар, Д. Кенжетай, А. Гүзел және тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектері бар.

Қ. А. Йассауй атындағы ХҚТУ-нің Өкілетті Кеңес Төрағасы Намық Кемал Зейбектің айтуынша: «Біз Йассауйді жан-жақты зерттеу мақсатында А. Йассауй ғылыми зерттеу орталығын құрып отырмыз. Йассауй тану саласы бойынша Йассауй ілімін төрт кезеңге бөліп қарастырамыз» - дейді Досай Кенжетай философия ғылымының кандидаты [9] . Бірінші - Ислам дініне дейінгі кезең, Екінші - Йассауй кезеңі, Үшінші - Йассауйден кейінгі кезең, ал Төртінші - қазіргі кезең.

Қожа Ахмет Йассауй дәуірінен кейінгі ғасырларда оның мұрасын насихаттау және зерттеулердің нәтижесінде ерекше мәдениет, яки дәстүр қалыптасады.

Йассауйтануға байланысты М. Е. Массон, Дж. С. Тримингэм, И. Мимков, Д. Девис, М. Жармұхамедұлы, З. Жандарбековтердің халықтың Йассауйге қатысты ұстанымдары, сенім мен практикалық ұғымына байланысты зерттеу жұмысын жасаған Ю. б. Петраш, С. Мамбетәлиев тағы басқа ғалымдардың ғылым үшін аса маңызды зерттеу жұмыстары бар. [Йассауй жолы 1. 2004] .

Йассауй және Йассауй жолы туралы бірқатар зерттеушілер жұмыстары жасалған мен әлі де көптеген сырлары ашыла қойған жоқ.

Йассауй тек түркі сопылық тарихының негізін қалушы емес, мамандар пікірінше түркі сопылық әдебиетінің де негізін салушы боп саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz