Қонақ үй шаруашылығының даму тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

13. Лекция тезистері

Лекция 1.

Тақырып: Қонақ үй шаруашылығының даму тарихы

1. Қонақ үй шаруашылығының көне дәуірде қалыптасу тарихы

2. Қонақ үй шаруашылығының орта ғасырларда даму тарихы

3. Қонақ үй шаруашылығының жаңа кезеңдегі даму тарихы

4. Қонақ үй шаруашылығының дамуының қазіргі жағдайы

Қонақжайлық индустриясы кәсiпорындарының эволюциясын қарастыра отырып, адам қоғамының даму кезеңдерiне сәйкес келетiн кезеңдердi атап кетуге болады:

• көне

• ортағасырлық

• жаңа кезең

• Қазiргi замаңғы кезең

Көне кезең (б. э. д 4 мыңжылдық - б. ғ. 476 ж. )

Тарихшылардың көпшiлiгi қоғамдық дамудың бұл кезеңiне көбiнесе алғашқы қонақтық кәсiпорындарды - қазiргi заманғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың алғашқы үлгiлерiн жатқызады. Бұл сияқты кәсiпорындар - тавернарлар - туралы ескерту көне манускрипталарда кездеседi, солардың бiрi б. д. д. 1700ж. жазылған Вавилония Хамупапи патшаның көдексi болып табылады.

Б. д. д. 1 мыңжылдарда Көне Грекияда таверналар әлеуметтiк және дiни тiршiлiктiң маңызды элементi болып табылды. Таверналарда жолаушыларды жайғастыратын орындар болса да, олар көбiнесе тек тамақ беру қызметiн атқаратын. Сауданың дамуы және сонымен байланысты ұзақ сапарлар тек тамақ берудi ғана емес, сонымен қатар жатар орынды да қажет еттi. Осы жағдай кәсiпорынның басқа түрi - керуен сарайлардың шығуына әкелдi.

Рим империясының аумағында керуен сарайлар ең көп таралған болып саналды. Көне заманғы римдiк керуен сарайлар қалалармен деревняларының негiзгi жолдарының бойында бiр-бiрiнен шамамен 25 миль (40, 225 км) қашықтықта орналасты.

Рим мемлекетiнiң негiзiнде жатқан қатаң классикалық құрылым сол кездегi қонақжайлық кәсiпорындарының қызметтерiне әсерiн тигiздi. Атап айтқанда, жолаушыларды орналастыру бұл жерде топтық белгiлер бойынша жүргiзiлдi. Қарапайым халықтан шыққан көпестер мен саудагерлер және басқа саяхатшыларды ешқашан мемлекет қызметкерлерi және үкiмет хабаршыларымен бiрге орналастырмайтын. Бұл жағдай керуен сарайлардың санасына әсерiн тигiздi. Яғни, аристократ уәкiлдерi мен мемлекет шенеулiктерi тоқтайтын сарайлар архитектуралық өнердiң барлық ережелерi бойынша салынды және сол кезеңдегi ең жоғарғы қызметтер түрiн ұсынды. Марко Поло былай дедi: мұндай керуен сарайда “корол де тоқтап өтсе ұят болмайды”.

Төменгi тап азаматтарына қызмет етуге арналған таверналар мен керуен сарайлар жатын орын мен демалыс үшiн ең төмен жағдайлар ұсынды. Мысалы, көп жағдайларда жолаушылар сабан үстiнде ұйықтайтын және суық күндерi тоңып қалмауы үшiн өз аттарымен бүйiр тiрiсе жататын. Қосымша жағдай жасау туралы сөз де қозғамайтын.

Қонақжайлық кәсiпорындардың пайда болуында Таяу Шығыста, Азияда және Закавказьядағы сауда байланыстарының дамуы аса зор маңыз ойнады. Бұл аймақтармен ең iрi сауда жолдары өттi, және бұл жолдармен тауарға толы керуендер ағылып жатты. Керуеншiлердiң жатын орнын ұйымдастыру үшiн сауда жолдарының бойымен арнаулы орналастыру пункттерi - керуен-сарайлар құрылды, онда адамдар орналасты және түйе мен аттар үшiн де қашалар дайындалды. Және олардың бәрiн қорған қабырғалармен қоршады, қорған табиғат сұрапылдарынан (жел, жаңбыр, дауыл) және ұрылар мен қарақшылардан қорғады.

Рим империясы құлаған соң б. э. 476 жылы қонақжай кәсiпорнының дамуында жаңа кезең басталды.

Орта ғасыр (б. э. 5-15 ғғ. )

Орта ғасырда қонақжай кәсiпорындарының дамуына дiни дәстүрлер үлкен әсерiн тигiздi. Бұл кезеңде киелi орындарға қажылық iстейтiн адамдар саны бiрден көтерiлдi. Шiркеу монастырларға қажылық жасаушыларға қонақжайлық көрсетудi мiндеттедi, оларға жатын жер тауып берудi, тамақ бергiзудi мiндеттедi. Осы кездерi осындай қызмет көрсететiн басқа да орындар пайда болды. Мысалы, франк королi, кейiннен император Карл Великий (742-814) шiркеулерге қамқорлық жасай отырып, 8 ғасырда қажылық етушiлердiң демалуы үшiн арнаулы үйлердi салғызды. Осындай үйлердiң бiрi, Ронсельваль аңғарындағы аббаттық саяхатшыларды қуана қарсы алады, тегiн нан бердi, шаштараз, етiкшi қызметтерi тегiн және аббаттық қамбасынан жаңғақтар мен жемiстер және басқалар тегiн берiлдi.

Монастырлердiң саяхатшыларға осыншалықты тегiн қызмет көрсетулерi жеке орналастыру кәсiпорындарының дамуына кедергi жасады. Англияда жеке керуен сарайлар мен таверналардың дамуына үлкен түрткi тек Ортағасырдың соңғы кездерiнен бастап басталды. Әсiресе ағылшын королi Генрих 8 монастырлердi секулязациялаған кездегi Реформация кезiнде бұл айқын байқалды. Бұл кезде саяхатшылар монастырлерге ақысыз тоқтауға үмiттене алмады, сөйтiп жеке керуен сарайларға тоқтауға мәжбүр болды.

7-8 ғасырларда керуен сарайлар - алғашқы қонақ үйдiң негiзiн қалаушылар - Ресейде де пайда болды. Ол кезде оларды “шұңқырлар” деп атайтын және олар бiр-бiрiнен атасуындай жерлерге орналасты. 15 ғасырда керуен сарайлар жәмшiк бұйрығының жүргiзуiнде болатын патшалық станцияларда құрылды. 15 ғасырда Ресейдiң үлкен қалаларында қонақ үй аулалары салына бастады. Олардың керуен сарайдан айырмашылығы, тамақ және жатын орыннан басқа сауда орындары да болды, яғни мұнда мебелмен жабдықталған бөлмелер, сауда қатарлары, сәкiлерi және складтары болды. Бұлар дуалмен қоршалды және қақпамен бекiтiлдi. Шетелдiктердi қонақ үй ауласына орналастыру ұлты бойынша жүргiзiлдi. Новгородта 15-17 ғасырларда “немiс” және “голланд” қонақ жайлары, Москвада “ағылшын”, “грек”, “армян” және басқа да қонақ жайлары болды.

13 ғасырда қонақ жайлар Витебскiде, Гроднода, Бресте, Слонимде және басқа да белорус қалаларында пайда бола бастады. 15-16 ғасырларда белорус көкестерi үшiн Бренскiде, Москвада арнаулы қонақ жайлар салынды.

Қонақжайлық кәсiпорындары қызметiнiң дамушы бағыты алғашқы кәсiпшiлiк ассоциациялардың құрылуы болып табылды. Осылай, 1282 жылы Италияда Флоренция қаласының трактирщиктерi өздерiнiң гильдияларын құрды.

Жаңа кезең (16ғ - 20ғ. басы) .

Сол кездегi мәдени және әдеби өмiрдiң орталығы болып табылған алғашқы кофеханалардың ашылуы 16 ғасырға жатады. Олардың пайда болуына Батыс Европада кофе және шай сияқты экзотикалық сусындардың таралуы себеп болды. Алғашқы европалық кофеханалар 1652ж. Лондонда және 1683ж. Венада ашылды. Атап айтсақ, Венада бiрiншi рет бал және сүт қосылған кофе ұсынылды. 17 ғасырдың соңында кофеханалар Европа континентiндегi көп таралған құбылыс болып саналды. Iрi қалаларда олар ондап саналды.

1953 жылы Парижде бiрiншi менйрамхана “Тур д′Аржанның” ашылуы да осы кезеңге жатады, мейрамхана бұдан кейiнгi екi жүз жылдықта да тамаша қонақ жай болып саналады, себебi оның ең негiзгi қызметi тамақ беру болып саналды. “Ресторан” деген термин кейiннен 18 ғасырдың екiншi жартысынан бастап қолданылды. “Ресторантес” сөзiмен (французша “нығайтушы, қалпына келтiрушi” дегендi бiлдiредi) Буланже төренiң тәулiк бойы жұмыс iстейтiн париждiк тавернасының ең негiзгi тағамы болып табылатын сорпаны атайтын, ал Буланженi қазiр бүкiл дүние жүзiнде “қазiргi заман ресторанының әкесi” деп атайды. Ол 1767 жылы гильдияларды азық-түлiкпен жабдықтаушы ет тағамдары монополиясын иемденушiлерге қарсы iстi Жоғарғы сотта жеңiп шығады, ол клиенттерге алғаш болып тамаша дайындалған тағамдар ұсынады. Ең әйгiлiсi вино соусында қой етiнен дайындалған сорпа болып саналды және Буланже кортошкасы да әйгiлi болып саналды (дөңгелек болып кесiлген, ащы, өткiр сорпамен пеште дайындалады) .

1789-1799 жылғы Ұлы француз революциясының кезеңiнде француз шеф-аспаздарының басқа елдерге жер аударылуымен байланысты, мейрамхана идеясы бүкiл дүние жүзiне кеңiнен таралды, себебi аспаздар барған жерлерiнде мейрамхана бизнесiмен айналысты.

1800 жылдары ағылшындар өз көршiлерiнiң мейрамханалық концепцияларына елiктей бастады. Ағылшын мейрамханасы ұлы мекеме болып саналды - жоғарғы ас үй, жоғарғы декорум, жоғарғы сервис әлемi болды.

19 ғасырдың ортасына қарай “а ла карте” менюiн қолдану басталды. Клиент өзiне ұсынған тiзiмнiң iшiнен өзiне ұнаған кез келген тағамды таңдай алады.

1898ж. Лондонда “Савой” отелi ашылды. Оның басқарушысы белгiлi Цезарь Ритц (қазiр Ритц-Карлтон отелдерi оның атымен аталады), ал бас аспазы - Жорж Агност Эскофье болды. Бұл екеуi қонақ үйлерде мейрамханаларды ұйымдастыруда нағыз революция жасады. Эскофье өз кезеңiндегi ең атақты аспаздардың бiрi болатын. Оған әйгiлiлiктi аспазшылық туралы кiтапша шығарғаны әкелдi, сонымен қатар оның ас үйде бригадалық жұмысты ұйымдастырғаны да әйгiлiлiк әкелдi.

Қонақжайлық кәсiпорнын дамытудағы ерекше рөл АҚШ-қа тиесiлi. Тарихшылардың ойынша, бұл жерде бiрiншi қонақ жайлар Европаға қарағанда кештеу, тек 1607 жылдары ғана пайда болды. Алғашқы таверналардың бiрi Бостонда 1634ж. ашылды. Нью-Йоркте (ол кезде ол Жаңа Амстердам деп аталатын) 1642ж. тавернаны голландықтар ашты. Сол кезден бастап таверналар қоғамдық өмiр орталығы, солдаттар мен бизнесмендердiң кездесу орындары болды. Олар тек қала iшiнде ғана емес, сонымен қатар жол бойларында және әсiресе жол айырықтарында ерекше дами бастады.

Америка континентiнiң жерiне аяқ басқан европалық ауғындар қонақ жай және таверналарды салу және басқару бойынша өздерiнiң жүздеген жылдар бойы жинаған тәжiрибелерiн өздерiмен бiрге ала келдi. Архитектурасы, орналасуы және ұсынатын қызметтерi жағынан қарағанда америкалық таверналар мен қонақ жайлар көпшiлiк жерлерiнде европалықтарға ұқсайтын, тек аздап қана ерекшеленетiн. Мысалы, адамды орналастыруда бұл жерде таптық белгiлердi ескермейтiн едi. Көбiнесе әлеуметтiк қызметтердi орындайтын европалық кәсiпорындарға қарағанда, америкалық кәсiпорындар өздерiнiң алғаш жұмыс iстеуiнен бастап-ақ коммерциялық бағыттанушылықты ұстады, яғни пайда табу мақсатында құрылды.

Құрама Штаттарында ең бiрiншi ашылған қонақ үйi - Нью-Йорктегi Бродвейде орналасқан 70-бөлмелi “Сити - отель” болды. Бұл әйгiлi оқиға 1794ж. болды. 1829ж. Бостонда АҚШ-тағы ең бiрiншi класты отель - “Тремонт” отелi ашылды, оның коридоршылары, регистрациясы болды және бөлмелер құлыптанатын болды, тiптi тегiн сабын да берiлдi. Бұл ашылу АҚШ-тың көптеген қалаларында, Шығыс жағалауларда, сонан соң Батыс пен Оңтүстiкте отелдердiң салынуына негiз болды. 19 ғасырдың аяғында бұл жерде екi типтегi қонақ үйлер көптен таралды. Бiрiншiлерi үлкен және сәндi болатын - олардың кейбiрi тiптi архитектуралық шедевр болатын, оларда кең вестибюльдер, бал үшiн залдар, лифт, сантехник, электрлiк жарықтандыру және басқа да жақсы жақтар болды. Ал басқалары - кiшкентай және тозығы жеткендер едi, қызметтерiн төмен бағада ұсынатын.

АҚШ-тағы бiрiншi мейрамхана 1831 жылы Нью-Йоркте ашылған әйгiлi мейрамхана “Дельмонико” болып саналды. Көп кешiкпей бұл атау таңдаулы тамақ пен мiнсiз қызметтiң синомимi болып табылды.

Сол кездерi АҚШ-тағы мейрамханалық iстiң дамуына француздық дәстүрлер үлкен әсерiн тигiздi. 1852 жылдарда әрбiр бiрiншi кластық америкалық отельдiң өз француз-бас аспазы болды. Менюдi де француз тiлiнде жазып қоятын, бұл ағылшын тiлдiк келушiлерге қиындық туғызатын. “Дельмонико” мейрамханаларының иелерiнiң бiрi Джон Дельмониконың арқасында меню екi түрлi тiлде жазылатын болды. Бұл дәстүр жыл өткен сайын дүние жүзiне кеңiнен таралды.

19-20 ғасырларда қонақ жайлық индустриясы маңызды салаға айналды. Қонақ үйлердi салумен, кадрларды дайындаумен, бағаны тағайындау сұрақтарымен қонақ үй бiрлестiктерi, синдикаттар, акционерлiк қоғамдар, корпорациялар айналыса бастады. 20 ғасырдың басында олардың iшiндегi ең әйгiлiсi қонақ үй иемденушiлерi ең әйгiлiсi қонақ үй иемденушiлердi Лондон синдикаты және француздық “Қонақ үй қожайындарының одағы” болды. 1906 жылы дүние жүзiнiң әртүрлi елдерiндегi 1700 қонақ үйдiң қожайындарын бiрiктiрген қонақ үй қожайындарының Халықаралық одағы ұйымдастырылды.

1910 жылы Ресейде қонақ жайлар мен трактирлердi есепке алмағанда, жеке иеленуде тұрған 4865 қонақ үйiнiң барлығы белгiлi болды. Олардың iшiндегi ең әйгiлiлерi - Петербург акционерлiк қоғамымен Москвада 1897-1907 жылдары салынған “Метрополь” қонақ үйi; “Люке” қонақ үйi (негiзiн қалаған - москвалық нан пiсiрушi Филиппов) ; Гран-отель (қожайыны - көпес, миллионер Корзинкин) ; Шевалдышевтiң “Европа”, “Париж” қонақ үйлерi және басқалар.

20 ғасырдың басында Минскiде 30 таяу жекеше қонақ үйлер жұмыс iстедi. Олардың кейбiреулерi 10-15 бөлмелiк жай ғана мебельмен жабдықталған үйлер едi. Сонымен қатар Минскiде Солтүстiк-Батыстағы ең iрi қонақ үйi “Европа” жұмыс iстедi, ол 30 нөмiрден құралды, сол кездегi ең үлкен қызметтер түрiн көрсеттi, әйелдер және ерлер шаштаразысы, мейрамханасы, кiтапханасы, лифтiсi, вокзалға дейiн жеткiзетiн автомобилi болды.

I. III. ҚР-ғы қонақ үй бизнесiнiң қазiргi жағдайы

Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы көбiрек сұраныста болатын жылжымайтын коммерциялық офистiк және сауда секторларының көлеңкесiнде қалды. Инвесторлар мен девелоперларды жобалардың ұзақ мерзiмдi орны толушылығы және қонақ үй бизнесiнiң ерекшелiктерi қызықтырмады. Бiрақ соңғы бiрнеше жылдарда Қазақстанға келушi шетелдiк қонақтар саны жыл сайын өсуде. Сондықтан қазiргi уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексi секторы дамып келедi. Шетелдiк және отандық салушылар елiмiздiң қолайлылығын дамытуға инвестицияларын белсендi сала бастады.

Қазақстанға келушi туристердiң басым көпшiлiгi iскер немесе конгрестiк туризм саласына жатады. Қазақстандағы iскер және әкiмшiлiк орталықтың динамикалық дамуы осы бағытқа жағдай жасайды. Туристердiң жалпы санының 80%-i бизнес-қонақтар үлесiне тиедi. Сондықтан да, Алматы мен Астанада қонақ үй бизнесi жоғары дамыңқыраған.

Кесте-1, ҚР-да қонақ үй санының өсу жағдайы

Ал 2006 жылдың 1-шi тоқсанында республикада 415 қонақ үйi тiркелдi, оның iшiндегi 52 - Алматыда (жалпы санның 12, 5%-i) .

Орналастыру (қонақ үй) объектiлерiн пайдаланудан түскен табыс 5 млрд. теңгеден артықты құрады, Алматыда - 2, 6 млрд. теңгенi (жалпы елдiң 52%-iн) . Сарапшылардың мәлiметтерi бойынша қонақ үй бизнесiнiң барлық потенциалдық табысының шамамен 25%-iн жеке пәтер үй секторы алып қояды. Әйтсе де нарыққа қатысушылардың өзi бұл көрсеткiштi төмен деп санайды.

ҚР келетiн туристтер саны да жылдан-жылға артқанын байқаймыз. Статистикалық мәлiметтер бойынша ҚР-да тiркелген қонақ үйлерге келген қонақтар санын мына кестеден кере аламыз.

Қонақ үй шаруашылығын табысты дамыту үшiн Қазақстанда барлық мүмкiндiктер бар. Республиканың бай тарихы, сирек кездесетiн көне ескерткiштер, ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық, салыстырмалы ашықтық және бiрге iстесуге оның дайын екендiгi - осының бәрi туристiк саланың да, қонақ үйлiк саланың да қарқынды дамуына жағдай жасайды.

ҚР-дағы қонақ үй бизнесiнiң пайда болуы мен дамуын зерттеу және талдау келесi қорытындылар мен ұсыныстарды iстеуге мүмкiндiк бердi.

  1. Қонақ үйлiк қызметтер бизнесi кәсiпкершiлiк iс-әрекеттiң бiр түрi ретiнде сұраныс пен ұсыныстың нарықтық ауытқуларына барынша жақын болып шықты. Қонақ үйлiк қызмет көрсететiн тәуелсiз кәсiпорындар үшiн нарықтағы сервис бойынша баға жүйесiн жасау мүмкiндiгi пайда болады.
  2. Алматы қонақ үй комплекстерiнiң “жүзу” және “шарықтау” жағдайындағы жұмыс iстеулерiндегi қалыптасқан жағдайды талдау қонақ үй бизнесiнiң тиiмдiлiгi ең алдымен менеджменттiң тиiмдiлiк деңгейiмен байланысты болатынына толық негiз бердi.
  3. Басқарушылық инфрақұрылымын құру iрi инвестициялармен байланысты емес, ол ең алдымен жоғары мамандықты басқару кадрлерiндегi басқарушылық потенциялын қажет етедi, ал олардың тапшылығы қонақ үй бизнесiнде өткiр сезiледi және осыған сәйкес осы саладағы проблемалар өткiрлiгiне өз iзiн қалдырады.

Лекция2.

Тақырып: Қонақ үй шаруашылығы туралы жалпы түсінік: анықтамасы және ерекшеліктері

  1. Қонақ үй шаруашылығының анықтамасы және қызметі

2. Қонақ үй шаруашылығының ерекшеліктері

3. Қонақ үй шаруашылығының басқа кәсіпорындардан айырмашылығы

  1. Қонақ үй шаруашылығының анықтамасы және қызметі

Қонақ үй бизнесінде ең кең таралған және ең ескісі қонақ үй кәсіпорыны. Қонақ үй белгілі бір уақыт ішінде, басқа бір аймаққа бару мақсатымен саяхатқа шығуы, түнеу үшін белгілі стандарттар бойынша құрылған ғимараттар. Қонақ үй кісіпорынында қызметтің, өнімнің, өндіріс ұсыныстың процесінде қолданылатын құрал-жабдықтардан өндіріс көлемінің және орналасу түрінің қызмет көрсетуді құруда маңызды болып табылады. Қоанқ үй қызметі - бұл келген қонақтың түнеуінен бастап бүкіл басқа демалу, көңіл көтеру, тамақтану, емделу сияқты қажеттіліктерін қамтамасыз ететін орын болып саналатындықтан, саладағы персоналдардың басым бөлігі қонақ үй қызметтеріне жұмылдырылған.

Қонақ үй, туризм секторының негізін құрып, демалушыларға затпен қызмет беретін құрылыс. Бұл құрылыстар әр жерде әр түрлі көріністе болуымен қатар, мақсаттар бір болған адамдарға қызмет көрсетеді. Қонақ үйде берілген қызметтердің өлшемі қонақ үйдің физикалық құрылысымен қонақ үйде жұмыс істейтін қызметшілердің біліміне байланысты.

Қонақтау өндірісінің тарихы дамуына қарасақ, біздің эрамызға дейінгі 500 және біздің эрамыздан кейінгі 500 жылдар арасында саяхат жасаған адамдар қонақтау қажеттіліктерін өтейтін хандар (орта ғасырдағы ақылы қонақтау ойымен дамыған ағылшын хандары) болған. Европада қонақ үйдің дамыған түріне келді және 1760 жылдан бастап «Қонақ үй» термині деп атала бастады. осыған байланысты қонақтау қызметтеріне кіргізген мотель, пансион және тағы басқа қызметтер, әсіресе 1890 жылдарда темір жол көлігінің және бу күшімен жұмыс істейтін кемелердің дәуірге кіруі және 1920 жылдары автомобиль дәуірінің басталуымен дамыған туризм оқиғасы және қажеттіліктердің өтелуімен бірге жарыққа шыққан қызметтер болған. Бірнеше ғалымдардың айтуынша қонақ үйге төмендегі анықтамаларды беруге болады:

- «Қонақ үй бірінші кезекте жергілікті жерге жат қонақтардың уақытша түнейтіндігі болса, екінші кезекте стандартарға ие және тамақтандыру қызметін ұсынатын коммерциялық кәсіпорындар».

- «Қонақ үй туристтерге саяхаттау барысында белгілі бір ақы төлеу негізінде түнеу тамақтану жолаушылардың саяхаттары бойынша жалақы құнын өтеу арқылы түней алатын және тамақтану қызметтерімен қамтамасыз ететін ұйым».

- «Қонақ үй кәсіпкерлігі, ғимараты, ғимаратының жабдықталуы, тауар мен қызметтері клиенттерді белгілі бір мерзім ішінде қанағаттандыра алатын сонымен қатар тамақтану қызметімен де қамтамасыз ететін ұйым».

- «Қонақ үй уақытша түнеу ниетімен келген жолаушыларды қабылдап және оларға орын бөліп, ресторанмен қамтыған ұйымның атауы»

Сонымен қорыта келгенде, қонақ үй кәсіпорын тарапынан айрықша бір келісім шартты қажет етпейтін, өзіне ұсынылған қызметке қарамастан, белгіленген құнды өтеуге қолдау білдіретін адамдарды тынығу мен қатар азықпен де қамтамасыз ететін орын. Немесе, өтпелі бір мерзім үшін орын ауыстыру және қонақтау мақсатында белгіленген стандарт бойынша жүйеге келтірілген кәсіпорын болып табылады.

2. Қонақ үй шаруашылығының ерекшеліктері

Қонақ үйге келген демалушылардың қонақтау, бағу тағы басқа қонақ үйлердің басты ерекшеліктерін мына түрде түсіндіруге болады:

- Қонақ үй қызметтері «уақыт» сатады. Қонақ үйдің бір бөлмесінің 24 сағат ішінде сатылуы керек. Бөлменің сатылуы түнмен шетелген. Ол түні сатылмаған бөлме, өндірісші үшін үлкен қаржының жоғалуы деп есептеледі. Қонақ үй қызметінің артық бөлме ұстау ерекшелігі жоқ. өндірілген немесе дайындалған кезінде сатылуы керек.

- Қонақ үй өндірісі «адамның күшіне» сүйенеді. Қонақ үй құрылыстарында керек қызмет ұсынуда керек болса, басқа функциялардың орнына келтіруінде кең өлшемде адам күшін қолданады. Қонақ үй өндірістерінде автомацияны қолдана алатын алаңдар өте шектеулі. Мысалы: бухгалтерия және брон жасау бөлімдерінде компьютер пайдаланады. Бұған байланысты, төсектердің жасалуы, тамақтардың дайындалуы немесе қызметіне демалушылардың қарсы алуына дейін бірнеше алаңында адам күшімен пайдаланады.

- Қонақ үй қызметтері мен қонақ үй қызметкерлері арасында жақын бір іс бірлігі керек. Қонақ үй бір-біріне өте бағымды бөлімдерден шыққан экономикалық және әлеуметтік бір құрылыс. Осы себептен қонақ үй құрылыстарында қажет қызмет ұсынуда керек болса, басқа функцияларды орнына келтіретін қызметшілер арасында тығыз іс бірлігі және екі жақты көмектесудің болуы міндетті.

- Қонақ үйлер тек қана қонақтау қызметін емес, тамақтану және көңіл көтеру сияқты бірнеше қажеттіліктерді де қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлық индустриясының даму тарихы
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Қонақ үй индустриясының дамуы
Меймандастық индустриясының дамуы мен қазіргі жағдайы
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz