Қорқыт жырлары және оның қазақ эпостарымен байланысы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт жырлары және оның қазақ эпостарымен байланысы туралы
3-Шілде, 2014   Тарих тұңғиығындағы таңбалы сыр   3,674 рет оқылды

Бүгінгі қорқыттану, сөз жоқ, кемі 200 жылдық тарихы бар, іргелі, әлемдік
деңгейдегі ілім. Қазіргі уақыт безбеніне салып қарасақ, әрине, оның жеткен
жетістіктерімен бірге, әлі де болса зерттей түсуді қажет ететін кемшін
тұстары да жоқ емес. Атақты академик, ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан өзінің
Қорқыт Ата – қазақ халқының аңызы деген еңбегінде қорқыттану ілімінің
өзінен бұрынғы, өз кезіндегі жағдайына терең талдау жасайды.
Байқағанымыздай, Ә.Марғұлан бұл еңбегінде қорқыттанудың ең бір өзекті
мәселелерінің әлемдік, кеңестік және қазақ ғылымындағы зерттелу жағдайына
тоқталады. Ол Қорқыт туралы қазақтар мен түрікмендер айтатын көне аңыз,
әңгімелерге, жырларға ерекше мән береді.
Академик Ә.Марғұлан осы аңыз, әңгімелерді, жырларды Еуропа, әлем
жұртшылығына таныстырушы, насихаттаушы, зерттеуші ғалымдар ретінде
Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Бартольд, В.М.Жирмунский, Фуад Копрюлу, О.Ш.Гокяй,
Этторе Росси, А.Н.Самойлов, М.О.Әуезов, В.А.Гардлевский, В.В.Вельяминов-
Зернов, П.И.Лерх, Л.Герн, Л.Мейер, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.А.Диваев,
И.В.Аничков, В.А.Каллаур, И.Кастанье, П.Н. Спиридонов, И.И.Крафт,
Ю.Новицкий, И.Гейер, Л.Берг, Г.Грум–Гржимайло, Х.Кустенаевтердің, т.б.
есімдерін құрметпен атайды, осылардың еңбектерін талдап-таразылау барысында
қорқыттану ілімі үшін аса маңызды бірнеше тұжырымдарға келеді.
1. Қазақтар мен түрікмендер арасында күні бүгінге дейін айтылып келе жатқан
аңыздар бойынша Қорқыт – Сырдария өзенінің бойындағы Жанкент қаласының
маңында қоныстанған оғыздар мен қыпшақтардың ортасында VІІІ-ІХ ғасырларда
өмір сүрген тарихи тұлға. Ә.Марғұлан осы еңбегінде қазақтар мен түрікмендер
айтатын Қорқыт туралы ескі сарындардың Кіші Азия мен Кавказ халықтарында
айтыла бермейтінін бірнеше рет қайталап айтып отырады.

Ә.Марғұлан Қорқыт жырларының оғыздар мен қыпшақтар ортасында VІІІ-ІХ
ғасырларда дүниеге келгенімен, оның хатталғанға дейін (ХV-ХVІ ғғ.) ұзақ
уақыт түзілу, жинақталу, циклдану үдерістерін басынан өткергеніне шетелдік
ғалымдардың ойларын, пікірлерін және өз тұжырымдарын дәлел ретінде келтіріп
отырады.

Ә.Марғұлан Қорқыт жырларын зерттеген француз ғалымдары П.Пеллио, Е.Блоше,
П.Ру, неміс ғалымдары М.Хутсма, И.Хейн, Ф.Бабингер, С.Броккелман есімдерін
құрметпен атай келіп, қорқыттануға жаңалық қосқан итальян ғалымы  Этторе
Россидің еңбектеріне айрықша тоқталады.

Этторе Росси – Қорқыт жырлары мен қазақ және қырғыз халықтарының батырлық
эпостары арасындағы ұқсас мотивтерді байланыстырған алғашқы ғалымдардың
бірі. Этторе Россидің дәлелдеуі бойынша Қорқыт жырларында кездесетін
көптеген толғаулар, Күлтегіннің басына қойылған құлпытастағы жазу –
бұлардың бәрі қазақ эпостарының негізі болып саналады. Ол Қорқыт жырларын
зерттеуші  алғашқы ғалымдардың бірі тұрғысынан қазақ, қарақалпақ, башқұрт
халықтарының батырлық эпосы Алпамысты алғашқыда Қорқыт жырларының құрамдас
бөлігі болған, кейіннен үлкен эпосқа айналған туынды деп дәлелдеді.
Академик Ә.Марғұлан В.В.Бартольд пен В.М.Жирмунскийдің  Қорқытты
қадірлеудің Сыр бойында мың жылдық өнегесі бар деген қанатты сөзін тірілту
мақсатында түрік ғалымдарының Қорқыт жырларын зерттеуге қомақты үлес
қосқанын айта келе, Қорқыттың шыққан заманын ашқан, көне материалдарды
араб, парсы, ескі түрік тілдеріндегі  жазбалардан алған Фуад Копрюлу
еңбектеріне тоқталады. Фуад Копрюлудің Қорқыт жырларын әдебиет, этнография
тұрғысынан зерттегенінің ұтымды шыққан тұстарын атап өтеді.

Академик Ә.Марғұлан еңбегінде Ыстанбул
университетінің профессоры Орхан Шайых Гокяйдың
зерттеулеріне ерекше мән берілген. Орхан Шайыхтың
еңбектеріндегі Қорқыт жырларындағы Бамсы Берік
Байбөріұлының Жүсіпбек жырлаған қазақ эпосы
Алпамыстағы Байбөріұлы Алпамыс екенін, сондай-ақ
Алпамыстағы Бадамша қатын мен Қорқыт жырындағы
Қысырша қатын екеуінің бір бейне және екі жырда да
Қоңырат руының аты аталатынына дәлелдер
келтіргеніне тоқталып өтеді. Алпамыстағы 
Гүлбаршынның, Қорқыт жырларындағы Бану-Шешектің,
Ә.Марғұланның одан әрі дәлелдеп бергеніндей,
есімдері Сыр бойында ежелден айтылып келген
аңыз-әңгімелерге негіз болған. Гүлбаршынның атымен
аталатын қала Баршынкент те, Баршын сұлуға арнап
салынған көркем кесене Көккесене де Сырдария
өзенінің бойында екені тарихтан белгілі. Академик
Ә.Марғұланның  атап өткеніндей, Алпамыс жыры арқылы
Қорқыт жырларының мазмұндық желісі Сыр бойын
мекендеген оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан тамыр
тартатыны  тұжырымдалады  (VІІІ-ІХғғ.).

2. Қорқыттың оғыздар мен қыпшақтар мекен еткен Жанкент қаласында дүниеге
келгенін, Қорқыт денесінің де Сырдария өзенінің бойына қойылғанын алғаш
тұжырымдаған ғалымдардың бірі – Ә.Марғұлан. Атақты академик осы еңбегінде
Ә.Диваев 1848 жылы түсірген, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының маңындағы
Қорқыт стансасына жақын орналасқан Қорқыт мазарының суретін де берген.

Бір ғажабы Ә.Марғұланның дәлелдеуі бойынша бір емес, бірнеше Қорқыт
болғанға ұқсайды. Мәселен, Орхан Шайх еңбектерінде Германия елшісі Адам
Олеариустің 1638 жылы Имам Қорқыт деп танылған мазарды көргенін, оның
Түрік еліндегі Дербент қаласына жақын маңайда орналасқанын жазғандарын
келтіре отырып: Дербенттегі Олеариус айтқан Қорқыттың моласына мән беруге
болмайды, Ұлы Қорқыт ол жерде болмаған. Бір ғана Сырдың бойында оғыздар
ортасында өткен кісі. Дербенттің Қорқыты қыпшақтардан қалған басқа Қорқыт,
ондай Қорқыттар бергі кезде көп болған деп жазады. Демек, Қорқыт
жырларындағы Қорқыт, Ә.Марғұланның және басқа әлемдік деңгейдегі
қорқыттанушылардың дәлелдеп бергеніндей, Жанкентте туып, Сырдария өзенінің
оң жағалауына жерленген Қорқыт деген тұжырымға келуге болады.

3. Қазақ халқының жадында сақталған Қорқыт туралы ескі сарындарда исламнан
бұрынғы ескі дін – тәңірі және оның елшілері болып саналатын бақсылар
туралы қалай көп айтылса, Қорқыт Ата жырларында осы мазмұн солай толық
сақталған. Қорқыт жырларынан оқығанымыздай, білетініміздей Қорқыт –
бақсылардың бақсысы, пірі. Академик Ә.Марғұлан өз зерттеулерінде осы
бағыттағы өз ойларын, тұжырымдарын ортаға салады, Қорқыт Ата кітабынан,
қазақ халқының  аузындағы көне аңыз-әңгімелерден, сарындардан көптеген
мысалдар келтіреді. Тәңірі – тарихи дәуірдегі түркі-моңғол елдерінің ескі
діні, Тәңірі – исламнан бұрынғы қазақ және өзге түркі тайпаларының негізгі
діні. Олар ата-бабасының аруағына сыйынды, тазартатын күш  от деп таныды,
аспанға, күнге, айға табынды деп түркі халықтарының тұрмысында,
шаруашылығында, әдет-ғұрыптарында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан
ырымдар төңірегінде салмақты ойлар айтады. Ол Ислам діні Сыр бойына
жаңадан кіре бастағанда оған Қорқыт Ата қатты қарсылық көрсетпекші болады,
бірақ оны ауызбен айтып жеткізуге лажы болмай, тек қана қобыз үнімен, жан
тербейтін күйлермен, мұңды сарындармен сездіреді, киелі қобызшының керемет
сазы өнерімен халық ортасына кеңінен жайылады деп жазады. Ә.Марғұлан өз
зерттеулерінде Қорқыт жырларындағы алып Домбауыл мен Дуа қожа бейнелеріне
ерекше мән бере отырып, Домбул, Домбауыл туралы қазақ халқының аузында
ертеден айтылып келе жатқан көне аңыз-әңгімелерге тоқталады. Бұл
әңгімелердің, жырлардың мазмұнындағы Домбауыл да, Дуа қожа да Әзірейілмен
соғысып жүреді. Әзірейілге жанын бермеуге тырысады. Академик Ә.Марғұлан
Домбауыл дыңы делінетін бірыңғай қалақ тастан салынған тарихи
ескерткіштің (VІІ-VІІІ) қазақ жерінде, Кеңгір өзенінің бойында тұрғанын
және Дуа соқыр туралы Ұлытау, Сарысу қазақтарының аузында күні бүгінге
дейін айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерді негізге ала отыра, Қорқыт
жырларындағы Домбауыл мен Дуа соқырдың Әзірейілмен соғысы туралы эпизодтан
шығарып: Исламның Сыр бойына жаңадан келген заманын көрсетсе, оның ізі
қазақ халқының ойында ХІХ ғ. дейін сақталып келген деген қорытындыға
келеді. Ә.Марғұлан зерттеулерінде, сондай-ақ жалпы бақсылық өнерге, оның
ішінде Қорқыт жырларындағы, қазақ халқының өміріндегі бақсылар мен
бақсылықтың жай-жапсарына көп орын берілген. Ол Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов,
Ә.А.Диваевтардың қазақ арасындағы бақсылық туралы жазғандарына сүйене
отырып, бұларды істегенде бақсылар Қорқыт әулие жасаған қобыздарына үн
қосып, сарын айтады. Қобыз тарту, онымен пірін шақыру, бақсылардың ғасырлар
бойы келе жатқан бір дәстүрі деп түйіндейді.

Бұлардан шығатын қорытынды Қорқыт ата кітабындағы Қорқыт та, қазақ халқының
ескі аңыз-әңгімелеріндегі Қорқыт  та  – тәңірі дінінің өкілі, бақсы. Қорқыт
тәңірі дінінің өкілі ғана емес, идеологы, бақсылардың атасы болғандықтан
оның ұстанымдары ислам қағидаларымен қабыспайтыны түсінікті болса керек.
Кейбір зерттеушілердің Қорқытты исламды қабылдаған әулие деп жүргендерінің 
шындыққа жуыспайтынына жоғарыда айтылғандар дәлел бола алады. Академик
Ә.Марғұланның зерттеулеріне сүйеніп жасаған бұл тұжырымымыздың кешегі,
бүгінгі және болашақтағы қорқыттану ілімі үшін аса маңызды екені талассыз.

4. Академик Ә.Марғұлан Қорқыт Ата кітабындағы орталық бейне  – Төбекөзге
ерекше мән берген. Бұның себебі осы бейне арқылы түрік, оғыз жырларының
шығу төркіні жағынан көнелілігі, олардың жалпы адамзат өркениетіне әсер-
ықпалының күшті болғаны дәлелденеді. Мәселен, неміс ғалымы Дицтің Дрезден
нұсқасына сүйене отырып, Қорқыт жырларындағы Төбекөз бен Гомердің
Одиссеясындағы Циклопты (Полифемді) салыстыра келіп, бұл бейнені
гректердің түріктерден алғаны туралы айтқан дәлелі – ғылымға бұрыннан
белгілі жайт. Ә.Марғұлан зерттеулерінде Төбекөз сюжетінің қазақтардың көне
ертегі-аңыздарындағы нұсқалары туралы көп айтылған. Мысалы, Аушар хан
ертегісі. Жалғыз көзді дәуге байланысты ертегілер, аңыз-әңгімелер қазақ
ауыз әдебиетінің ескі үлгілерінде көп кездессе, Ә.Марғұланның дәлелдеп
бергеніндей, осылардың барлығының сюжеттік желісі  Қорқыт Ата кітабындағы
Төбекөз әңгімесімен бірдей. Осы жерде Қорқыт жырларындағы Төбекөздің  де,
қазақ ертегілеріндегі, жырларындағы жалғыз көзді дәудің де халық жадында
өте ертеден айтылып келе жатқаны, тіпті олардың мифтік сананың үлгілері
болып келетінін қорытындылауға негіз бар.

Белгілі қазақ ақыны Олжас Сүлейменов Қорқытты тарихи тұлға емес, мифтік
фигура деп жазып жүр. Оның айтуынша, Қорқыт Египет мифологиясындағы Хр Кт –
күн құдайы екен. О.Сүлейменовтің Египет мифологиясындағы Хр Кт-ң жер асты
өзеніндегі Аноп деген су жыланымен алысып, соның қолынан қаза болатынын
өлімнен қашқан Қорқытты су жыланының шағып өлтіретін қазақ аңызындағы
сюжеттік мотивпен байланыстыра келіп, бұндай сюжеттердің туысқан түрік,
әзербайжан, түрікмен халықтарында кездеспейтінін, Қорқытты бізге осыдан 5
мың жыл бұрын келген, Египет мифологиясының персонажы деп тұжырымдауы –
ойланарлық жағдай. Бұндай пікірге толық қосылу өте қиын, бірақ бір нәрсенің
басы ашық, ол қазақ ертегі-жырларындағы бейнелердің адамзат өркениетінің ең
ескі, ең көне кезеңдерінен хабар беретіні. Демек, қазақ өркениеті, жалпы
түркілік өркениет адамзат санасының ең ерте, балаң дәуірінде қалыптаса
бастаған деген сөз.

5. Академик Ә.Марғұлан  Қорқыт Ата кітабындағы жырлардың қазіргі Қазақстан
аумағында дүниеге келгеніне дәлел ретінде нақты жер, су, өзен, көл, тау,
тас атауларының бірнешеуін мысалға келтіреді. Ол Әбілғазының жазғандарына
сүйене отырып, оғыз елінің жұрттары – күн ту асты Ыстықкөл, Алмалық, Талас,
ортасы Сайрам, Қазығұрт, Қарашық тауы (Қаратау), Темірқазық тағы – Ұлытау,
Кішітау, Мыстың кені (Жезқазған), күн батысы Сыр суының аяғы (қазақ жырында
су аяғы Қорқыт) Жанкент, Қарақұм. Осы айтылған жерлерде Оғыздың аталары бес
мың жылдай қоныс етіп отырды деп жазады. Академик Қорқыт жырларында
кездесетін қазіргі Қазақстандағы жер-су атауларын: Қорқыт көл (Торғайда),
Өгізтау (Атасу бойында), Өгіз су, Өгіз жылғасы, Өгіз сай, Тас
өгіз (Сыр бойында), Баршын көл (Торғайда, Атбасарда, Арқада), Түн қыры
(Сарыарқа), Ұлытау, Кішітау, Ортау, Кертау, Құтты қия, Борсықтың құмы,
Қарақұм, Сыр суы, Арал, Каспий теңізі, Қаратау, Қараспан, Қазығұрт, т.б.
деп көрсетеді.

Демек, бұлар да Қорқыт жырларының сюжеттік желісінің оғыздардың атамекені 
– қазіргі қазақ жерінде дүниеге келгенін дәлелдейді.

6. Сыр бойында сақталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт философиясындағы Өмір жӘне Өлім туралы мӘселе
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау
Қазақ фольклоры жырлары
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Ежелгі түркі әдебиеті
Фольклор және топонимика
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Пәндер