Қолөнер туындыларын жасау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қолөнер туындыларын жасау

ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Темір шаңқоңыз

Шаңкобыз халық арасында көп тараған аспаптардың бірі. Шаңқобызды оңай жасау жолы былай, 5 мм көк сым темірден керегін қырқып, қақ ортасынан бастап, дөңгелетіп иіп, қылта бүйірінен ұшына дейін үшкірлеп, қыры мен ұшын теңестіреді. Ортасынан тілше еркін өтетіндей ашық қалдырады. Тілшені ортасына орнатып, тілшенің басын қайырып жұмырлайды, бұл саусақпен қағып ойнауға арналған. Шаңқобыздан дыбыс шығару үшін, сол қолмен

Шаңқобызды тіске тақап тұрып, тілше тіс арасынан еркін өту керек. Тілшені қимылдатқанда дыбыс шығады, одан соң ауа сору, ауа шығару, тілді ойнату, тілді бұрау, сөйлеу арқылы дыбыстар шығады.

Ертеректе шаңқобыз әрбір үйде болса, қазір бір ауыл бойынша, бірде бір шаңқобыз табылмайды, өйткені шаңқобыз жасайтын ұсталар кем, бұрынғы ұсталарда ісін жалғастырушы шәкірт болмаған. Естеде шаңқобызда жақсы ойнайтындарды әр елден жинап жарыстар өткізіп тұратын, ал қазір ол

жарыстардан ауыл алыстап кетті. Өйткені, шаңқобызда ойнайтын шеберлер аз, әрі шаңқобыз табылмайтын аспап болды.

Шаңқобызды бірден үйрену қиын, үнемі ұстамай ойнап, ойнаған сайын шеберлік артып, ойнаған тәсілі дамиды.

Шаңқобызды жылдам ойнау, ұзақ ойнау күтуді, қайғыруды білдіреді. Мысалы түркімен фильмі "Келін" киносында соғыстан қара қағаз келді - десе

де, күйеуін күтіп әлі тірі деп, қайғырып, күтіп жүрген келін жасырынып отынға барғанда өз көңіл күйін шаңқобызды ұзақ ойнап білдіреді. Сол сияқты шаңқобызды мықты шебер тартатындар тіпшесін қолмен, шалмай аударып тілмен шалып жарыстарда бәйге алғандар болған.

Ән сабағында оқушыларға шаңқобызды жұдықтағы бейнесін көрсетіп қана қоймай, аспапты түпнұсқа ретінде көрсетсек, жасалу жолын үйретіп, ойнап тартып үйретсек сабақ мазмұнды өтер еді. Оқушылар қызығып ойнауға талаптанады.

Асатаяқ

Асатаяқ- ежелден келе жатқан сілкімелі аспап. Бақсылар қарапайым халықты өзіне қарату үшін, даңғыра қол қобыздармен қатар асатаяқты да пайдаланған. Бақсылық жойылғаннан кейін асатаяқ ұмыт бола бастап еді. Бірақ ел арасында сауықшы, өнерпаздар оның музыкалық сипатын дұрыс танып, қайта жаңғыртып өз өнерлерінде пайдаланды. Соңғы жылдары музейлерде сақталған көне нұсқаулары бойынша бірнеше асатаяқ жасалып, музыкалық аспаптар қатарына енгізілді. Асатаяқ тек ән, күй әуеніне қосылып коймай, би ырғағын дас үйемелдейді.

Тұяңтас

Тұяқтас - қазақ тұрмыс-салтында ежелден келе жатқан ойнауға ыңғайлы музыкалық аспап. Әлбетте қазақ халқы бұл аспаптың мүмкіндігін ескермей қалған жоқ. Ұзатылу әр қыздың маңдайына жазылған болса да, домбыра тарту кез келгеннің қолынан келмеуші еді. Сондықтан қыздың игеріп кетуіне ыңғайлы тұяқтас қоштасу әнін сүйемелдеуші бірден бір аспап болып дәстүрге енген. Қазіргі қыз ұзату рәсімінде сыңсу, қоштасу ұмытылды. Ескіріп келмеске кетті. Ал тұяқтас музыкалық аспап ретінде бүгінгі өнердегі өмірімізден берік орын алды.

Тұяқтас жасап алу оңай. Тұяқтас жылқының тұяғынан жасалады, не болмаса шеберлер қатты ағаштан жасайды.

Жаңа сойылған жылқы, тай тұяқтарын кесіп алып 1-2 сағат қайнатады. Қайнап ет сүйектен ажырағанда тұяқ ішіндегі сүйекті қазық, пышақ арқылы шығарып тастайды. Ернеуін пышақпен кесіп тегістеп кептіреді 2-3 күннен кейін кепкен тұяқты егеумен құм қағаздармен, тазалау керек, әбден тазаланған тұяқтың сыртына өрнек салып, ұстайтынын теріден жасап мыс, күміс сымдармен әшекейлеп безендіріледі.

Ожау

Жаңғақ ағашынан жасалған шоқпар атты ожау. Шоқпар ертеректе қазақ батырларының бес қаруларының бірі болған. Ол кезде батырлар елін, жерін қорғап жүрген қару болса, ал қазір шоқпар бейбітшілік, достық ынтымақ болсын деген мағына береді. Ожаудың екінші мағынасы жау келсе қаруың, тамақ келсе қасығың деп аталады. Екі батыр бейбітшілік заманда сусынын, қымызын сапырып отырса, елге жау шапқан жағдайда тез арада екі батыр бірігіп ожауы жоқпарға айналып елін, жерін қорғайтын қару ретінде пайдаланған. Енді ожау түрлеріне тоқталайық.

Емен ағашынан жасалған, "Қол" ожау бірбасты сабы иіріліп, басында сақина ойылып жасалынады.

Емен ағашынан жасалған "Шимай" бір басты ожау, сабы өрнектеліп әшекейленіп құс бейнесіне келтірілген.

Тұт ағашынан жасалған ожау "Бұқа басы" деп аталады, бір құймалы сабына қарай қара мал басы, сабы малдың аяғына келтірілген. Қара мал терісінен өрнектеп шашақ жасалған.

Тұт ағашынан жасалған қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген екі басты ожау.

"Асык ожау" бұл тұт ағашынан жасалған қос бас ожау. Қазақтың ұлттық ойыны асықпен байланысты. Оның сабы алшы, тәйке, шік, бүк, омпа асықтарымен біріктірілген.

Тұт ағашынан жасалған "Кәрі жілік" киелі ожау, ожау бір басты, құйма басына бекітілген малдың артқы аяғы санымең біріктіріліп, ұлу "жылына байланыстырылып бейнелеп, жоғары қарай ойып, сабына кәрі жілік істелінген. Киелі ожау деп аталады. Кәрі жілікті тамақ ұсынғанда кәрі әжелерге ұсынған, әрі босағаға іліп коятын болған.

Шие ағашынан жасалынған "Тұмарша" ожау халқымыздың дүниетаныммен, рухани, салт-дәстүрлермен, ырым жорамалдармен сабақтасып жатады. Алты қырлы тұйық өрнек бізге өте көне дәуірден жеткен. Ол барлық түркі халықтарын біріктіруші, жалпы өрнек. Ол түркі тілдес халықтары ұғымында достықты, бақытты, мәңгілікті, білдіреді.

Үскірік

Үскірік аспапты 1974 жылы Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданы, Емір совхозынан табылды. Халық шебері Балтан Әнесов жасағақ бұл аспапты оның қызы Хадиша аркылы алдырып, ғалым Болат Сарыбаев біршама зерттейді. Оның құрылыс бітімін, дыбыс шығару мүмкіндігін, жасау жолдарын, ойнау тәсілдерін анықтады. Ішкі мүмкіндіктерін анықтап мүмкіндігінше жетілдіруге күш салды. Осындай зор еңбектің нәтижесінде аспап өмірге келді. Үскіріктің үні майда, құлаққа жағымды. Ойнай білген адам одан құйқылжыған сан алуан дыбыс шығарады. Құстың сайрағанын, боран уілін, сәбидің жылаған дауысын, қасқыр мен иттің ұлығанын оңай келтіруге болады.

Шынында осы үскірікте баланың жылағанын, қасқырдың ұлығанын келтіру қазақ халқына неге керек болды деген ой туды. Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ертеректе 1 үй, 2 үй болып, тау етектерінде қоныс аударып, малын бағып тыныш өмір сүріп жүрген халықтың малдарына қасқыр шаба бергеннен ойлап тапқан аспабы тәрізді. Өйткені қасқырларды бір жерге жинау ете қиын, ол үшін баланың жылағаны немесе қасқырдың ұлығаны керек. Қасқырлар ұлығанда бір жерге жиналады немесе сәбидің жылаған дауысын естісе сол жаққа бет алады. Үскірікті ойлап тапқан қазақ халқы ұлыған қасқырдын дауысын салып, бір жерге жинап қасқырларды қырып отырған деуге болады. Ал музыкада халық әндерін орындап күй, би сүйемелдеуге де ыңғайлы. Басқа көне аспаптар санында тұрып, ансамбльге өзіндік үн қоса алатын бұл аспап сазсырнай сияқты сазбалшықтан иленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz