Қолөнер атауларының семантикасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қолөнер атауларының семантикасы
050117- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Түркістан - 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақ тілі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. к., доцент Г. Жылқыбай
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қолөнер атауларының семантикасы
050117- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Орындаған: Усманова Дилшода
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доц. қ. а. Б. Жүсіпова
Түркістан - 2010
ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті _ филология _
Мамандығы _050117 -қазақ тілі мен әдебиеті ___
Кафедрасы ___ Қазақ тілі __
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке Усманова Дилшода
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Қолөнер атауларының семантикасы
жоғары оқу орны бойынша ""№ бұйрықпен бекітілген
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі ""
Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері: Қазақ тіліндегі қолөнерге байланысты атаулардың этнолингвистикалық табиғатын ашу, айқындау барысында 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінің, 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» жарық көрген үш томының, «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің», «Қазақ совет энциклопедиясы» мен «Қазақ ұлттық энциклопедиясының», І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мен А. Құралұлының «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінің», т. б. сөздік және халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалар материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ әйел қолөнері жөніндегі азды-көпті деректер ұшырасатын С. Қасиманов, Ә. Тәжімұратов, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков, С. Мұқанов, М. Мұқанов, Ә. Ысқаққызы, т. б. этнографтар мен өнертанушы ғалымдардың еңбектерінен қажетті мәліметтер мен деректер алынды.
Диплом жобасында көрсетілген мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
Қазақ мәдениетіндегі қолөнер атауларының лингвомәдени сипаты
Қолөнер атауларының семантикасын зерттеудің лингвомәдени аспектісі
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің ұлт мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар) .
Қолөнер атауларының лексика-семантикалық, тақырыптық топтарының этномәдени мазмұны
Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар
Қазақ қолөнеріне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты
Киім атауларының лингво-семантикалық мәні
Қолөнер, кәсіп атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер
Зергерлік бұйымдардың сакральды мәні
Әйел қолөнеріне қатысты онимдердің этномәдени мазмұны
Графикалық материалдарының тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен) жоқ
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1Сейілхан А. Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің мәні («Қыз Жібек» және «Қозы көрпеш - Баян сұлу» жырлары бойынша) . Филол. ғыл. канд . . . дисс. авторефераты. - Алматы, 2001. - 24 б.
2 Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. 1994. 23 мамыр.
3 Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. -Алматы: Қазақстан, 1997. -96 б.
4 Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007. -232 б.
5 Медеубеков К. У., Сарбасов Т. И. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру.
-Алматы, 1980. - 340 б.
6 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы: Қазақстан, 1969. - 248 б.
7 Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. - Алматы: Ғылым, 1997. - 272 б.
8Жәнібеков Ө. Культура казахского ремесла. - Алматы: Өнер, 1982. - 144 с.
9 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Өнер, 1987 -128 б.
10Жанпейісова С. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы: Фил. ғ. к . . . дис. автореф. - Алматы, 1996. - 30 б.
11 Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. - Алматы: «Қазақстан» баспа үйі - 2000. - 256 б. - 239 б.
1 Жоба (жұмыс) тараулары көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер
Диплом жобасын (жұмысын) дайындау кестесі
І ТАРАУ. Қазақ мәдениетіндегі қолөнер атауларының лингвомәдени сипаты
1. Қолөнер атауларының семантика сын зерттеудің лингвомәдени аспектісі
2. Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің ұлт мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар) .
3. Қолөнер атауларының лексика-семантикалық, тақырыптық топтары -ның этномәдени мазмұны
ІІ ТАРАУ. Қазақ қолөнеріне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты.
1. Киім атауларының лингво -
семантикалық сипаты.
2. Қолөнер, кәсіп атауларын
білдіретін лингвомәдени бірліктер
3. Зергерлік бұйымдардың сакральды мәні .
25/І. 2010
25/ІІІ. 2010
Тапсырма берілген күні « » 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі доц. Г. Жылқыбай
Жобаның (жұмыс) жетекшісі доц. қ. а. Б. Жүсіпова
Студент тапсырманы орындауға қабылдады Усманова Дилшода
Мазмұны
Кіріспе (Жұмыстың жалпы сипаттамасы) . . . 6-8
І ТАРАУ. Қазақ мәдениетіндегі қолөнер атауларының лингвомәдени сипаты
1. 1 Қолөнер атауларының семантикасын зерттеудің лингвомәдени аспектісі . . . 9-10
1. 2 Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің ұлт мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар) . . . 11-13
1. 3 Қолөнер атауларының лексика-семантикалық, тақырыптық топтарының этномәдени мазмұны . . . 13
1. 3. 1 Әлеуметтік және гендерлік сипатына байланысты қалыптасқан атаулар . . . 13
1. 3. 2 Салт-дәстүрге, наным-сенімге байланысты қалыптасқан атаулар . . . 13-14
1. 3. 3 Халық, ру, тайпаға, жер-су аттарына байланысты қалыптасқан атаулар . . . 14
1. 3. 4 Адам мен жан-жануардың дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар . . . 14-15
2. Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар . . . 15-18 2. 1 Қолөнердегі қолданылатын материал атауларының семантикасы . . . 18-27
ІІ ТАРАУ. Қазақ қолөнеріне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты
2. 1 Киім атауларының лингво-семантикалық мәні . . . 28-33
2. 2 Қолөнер, кәсіп атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер . . . 33-41
2. 3 Зергерлік бұйымдардың сакральды мәні . . . 41-50
2. 4. Әйел қолөнеріне қатысты онимдердің этномәдени мазмұны . . . 50-53
2. 5. Әйел ~ана тілі және әйел~ана қарым-қатынасының
этномәден мәні . . . 54-58
Қорытынды . . . 59-60
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61-62
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап - жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Тілдің осындай қызметінің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осымен байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау - қазіргі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты бағыттарының негізі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, ретінде қолөнер атаулары практикалық та, эстетикалық та қызметті қатар атқарған.
Бұл ретте әр алуан лексикалық бірліктердің «екінші деңгейдегі мағыналарын - этнолингвистикалық мағыналарын» тіл білімі тұрғысынан басқа ғылым салалары деректірімен ұштастыра отырып зерттеу, көпшіліктің жадынан шыға бастаған қазақ қолөнеріне байланысты атауларды жаңа сапада қайта жаңғыртудың, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, оның оралымдылығын арттыра түсудің мәні ерекше. Бұл мәселенің өзі осы жұмыстың өзектілігін белгілейді.
Қолөнер атауларының қазақ мәдениетін қалыптастырудағы қызметі мен оның әлеуметтік-гендерлік табиғатын анықтау («еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп бөлінетінін және соған қатысты атаулардың құрамын анықтау), сол арқылы қазақ қолөнерінің қоғамдағы орны мен рөлін айқындау бүгінгі күндері арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі болып отыр.
Қолөнер бұйымдарының ономасиологиялық тұрғыдан уәжділік қасиеттерін анықтауды тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) мәнділіктермен байланыстыра қарастыру және «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сай этнолингвистикалық бағытта кешенді зерттеу жүргізу де тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.
Ұлттық мәдениетімізді зерттеп білуге зор мән беріліп отырған бүгінгі күнде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтындығы күмән тудырмаса керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығын бейнелейтін қазақ қолөнеріне байланысты атаулардың, оларға қатысты ұғым-түсініктердің этнолингвистикалық табиғатын, олардың тілдік жүйедегі орнын, қазақ қолөнерінің болмыс-бітімін ономасиологиялық жүйе негізінде анықтау. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- қолөнерге қатысы атауларды халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі сөздіктер мен түрлі саладағы зерттеу еңбектерінен жинақтау, жүйелеу;
- қазақ тіл біліміндегі жалпы қолөнер лексикасының зерттелу тарихы мен қазіргі бағыт-бағдарына шолу жасау;
- қазақ қолөнеріне байланысты атаулардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарын айқындау;
- қазақ қолөнерінің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы алатын орнын қолөнер мен рухани мәдениеттің қарым-қатынасына қатысты жинақталған материалдарды кешенді зерттеу арқылы анықтау;
- этномәдени мәнді атаулар мен мағына астарындағы этюдтерді ашу;
- ономасиологияның теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, қолөнерге байланысты атаулардың семантикалық, этномәдени уәждерін, уәждік жүйесін этнографизмдер негізінде айқындау;
- қазақ қолөнеріне қатысты қалыптасқан атаулардың табиғатын тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) факторлар арқылы анықтай отырып, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастыру.
Зерттеудің нысаны. Ұлттық қолөнеріне байланысты атаулардың семантикасы сипаты мен этнолингвистикалық негіздері.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысы мен дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, атаулардың мағыналық өрісін анықтауда лексика-семантикалық талдау, диахронды-синхронды сипаттама, семасиология лық, ономасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тіліндегі қолөнерге байланысты атаулардың этнолингвистикалық табиғатын ашу, айқындау барысында 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінің, 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» жарық көрген үш томының, «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің», «Қазақ совет энциклопедиясы» мен «Қазақ ұлттық энциклопедиясының», І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мен А. Құралұлының «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінің», т. б. сөздік және халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалар материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ әйел қолөнері жөніндегі азды-көпті деректер ұшырасатын С. Қасиманов, Ә. Тәжімұратов, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков, С. Мұқанов, М. Мұқанов, Ә. Ысқаққызы, т. б. этнографтар мен өнертанушы ғалымдардың еңбектерінен қажетті мәліметтер мен деректер алынды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмыстың негізгі теориялық және практикалық мәні - осы зерттеудің теориялық тұжырымдары мен нәтижелері негізінде қазақ қолөнеріне байланысты атауларды әлі де зерттей отырып, қолөнер атауларының семантикасын адам мен табиғат, тіл мен мәдениет, заттық мәдениет пен рухани мәдениет сабақтастығы арқылы этнос болмысын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуде.
Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Этнолингвистика», «Қазақ тілінің ономасиологиясы», «Лингвомәдениеттану» атты пәндерден дәріс оқу барысында, семинар сабақтары мен арнайы курстар өткізуде, сондай-ақ әртүрлі сөздіктер мен сөздік мақалалар дайындау барысында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І ТАРАУ. Қазақ мәдениетіндегі қолөнер атауларының лингвомәдени сипаты
1. 1 Қолөнер атауларының семантикасын зерттеудің лингвомәдени аспектісі
Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Қандай да болсын белгілі бір зат пен құбылысты тану, оның сыртқы бейнесі мен адамға тигізетін пайда-зиянын ажырата білу, оның түрлі әсерін бақылап, түйсіну, күнделікті тәжірибеде қолданудың нәтижесінде жүзеге асады. Танылған заттар мен құбылыстар айрықша қасиеттеріне, өзіндік ерекшелігі мен пішініне, адам санасында қалдырған әсеріне қарай белгілі бір атауға ие болады. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз - этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, «этнографизмдер дегеніміз - өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [1, 18 б. ] . Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Этнолингвистиканың негізгі мақсаты - қазақ тілінің қазіргі қалпындағы ерекшеліктерді емес, өткен тұрмыстағы халық тәжірибесінен туған ұлттық болмысымызды, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан этномәдени ұғымдарды зерттеу. Олай болса көне этнографизмдерді жинақтап толықтыруда, ұлттық сөздік қорымызды, байырғы төл сөздерімізді жаңғыртуда тіл біліміндегі осы саланың маңызы зор екендігі айқындала түспек.
Осы бағыттағы зерттеулер қазақ ұлттық болмысының бүгіні мен өткенінің ілектес екенін жаңа қырынан танытуда (Ә. Қайдар, М. М. Копыленко,
Е. Жанпейісов, т. б. ) .
Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.
Атап өтерлік жайт: қазіргі уақыттағы тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз болған және әлі де жалғасын тауып келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі күні ара жігін ажырата қоймаған осы екі ғылым саласының көп жағдайда ортақ, ұқсас жақтары болғанмен, өзіндік ерекшеліктері айқындалу үстінде. Оны В. Телияның, В. А. Маслованың, А. Сейсенованың, А. Сейілханның т. б. зерттеушілердің ой-пікірлерінен байқауға болады.
Зерттеуші А. Исламның пікірінше, қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз жүйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида негізінде - сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның (тілдің) функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық үрдіспен байланыстыра зерттеулердің нәтижесі болып табылар соңғы он жыл көлемінде тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін лингвомдениеттану ғылымы пайда болды [2, 5 б. ] .
Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай келгенде, лингвомәдениеттану - этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын, жұрт мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын, этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән [3, 24 б. ] . Ал, этнолингвистика жоғарыда аталып өткендей, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының бүгінгі қалпын емес, өткен өміріндегі ұлттық болмысты, мәдени ұғымдарды зерттейді. Бұдан, әрине, этнолингвистиканың синхронды сипаты мүлде болмайды деген ұғым тумауы керек. Қысқасы , этнолингвистика - тіл ғылымының басқа салаларынан өзіндік ерекшелігі бар, проф. Е. Жанпейісов көрсеткендей, «этносқа қатысты мәдениеттанымдық, этнологиялық, мифологиялық, лингвистикалық және фольклористикалық зерттеулердің синтезі ретінде көрінетін тоғыспалы ғылым» [4] .
Сайып келгенде, этнографизмдердің де, да (мәдени мәнді атаулар), көздейтін мақсаты - адамның дүниетанымындағы ақиқат дүниенің бейнесінің қалай қалыптасқанын, заттар мен құбылыстардың күнделікті өмір тәжірибесінде қолданылуының, мәдени тұрақтылыққа ие болуының, қандай да бір құндылығымен ерекшеленуінің және оларды қолданудың салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналуының себеп-негіздерін анықтау.
Қазақ халқының қолөнері, оның ішінде әйелдерге тән салалары, оған байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-жоралғылар, мифологиялық түсініктері тілімізде сақталған. Оларды бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, тұтас құрылым жүйесінде алып қарастырып, «ұлт мәдениетінің бейнесі» деп сипаттауға болады. Осымен байланысты тіл байлығының этнотанымдық мәнін анықтау арқасында ұлтымыздың материалдық мәдениетімен бірге рухани, мәдени болмысын да саралап тани түсеміз.
1. 2 Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің ұлт мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар)
Әйел қолынан тері, жүн, мата сияқты материалдардан жасалатын тұрмыстық яки сәндік бұйым түрлері сан алуан. Теріден жасалатын бұйым атаулары: тулақ, кебежеқап, тізеқап, т. б.
Күнделікті тіршілікте жиі қолданылған тұрмыстық бұйымдардың бірі - тулақ. Тулақ деп кей жерде көбінесе тайдың терісін шикідей керіп кептірген төсенішті айтады. Сондықтан оны тайтері деп те атай береді. Терінің майын алған соң, оны тегіс жерге, тақтайға керіп, шегелеп тастайды. Көлеңкеде кептіріп алған соң оның үстіне бөстек, көрпе, жержастық аталатын бұйымдарды салып, төсеніш ретінде пайдаланады.
Тулаққа байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, оны босағаға тулақ төсеп отырғызады екен. Күйеу жігіттің қайынатасының төріне шығып отыруына қақысы болмаған, яғни, бұл күйеу жігітке қойылатын тыйымның бірі. Ел іші болған соң түрлі оқиғалар болып тұрады. Сондай оқиғалардың біріне қатысты « . . . атаңның төрі тұрмақ көріне кірерсің» деген сөз қалған. Осыған байланысты ел ішінде сақталған мынадай бір аңыз әңгіме бар. Ертеде бір жас жігіт қайынатасының үйіне келгенде, жеңгелері күйеудің астына тулақ төсеп отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен, бөтен адамды көріп қалып, арс етіп үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрден бір-ақ шығыпты. Жеңгелері бетін шымшып: «Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетті ғой», - дегенде, ол есік жақтағы төбетті қолымен нұсқап: «Апандай бәлекет арс етіп ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің», - деген екен.
Теріден жасалған бұйым түрлері көп болған, соған орай қалыптасқан атаулар да мол: тайжақы, тон, ішік, тізеқап, шалбар, желетке, кеудеше, жеңсе, алшалғы, тымақ, құлақшын, бөрік, алдаспан бауы, айыл, ноқта, жүген, адырна, бау, баулық, белдік, божы, желдік, желкелік, тебінгі, т. б.
Тоқыма бұйым атаулары. Тоқымашылық о бастан-ақ әйелдерге тән кәсіп, өнер түрі болып қалыптасқан. Ол алғаш әйелдердің өсімдіктер мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталған.
Күні бүгінге дейін тұрмыста алаша, құр, шекпен, кілем тәрізді тоқыма бұйымның көптеген үлгілері кездеседі.
Мақтадан тоқылған маталар бөз, боз, тор, шыт деп аталған. Мал жүнінен де иіріп, жүн маталар тоқылған. Ал жібек маталар Қытай мен Самарқаннан, Ферғанадан тарады.
Алаша деп әртүрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып жолақтап тоқылған, көбінесе жерге төсейтін тақыр кілем, төсеніш түрін айтады. Оның түрлері: әрекет // жүн алаша - жүннен тоқылған алаша, кілем шалша - ою-өрнек салып тоқылған алаша, қарала - алашаның жергілікті атауы, терме алаша // терулі алаша - әшекейлеп, өрнек салып тоқыған алаша, мақта алаша - мақта жібінен тоқылған алаша, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz