ҚОРҒАСЫНЫ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ОНЫҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНДЕ АНЫҚТАЛУ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті
Қолжазба құқығында
ПАРАЗБЕКОВА ГҮЛБАНУ ТИЛЛАБЕКҚЫЗЫ
ҚОРҒАСЫНЫ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ОНЫҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНДЕ АНЫҚТАЛУ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Мамандығы 6N0113
Биология магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: м. ғ. д., профессор Б. К. Керімбеков
Түркістан - 2010
Жұмыстың мазмұны
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
1. Әдебиеттік шолу
1. 1. Судың химиялық құрамы . . . 5
1. 2. Қорғасынның сыртқы ортада таралу себептері . . . 8
1. 3. Қорғасынның адам денсаулығына зияндылығы . . . 11
2. Зерттеу әдістері
2. 1. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың топырағында зерттеу нәтижесі . . . 15
2. 2. Қорғасын мөлшерін сынамалы аймақтың суында зерттеу нәтижесі . . . 20
3. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалық деңгейі . . . 27
4. Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы . . . 28
5. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы . . . 29
6. Қоршаған орта панорамасы . . . 30
III. Қорытынды . . . 47
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 49
Кіріспе
Адамның биологиялық болмысына, денсаулық жағдайына әсер ететін алуан түрлі факторлар бар. Әдетте оларды химиялық, физикалық механикалық және биологиялық деп қарастырады. Әрқайсысының әсері жiті талданады.
Химиялық фактор барлық себептердің арасында басымдылық танытады. Олар ауаны, топырақты, суды, ағзаны ластайды.
Сыртқы ортаны ластайтын кәсіпорындардың қатарына жылу энергиясын өндірушы қазандықтар, қара және түсті металлургия орындары, автотранспорттар жатады. Бұрынғы уақытта кәсіпорындардың үлесі басым болатын, ал қазіргі уақытта автокөліктердің әсері бірінші орында көрініс тауып тұр. Көлік түтінінің құрамында көмір тотығы, азот тотығы, көмірсутегілер, қорғасын, күйе сияқты улы заттар бар екендігі анықталған.
Миллиондаған автокөліктер жыл сайын ауа кеңістігіне 200 млн. тонна көмір тотығын, 40 млн. тонна көмірсутегілерді және 20 млн. тонна азот тотығын таратады [1] .
Жалпы алғанда автокөліктер түтіні құрамында 200-ге жуық қоспалар бар. Жоғарыда аталып көрсетілген заттардан басқа альдегидтер, акролеин, формальдегид, этилен қатарындағы қанықпаған көмірсутегілер (гексен, пентен) , бенз(а) пирен, органикалық қорғасын - тетраэтил қорғасын бар.
Топыраққа сіңген қорғасын нитриттегіш микробтардың мүмкіндігін азайтады, топырақтың өздігінен тазару қасиетін кемітеді, қан қорыту жүйесіне теріс әсер етеді [2] .
Судағы қорғасын бейорганикалық заттардың қатарынан орын алған. Дейтұрғанмен, оның шектеулі мөлшері анықталған [3] .
Әртүрлі факторлардың биологиялық әсеріне баға беру үшін олардың организмге тиімділігінің оңтайлы қатынасы ескеріледі. Егер факторлардың құрамы және әсерлік күші өзгерсе, қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Мұндай жағдайда ағзада өзгеріс байқалады.
Қоршаған ортаның зиянды факторлары аз мөлшерде әсер етсе организмдегі биологиялық жауап қорғаныс бейімделу үрдістің белсенділікке өтуімен айқындалады. Бұл ретте гомеостаз сақталынып аурудың алдын алу мүмкіндігі туындайды. Керісінше, зиянды факторлардың әсері ұзақ уақытқа созылса қорғаныс-бейімделу үрдісінде әлсіреу байқалып аурушаңдық кобейеді [4] .
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді айқындасақ әртүрлі зиянды факторлардың арасынан қорғасынға ерекше ден қойылды. Себебі бұл элемент сыртқы ортада көп таралған, әртүрлі өндірісте қолданысқа ие, организмде жинақталу қасиетіне бейім, денсаулыққа қауіпті. Сондықтан оның мөлшерін сыртқы ортада жүйелі түрде анықтап отырудың маңызы зор, мәселенің көкейтестілігі айқын.
Қазіргі кезде [59] Түркістан экоорталығына жан-жақты әсер етуші факторлар өте көп. Арал өңірінің бір шеті Түркістан аумағымен шектелсе, жиі-жиі соғып тұратын батыс бағытының желі, солтүстік бағыттан келетін Созақ ауылының желі жерді ұдайы қуаңшылыққа ұшыратады. Топырақ сортаң, өзен жоқ. Арыс - Түркістан канал суы маусымдық егін кезінде ғана пайда болады. Қала төңірегі, кішігірім ішкі көшелер ластаушы қоқыстарға толы. Лас қалдық суларды залалсыздандыратын сүзгіш аймағы ұйымдастырылмаған. Ішімдік су көздерінің 72 пайызы жеке жанұялардың құдықтарымен қамтамасыз етіледі. Ағаш егіп көркейту өте-мөте баяу дамуда.
Соңғы жылдық мерзімде (1988-1998жж. ) халық арасында созылмалы аурулар днңгейі 2, 1 есе көбейген. Әрбір екінші бала әрбір үшінші ересек адам денсаулығында қаупі бар санаттан орын алады. Түркістан қаласы тұрғындарының болашақ өмірінің орташа ұзақтығы соңғы 10 жылда 4 жылға кеміген. Мүгедектікке соқтыратын себептердің қатарында қан айналу жүйесінің аурулары, көз аурулары, туберкулез және ас қорыту мүшелерінің аурулары бар.
Түркістан қаласында соңғы 12 жылда бала тууының төмендеуімен, өлу жағдайларының өсуімен және тұрғындардың табиғи өсімінің азаюымен сипатталатын қолайсыз демографиялық жағдай орнаған. Медициналық көмек алу үшін жыл бойы қаралмаған балалар саны 16, 9 процент үлесті, ересектер саны 37, 4 процент үлесті құрайды.
Жалпы ауыз суды тұтыну екі түрлі жолмен іске асырылатыны белгілі. Тұрғындардың біршама бөлігі орталықтандырылған әдіс бойынша құбырлар арқылы жеткізілетін суды пайдаланса, ал орталықтандырылмаған жағдайда әрбір жанұяның жеке құдықтары болады.
Ғылыми ізденістерге талдау жасасақ, өте көп материалдар орталықтандырылған судың сапасына лайықты (қатысты) талқыланады, оның халық денсаулығы көрсеткіштеріне әсері туралы деректер беріледі, гигиеналық нормативтері ұсынылады.
Ауыз судың сапасына баға беру үшін зерттеу саласында химиялық талдау кеңінен қолданылады. Осыған орай, судың құрамында, біріншіден, улы химиялық заттардың мөлшерін табу болса, екіншіден, денсаулыққа зиянды арнайы қатысы бар кейбір химиялық заттарды анықтау арқылы жүзеге асырылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсетуі бойынша ауыз су құрамында улы заттар төмендегіше мөлшерде ұсынылған: мышьяк - 0, 05мг/л, кадмий - 0, 01мг/л, қорғасын - 0, 1мг/л, сынап - 0, 001мг/л, селен - 0, 01мг/л.
1. 1. Судың химиялық құрамы
Қазақстан жер қойнауы Д. И. Менделеевтің периодты жүйесінде көрсетілген химиялық элементтердің барлығына бай. Сондықтан ашық және жер асты суларында олардың біршама түрлері болуы ықтимал.
Алматы медицина институты жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі, профессор И. С. Корякиннің және Сырдария өзенінің ауыз суларының микроэлемент құрамы тексерілген (1964) . Денсаулық көрсеткіштерімен салыстырғанда, ауызсуда микроэлементтер жоғары деңгейден табылғанда ішкі секреция бездерінің, қан ұйыту жүйесінің аурулары төменгі межеден көріген, рак ауруы аз болған.
«Қарағанда облысындағы халықтың арнайы емес аурушаңдыққа шалдығуына ауыз су микроэлементтерінің әсері» деген тақырыпқа А. Д. Ефимова диссертация қорғаған (1997) . Автордың көрсетуінше микроэлементтер адам денсаулығына созылмалы түрде әсер ететін кіші интенсивті фактор қатарына жатады. Жұмыстың ғылыми жаңалықтары:
- Қарағанды облысында жер асты суларының микроэлементтік құрамы комплексті түрде бірінші рет анықталған, ол аймақ геохимиялық ошақ қатарына жатқызылған;
- Жер асты ауыз суларының микроэлементтік құрамы кейбір арнайы емес ауру түрлерімен сандық байланыста болатыны дәлелденген;
- Орталық Қазақстан тұрғындарының денсаулығына ауыз судың микроэлементтерінің комплексті құрамының әсер ететіні алғаш рет табылған.
Тексерілген жер асты ауыз суларында алюминий, бор, темір, марганец және фтор мөлшері аз болған (шектеулі норма дозасынан - ПДК-0, 1-ден төмен), алюминийден, мыс және цинк мүлдем жоқ болған.
Судағы марганецтің байланыстылығы ет-сүйек және тыныс жүйесі органдарының ауруларына, мыс - жүрек - қантамырларының ауруларына, алюминий - несеп шығару органдарының патологиясына дәл келген.
Ауыз су құрамында қорғасын мен фтордың мөлшерінің деңгейі норманың жартысына ғана тең болғанын немесе оданда аз екендігін автор Қарағанды облысының айрықша ерекшелігі деп көрсетеді.
Жалпы айтқанда, судың химиялық құрамын жеке ғылыми тексерулерден өткізу немесе денсаулық көрсеткіштерімен байланыстырып зерттеу Қазақстан территориясында өте аз.
Қазақстан территориясында небәрі 5 аймақта судың химиялық құрамы тексеріліп, денсаулыққа қатысты талдаудан өткен. Айталық, Ақтөбе облысында тұрғындардың 43 пайызы құдық суларымен қамтамасыз етіледі. Көптеген аудандардың - Мұғаджар - Темір - Шалқар - Байғанин - Ырғыз - жер асты құдық суларының мөлдірлігі аз, тұзды, ал фтор деңгейі норманың 0, 3-0, 5 пайызына тура келеді. «Санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты, әлеуметтік тұрмыстың қиындағанына орай гепатит, туберкулез аурулары және бала өлімі көбейіп кетті» деп жазады авторлар[59] .
Арал аймағындағы халықтың ауыз суының гигиеналық және экологиялық проблемасын М. Е. Кулманов, К. Р. Амрин, У. И. Кенесариев және басқалар зерттеген. Авторлардың хабарлауы бойынша Арал теңізінің суы тартылуына қарай жер асты суларының тұздылығы молая түскен. Мысалы, Арал мен Қазалы аймақтарында судың минералдануы 2300-3700 мг/л болса, 1995 жылға жасалған болжам бойынша 500-7000 мг/л болады деп күтілген. Судың мұндай қаттылығынан несеп шығару жүйесінің қызметіне ауыртпалық түседі, организмде темір тұзының жетімсіздігі байқалады. Осыған қарамастан тұрғындардың басым көпшілігі құдық суларын пайдалануын жалғастыруда.
Шетел ғалымдарының тұжырымдарына сүйенсек, судың құрамының химиялық ерекшеліктері (мысалы, Арал маңындағы су) кейбір соматикалық аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мұны бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері дәлелдеп беріп отыр, яғни 80 пайыздай ауру су жарамдылығының өте төмендігімен және ортаның антисанитарлық жағдайымен түсіндіріледі екен. 1970-1989 жылдар аралығында Қызылорда облысының халықтарының аурушаңдығының көрсеткіші жалпы есеппен 3, 9 есе артқан, жүректің ишемия ауруы 10 есеге, бүйрек аурулары - 3 есеге көбейген.
Судың минералдылығының көптігінен «организмде темірдің мөлшері төмендейді» деген тұжырымға байланысты Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының балаларының арасында қаны сұйылу жас балалардың басым көпшілігінің салмағының азаюына (гипотрофия) және мешел (рахит) ауруымен зақымдануына соқтырған. Алынған мәліметтер бойынша мұндай жағдай аталған аймақтарда орта республикалық көрсеткіштерден 6-8 есе артық тіркелген.
К. Д. Дурманов, Г. Т. Беристемов пен Б. М. Бекишевтердің зерттеулері де Қызылорда облысын қамтиды. Авторлар өт тастарының пайда болуын ауыз судың минералды құрамымен байланыстыра тексерген. Зерттеу баламалы түрде орындалған, яғни Алматы мен Жаңақорған ауданының ауыз сулары Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз мекен-жайларына сынамалы (контроль) болған.
М. А. Шортанбаева Қарағанды мен Жамбыл облыстарында теориялық және практикалық маңызы өте зор ғылыми зерттеу жұмысын орындаған.
Экологиялық нашар ортадағы су көздерінің тұнбаларының химиялық құрамын тексеру арқылы судың сапасына гигиеналық баға берген. Тұнбалардың ластануы арқылы ауыз су екінші реттілік жағдайда қайталанып, үнемі денсаулыққа қауіп төндіріп тұратындығы анықталған. Ауыл тұрғындарының жалпы аурушаңдығының көрсеткіші, әсіресе нерв жүйесінің зақымдануы ластанған суды пайдаланудың әсерінен жоғары болған.
М. М. Шакиров Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты игеріліп жатқан аймақтың ауыз суының сапасын зерттеп, оны тұрғындардың тері ауруларымен байланыстылығына ізденіс жасаған. Бақылау Қарашығанақтан 1, 5-15 км аралықтардағы 11 мекен-жайда ұйымдастырылған. Сынамалы мекен-жай (п. Александровка) желдің бағытына қарсы жақтан 45км. қашықтықта орналасқан. Материалды талдау нәтижесі Батыс аймақта тері ауруларының деңгейі жоғары екенін көрсеткен (1000 тұрғынға 194, 1), ересектермен салыстырғанда балалар арасында 1, 5 есе жиі болған. Қарашығанақтықтарда Батыс Қазақстандықтарға қарағанда тері ауруының жалпы деңгейі 1, 9 есе, Республика көрсеткішімен теңестіргенде 1, 5-2 есе, сынамалы мекен-жаймен есептегенде 1, 5 есе көп тіркелген. Тері аурулары желдің бағытына орналасқан мекен-жайларда жиі байқалған. Бұған себеп ауада күкірттің екі тотығының, күкіртсутегінің, азоттың екі тотығының көптігі деп көрсетіледі.
Қарашығанақ төңірегінде өзен суларының сульфаттармен қанығып ластануы күкіртсутегінің жерге, суға жинақталуынан деп хабарлайды У. И. Кенесариев және бірлескен ғалымдар тобы. Топырақ пен суда күкіртсутегі мен күкіртті газ тотықтану арқылы сульфаттарға өте алатынын бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының материалдары көрсетеді. Ауыз судың сапасының нашарлауының негізгі көрсеткіштері болып сульфаттардың, хлоридтердің, темірдің, қорғасынның, фтордың, кальций мен магнийдің нормативтен тым жоғары деңгейі есептелген.
Қарашығанақ аймағында жүргізілген ғылыми ізденісті Г. К. Нурашева да орындаған. Әртүрлі экологиялық жағдайда тұрған аймақтың үш нүктесіндегі балалардың денсаулық көрсеткіштеріне автор талдау жасаған. Бірінші топқа жатқан балалар сол мұнай-газ конденсатты өндірістік орынның тұрғындары, екінші топқа - сол жерден 45км қашықтықтағы сынамалы аймақтың балалары, ал үшінші топқа - 14 км жердегі екіаралық (промежуточный) Ақсай қаласының балалары. Жұмыстың нәтижесі: бірінші топтағы балалардың арасында созылмалы аурулары бар бүлдіршіндер көп болған (р<0, 001) ; сынамалы аймақтың балаларының денсаулығы жақсылары 2 есе арты; балалардың жалпы аурушаңдығы тісінде кариесі барларына жоғары деңгейде борлған. (р<0, 001) . Кариес, әсіресе, оның асқынған түрі, жалпы соматикалық аурулардың пайда болуына немесе олардың ерекшелене түсуіне ықпал жасай алады. Өйткені, организмнің жалпы иммунды күші әлсірейді, тістердің қатты қабатының жетілуі нашарлайды[59] .
1. 2. Қорғасынның сыртқы ортада таралу себептері
Сыртқы ортаны ластаушы химиялық заттардың арасынан соңғы жылдары айрықша қарқынмен зерттеліп жатқан элемент - қорғасын. Бұл тақырыпқа арналған мәліметтердің мейлінше көптігі жүйелі шолу жасауды да қиындата түседі. Басылымдардағы материалдарды талдап қарасақ, 1950-1973 жылдардың аралығында 1 ғылыми жұмыстар жарық көріпті. Олар қорғасынның биологиялық әсеріне және сыртқы ортаға таралу жолдарына арналыпты. Көпшілігінде қорғасынның денсаулыққа әсері талқыланады, өйткені сыртқы ортада оның мөлшерінің молая түсуі мәселенің өзектілігін арттыра түседі. Қорғасынның организмге енуі бірнеше жолдармен болады (сурет) . Қорғасынның негізгі көзі - жер қыртысы (3), осы жерден ол суға жән еөсімдіктерге өтеді. Өсімдіктерге ауадан түседі. Малдар өсімдіктермен қоректену арқылы қабылдайды.
Қорғасын рудалары балқытылып өндірістерге жіберіледі, ол жерден құбырлар, бензин, бояу және ыдыстар дайындалады. Осылайша сыртқы ортадан ең соңында адам организміне түседі. Бұл тізбекте негізгі ластанатын орта су - ауа - өсімдік болып табылады және су - топырақ - өсімдік. Зерттеуде кейбір ауыр металдар мен микроэлементтердің мөлшері анықталған. Солардың арасынан қорғасынның сыртқы ортадағы таралуына назар аударылды, өйткені Түркістан - Кентау аймағында қорғасын кен байыту кәсіпорындары жұмыс істейді. Түркістанның өзі тұрған жер Кентаудан небәрі 30 км, ал Шымкент қаласынан 150 км қашықтықта болғандықтан сыртқы орта экологиясының жай-күйін назардан тыс қалдыруға болмайды. Қорғасынды балқыту кезінде көптеген ластаушы заттар бөлінеді, олардың суды және ауаны ластауы 100 км қашықтыққа дейін байқалады.
Сыртқы ортаны ластаушы негізгі көздердің бірі болып автокөліктердің түтіні саналады. Тетраэтил қорғасын бензиндерге қосылады. Жану процесінен қалған қорғасын жерге және ауаға тарайды, одан өсімдіктер бойына сіңіреді.
Атмосфералық ауаның қорғасынмен ластануының ерекшеліктері бар. Чолак өзінің әріптестерімен 1964 жылы ауада қорғасынның орта мөлшері 1946 жылғымен саыстырғанда, (автокөліктердің саны 200 пайызға артса да) аз болған. Бұл құбылысты авторлар тексерілген қалада жол торабының көбеюімен, пештердің аз жағылуымен, қала халықтарының көбісінің қала маңындағы жерлерге қоныс аударуымен түсіндіреді. Бұдан қорғасынның жалпы көлемі ауада азайды деген қорытынды шықпайды, тек оның әртүрлі жаққа таратылуына (перераспределение) қолайлы жағдай туындады дейді одан ары қарай авторлар.
Ауадағы қорғасын түпкілікті жерге қонады, шөптерге сіңеді. Ең көп мөлшер жолдың жақын бойларына таралады. Жермен салыстырғанда өсімдіктерге көп мөлшерде жинақталады.
Вада өзінің әріптестерімен қорғасынның жан-жаққа таралу қашықтығына желдің бағыты әсер етеді деп көрсетеді. Топырақта және шөпте жолдың шетінен 10-500 м қашықтықта қорғасынның қалдықтары табылған, ең көп мөлшер 200 м жерден анықталған.
Қорғасын топырақта аз болса да шөптерде мол болуы байқалған, басқа авторлардың айтуынша, керісінше де болып келуі мүмкін. Айталық, Крудгингтон әріптестерімен қорғасын қорытатын жердің топырағынан көп, ал шөптерінен аз мөлшерді анықтаған. Мінеки, 2 түрлі жағдай: топырақта аз, шөпте көп; топырақта көп, шөпте аз. Бірінші жағдайда шөпке ауадан қосымша сіңіріледі, екіншісінде - шөптердің жерден сіңіріп алу қабілеті шектеулі. Бірақ бұл құбылыс барлық өсімдіктерге тән қасиет емес.
Қорғасынның неорганикалық қосындысы зат алмасуды бұзады, ферменттердің әсерін төмендетеді. Ол айрықша балалар организміне қауіпті, олардың ақылының жетілуін теейді. Сүйекте кальцийдің орнын алмастырып, организмнің ұдайы уланып тұруына соқтырады.
Қорғасынның органикалық қосындысының улылығы неорганикалық түрлерінікінен де жоғары. Қорғасын эритроциттердің белок бөлігімен комплекс түзеді, содан кейін бүйрекке, бауырға және басқа органдарға жетеді[59] .
Қорғасынның сыртқы ортаға таралуы қолданысқа тікелей байланысты. Оның бейорганикалық қосылыстары көп өндіріс орындарында пайдаланылады.
Мысалы, қорғасын тотығы аккумулуятор, шыны, глазури, эмаль, белил, олиф өндіргенде қолданылады. Резина алу өндірісінде және қорғасынның басқа түрлерін дайындағанда іске асырылады.
Қорғасын ортоплюмбаты (сурик) аккумулятор бояу, эмаль, замаск шығарғанда, цинкографияда, кітаптарды дайындағанда, қорғасын тотығын өндіруге қажет.
Тотықтандырғыш ретінде аккумулятор және күкірт өндіру орындарында қорғасын тотығы қолданылады.
Қорғасын хлориді қорғасынды пигменттерді дайындағанда іске асырылады. Айталық, қорғасын иодиді сары түсті бояу алу үшін керек, ал қорғасын карбонаты белила жасауға қажет. Қорғасынның негізгі карбонаты кеме жасау орындарында бояу пигменті ретінде қолданылады.
Пиротехника саласында және қорғасынның басқа да қосылыстарын алуда қорғасын нитраты керек.
Атмосфера шыдамдылығын арттыру үшін кейбір лак және бояуларға қосымша ретінде, металды қорғасын өндіруде сульфаты қажет.
Қорғасын сульфидін фото қарсылығын (фотосопротивление) дайындауда және металды қорғасынды балқытып алуда қолданылады. Минералды бояулардың құрамына және тотықтырғыш ретінде қорғасын хроматы қосылады.
Полисиликаттармен біргелікте глазурлы фриттерді дайындағанда және пластмасс өндірісінде тұрақтандырушы (стабилизатор) ретінде қорғасын силикаты керек.
Инсектицидтер ретінде гидроортоарсенат қорғасын қолданылады және қорғасын ортоарасенаты ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресуге, оларды жоюға керек.
Қорғасын ацетаты шыт маталарын бояуға қажет, қорғасынның басқа қосындыларын өндірісте қолданады, қорғасынды белила бояуына және кейбір минералды бояуларға пайдаланады.
Қорғасынды белила бояуын дайындауда да қорғасынның негізгі ацетаты қолданылады.
Тетраметил және тетраэтилқорғасын органикалық қосылыс - антидетонатор ретінде бензин құрамында болады. Триметилхлорқорғасын органикалық қосылыс бактерицидті әрі фунгицидті затты кеменің су астындағы бөлігін бояуға қолданылады.
Триэтилхлорқорғасын, диэтилдихлорқорғасын, диэтилдибромқорғасын органикалық қосылыстары - триметилқорғасын сияқты кеме бояуына керек.
, триэтилацетокси қорғасын, трипронилацетокси қорғасын, трибутилацетокси қорғасын органикалық қосылыстары триметилхлор қорғасын сияқты қолданыста болады.
Диалкил өнімі диацетокси қорғасын іш құрттарын жоюға (антигельминтті) қолданылады, бактерицидті препарат.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп қорғасынды өнімдердің сыртқы ортада таралуының ауқымды екендігіне көз жеткіздік. Қорғасын руда шикізатынан алынатыны белгілі. Қандай жағдай болмасын онымен организмнің қатынасы болатындықтан денсаулыққа байланысты қарастырылады[5] .
1. 3. Қорғасынның адам денсаулығына зияндылығы
Қорғасынның және оның неорганикалық қосылыстарының улылық әсері барлық тірі ағзада байқалады, айрықша жүйке, қан және тамырлар жүйелерінде. Белоктың қорытылуын белсенді түрде тежейді, жасушалардың энергетикалық қорын (оның генетикалық қасиетін) әлсіретеді [6-8] . Порфириннің түзілуіне әсер ететін ферменттер үрдісін төмендетеді, протопорфиринге темірдің қосылып гемнің жасақталуын нашарлатады [9-10] . Қорғасын улылығына балалар айрықша сезімтал [11] .
Қорғасынмен уланудың алғашқы белгілері: күрек тістердің шет-шетінде таға тәрізді болып көкшіл түсті дақ пайда болады (свинцовая кайма), қанда ретикулоциттер 10% жетеді, эритроциттерде базофильділік көрініс береді (15 дана әрбір 10 000-ға), несепте порфирин мөлшері кобейеді (50-60 мкг/литр) [9] . Осы сияқты ∆-аминолевулин қышқылы да көбейеді, ал эритроциттерде дегидротаза ферменттерінің әсері төмендейді, қанда және несепті қорғасын мөлшері артады[12-22] . Аталып көрсетілген белгілеріді 100 пайыздық деп түсінбеу керек. Тістегі дақтар және несепті қорғасынның анықталуының өзі-ақ қорғасынмен уланғандықты білдіре алады[15, 23] .
Қорғасынмен жұмыс атқаратын 135 адамның қаны мен несебіндегі дельта - аминолевулин қышқылы мөлшерін анықтай отырып жасалған ұсыныс: қанда-35 мкг/100 мл қорғасын, несепте 5 мг/г дельта - аминолевулин қышқылының болуы уланудың басталуына кіреберісті көрсетеді[24] .
Қорғасын мөлшерін 2 топ жұмысшылардың қанында анықтағанда 25, 3±4 және 42, 6±5 мкг/100 мл болып шыққан. Бірақ, эритроцит мембранасындағы холестерол мен фосфолипидтер мөлшерін сынамалы топтағыдан айырмашылық бермеген. Тек қанықпаған май қышқылдарында аз ғана айырмашылық байқалған [25] .
Қорғасын шаңымен бірнеше жұмысшылар уланып ауруханаға түскен, арасында бір екіқабат әйел болған. Ол жүктіліктің 16-шы күніне тура келген. Қандағы қорғасын 6 ай бойынша өлшеніп тұрған. Бал ұлпаларындағы қорғасын скелет, бауыр және қанда жинақталатыны анықталған [26] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz