Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Қоршаған ортаны қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi № 160-I Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң (5 - 6 баптар)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
3 тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi (7 - 10 баптар)
басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы құзыретi
4 тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану (11 - 20 баптар)
5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған (21 - 23 баптар)
ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
6 тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың (24 - 25 баптар)
мониторингi
7 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық (26 - 34 баптар)
тетiгi
8 тарау. Экологиялық нормалау (35 - 42 баптар)
9 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (43 - 45 баптар)
стандарттау мен сертификаттау
10 тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын (46 - 62 баптар)
экологиялық талаптар
11 тарау. Экологиялық сараптама (63 - 65 баптар)
12 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, (66 - 67 баптар)
ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды
объектiлерi
13 тарау. Төтенше экологиялық ахуал және (68 - 70 баптар)
экологиялық апат аймақтары
14 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (71 - 72 баптар)
ақпарат пен мемлекеттiк статистика
15 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (73 - 75 баптар)
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру,
ғылыми зерттеулер
16 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау (76 - 80 баптар)
17 тарау. Экологиялық аудит (81 - 83 баптар)
18 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды (84 - 86 баптар)
шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
19 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (87 - 89 баптар)
халықаралық ынтымақтастық
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен мәтіндегі сөздері өзгерді (бұр. ред. қара)
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi
мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-
ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады.
Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған
ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн
белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және
өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға,
биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды
ұйымдастыруға бағытталған.
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен тараулардың тақырыптарындағы "I-ХIХ" деген
цифрлар "1-19" деген цифрлармен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1 тарау. Жалпы ережелер
04.06.01 ж. № 205-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-
III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. №
116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);
2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық
ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен
өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы;
қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесiмдi iс-қимылына,
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мен молықтыруға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
қоршаған ортаны қорғау объектiлерi - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын
құрамдас бөлiктерi;
табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерiн
қанағаттандыру үшiн қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесiнде
пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi;
табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи
ресурстарды пайдалануы;
қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң
сипаттамасы;
қоршаған ортаның мониторингi - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн
бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тiрi организмдерге зиянды
немесе қауiп туғызатын қатерлi ахуалдар туралы ескерту;
экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті
сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің
(нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету
дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің)
жүйесі;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауiптi химиялық және
биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс пен тұтыну
қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi
өрiстердiң және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерi;
экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға
қосымша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде
қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де
қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу;
экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi
мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету
нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi;
экологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның
өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы.
қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті
және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық
жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және
ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) -
қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын
немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай
етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою;
қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың,
тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері
деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері;
шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе
өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су
объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп
массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер
мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді;
өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды
орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте
қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара
жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;
коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде
пайда болған қалдықтар;
қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы;
қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға
ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық
көрсеткiшi;
аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi
алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны
пайда болатын өнiмдердi шығару процесi;
қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер
етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына,
пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне
байланысты сандық және сапалық шектеулер;
қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына,
сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және
көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi;
қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары,
қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды
сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар;
қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар
(уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не
адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен
өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң
тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен
заттар;
қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын
куәландыратын құжат;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау
саласында мемлекеттiк саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның
аумақтық органдары;
қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық
жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша
жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық;
ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шекті нормативтік
- атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен
тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық
ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық
нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі;
ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетін шекті
нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш
заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар
ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы;
экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның
ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен
қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе
ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның
өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай.
стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру,
тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым,
республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс,
энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектiсi;
трансшекаралық объект - iске асырылуы екi немесе одан да көп облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет
аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететiн
немесе зиянды әсер етуi ықтимал сараптама объектici;
экологиялық қауiптi объект - iске асырылуы ауқымы әрi ұзақтығы бойынша
қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал және халықтың
өмiрi мен денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн сараптама объектiсi;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және
оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық,
ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi.
экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де
қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалауға және олардың
қызметiнiң экологиялық қауiпсiздігі деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;
аудиттелетін субъект - экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық
ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
экологиялық аудитке тапсырыс берушілер - мүдделi жеке және (немесе) заңды
тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттік органдар.
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау - қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының
нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі
қызметі;
өндірістік экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептілік және өзге де ішкі әкімшілік
шараларды қамтитын нормативтік-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшін
қабылдайтын шаралар жүйесі;
табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негізінде қоршаған ортаға ластайтын
заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын
орналастыруға құқығы бар субъект.
2-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны
қорғау саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының
мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен
қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан,
табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарын, сондай-
ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден
тұрады.
Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн
нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы
Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де
өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген
бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi
Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi:
адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi
мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға
көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы
қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның
әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып
шешу;
экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны
үшiн кезек-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға
экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу;
биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк
бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;
мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-
қимылы, қызметінің үйлестірілуі, заңдылығы және жариялылығы;
шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері жағдайында өндірістік
экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттілігі;
қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету
мүмкiндiгiн бағалау;
халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi түрде және
демократиялық жолмен қатысуы;
халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге асырылады.
4-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi
Жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды
пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден:
жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер,
жануарлар дүниесi;
табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға
тиiс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта
объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға
тиiс.
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң
қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
5-бап. Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын
азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен
денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат
алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз
денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың:
белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және
молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен
сауықтыруға қатысуға;
қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге,
шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар,
шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де
объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы,
сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына
терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру
және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды
талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы
мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан
өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-
арыз беруге;
заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да
құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты
қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң
экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық
тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн
жүзеге асыру кезiнде:
өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және
насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi
негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және
мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;
мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық
экологиялық сараптама өткiзуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны
сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат
алуға;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық
ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер
жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр
жұмыстарды орындауға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;
кәсiпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де

терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру

кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы

азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы
сотқа талап-арыз беруге;
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген
басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және
қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
3 тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi

04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред.
қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр.
ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
(бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында:
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi
стратегиялық шараларды әзiрлейдi;
табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық
бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң
бекiтуiне ұсынады;
қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
бағыттарын әзiрлейдi;
министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың
және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады,
олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң
актiлерiн орындауын бақылайды;
мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген
шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де
қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн
белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи
ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат
пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын
(келiсiм-шарттарын) жасасады;
табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды
тоқтата тұру және күшiн жою тәртiбiн бекiтедi;
табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi,
табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi
пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру,
табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастырларын жүргiзу
тәртiбiн , сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды
ластау көздерiн белгiлейдi;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің
құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи
ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және
жүргізудің ережесін бекітеді;
шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және
оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi;
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны
қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк
қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы
жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы
мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi
мемлекеттiк органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн
айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу
тәртiбiн белгiлейдi;
төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың
және жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;
табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртiбiн белгiлейдi;
iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн
бекiтедi.
мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық
және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр.
ред. қара); 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгерді;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);
2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01.
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III
(бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын
жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдар мен облыстардың
(республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының
қызметiн үйлестiредi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi
және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық
мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiк экологиялық бағдарламалардың орындалуын
ұйымдастырады;
3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық
нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шаруашылық
қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке,
табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама
саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi;
5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;
6) қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-
ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне
басшылық жасайды, өндiрiстiк мониторинг жүргiзудiң үлгi тәртiбiн бекiтедi;
7) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң
мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
8) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
жөніндегі өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру
мен жүргізуге қатысты құжаттардың (тексеруді тағайындау туралы акт,
хаттама, нұсқама) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары
жүйесінде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметін жетілдіреді;
8-4) қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін қызмет туралы ақпаратты, соның
ішінде зертханалық-талдамалық деректерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;
9) өзiнiң аумақтық органдары арқылы су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен
қорғау жоспарларын келiсуге, су объектiлерi мониторингiн жүргiзуге, өз
құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келiсiмдердi әзiрлеуге және олардың
жүзеге асырылуын бақылауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және
қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн
ережелер әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк
принципiн iске асыруға қатысады;
10) өз құзыретi шегiнде жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асырады;
11) жергiлiктi маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламалар
мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;
12) мемлекеттiк табиғи қорық қорының табиғи ресурстары мен объектiлерiн
қорғау, молықтыру әрi пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың
сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
12-1) жер қойнауын қорғау жөніндегі экологиялық талаптардың, ережелер мен
нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерінде
келісім-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12-2) өндірістік экологиялық бақылау туралы үлгі ережені бекітеді.
13) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және
бекiтедi;
14) мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiне жалпы басшылық жасауды
үйлестiредi және жүзеге асырады;
15) табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алуды және олардың мемлекеттiк
кадастрларын жүргiзедi;
16) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
17) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі білiктілiк
комиссиясының құрамы мен жұмыс тәртiбiн, сондай-ақ экологиялық аудиторларды
аттестациялау тәртiбiн бекiтедi.
18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаумен
табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге
асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құзыретi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды
басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi негiзiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II ;
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01.
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
өкiлдi органдары:
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу
үшiн тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану
жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шаралар тiзбесiн бекiтедi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы
органдары мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат
пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау,
молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi
жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелер
қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта
өткен соң күшiне енедi.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай
етiп жыл сайын бекiтедi.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары:
1) табиғат пайдалануды:
табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;
шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су
басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау
әрi жою;
атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;
қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;
жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден,
батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен
тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;
жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;
ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман
ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк,
тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру
жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;
шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуан түрлiлiкке қатер
төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;
атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;
жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша
реттейдi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлген
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар
көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi
органдарының бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;
3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды,
құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу
туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда
шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар
қабылдайды;
4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта
объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру
туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар
енгiзедi;
5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi
қоспағанда, шаруашылық қызмет объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық
сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;
6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар
ұйымдастырады;
7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;
8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне
асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық
ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем
ставкаларын есептейді;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді
және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік
жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;
14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді
қамтамасыз етеді;
15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару
қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен
келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер
учаскесін бөліп беруге шешім береді;
17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді
мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк
шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
4 тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Табиғи ресурстар
Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен
белгіленеді.
12-бап. Табиғат пайдаланушылар
Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен
қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал
шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды
тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және
уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
бастапқы (табиғат пайдаланушылардан құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы
табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және
қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап
қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы
мүмкiн.
13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат
пайдалануда болады.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн
тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге
асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды
шектеуге жол берiледi.
Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат
пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты
пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен
айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы
мүмкiн.
Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы
(сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру негiздерi
Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында
жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;
табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 15-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III ҚР
Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01.
№ 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру
Табиғат пайдалануға берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының
табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару
мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін
(лимиттерін), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып,
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат
болып табылады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу
Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның
мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi
пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың
мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи
ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.
18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы мен табиғи ресурстарды
кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары
Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар
жүйесi болып табылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану,
молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары
Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи
ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың
жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер
жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк
кадастрлары жүргiзiледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр.

(бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi және олардың
құқықтарын қорғау
1. Табиғат пайдаланушылар:
табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес
пайдалануға;
шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен
экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық
шарттарды сақтауға;
берiлген табиғи ресурстарды үнемi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян
келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол
бермеуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға,
молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи
ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық
кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;
шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде
қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге.
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-
шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге
міндетті.
2. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген
негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға
немесе шектеуге болмайды.
Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы
заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiруге тиiс.
5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
қызметтi лицензиялау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен
21-бап өзгертілді
21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында
лицензиялануға тиiстi қызмет түрлерi
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық
қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;
2) экологиялық аудиторлық қызмет;
3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау
және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен
22-бап өзгертілді
22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбi
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi
лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының
лицензиялау туралы заңдарымен реттеледi.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты)
Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы
органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында заңдарда
белгiленген тәртiппен жасалады.
Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген
түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялауды талап ететiн
болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат
пайдалану шарты (келiсiм-шарты) жарамсыз болып табылады.
Шарттың (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары мен тәртiбi
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға сәйкес тараптардың
келiсiмiмен белгiленедi.
Шарттың (келiсiм-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары жарамсыз болып
табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың (келiсiм-шарттың) тоқтатылуына
әкеп соғады.
Табиғат пайдалану жөнiндегi шарт (келiсiм-шарт) оған қол қойылғанға дейiн
қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсуге тиiс.
6 тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01.
бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға
антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша
жүргiзiлетiн бақылау;
2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау
саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету
және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай
мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және
жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және
оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен
қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа
хабарлау үшiн пайдаланады.
6. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі
қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және
мерзімде табыс етіп отырады.

бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi
1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк
мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға
жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.
2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу
құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сәйкес келуге тиiс.
3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiк -
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет
субъектiлерiнiң - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген мерзiмдерде берiледi.
4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған (тасталған),
авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат пайдаланушы
кәсіпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға
және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органына заңдарда белгіленген мерзімде жедел хабарлауға міндетті.
7 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетiгi
24.12.01 ж. № 276-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 №
13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР
Заңдарымен 26-бап өзгерді
26-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi:
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық
кодексiнде белгiленген төлемдер;
қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу;
табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшiн Қазақстан Республикасының
Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру;
экологиялық сақтандыру;
қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау және өтеу

III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР
Заңдарымен 27-бап өзгерді
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралар болжамдық және бағдарламалық-
нысаналы құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың жобаларына, табиғат
пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен
тұжырымдамаларға енгiзiледi.
Табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi экологиялық бағдарламалар
мен тұжырымдамаларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгiленедi.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен шараларды
қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) экологиялық сақтандыру қаражаты;
3) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
4) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары
есебiнен жүргiзiледi.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан
Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар, алымдар және
төлемдер түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр.
ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 29-бап
өзгертілді
29-бап. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн ақы ластайтын заттарды шығарғаны
және тастағаны, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн ұйымдар
мен азаматтардан алынады.
Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн ақы Қазақстан
Республикасының Салық кодексiнде белгiленген көтерiңкi мөлшерде алынады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн бюджетке төленетiн ақының сомасын есептеу
және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес
белгiленедi.
ҚР 24.12.01 ж. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz