Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдарының ғылыми–методологиялық концепциялары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚОРЫТЫНДЫ

Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдарын әлеуметтанулық талдау жасау қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екендігі ерекше қортындылады. Қандай қоғам болмасын кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасып отырған. Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдарының ғылыми-методологиялық концепциялары оның әлеуметтанулық зерттеулеріне негіз болады.

Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім. Кедейлік дегеніміз дені сау өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы. Кедейшілік- тұрғындардың немесе жанбасылардың белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамассыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы. Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарын iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.

Кедейлердің әлеуметтік құрылымы оны құрайтын әлеуметтік төмен топтар: зейнеткерлер, қарттар, мүгедектер, жетім балалар, қайыршылар, қаңғыбастар, панасыздар, әртүрлі ауытқуға түскен адамдардың топтары. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын анықтау оны құрайтын әлеуметтік төмен топтардың кедейшілік белгілерін, олардың пайда болуы, өзара әрекеттері, қоғамдағы әсері әлеуметтік құрылымның өзгеруіне үлкен себеп тигізеді. Диссертациялық жұмыста кедей топтардың әлеуметтік белгілеріне ғылыми тұжырымдама жасап, адамдардың осындай әрекеттерден аулақ болып, өмір сүру деңгейіне оңтайлы ықпал ету қажеттілігі айқын.

Кедейлердің әлеуметтік құрылымын құрайтын кедей топтардың ғылыми дәлелденген төмендегідей концепциялыры - абсолюттік, салыстырмала, субъективтік қайыршылық, депривация, қуып жетуші кедейлік жан-жақты қарастырылған

Абсолюттік кедейшілік - адамға қажетті тамақ, киім, мекен, жылылық және басқада заттарды төменгі мөлшерде тұтыну. Бұл адамның күн-көрісінің өте төмен деңгейі, нағыз кедейшілік. Адамға қажетті нәрсенің бәрі де жетіспейді. Адам тек биологиялық тіршілігін сақтай алады.

Салыстырмалы кедейшілік - адамның қоғамда қабылданған өмір стандарттарына сәйкес өзінің бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтай алмауы. Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы қаншалықты кедей екенін зерттейді. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік индивидтің қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа таптар мен топтар иеленіп отырған байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін көрсетеді. Бұл сипаттаманың негізі бір әлеуметтік стратаны екінші әлеуметтік стратамен салыстыру. Сонымен қатар кедейліктің бұл түрі адамның нақты бір өмір сүру стандартына қарағандағы кедейлік деңгейін де көрсетеді.

Субъективті кедейшілік- адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мүнкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды.

Кедейліктің төменгі түрі қайыршылық деген терминмен сипатталады. Қайыршылар өзі тән топқа қарағанда кірісі аз және бұл табыс қоғамдық өндірістегі еңбегімен емес, қайыр сұрау арқылы табылады. Қайыршыға әлеуметтік тұрғыдан анықтама беретін болсақ, қайыршылар өздерінің тек биологиялық түрдегі физикалық қажеттіліктерін ғана қанағаттандыратын адамдар тобы. Садақамен күн көретін, қайыр сұрайтын адамдарды қайыршылыр деп атаймыз. Біреулердің бергендері, не қайыр сұрау арқылы өмір сүруші адам қайыршы деп есептеледі. Қайыршылықты кейде терең кедейлік деп те атайды. Қайыршылықты абсолюттік кедейліктен ажырата білу керек. Кедейлер жалақыға, зейнетақыға, қосымша төлемдерге өмір сүрсе, қайыршылар қатарына тұрақты қайыр сұрау арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз.

Қуып жетуші кедейлік - бұл құбылыстың негізі материалдық және басқа да құндылықтарды мәртебелі тұтынуда.

Шетелдік ғалымдар сонымен қатар алғашқы және екінші кезектегі кедейлікті те бөліп көрсетеді. Алғашқы кезектегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланғанның және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды. Россия ғалымдары кедейліктің екі түрін ұсынады “тұрақты” және “жүзудегі”.

Адамзат дамуы бастау алатын көне өркениеттерде өзекті мәселелердің бірі кедейлер екені әлеуметтік философия өкілдерінің қолжазбаларынан көруге болады. Ертедегі Рим мемлекетінің саясатында кедейшілік жан-жақты талқыға салынып отырған. Зерттеу жұмысның негізгі теориялық кезеңі әлеуметтанудың классикалық тұжырымдамаларымен байланыстырылып қарастырылған. Кедейлердің әлеуметтік құрылымын және кедейшілікті төмендету жолдарын Батыс әлеуметтанушылары: О. Конт, М. Вебер, Э. Дюркгейм, К. Маркс, Г. Спенсер, П. Сорокин, Ф. Гиддинс, Т. Парсонс эмперикалық зерттеулер методологиясы негізде жасап шығарды. Осындай эмперикалық зерттеулер методологиясы қазіргі таңдағы әлеуметтанулық зерттеулердің заманауи тұжырымдарын жасауға негіз болатыны анық.

Сондай-ақ кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдары Ресейлік әлеуметтанушы ғалымдар тереңінен зерттеген.

Қазақстандағы кедей топтардың әлеуметтік белгілерін талдау және әлеуметтанулық зерттеулер әдісін пайдалану. Қойылған мақсатты жүзеге асыруға байланысты ғылыми диссертацияда мынадай міндеттер белгіленді:

  • кедейлердің әлеуметтік құрылымын, ондағы кедей топтардың түрлеріне, әлеуметтік белгілеріне, әлеуметтік қызметі мен іс-әрекетін әлеуметтанудың аспектісін анықтау;
  • кедейлердің әлеуметтік құрылымын құрайтын төмен топтардың пайда болу себептерін, өтпелі кезеңдегі кедейшілікті өлшеудің әдіс-тәсілдерін ғаламдық кеңістікте, дүниежүзіндегі әртүрлі елдердегі тәжірбиелерімен салыстырып әлеуметтанулық талдау жасау;

- кедей топтардың әлеуметтік көрінісін, Қазақстанның әр аймақтағы көрсеткіштері мен кедейшілікті төмендету жұмыстарының нәтежиесін эмпирикалық әдістермен айқындау;

  • кедейлердің ұлттық көрністеріннің ерекшеліктерін, әлеуметтік мориторингін, олардың өзара байланыстар мен қоғамдағы алатын орны мәртебесін, міндеттерін анықтау;
  • кедейшілікті төмендетудің механиздерін жетілдіріп жолдары нақты әлеуметтік зерттеулердің нетижесі арқылы жаңа әлеуметтік бағдарламаларына, ұсыныстар, пікірлер, ойлар айту.
  • қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясат мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесін айқындау;

Диссертациядағы берілген міндеттердің жүзеге асыру барысында мындай ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздіді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы оны жүргізу барысында алынған төмендегідей нәтижелере қол :

- социологиялық зерттеулер объектісі ретінде қазіргі қазақстандағы кедейлердің әлеуметтік құрылымына және кедейшілікті төмендетуге теориялық ғылыми тұжырымдамалар, социологиялық зерттеулер жүргізілді, аталған талдау кедейшілікті төмендетудің сипаттамалары анықталды;

- жаңартушы қоғам жағдайындағы кедейлердің өзгерісін, пайда болу себептерінің ерекшеліктеріне, кедейшілікті өлшеудің әлеуметтанулық әдіс-тәсілдерінің табиғатын түсіндіру ұсынылды;

- қазақстанның әр аймақтағы кедей топтардың әлеуметтік көрінісін, көрсеткіштері мен кедейшілікті төмендету жұмыстарының нәтежиесін негізгі әлеуметтік фактілермен анықталды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Кедейшілік және кедейлер туралы қоғамдық ғылымдардағы теориялар, көзқарастар, концепциялар
Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz